Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 182 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 4 қаңтардағы N 2 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4018

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының әуе жолдарында жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 ж. 25 сәуiрдегi N 182  бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 
N 2301 тiркелдi) келесi толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау ережелерiнде:

      3-тармақта:
      68) тармақшада "қосымша қызмет түрлерi үшiн" деген сөздерден кейiн "авиациялық керосин бағасы өсуiн өтем ақылау мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;

      38-тармақта:
      "5 жылға дейiнгi" деген сөздер "2 жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "5 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақта:
      "7 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "7 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi және ресми жариялануға жатады.

       Төраға