Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4218

Қолданыстағы

      Сақтандыру қызметінің нәтижелерін объективті бағалау және сақтандыру бизнесінің тиімділігін сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің есебіне бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ сақтандырудың барлық сыныптары бойынша шығындылық талдамасын алу, сақтандыру қызметі рыногының дамуын болжау мүмкіндігі және сақтандыру ұйымдары қабылдаған тәуекелдер мониторингі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу  ережесі  бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"» Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстанның Актуарийлер Қоғамы" қоғамдық бірлестікке жіберілсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы  
25 наурыздағы N 83 қаулысымен
бекітілді         

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық
коэффициентін есептеу ережесі

      Осы Ереже»"Сақтандыру қызметі туралы"» Қазақстан Республикасы  Заңының 43 75-1-баптарын  іске асыру мақсатында әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
      2) шығыстар - комиссиялық сыйақыны төлеу, бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеу,»"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"» АҚ-на жарналарды төлеу бойынша шығыстар, реттеуге жұмсалатын шығыстарды қоспағанда әкімшілік және басқа шығыстар;
      3) шеккен шығындар - сақтандыру төлемдері, реттеуге арналған шығыстар, сондай-ақ есептеу кезеңіндегі шығындар резервтеріндегі өзгерістер;
      4) қол қойылған сыйлықақылар - сақтандырушының қаржылық жылға олардың іс жүзінде алынғанына не алынбағанына тәуелсіз есепке алған сыйлықақылары;
      5) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;
      6) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты емес бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;
      7) төлемдердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру төлемдерінің сомасы;
      8) шығындар резервтеріндегі өзгерістердің таза сомасы - қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар резервтеріндегі өзгерістер.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу жинақтаушы сақтандыру сыныптарын (түрлерін) қоспағанда сақтандырудың барлық сыныбына (түріне) таралады.

      3. Есептеуге пайдаланатын барлық сақтандыру сыйлықақылары мен шығындары бір полистік жылға жатады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей актуариймен расталған осы Ереженің қосымшасына сәйкес шығындылық коэффициентін есептеу туралы есепті ұсынады.

  2-тарау. Шығындылық коэффициентін есептеу тәртібі

      5. Шығындылық коэффициенті шығындар көрсеткіші мен жұмсалған қаражат көрсеткішінің сомасы ретінде есептелетін қиыстырылған коэффициент сияқты айқындалады (бұдан әрі - шығындылық коэффициенті).

      6. Шығындар көрсеткішінің есептеуді қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесін ескерместен жүргізу қажет.

      7. Шығындардың қайта сақтандырушының үлесі ескерілген көрсеткіші сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:

Қайта сақтандырушының үлесін         Шеккен шығындар
ескерген шығындар көрсеткіші=        ------------------------*100%
                                     Еңбекпен өтелген сақтандыру

      8. Шығындардың қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген көрсеткіші сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шегерілген шығындар сомасының мына формула бойынша таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысының сомасына қатынасы есебінде есеп айырысады:

                                      Қайта сақтандырушының үлесі
Қайта                                 ескерілместен шегерілген
сақтандырушының үлесі                 шығындар
ескерілмеген шығындар көрсеткіші=     ------------------------*100%
                                      Таза еңбекпен өтелген
                                      сақтандыру сыйлық ақылары

      9. Жұмсалған қаражат көрсеткіші шығыстардың формула бойынша қол қойылған сыйлықақылар мөлшеріне қатынасы есебінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша есеп айырысады:

Жұмсалған                              Шығыстар
қаражаттар көрсеткіші=                 ------------------------*100%
                                       Қол қойылған сыйлық ақылар

      10. Шығындылық коэффициенті сақтандыру қызметінің жалпы тиімділігін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын сипаттайды. Шығындылық коэффициентін есептеу қайта сақтандырушының үлесін ескере отырып және қайта сақтандырушының үлесі ескерілместен жүргізіледі.

      11. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындылық коэффициентіне қайта сақтандырушының үлесі ескерілген шығындар көрсеткіші мен жұмсалған қаражат көрсеткіші енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының                 Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                      ескерілген шығындар көрсеткіші
шығындылық коэффициенті           =   + Жұмсалған қаражат көрсеткіші

      12. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентіне қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындар көрсеткіші мен жұмсалған қаражат көрсеткіші енгізіледі және мынадай формуламен айқындалады:

Қайта сақтандырушының               Қайта сақтандырушының үлесі
үлесі ескерілген                    ескерілмеген шығындар көрсеткіші
шығындылық коэффициенті         =   + Жұмсалған қаражат көрсеткіші

  3-тарау. Қосымша ережелер

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау есептеуі осы  Ереженің   қосымшасында  көрсетілген шығындылық коэффициенті бойынша жүргізіледі.

      14. Егер шығындылық коэффициенті жүз проценттен асып кеткен жағдайда, уәкілетті орган акционерлерге»"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  53-бабында  көрсетілген ұсынымдардың берілуін қоса отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдауды ұсына алады.

  4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                      Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                   ұйымының шығындылық коэффициентін
                                        есептеу ережесіне қосымша

                Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
           шығындылық коэффициентін есептеу туралы есеп
                              _______________________
                              _______________________
             200__жылғы "__"___________жағдай бойынша
           (сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
      Сақтандыру сыныбы бойынша                           1-кесте

Сақтандыру
сыныбы

Қол қойылған
сақтандыру
сыйлықақылары

Еңбек сіңірілген
сақтандыру
сыйлықақылары

Төлемдер

 
 
Барлығы

Еңбек
сіңірілген
сыйлықақы-
лардың
таза
сомасы

 
 
Барлығы

 
Төлемдерін
таза
сомасы

1

2

3

4

5

6

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Шығындар
резервтеріндегі
өзгерістер

 
 
 
Реттеуге арналған шығыстар

 
 
 
Шығыстар

 
Қайта
сақтанды-
рушының
үлесі ескерілген шығындар көрсеткіші % ((5)+(7)+(9))
/(3)

 
Қайта
сақтанды-
рушының
үлесі ескерілмеген шығындар көрсеткіші % ((6)+(8)+(9))
/(4)

Барлығы

Шығындар
резервте-
ріндегі
өзгеріс-
тердің
таза сомасы

7

8

9

10

11

12

 

 

 

 

 

 

      Барлық сақтандыру портфелі бойынша                   2-кесте

 
 
 
Қол
қойылған
сақтан-
дыру
сыйлық-
ақылары 

Еңбек сіңірілген
сақтандыру
сыйлықақылары

Төлемдер

Шығындар
резервтеріндегі
өзгерістер

 
 
Барлығы

Еңбек
сіңірілген
сыйлықақы-
лардың
таза
сомасы

 
 
Барлығы

 
Төлемдерін
таза
сомасы

 
 
Барлығы

Шығындар
резервте-
ріндегі
өзгеріс-
тердің
таза
сомасы

1

2

3

4

5

6

7

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Реттеу-
ге ар-
налған
шығыс-
тар

Шы-
ғыс-
тар

 
Қайта
сақтанды-
рушының
үлесі ескерілген шығындар көрсеткіші, % ((4)+(6)+
(8))/(2)  

Қайта
сақтанды-
рушының
үлесі ескерілме-
ген шығындар көрсеткіші, %((5)+(7)+
(8))/(3)

Шығын-
дар
көрсет-
кіші %
(9)/(1)

Қайта
сақтан-
дырушы-
ның
үлесі
ескеріл-
ген шы-
ғындылық
коэффи-
циенті
% (10)+(12)

Қайта
сақтан-
дырушы-
ның
үлесі
ескеріл-
меген шығынды-
лық
коэффи-
циенті,
% (11)+(12)

8

9

10

11

12

13

14

 

 

 

 

 

 

 

Бас бухгалтер_____________________
Актуарий__________________________
Орындаушы_________________________
телефон___________________________
мөр орны__________________________