Үзінді: Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 29 наурыздағы N 239/30-ІІІ шешімінен.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" бұйрығы қызметінің тоқтатыла тұруына байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ "Астана қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын 2006 жылға белгілеу туралы" шешімінің қызметін тоқтатыла тұрсын (Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 ақпандағы N 429 тіркелген).
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
__________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасының ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы
Кодексінің
462 бабына сәйкес Астана қаласы мәслихаты
ШЕШТІ:
1. Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 110/15-III "Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы"
шешімінің
(Астана қаласының әділет департаментінде 2004 жылғы 29 желтоқсанында N 368 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Келісілген:
Астана қаласы қалалық
аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының бастығы
2005 жылғы 23 желтоқсанындағы
N№212/28-III
Астана қаласы мәслихатының
шешіміне қосымша
Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған
ортаны ластағаны үшін төлем
СТАВКАЛАРЫ
N |
Төлем нормативтерінің көрсеткіші |
Өлшем бірлігі |
Токси-
|
Ставкалар, теңге |
1. |
Стационарлық көздерден ластайтын заттарды шығарғаны үшін;
|
шамамен т.
шамамен т. |
|
326
163 |
2. |
Жылжымалы көздерден жаққанда ластайтын заттарды шығарғаны үшін:
|
|
|
730
|
3. |
Тазартылғаннан кейін ағын сулармен су орындарын ластайтын заттарды шығарып тастағаны үшін |
шамамен т. |
|
31839 |
4. |
Арнайы орындарға,
|
тонна
|
I
|
4023
|
5. |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін (сақтау, жерге көму) |
тонна |
V |
125 |
6. |
Күлдерді, күлшлак қалдықтарын орналастырғаны үшін (сақтау, жерге көму)
|
тонна
тонна |
IV
IV |
251
78 |
7. |
Жиналған тау-кендер қалдықтары |
тонна |
|
12 |
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы