Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
2-тармақтың екінші абзацында "толық деректемелері және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте уәкiлеттi орган осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiнен қажеттi құжаттарды сұратады.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;
11) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстар мен шығыстарды таратып жаза отырып, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп.";
3-тарау алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға