Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4218

Жаңартылған

      Ескерту. Атауында және 1-тармақта, сонымен қоса Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесі Қосымшасының атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Сақтандыру қызметінің нәтижелерін объективті бағалау және сақтандыру бизнесінің тиімділігін сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің есебіне бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ сақтандырудың барлық сыныптары бойынша шығындылық талдамасын алу, сақтандыру қызметі рыногының дамуын болжау мүмкіндігі және сақтандыру ұйымдары қабылдаған тәуекелдер мониторингі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"» Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы" қоғамдық бірлестікке жіберілсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы 
25 наурыздағы N 83 қаулысымен
бекітілді        

      Ескерту. Атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты
сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесі

      Осы Ереже»"Сақтандыру қызметі туралы"» Қазақстан Республикасы Заңының 43 , 75-1-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті) есептеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспеде "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті)" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
      2) шығыстар - комиссиялық сыйақыны төлеу, бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеу,»"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"» АҚ-на жарналарды төлеу бойынша шығыстар, реттеуге жұмсалатын шығыстарды қоспағанда әкімшілік және басқа шығыстар;
      3) шеккен шығындар - сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ есептеу кезеңіндегі шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
      4) қол қойылған сыйлықақылар - сақтандырушының полистік жылға олардың іс жүзінде алынғанына не алынбағанына тәуелсіз есепке алған сыйлықақылары;
      5) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;
      6) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;
      7) төлемдердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру төлемдерінің сомасы;
      8) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу жинақтаушы сақтандыру сыныптарын (түрлерін) қоспағанда сақтандырудың барлық сыныбына (түріне) таралады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Есептеуге пайдаланатын барлық сақтандыру сыйлықақылары мен шығындары бір полистік жылға жатады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей осы Ереженің қосымшасына сәйкес шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу туралы есепті (бұдан әрі - есеп) ұсынады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз);  2009.04.29 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

       4-1. Есеп электронды және қағаз жеткізушілерде ұсынылады. Қағаз жеткізушідегі есепке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөрімен куәландырылады және актуариймен расталады. Электронды жеткізушідегі есеп ұсынылатын деректердің құпиялылығы мен түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін қорғаудың криптографикалық құралдарымен ақпаратты жеткізудің кепілдік берілген транспорттық жүйесін пайдалану арқылы ұсынылады.
      Электронды жеткізушідегі ұсынылатын деректердің қағаз жеткізушідегі деректерімен бірдейлігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысымен немесе оны ауыстыратын тұлғасымен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      4-2. Есепті жасау барысында пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден төмен сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

2-тарау. Шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін есептеу
тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      5. Қиыстырылған коэффициент шығындылық коэффициенті мен шығындар коэффициентінің сомасы ретінде есептеледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. Шығындылық коэффициентінің есептеуді қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесін ескерместен жүргізу қажет.
      Ескерту. 6-тармақта және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындар көрсеткішінің", "Шығындардың көрсеткіші", "шығындар көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Шығындылық коэффициентінің", "Шығындылықтың коэффициенті", "шығындылық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      7. Шығындылықтың қайта сақтандырушының үлесі ескерілген коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:

Қайта сақтандырушының үлесін         Шеккен шығындар
ескерген шығындылық коэффициенті=    ------------------------*100%
                                     Еңбекпен өтелген сақтандыру

      8. Шығындылықтың қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген коэффициенті сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:

                                      Қайта сақтандырушының үлесі
Қайта                                 ескерілместен шегерілген
сақтандырушының үлесі                 шығындар
ескерілмеген шығындылық коэффициенті= ------------------------*100%
                                      Таза еңбекпен өтелген
                                      сақтандыру сыйлық ақылары

      9. Жұмсалған қаражат коэффициенті шығыстардың формула бойынша қол қойылған сыйлықақылар мөлшеріне қатынасы есебінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша есеп айырысады:

Жұмсалған                              Шығыстар
қаражаттар коэффициенті =             ------------------------*100%
                                       Қол қойылған сыйлық ақылар
      Ескерту. 9-тармақта және мәтін бойынша бұдан әрі "Жұмсалған қаражат көрсеткіші", "жұмсалған қаражат көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Жұмсалған қаражат коэффициенті", "жұмсалған қаражат коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      10. Қиыстырылған коэффициент сақтандыру қызметінің жалпы тиімділігін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын сипаттайды. Қиыстырылған коэффициентті есептеу қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесі ескерілместен жүргізіледі.
      Ескерту. 10-тармақта және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындылық коэффициенті", "Шығындылық коэффициентін", "шығындылық коэффициентіне", деген сөздерге сәйкес "Қиыстырылған коэффициент", "Қиыстырылған коэффициентті", "қиыстырылған коэффициентке" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      11. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген қиыстырылған коэффициентке қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициенті мен жұмсалған қаражат коэффициенті енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының                 Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                  ескерілген шығындылық коэффициенті
қиыстырылған коэффициент        =   + Жұмсалған қаражат коэффициенті

      12. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген қиыстырылған коэффициентке қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенті мен жұмсалған қаражат коэффициенті енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының               Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                ескерілмеген шығындылық коэффициенті
қиыстырылған коэффициент        =   + Жұмсалған қаражат коэффициенті

3-тарау. Қосымша ережелер

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау есептеуі осы Ереженің қосымшасында көрсетілген қиыстырылған коэффициент бойынша жүргізіледі.

      14. Егер қиыстырылған коэффициент жүз проценттен асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган акционерлерге»"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабында көрсетілген ұсынымдардың берілуін қоса отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдауды ұсына алады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                      Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                         ұйымының шығындылықты
                                      сипаттайтын коэффициенттерін
                                        есептеу ережесіне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қиыстырылған
              коэффициентін есептеу туралы есеп
             _________________________________________
          (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
                  200__жылғы "1"______жағдай бойынша

№N

Сақтандыру сыныптарының атауы

Қол қойылған сақтандыру сыйлықақылары

Еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары

Барлығы

1

2

3

4

1

Міндетті сақтандыру



1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі



1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі



1.3

өсімдік шаруашылығын сақтандыру



1.4

жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру



1.5

экологиялық сақтандыру



1.6

аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық
жауапкершілігі



1.7

туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершігін



1.8

қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі



1.9

қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі



1.10

өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)



2

Ерікті жеке сақтандыру



2.1

өмірді сақтандыру



2.2

аннуитеттік сақтандыру



2.3

өмірдегі белгілі бір жағдайдың болуын сақтандыру



2.4

сақтанушының сақтандырушының инвестициялық кіріспе қатысуымен өмірді сақтандыру



2.5

жазатайым жағдайлардан сақтандыру



2.6

аурулардан сақтандыру



2.7

өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)



3

Ерікті мүліктік сақтандыру



3.1

автомобиль көлігін сақтандыру



3.2

теміржол көлігін сақтандыру



3.3

әуе көлігін сақтандыру



3.4

су көлігін сақтандыру



3.5

жүктерді сақтандыру



3.6

3.1-3.5-тармақтарды қоспағанда мүлікті сақтандыру



3.7

автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру



3.8

әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандыру



3.9

су көлін иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру



3.10

3.7-3.9 тармақтарда көрсетілген сыныптарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру



3.11

заемдарды сақтандыру



3.12

ипотекалық сақтандыру



3.13

көпілдікті және кепілдемелерді сақтандыру



3.14

өзге қаржылық шығындардан сақтандыру



3.15

сот шығыстарын сақтандыру



3.16

өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)



4

Сақтандыру портфелінің барлығы бойынша



  кестенің жалғасы


Төлемдер

Шығындар резервтеріндегі өзгерістер

Еңбек сіңірілген сыйлықақылардың таза сомасы

Барлығы

Төлемдердің таза сомасы

Барлығы

5

6

7

8









  кестенің жалғасы


Реттеуге арналған шығыстар

Шығыстар

Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық
коэффициенті %

((6)+(8)+(10))/(4)

Шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы

9

10

11

12



х




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




X




х




X




X




X




X




X






  кестенің жалғасы

Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген  шығындылық
коэффициенті% ((7)+(9)+(10)/(5)

Шығындылық
коэффи-
циенті, %
(11)/(3)

Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген қиыстырылған
коэффициент, % (12)+(14)

Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген қиыстырылған
коэффициент, % (13)+(14)

13

14

15

16


X

X

X


х

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

х

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

х


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X




X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X


X

X

X





  (мың теңгемен)

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға_____күні______
Актуарий________күні_______
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға_____күні______
Орындаушы__________күні___________
Телефон:___________
Мөр орны