Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.10.07 N 448 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының әуе жолдарында жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау тәртiбiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 ж. 25 сәуiрдегi N 182 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде
N 2301 тiркелдi) келесi толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау ережелерiнде:
3-тармақта:
68) тармақшада "қосымша қызмет түрлерi үшiн" деген сөздерден кейiн "авиациялық керосин бағасы өсуiн өтем ақылау мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;
38-тармақта:
"5 жылға дейiнгi" деген сөздер "2 жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "5 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 12 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақта:
"7 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"7 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздер "2 жылдан 15 жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi және ресми жариялануға жатады.
Төраға