"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2005 жылғы
27 желтоқсандағы N 373 НҚ бұйрығымен
бекітілген
Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы
өндіріп алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесі "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
2. Осы Ереже есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру шаруашылығы және кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтері үшін ақы өндіріп алу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.01.2014 № 7-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы Ережеде мынадай ұғым қолданылады:
есептеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.01.2014 № 7-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеудің негізгі қағидаты реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге байланысты шығындарды жабу болып табылады.
2. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы
есептеу және өндіріп алу
5. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда жүзеге асырылады.
6. Есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу үшін табиғи монополия субъектісі алдыңғы үш ай ішіндегі реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдерінің деректерін қолданады.
7. Есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс (РПНП) істен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ақы есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
V х T
РПНП= ------------------ х B, мұндағы
D
V - есептеу құралдарының деректері бойынша алдыңғы үш ай ішіндегі реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемі;
T - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;
D - алдыңғы үш ай ішіндегі есеп айырысу күндерінің саны;
B - есептеу құралының тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққаны табылған сәттен бастап есептеу құралдарын пайдаланбастан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну кезеңіндегі күнтізбелік күннің саны.
Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу есептеу құралы істен шыққан жағдайда осы Ережеге берілген қосымшаға сәйкес шарттық үлгіде ұсынылған.
8. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу кезеңі есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда, бір айдан аспауға тиіс.
9. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кінәсінен істен шыққан жағдайда: тұтынушыда басқару мен есептеу құралдарының, жасырын тартылым жабдығының тораптарындағы пломбалардың үзілуінен, есептеу құралдарының көрсеткішін бұрмалайтын бейімделген тетіктер орнатудан және табиғи монополия субъектісіне алдыңғы келгендерінде табу мүмкін болмаған, суды ұрлауға алып келетін өзге де іс-әрекеттерден суды есептеу схемасының бұзылған фактілері табылған кезде қолданылмайды.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға табиғи монополия субъектісі соңғы тексеру жүргізілген сәттен бастап табылған, бірақ екі айдан аспауға тиісті күнге дейін, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметті (тауарды, жұмысты) пайдаланғаны үшін қайта есеп айырысу жүргізеді.
Есептеу құралы істен шыққан
жағдайда есептеу құралдарының
орташа айлық көрсеткіштері
бойынша ұсынылып отырған
реттеліп көрсетілетін
коммуналдық қызметтер
(тауарлар, жұмыстар
үшін ақыны өндіріп
алу ережесіне қосымша
Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақыны
есептеудің шартты үлгісі
1. Тұтынушының кінәсінен тыс есептеу құралы істен шыққан
жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері
бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақыны есептеу (РПНП):
Реттік |
Көрсеткіштер- |
өлшем |
айлар |
||
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
|||
1 |
есептеу құрал- |
м 3 |
2 |
2,5 |
1,5 |
2 |
есеп айырысу |
күндер |
92 |
||
3 |
күнтізбелік |
күндер |
12 |
||
4 |
ҚҚС-пен сумен |
1м 3 үшін |
11,18 |
11,18 |
11,18 |
6 х 11,18
РПНП= ------------------ х 12 = 8,75 (теңге).
92