Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.04.02 № 81-ө бұйрығымен.
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-3 бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса берілген Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (Б.С.Елеуішов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2005 жылғы 20 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2005 жылғы 8 желтоқсандағы
N 331-ө бұйрығымен бекітілген
Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің
нақты сыныбына жатқызу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарының қауіптілік сыныбына зерттеу жүргізудің жалпы тәртібін белгілейді және олардың қоршаған ортаға және халық денсаулығына зиянды әсер етуінің алдын алу мақсатында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде экологиялық қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету үшін арналған.
2. Осы Ереженің талаптары өндірістік қалдықтармен жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеке меншік және бағыныс нысандарына тәуелсіз жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Сондай-ақ, Ереже қалдықтармен жұмыс істеуге бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға арналған.
Ереже радиоактивті қалдықтарға таратылмайды.
3. Қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтау әрбір бес жыл сайын құрауыштардың құрамындағы мүмкін болатын өзгерістердің және қалдықтарды қабылдау технологиясының есебі үшін орындалуы қажет.
Қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтау өздері пайда болған кәсіпорыннан тысқары шығарылған қалдықтардың әрбір партиясы үшін жүргізіледі. Технологиялық процестердің және қолданған шикізаттың өзгеріссіз шарттарында кәсіпорын полигонына (жинақтарда) жинақтау кезінде қауіптілік сыныбын анықтау үшін сынама алу бес жылда бір рет жүргізіледі. Қалдықтар технология өзгерген жағдайда немесе өзге шикізат көздеріне өткенде, сондай-ақ химиялық құрам өзгеруі мүмкін кез-келген басқа жағдайда міндетті тәртіппен қауіптілік сыныбын анықтауға жатады.
4. Қалдықтардың қауіптілік сыныбы - бұл оның түрін, қауіптілік деңгейін (уыттылығын) анықтайтын қалдықтардың сандық сипаттамасы.
Қалдықтар адамға және қоршаған ортаға әсер етуінің дәрежесі бойынша қауіптіліктің бес сыныбына бөлінеді:
1 сынып - төтенше қауіпті
2 сынып - жоғары қауіпті
3 сынып - қалыпты қауіпті
4 сынып - аз қауіпті
5 сынып-қауіпті емес.
5. Зерттеулерді орындау, сондай-ақ қауіптілік сыныбын анықтау осы Ережелерге сәйкес табиғатты қорғауды жобалауға, нормалауға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы бар және тіркелген, аттестатталған немесе өлшеудің жай-күйін бағалау туралы куәлігі бар зертханасы бар жеке және заңды тұлғалар арқылы жүзеге асады.
6. Қалдықтың қауіптілік сыныбы эксперименттік жолмен анықталады.
2. Қауіптілік сыныбын анықтау тәртібі
7. Қауіптілік сыныбын анықтау адамның тіршілік ету ортасының (топырақ, су, ауа) химиялық ластануының экологиялық-эпидемиологиялық нормалану әдістемесінің ережесіне негізделген қалдық қауіптілігінің эксперименттік бағасын өзімен қамтиды, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін қолданылатын әдістерді қамтиды.
8. Қалдықтар қауіптілігінің эксперименттік бағасы келесі кезеңдерді өзімен қамтиды:
1) оның химиялық құрамының иденфикациясы бойынша зерттеулер;
2) гидробионттарға арналған биотестілеу әдісімен қалдықтар уыттылығы бағасының экоуыттылық зерттеулері;
3) созылмалы санитарлық-гигиеналық экспериментте жылы қанды организмдерге арналған қалдықтар құрауыштарының әсер ету бағасының зерттеулері;
4) экологиялық-эпидемиологиялық өлшемдер бойынша Қалдықтардың қауіптілік сыныбының есебі.
9. Қалдықтардың құрамын физикалық, физикалық-химиялық, химиялық талдау немесе қалдықтар пайда болған бастапқы шикізат құрамының негізінде және осы шикізат өңделген технологиялық режимдер анықтайды. Сандық құрам (С і білдіретін қалдықтардың ортақ массасындағы әрбір құрауыштың қатыстық шоғырлануын) миллиграмм/килограммен (бұдан әрі - мг/кг) көрсетіледі. Әрбір құрауыштық анықталатын мағынасы (% С і ) өзімен бірге осы құрауыштың ортақ массадағы шоғырының жоғары шекарасын көрсетеді, яғни "артық емес" терминіне сәйкес келу керек. Сондықтан, қалдықтар тұратын С і - барлық құрауыштары үшін ұлғаю сомасы 100 %-ке жақын болуы тиіс, 95 %-тен кем емес. Қалдық құрамы туралы мәліметтің дұрыстығына оның өңдеушісі (жеке меншік иесі) жауапты болып табылады.
3. Қалдықтардың сынамаларын алу,
тасымалдау және сақтау талаптары
10. Қалдықтардың сапалық, сандық құрамын және қауіптілік сыныбын анықтау үшін сынама алу жүргізіледі.
11. Қалдықтардың сынамаларын алу, тасымалдау және сақтау сынама алаңдарында жинақ сыйымдылығынан немесе қалдықтар пайда болу көздерінен қалдықтар құрауыштарының (агрегаттық жай-күйін, бірыңғай тектілік, майдалылық, ұшқыштық, химиялық белсенділігі және т.б.) физикалық-химиялық қасиеттерін есепке ала отырып жүргізіледі. Қалдықтар жинағының әрбір 20 га-на 1 сынама алаңынан кем емес жиналады.
12. Нақты сынамалар сынама алаңдарында бір немесе бірнеше қабаттардан немесе конверт әдісі бойынша қабаттардан, әрбір жағдайда сынама қалдықтың негізгі бөлігін өзімен қамту үшін диоганаль бойынша немесе осы есеппен кез-келген басқа тәсілмен алынады. Біріктірілген сынама бір алаңда (бір сыйымдылықтан) алынған нақты сынамалардың (5 сынамадан кем емес) араласу жолымен құрылады. Біріккен сынамалар массасы 1,5 кг-нан кем болмауы тиіс.
13. Қалдықтардың сынамалары оның материалдарының құрауыштары (шыны, тефлон, полиэтилен, металл) үшін химиялық инертті сыйымдылыққа мұқият оралады және химиялық талдау үшін зертханаға жеткізіледі.
14. Қалдықтардың сынамаларын алу құжат ретінде акт түрінде ресімделеді. Актіде сынама алу күні, қалдық өндірушінің атауы, қалдық атауы, сынама алаңдарының (сыйымдылықтардың) саны, біріккен сынама массасы, қалдықтар сынамасын алуды жүргізген тұлғаның аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
15. Әрбір сынамаға қалдық сипаттамасының ілеспе талоны жасалады, тұтастығын және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртынан полиэтиленді пакетпен оралған сынама бірге салынады. Қалдық сынамасы сипаттамасында қалдық пайда болатын технологиялық процесс немесе өндіріс, қалдық құрамына енген негізгі химиялық қосылыстар, жанғыштық, ерекше қасиеттері, жіктеуге сәйкес қалдықтың атауы көрсетіледі.
16. Құрғақ ауа түріндегі қатты ұнтақты минералды қалдықтарды тасымалдау оларды алғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей металл емес ыдыста жүзеге асырылуы қажет.
Паста тәрізді қалдықтар және құрамында қатты сынап бар және органикалық қалдықтар сынамаларын тасымалдау сынама кейін бірден герметикалық шыны, полиэтиленді немесе тефлонды сыйымдылықтарда жүзеге асырылады.
Жартылай сұйық қалдықтарды тасымалдау сынама алынғаннан кейін бір аптадан кешіктірілмей шыны немесе полиэтиленді сыйымдылықтарда жүргізіледі.
17. Қалдықтардың сынамалары жақсы желдетілген, тікелей күн сәулесінен қорғалатын жерде ашық оттан және қыздыратын аспаптардан, беткі жақтардан қашық сақталады.
4. Экологиялық-уыттылық және физикалық-химиялық
және санитарлық-гигиеналық өлшемдер бойынша уытты
қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтау тәртібі
18. Қалдықтардың экологиялық қауіпсіздігін сандық бағалауға мүмкін әдісі қолданылады.
Қалдықтардың жекелеген құрауыштарының зиянды әсер ету өлшемінің мүмкіндігі шарасы болып әрбір жеке алынған қалдықтардың құрауыштары үшін химиялық-физикалық, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық өлшемдер қызмет атқарады. Ресми берілген анықтамалардан экологиялық қауіпсіздіктің көрсетілген өлшемдерін іздестіру жүргізіледі.
