Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4167

Қолданыстағы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған жеке және заңды тұлғалар, осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін уәкілетті органға 2006 жылғы 1 шілдеге дейін тиісті құжаттарды ұсынады.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы»заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы  
25 ақпандағы N 49 қаулысымен
бекітілген         

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу
ережесі

      Осы Ереже»"Сақтандыру қызметі туралы"»Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны қайтарып алу тәртібін көздейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының және бірлесе отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың түсініктері  Заңның  3,   26-баптарында  айқындалған.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы тікелей және жанама иеленетін үлесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының көлемінен есептелінеді.

  2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы мәртебесін иеленуге өтінішін
қарау және беру тәртібі

      3. Жеке және заңды тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу, тұратын жері туралы мәліметтерді, иеленуге болжанатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялар санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акциялардың санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші тұлғалармен бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатынына болжанатын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жанама иелену жүзеге асырылатын акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелену арқылы тұлғалардың тізімін көрсете отырып еркін нысанда жасалған өтінішті береді.

      4. Бір уақытта өтінішпен бірге уәкілетті органнан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алуға ниет білдіруші тұлға уәкілетті органға Заңның  26-бабы  4-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға ниеті бар сақтандыру ұйымы үшін қызметі оның мекен-жайындағы еліне шоғырландырылған қадағалауға тиіс, Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың нотариалды куәландырылған құрылтайшы құжаттарының үзінді көшірмесін ұсынуға талап етпейді.
      Жеке тұлға - өтініш беруші туралы қысқа деректер осы Ереженің   1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Заңды тұлға - өтініш беруші басшы қызметкерлері туралы қысқа деректер осы Ереженің  2-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша беріледі.

      5. Тұлға ол акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) жиырма бес және одан астам проценттеріне иеленген жағдайда (шешім айқындауға мүмкіндігі болғанда және (немесе) шартты қолдана отырып немесе өзге тәсілмен қабылданатын шешімге ықпал етуге) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) деп мына тұлғалар танылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлесіп ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың ең болмағанда біреуі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалары акциялардың (қатысу үлесі) жиырма бес және одан астам проценті тікелей және (немесе) жанама иеленетін (дауыс беруге мүмкіндігі бар) тұлғалар.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1)-3)-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) жиынтығында жиырма бес және одан астам проценттеріне иеленген жағдайда (шешім айқындауға мүмкіндігі болғанда және (немесе) шартты қолдана отырып немесе өзге тәсілмен қабылданатын шешімге ықпал етуге) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иеленушілер (дауыс берушілер) деп мына тұлғалар танылады:
      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға;
      жақын туысқандары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алған балалары, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері), апалары (сіңлілері), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар;
      осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысқандары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алған балалары, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері), апалары (сіңлілері), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш бойынша шешімді осы Ережеге сәйкес уәкілетті орган құжаттардың толық пакеттерін берген күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылдайды.

      7. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген құжаттарды берген кезде құжаттар өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші құжаттарды қайтадан берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу жаңадан басталады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органынан бұрын келісім алған және әділет органдарында кейіннен мемлекеттік қайта тіркеуден өткен тұлға, атауының өзгеруіне байланысты уәкілетті органға оларды әділет органдарында алған күннен бастап он күн ішінде растайтын құжаттарды береді.
      Уәкілетті органның осы өзгерістерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге бұрын берілген келісімге өзгерістер енгізуге келісімін алуға талап етілмейді.

      9. Уәкілетті органнан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алған тұлға уәкілетті орган көрсетілген келісімді берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы куәландыратын эмиссиялы бағалы қағаздар номиналды ұстаушылар жүйесінің үзінді көшірмесін береді.
      Жоғарыда көрсетілген мерзімде үзінді көшірмені бермеген жағдайда, уәкілетті орган берген келісімнің қолданылуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берген күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін тоқтатылады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органынан бұрын келісім алған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының кейіннен белгілері жоқ тұлға көрсетілген сәйкессіздіктер туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды бере отырып уәкілетті орган бұрын берген келісімді қайтарып алу туралы өтініш береді.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Уәкілетті орган осы Заңның  26-бабында  көрсетілген негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берілген келісімді қайтарып алады.
      Тұлғаға осындай шара қолданылатын жағдайда, ол Заңның  26-бабы  10-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындайды және уәкілетті органға қысқарту жүргізілген немесе растайтын құжаттарды қоса беріп өзіне тиісті міндеттемелер алу сәттен бастап үш күндік мерзімде хабар береді.

      12. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті орган Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларын қолдана алады.

      13. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

                                       Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                          ұйымының ірі қатысушысы
                                        мәртебесін иеленуге келісім
                                           беру, оны қайтарып алу
                                           ережесінің 1-қосымшасы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
       мәртебесін иеленуге ниет білдіруші жеке тұлғаның 
             өтініш беруші туралы қысқа деректер
____________________________________________________________________
        (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

1. Аты-жөні ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________
6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):

Түскен күні -
аяқтаған күні

Оқу орнының аты

Мамандығы

 

 

 

7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Еңбек ету кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

 

 

 

8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәліметтер:

Күні

Соттың
атауы

Соттың
тұрған
жері

Жаза
түрі

Қазақстан
Республикасы
Қылмыстық
Кодексінің
бабы

Соттың
шешім
қабылдаған
күні

 

 

 

 

 

 

9. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қаржы, салық
салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке
тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік
жауапкерші-
лікке
тарту туралы
шешім
қабылдаған
орган

Әкімшілік
жауапкерші-
лікке
тарту туралы
шешім
қабылдаған
органның
тұрған жері

Әкімшілік
жазаның
түрі

Қазақстан
Республикасы
Әкімшілік
құқық
бұзушылық
туралы
кодекстің
бабы

Шешім
қабыл-
данған
күн

 

 

 

 

 

 

      Жоғарыда атап көрсетілген мәліметтерді растау

      Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі
толық екенін растаймын және мен берген өтініште бұрмаланған және
жіберілген қателер анықталған жағдайда, бұл сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім
беруден бас тартуға негіздеме болуын танимын.

      Аты-жөні _____________________________________________
                           (баспа әріптермен)

      Күні__________________________________________________

      Қолы__________________________________________________

                                       Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                          ұйымының ірі қатысушысы
                                        мәртебесін иеленуге келісім
                                           беру, оны қайтарып алу
                                           ережесінің 2-қосымшасы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
   мәртебесін иеленуге ниет білдіруші заңды тұлғаның өтініш
        беруші басшы қызметкері туралы қысқа деректер
____________________________________________________________________
        (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

1. Аты-жөні ________________________________________________________
2. Азаматтығы ______________________________________________________
3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері _________________________
4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) _____________________
5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары), байланыс
телефоны ___________________________________________________________
6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса):

Түскен күні -
аяқтаған күні

Оқу орнының аты

Мамандығы

 

 

 

7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Еңбек ету кезеңі

Жұмыс орны

Лауазымы

 

 

 

8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталуы
туралы мәліметтер:

Күні

Соттың
атауы

Соттың
тұрған
жері

Жаза
түрі

Қазақстан
Республикасы
Қылмыстық
Кодексінің
бабы

Соттың
шешім
қабылдаған
күні

 

 

 

 

 

 

9. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, қаржы, салық
салу саласындағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке
тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік
жауапкерші-
лікке
тарту туралы
шешім
қабылдаған
орган

Әкімшілік
жауапкерші-
лікке
тарту туралы
шешім
қабылдаған
органның
тұрған жері

Әкімшілік
жазаның
түрі

Қазақстан
Республикасы
Әкімшілік
құқық
бұзушылық
туралы
кодекстің
бабы

Шешім
қабыл-
данған
күн

 

 

 

 

 

 

      Жоғарыда атап көрсетілген мәліметтерді растау

      Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі
толық екенін растаймын.

      Аты-жөні _____________________________________________
                           (баспа әріптермен)

      Күні__________________________________________________

      Қолы__________________________________________________