Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 6 ақпанда N 429 тіркелді

Қолданыстағы

      Қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасының ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексінің  462 бабына сәйкес Астана қаласы мәслихаты  ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 110/15-III "Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы"  шешімінің  (Астана қаласының әділет департаментінде 2004 жылғы 29 желтоқсанында N 368 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

      Келісілген:

      Астана қаласы қалалық
      аумақтық қоршаған ортаны
      қорғау басқармасының бастығы

                                     2005 жылғы 23 желтоқсанындағы
                                            N№212/28-III
                                      Астана қаласы мәслихатының
                                          шешіміне қосымша

          Астана қаласы бойынша 2006 жылға қоршаған
                ортаны ластағаны үшін төлем
                         СТАВКАЛАРЫ

N

Төлем нормативтерінің көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Токси-
калық
класы

Ставкалар, теңге

1.

Стационарлық көздерден ластайтын заттарды шығарғаны үшін;
Халыққа қызмет көрсететін жылыту көздерінің (жылу электр стансалары, қазандықтар) ластайтын заттарды шығарғаны үшін

шамамен т.

 

 

шамамен т.

 

326

 

 

163

2.

Жылжымалы көздерден жаққанда ластайтын заттарды шығарғаны үшін:
- этилды бензинді;
- этилі жоқ бензинді;
- керосинді;
- дизелді отынды;
- сығымдалған газды.

 

 
тонна
тонна 
 
тонна
тонна 

 

 

 
613
280

730
404

3.

Тазартылғаннан кейін ағын сулармен су орындарын ластайтын заттарды шығарып тастағаны үшін

шамамен т.

 

31839

4.

Арнайы орындарға,
жинағыштарға және рұқсат
етілген күл-қоқыс төгетін
орындарға шығарып төккен
өнеркәсіптік қалдықтары үшін

тонна
тонна
тонна
тонна
тонна 

I
II
III
IV
V

4023
2012
503
251
125

5.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін (сақтау, жерге көму)

тонна

V

125

6.

Күлдерді, күлшлак қалдықтарын орналастырғаны үшін (сақтау, жерге көму)
Халыққа қызмет көрсететін жылыту көздерінің (жылыту электр стансалары, қазандықтар) шыққан күлдерді және күл қалдықтарын орналастырғаны үшін

тонна

 

 

тонна

IV

 

 

IV

251

 

 

78

7.

Жиналған тау-кендер қалдықтары

тонна

 

12

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы