Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4141

Жаңартылған

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сәйкес келген жеке және заңды тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін уәкілетті органға тиісті құжаттарды 2006 жылғы 1 шілдеге дейін береді.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет кезеңі аралығында 25 проценттен артық акцияларды тікелей немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иеленуге рұқсат беру Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 31-П  бұйрығы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 484 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет кезеңі аралығында 25 проценттен артық акцияларды тікелей немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иеленуге рұқсат беру Ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 31-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 376  қаулысы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3427 тіркелген).

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының          
2006 жылғы 25 ақпандағы     
N 58 қаулысымен бекітілген    

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы
мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу
Ережесі

      Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - Қор) ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың ірі қатысушысы және бірлескен түрде Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар туралы ұғымдар Заңның  1-бабының  15-4) тармақшасымен және  36-1-бабының  8 тармағымен белгіленген.

      2. Қордың ірі қатысушысының Қор акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі Қордың дауыс беретін акцияларының көлемі бойынша есептеледі.

  2-тарау. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге
берілген өтінішті беру және қарау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға немесе заңды тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) уәкілетті органға Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берілетін өтінішті еркін нысанда, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі, тұрақты мекен-жайы (тұратын жері) туралы, Қордың сатып алуды болжалдап отырған акцияларының проценттік ара-қатынасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Өтініш беруші бірлесіп Қордың ірі қатысушысы болуды болжалдап отырған тұлғалардың және Қордың акцияларын жанама иелену (дауыс беру) жүзеге асырылатын акцияларды (жарғы капиталдарындағы қатысу үлесі) иеленетін тұлғалардың тізімін көрсете отырып береді.

      4. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін тұлға уәкілетті органға бірмезгілде өтінішпен бірге Заңның  36-1-бабының  4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
      Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға-өтініш беруші туралы қысқаша деректер осы Ереженің  1-қосымшасына  сәйкес нысанда ұсынылады.
      Өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер осы Ереженің  2-қосымшасына  сәйкес нысанда ұсынылады.

      5. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлға онда осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, қосымша тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі берген, талап етілетін барынша төмен рейтингтің болуы туралы мәліметтерді береді.

      5-1. Осы ереженің 4, 5 тармағында көрсетілген құжаттар бір жыл өткен және (немесе) осы құжаттардың мазмұны өзгерген және (немесе) мәліметтерді ұсынған соңғы күннен бастап өтініш беруші жөніндегі осы мәліметтер өзгерген жағдайларын қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға берген тұлғалар ұсынбайды. Ашық зейнетақы қордың ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын берген құжаттар жөніндегі мәліметтер (күні, жіберілетін құжаттың нөмірі), сондай-ақ оларды ұсынудың негізі көрсетіледі.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы  N 76  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Тұлға Қор акцияларының жиырма бес және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) иеленген (дауыс берген) жағдайда ол Қордың жанама иеленушісі (онда шешім белгілеу мүмкіндігі болған жағдайда және (немесе) шарттың күшімен және өзге жағдаймен шешім қабылдауға ықпал ету) болып танылады:
      1) Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар (Қор акцияларының он және одан артық процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар);
      2) бірлесіп Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың ең болмаса бірі;
      3) Қордың ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың акцияларының (қатысу үлесі) жиырма бес және одан артық процентін тікелей және (немесе) жанама иеленген (дауыс беру мүмкіндігі бар) тұлғалар.
      Сондай-ақ Қордың акцияларын жанама иеленуші (дауыс беруші) болып, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың акцияларының жиынтықты түрде жиырма бес және одан артық процентін (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) иеленген (шешім белгілеу мүмкіндігі болған жағдайда және (немесе) шарттың күшімен және өзге жағдаймен шешім қабылдауға ықпал ету) жағдайда ол Қордың жанама иеленушісі болып мына тұлғалар танылады:
      оның басшы қызметкері болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
      жақын туыс болып табылатын жеке тұлғалар (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері) және апалары (сіңлілері), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы);
      осы заңды тұлғаның басшы қызметкерінің жақын туысы болып табылатын заңды тұлға және жеке тұлға (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, жақын туыс және жақын туыс емес ағалары (інілері) және апалары (сіңлілері), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы).

      7. Осы Ережеге сәйкес Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін берілген өтініш жөніндегі шешім уәкілетті органға құжаттардың толық пакетін берген күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданады.

      8. Құжаттарды бергенде олар Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар өтініш иесіне қайтарылады. Құжаттарды екінші рет берген жағдайда оларды қарау мерзімін есептеу жаңадан басталады.

