Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 373-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4021

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Табиғи     
монополияларды реттеу агенттігі    
төрағасының 2005 жылғы        
27 желтоқсандағы N 373 НҚ бұйрығымен
бекітілген                

  Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы
өндіріп алу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған су шаруашылығы және кәріз жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтері үшін ақы есептеу және өндіріп алу тәртібін айқындайды.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) есептеу құралы - заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      3) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      4) уәкілетті орган - белгіленген құзыретінің шегінде табиғи монополия салаласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      4. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеудің негізгі қағидаты реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге байланысты шығындарды жабу болып табылады.

  2. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы
есептеу және өндіріп алу

      5. Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу үшін табиғи монополия субъектісі алдыңғы үш ай ішіндегі реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдерінің деректерін қолданады.

      7. Есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс (РПНП) істен шыққан жағдайда, есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ақы есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

                     V х T
          РПНП= ------------------ х B, мұндағы
                       D
      V - есептеу құралдарының деректері бойынша алдыңғы үш ай ішіндегі реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемі;
      T - уәкілетті орган бекіткен тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;
      D - алдыңғы үш ай ішіндегі есеп айырысу күндерінің саны;
      B - есептеу құралының тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққаны табылған сәттен бастап есептеу құралдарын пайдаланбастан реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну кезеңіндегі күнтізбелік күннің саны.
      Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы есептеу есептеу құралы істен шыққан жағдайда осы Ережеге берілген қосымшаға сәйкес шарттық үлгіде ұсынылған.

      8. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу кезеңі есептеу құралы тұтынушының кінәсінен тыс істен шыққан жағдайда, бір айдан аспауға тиіс.

      9. Есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы есептеу есептеу құралы тұтынушының кінәсінен істен шыққан жағдайда: тұтынушыда басқару мен есептеу құралдарының, жасырын тартылым жабдығының тораптарындағы пломбалардың үзілуінен, есептеу құралдарының көрсеткішін бұрмалайтын бейімделген тетіктер орнатудан және табиғи монополия субъектісіне алдыңғы келгендерінде табу мүмкін болмаған, суды ұрлауға алып келетін өзге де іс-әрекеттерден суды есептеу схемасының бұзылған фактілері табылған кезде қолданылмайды.
      Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға табиғи монополия субъектісі соңғы тексеру жүргізілген сәттен бастап табылған, бірақ екі айдан аспауға тиісті күнге дейін, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметті (тауарды, жұмысты) пайдаланғаны үшін қайта есеп айырысу жүргізеді.

                                        Есептеу құралы істен шыққан
                                      жағдайда есептеу құралдарының
                                        орташа айлық көрсеткіштері
                                         бойынша ұсынылып отырған
                                         реттеліп көрсетілетін
                                          коммуналдық қызметтер
                                            (тауарлар, жұмыстар
                                            үшін ақыны өндіріп
                                          алу ережесіне қосымша

     Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу
     құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша
      ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
        қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақыны
                 есептеудің шартты үлгісі

      1. Тұтынушының кінәсінен тыс есептеу құралы істен шыққан
жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері
бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақыны есептеу (РПНП): 

Ре-
тт-
ік
N

Көрсеткіштер-
дің атауы

өлшем
бірлігі

айлар

қаңтар

ақпан

наурыз

1

есептеу құрал-
дарының дерек-
тері бойынша
қызметтердің
(тауарлардың,
жұмыстардың)
көлемі(V)

м 3

2

2,5

1,5

2

есеп айырысу
күндердің
саны(D)

күндер

92

3

күнтізбелік
күндердің
саны(В)

күндер

12

4

ҚҚС-пен сумен
жабдықтау қызметтеріне
арналған
қолданыстағы
тариф(T)

үшін
теңге

11,18

11,18

11,18

          6 х 11,18
РПНП= ------------------ х 12 = 8,75 (теңге). 
             92