Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2803 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3122 тіркелген), 2004 жылғы 27 қарашадағы N 336 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3330 тіркелген), 2005 жылғы 26 наурыздағы N 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3569 тіркелген), 2005 жылғы 28 мамырдағы N 163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3697 тіркелген), 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 355 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3919 тіркелген), 2006 жылғы 25 ақпандағы N 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4142 тіркелген) қаулылармен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың бірінші абзацындағы "сәйкес келуі тиіс" деген сөздер "сәйкес келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
7) тармақшаның екінші абзацындағы "А" деген әріп "ВВВ-" деген әріптермен және белгімен, "А2" деген әріп пен цифр "Ваа3" деген әріптермен және цифрмен ауыстырылсын;
8) тармақшаның екінші абзацындағы "А" деген әріп "ВВВ-" деген әріптермен және белгімен, "А2" деген әріп пен цифр "Ваа3" деген әріптермен және цифрмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы қаулыны алған күннен бастап он төрт күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.