      9. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға алдын-ала уәкілетті органның келісімін алған және атауының өзгеруіне байланысты кейін әділет органдарында қайта тіркеуден өткен тұлға әділет органдарынан алынған растаушы құжаттарды алған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органға береді.
      Осы өзгерістер үшін уәкілетті органның келісімін алу және Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға алдын-ала берілген келісім талап етілмейді.

      10. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін алған тұлға уәкілетті органның аталған келісімін алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінің немесе Қордың акциясын сатып алғандығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстау жүйесінің үзінді көшірмелерін ұсынады.
      Жоғарыда аталған мерзімде үзінді көшірмелері берілмеген жағдайда уәкілетті орган берген келісімнің мерзімі отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.

      11. Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алған, бірақ кейін Қордың ірі қатысушысы белгісі болмаған тұлға аталған сәйкессіздік пайда болған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде растаушы құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Заңның  36-2-бабында  көрсетілген негіздемелер бойынша уәкілетті орган Қордың ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге берген келісімін қайтарып алады.
      Бұл жағдайда осы шара қолданылған тұлға Заңның  36-1-бабының  10-тармағында көрсетілген іс-шараларды орындайды және қысқарту жасалған немесе растаушы құжаттарды қоса бере отырып, өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған сәттен бастап үш күндік мерзім ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      13. Уәкілетті орган Қордың ірі қатысушысына осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін ықпал ету шараларын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін.

      14. Осы Ереже реттемейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешілуі тиіс.

                                       Ашық жинақтаушы зейнетақы
                                         қорының ірі қатысушысы
                                      мәртебесін иеленуге келісімді
                                      беру, қайтарып алу Ережесіне
                                               1-қосымша

      Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы
      мәртебесін иеленгісі келетін өтініш беруші заңды
                тұлға туралы қысқаша ақпарат

___________________________________________________________________
                (Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

      1. Фамилиясы, аты-жөні ______________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні 

Оқу орнының аты

Мамандығы

 

 

 

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі

Жұмыс орны

Қызметі 

 

 

 

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот органының атауы 

Соттың тұратын жері

Құқық бұзу түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы 

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні

 

 

 

 

  

 

      9. Қаржы қызметі, салық салу саласында, әкімшілік сыбайлас
жемқорлық жасағаны үшін құқық бұзуына байланысты әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган 

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы 

Шешім қабылдау күні 

 

 

 

 

 

  

      Жоғарыдағы берілген мәліметтерді растау

      Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылатындығын растаймын және мен берген өтініште
бұзылулар мен жіберілген қателер анықталған жағдайда бұл Қордың ірі
қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуға негіз
болуы мүмкін екендігін танимын.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                               (баспа әріптерімен)

Күні _________________________
Қолы _________________________

                                       Ашық жинақтаушы зейнетақы
                                         қорының ірі қатысушысы
                                      мәртебесін иеленуге келісімді
                                      беру, қайтарып алу Ережесіне
                                               2-қосымша

       Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы
        мәртебесін иеленгісі келетін өтініш беруші заңды
       тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер

___________________________________________________________________
            (Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)

      1. Фамилиясы, аты-жөні  _____________________________________

      2. Азаматтығы _______________________________________________

      3. Жеке басты куәландыратын құжат деректері _________________

      4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері) ______________

      5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы (мекен-жайлары),
байланыс телефоны _________________________________________________

      6. Білімі (біліктілік көтеру курсын қосқанда):

Келіп түскен күні - аяқталған күні

Оқу орнының аты  

Мамандығы

 

 

 

      7. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме:

Жұмыс кезеңі 

Жұмыс орны

Қызметі

 

 

 

      8. Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған
сотталғандығы туралы мәліметтер:

Күні

Сот атауы 

Соттың тұратын жері 

Жаза түрі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы 

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдаған күні 

 

 

 

 

  

 

      9. Қаржы қызметі, салық салу саласында, әкімшілік сыбайлас
жемқорлық жасағаны үшін құқық бұзуына байланысты әкімшілік
жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер:

Күні 

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган 

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның тұратын жері

Әкімшілік тәртіптік жазаның түрі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің бабы

Шешім қабылдау күні

 

 

 

 

 

  

      Жоғарыдағы берілген мәліметтерді растау

      Осы өтініштегі ақпаратты мен тексердім және ол анық және
толық болып табылатындығын растаймын және мен берген өтініште
бұзылулар мен жіберілген қателер анықталған жағдайда бұл Қордың ірі
қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуға негіз
болуы мүмкін екендігін танимын.

Фамилиясы, аты-жөні _______________________________________________
                               (баспа әріптерімен)

Күні _________________________
Қолы _________________________