Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту және оны қайтарып алу ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған жеке және заңды тұлғалар, осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін уәкілетті органға 2006 жылғы 1 шілдеге дейін тиісті құжаттарды ұсынады.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы»заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
25 ақпандағы N 49 қаулысымен
бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту және оны қайтарып алу
ережесі
Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 126 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Ереже»"Сақтандыру қызметі туралы"»Қазақстан Республикасының
Заңына
(бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, беруден бас тарту және оны қайтарып алу тәртібін көздейді.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының және бірлесе отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың түсініктері Заңның 3, 26-баптарында айқындалған.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы тікелей және жанама иеленетін үлесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының көлемінен есептелінеді.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы мәртебесін иеленуге өтінішін
қарау және беру тәртібі
3. Жеке және заңды тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу, тұратын жері туралы мәліметтерді, иеленуге болжанатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялар санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акциялардың санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші тұлғалармен бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатынына болжанатын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жанама иелену жүзеге асырылатын акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелену арқылы тұлғалардың тізімін көрсете отырып еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниет білдірген тұлға өтінішімен бірге бірмезгілде уәкілетті органға Заңның
26-бабының
4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
Өзі тұратын еліндегі қызметі шоғырландырыла қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниет білдірген жағдайда Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру ұйымы ірі қатысушы болып табылса, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырған көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын басшы қызметкері/өтініш иесі - жеке тұлға туралы қысқаша деректер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
Заңның
26-бабының
4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұсынылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, жеке тұлға - өтініш иесіне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын көрсетеді.
Мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мыналарды қоса беріп, ұсынылады:
экономикалық қызмет аясындағы қылмыс немесе орта дәрежедегі қылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алынбағандығын немесе соттылықтың болмауын растайтын құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есеп жүргізу жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган анықтама нысанында берген құжатты (аталған құжаттың берілген күні өтініш беру күнінің алдындағы үш айдан аспауы тиіс). Шетелдік азаматтар олардың елдерінің азаматтығына сәйкес тиісті мемлекеттік орган берген осыған ұқсас мазмұндағы құжатты, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінен қосымша ұсынады;
осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растаушы өзге де құжаттардың көшірмелерін.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы мүмкін болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта қапиталдандырудың өтініш иесі ұсынып отырған жоспарында мынадай ақпараттар болуы тиіс:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы жай-күйіне баға беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жан-жақты сипаттау (шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, пруденциалдық нормативтер және өзге де сақталуы міндетті нормалар және лимиттер, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және өзге де іс-шаралар орындалып отыратын шекке дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның меншікті капиталын қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету, қосымша қаржылық салымдар бойынша шаралар);
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қаржылық жағынан сауықтыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;
сауықтыру іс-шараларынан күтіліп отырған экономикалық тиімділік (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті қаражатының (капиталының) мөлшерінің өзгеруі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық көрсеткіштерінің өзгеруі).
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексеру қажет болған жағдайда, тиісті органдар мен ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-1. Осы ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттар бір жыл өткен және (немесе) осы құжаттардың мазмұны өзгерген және (немесе) мәліметтерді ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші жөніндегі осы мәліметтер өзгерген жағдайларын қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға берген тұлғалар ұсынбайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын берген құжаттар жөніндегі мәліметтер (күні, жіберілетін құжаттың нөмірі), сондай-ақ оларды ұсынудың негізі көрсетіледі.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы
N 76
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Тұлға ол акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) жиырма бес және одан астам проценттеріне иеленген жағдайда (шешім айқындауға мүмкіндігі болғанда және (немесе) шартты қолдана отырып немесе өзге тәсілмен қабылданатын шешімге ықпал етуге) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) деп мына тұлғалар танылады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда біреуі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалары акциялардың (қатысу үлесі) жиырма бес және одан астам проценті тікелей және (немесе) жанама иеленетін (дауыс беруге мүмкіндігі бар) тұлғалар.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1)-3)-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) жиынтығында жиырма бес және одан астам проценттеріне иеленген жағдайда (шешім айқындауға мүмкіндігі болғанда және (немесе) шартты қолдана отырып немесе өзге тәсілмен қабылданатын шешімге ықпал етуге) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иеленушілер (дауыс берушілер) деп мына тұлғалар танылады:
оның басшы қызметкері болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға;
жақын туысқандары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алған балалары, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері), апалары (сіңлілері), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысқандары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алған балалары, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері), апалары (сіңлілері), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді осы Ережеге сәйкес уәкілетті орган құжаттардың толық пакеттерін берген күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылдайды.
7. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген құжаттарды берген кезде құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші құжаттарды қайтадан берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу жаңадан басталады.
7-1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден Заңның
26-1-бабында
көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады. Өтініш иесіне уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін белгіленген мерзімі ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алуға келісім беру туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органынан бұрын келісім алған және әділет органдарында кейіннен мемлекеттік қайта тіркеуден өткен тұлға, атауының өзгеруіне байланысты уәкілетті органға оларды әділет органдарында алған күннен бастап он күн ішінде растайтын құжаттарды береді.
Уәкілетті органның осы өзгерістерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімге өзгерістер енгізуге келісімін алуға талап етілмейді.
9. Уәкілетті органнан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алған тұлға уәкілетті орган көрсетілген келісімді берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы куәландыратын эмиссиялы бағалы қағаздар номиналды ұстаушылар жүйесінің үзінді көшірмесін береді.
Құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның акцияларын мемлекеттік тіркеу күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның акцияларын сатып алғандығын куәландыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен не эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінен көшірме ұсынады.";
Үзінді көшірмені осы тармақпен белгіленген мерзімде бермеген жағдайда уәкілетті орган берген келісім өзінің қолданылуын тоқтатады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30.
N 126
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органынан бұрын келісім алған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының кейіннен белгілері жоқ тұлға көрсетілген сәйкессіздіктер туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды бере отырып уәкілетті орган бұрын берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш береді.
11. Уәкілетті орган осы Заңның
26-бабында
көрсетілген негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берілген келісімді қайтарып алады.
Тұлғаға осындай шара қолданылатын жағдайда, ол Заңның
26-бабы
10-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындайды және уәкілетті органға қысқарту жүргізілген немесе растайтын құжаттарды қоса беріп өзіне тиісті міндеттемелер алу сәттен бастап үш күндік мерзімде хабар береді.
12. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті орган Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларын қолдана алады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім
беру, оны қайтарып алу
ережесінің 1-қосымшасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 126 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы
қызметкері - заңды тұлға туралы қысқаша деректер
_________________________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Азаматтығы
_________________________________________________________________
3. Жеке басын куәландыратын құжат деректері
__________________________________________________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызмет (қызметтер)
__________________________________________________________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны
__________________________________________________________________
6.
Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі,
балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі,
апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
№ N
|
Фамилиясы,
|
Туған жылы |
Туысқандық
|
Жұмыс орны және
|
1 |
|
|
|
|
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын
растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні ___________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім
беру, оны қайтарып алу
ережесінің 2-қосымшасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 126 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Өтініш иесі - жеке тұлға, өтініш иесінің басшы
қызметкері - заңды тұлғаның мінсіз іскерлік беделі
туралы мәліметтер
1. Білімі
Оқу
|
Келіп
|
Мамандығы |
Білімі туралы
|
Оқу орнының
|
|
|
|
|
|
2. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар,
біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер
Ұйымның атауы |
Өткізу күні және орны |
Сертификат
|
|
|
|
3.Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Жұмыс кезеңі |
Жұмыс
|
Қызметі |
Тәртіптік шара қолданудың болуы |
Жұмыстан шығу, қызметтен босану себептері |
|
|
|
|
|
4. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да
жетістіктер: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Экономикалық қызмет аясындағы қылмыс үшін немесе ауырлығы
орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер
Күні |
Сот органының атауы |
Соттың
|
Жазаның түрі |
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республи-
|
Соттың процессуал-
|
|
|
|
|
|
|
6. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі өткен
заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер
___________________________________________________________________
________________________________________________________________
(аталған фактілер болған жағдайда ұйымның атауын және міндеттемелер
сомасын көрсету)
7. Өтініш иесі ірі қатысушы не басшы қызметкер болып табылған
жағдайдағы кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының
немесе банкроттық фактісінің болуы:
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирлігінің болуы
(болмауы):
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
(иә/жоқ, аффилиирлік белгісін көрсету)
9. Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат: __________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы ақпарат тексерілгенін және шынайы мен толық болып табылатынын
растаймын.
Өтініш беруші - жеке тұлға
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Өтініш беруші - заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы
_________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) баспа әріптерімен, қолы)
Мөр орны
Күні ___________________________________