БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69
бұйрығымен
N 3662 болып, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1
бұйрығымен
N 4039 болып тіркелген енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген)
бұйрығына
мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
310»"Заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттер" ішкі сыныбында:
"Атауы" деген бағандағы 311»"Заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар" деген ерекшеліктің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"311 Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берілетін субсидиялар";
"Анықтама" деген бағанда:
"Заңды тұлғаларға" деген сөзден кейін»"және шаруа (фермер) қожалықтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
470»"Шетелге күрделi трансферттер" деген ішкі сынып 472 ерекшелікпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
" |
472 |
Шетелде стипендиаттарға оқу төлеу күрделі трансферттер |
Стипендиаттарды шет елдерде оқытуға ақы төлеуге арналған күрделі трансферттерді шет елдерде мамандар даярлаудың халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге аудару |
". |