"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі N 171-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4306. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және  14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 154-НҚ  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:

      2-тармақта:
      алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "аумақтық уәкілетті органдар - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Тіркелімнің республикалық бөлімін орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
      Орталық уәкілетті орган аумақтық уәкілетті органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік бақылау мен реттеуді жүзеге асыру функцияларын табыстай алады.
      Тіркелімнің республикалық бөлімі екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметті жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және шығаруды орталық уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы орталық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.
      Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және шығаруды аумақтық уәкілетті органдар орталық уәкілетті органды хабардар ете отырып, табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесі қорытындысының негізінде жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т. Жолдыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С. Орымбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға