Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы

Астана қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 110/15-ІІІ шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда N 368 тіркелді

      1-бап.  "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 21, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     1) 13-баптың 2-тармағында 4) тармақшадағы "артықшылық алуға;" деген сөздер "артықшылық алуға құқық беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

     2) 15-баптың 3) тармақшасындағы "тегін алуға;" деген сөздер "тегін алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

     3) 16-баптың 3) тармақшасындағы "тегін алуға;" деген сөздер "тегін алуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 1), 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

     4) 17-бапта "Осы" деген сөз "1. Осы" деген сөзбен, 1) тармақшадағы "жалақысы сақталуға;" деген сөздер "жалақысы сақталуға құқық бар." деген сөздермен, "4) Экологиялық" деген сөз "2. Экологиялық" сөзбен ауыстырылып, 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

     5) 18-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын.

      2-бап.  "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы  Заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 23, 924-құжат; 2003 ж., N 1-2, 12-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3-бап.  Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
     Президенті