"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4039. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы  қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      21-тармақтың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы