"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 24 наурыз - 6 сәуірде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3385 тіркелген 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
7-тармақта:
жетінші абзацындағы "аудиторлық есепті" деген сөздерден кейін "(еншілес ұйымдар болған жағдайда - есепті жылдың шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есепті)" деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.