Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2883 болып тіркелген, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 83-84»"Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгертулермен қоса, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4080 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77»"Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.";
3-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының білім аясындағы (бұдан әрі - орталық атқарушы орган)" сөздер алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Орталық атқарушы орган сараптама нәтижелері бойынша оқу әдебиетіне»"Жіберілген»(ұсынылған)" деген гриф береді және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінде пайдалануға жіберілген оқу әдебиеттерінің тізбесін бекітеді.";
14-тармақта»"Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, орталық атқарушы орган анықтаған ұйымдар жүзеге асырады" деген сөздер»"Оқулық»республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.