Қазақстан Республикасы әуе жолдарында жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау Ережелерін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2301. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 7 қазандағы N 448 Бұйрығымен.

      Каспий теңізiнiң қазақстандық секторын игерудi жеделдету, республиканың ауыр өнеркәсiбiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Pecпубликасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, бiр апта мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiптен "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Ақтау портындағы жалпы ауданы 2 гектардан кем емес жер телімін пайдалану құқығын Каспий теңiзінде пайдалану үшiн теңiз құрылыстары мен корабльдер жасау жөніндегi верфь салуға "Керреl Kazakhstan" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігіне беруін қамтамасыз етсін.

      2. "Ақтау портында астық терминалын салудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1156 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 389-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі