"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 47 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4161 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасау тәртібі. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
12. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
13. Қор кепілдік және өтемақы төлемдерін Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен әрі шарттармен жүзеге асырады.";
6, 7, 8 және 9-тараулар алынып тасталсын;
28-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) сақтандыру ұйымы - қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;";
31-тармақта:
6) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға міндетті.".
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ-на, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 71 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының
кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру
Ережесі
Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.