5. Қалдықтар құрауыштарының экологиялық
қауіпсіздігінің өлшемдерін іздестіру жүйесін
қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар
19. Қалдықтардың қауіптілік сыныбы есептерінің негізіне жекелей алғандағы оның әрбір құрауышы үшін қалыптасатын жүйеленген жиынтық, экологиялық-эпидемиологиялық өлшемдер қолданысына негізделген модель алынады.
Экологиялық қауіпсіздіктің экологиялық-уыттылық және физикалық-химиялық өлшемдерінің басым тізбесі (бұдан әрі - Басым тізбе) 1-қосымшада келтірілген.
20. Қалдықтың қауіптілік сыныбын анықтау үшін қажетті экологиялық қауіпсіздік өлшемдерінің ең жоғарғы саны 13-ке тең белгіленеді.
Жүйеге қосылуы мүмкін өлшемдер саны 1-ден 13-ке дейін кез-келген сан бола алады (яғни берілген құрауыш үшін сол немесе басқа өлшем бойынша анықтамалық әдебиеттер деректеріне сәйкес болуына байланысты).
21. Егер, тиісті нормативтік құжаттарда және анықтамаларда ең төменгі реттік нөмірлі өлшем үшін деректер бар болса, онда осы өлшемді қолдану керек, тек деректер болмаған кезде ғана жоғарғы реттік нөмірлі өлшеммен (мысалы, әртүрлі жануарлар түрлері үшін LD 50 ) ең жоғарғы қауіптілікке сәйкес алынады, яғни төменгі мағынасы.
22. Егер, қалдық құрамы бойынша күрделі болса және оның жеке құрауыштары үшін экологиялық қауіпсіздік өлшемдері болмаса эксперименттік жолмен LD 50 , LC 50 , ШРШ в қалдықтары үшін экологиялық қауіпсіздік өлшемдері анықталады және қалдық үшін тұтас жүйе қалыптастыру керек.
23. Деректер анықтама көздерімен (ретімен ерігіштіктің жоғары жағына және тұтастай қалдық қауіптілігінің жоғарылауы) салыстыру бойынша айтарлықтай бұрмаланғандықтан қалдық құрауыштарының ерігіштігін ерекше қажетті экспериментпен анықтау қажет.
24. Егер, басым тізбесі бойынша ақпараттар табылмаса, қосымша көрсеткіштер: күрделі жұмыс аймағы, созылмалы жұмыс аймағы, қоршаған ортада тасымалдау (персистенттік), биожинақталу (азық-түлік тізіміндегі әрекеті), алыстан ерекше әсер етуі (мутагенді, тератогенді, эмбриоуыттылық, аллергиялық, нейтроуыттылық), азық-түліктердегі ОБҚ б , ОХҚ, БРШ, т.б. барлығы 30 көрсеткіш қолданылады.
25. Топырақтағы қалдық құрауыштарының құрамына енетін нақты элемент үшін ШРШ бойынша деректер болмаса, шартты нормативтік көрсеткіш - топырақтағы элементтің орташа құрамының жоғарысы қолданылады.
26. Қауіптіліктің жиынтық индексі К қалдықтар құрауыштарының барлық Ki сомасына тең: К = SUM Ki = K1 + K2 + K3 + Kn.
6. Қалдықтар құрауыштарының экологиялық
қауіпсіздігінің қатыстық өлшемдерінің орташа
мағынасын белгілеуге қойылатын талаптар
27. Қалдықтың экологиялық қауіпсіздігінің әрбір өлшемін бағалау үшін экологиялық қауіпсіздіктің төрт деңгейіне жауап беретін төрт сипаттама көрсетілген және экологиялық қауіпсіздіктің әрбір деңгейіне жеке балл сәйкес келеді. Сондай-ақ, өлшемдер жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету үшін тиісті балл белгіленеді.
28. Экологиялық қауіпсіздіктің қатыстық өлшемінің мәні (Х) осы өлшемдер санына ақпараты бар барлық өлшемдер бойынша баллдар сомасын бөлу арқылы айқындалады. Ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткішін ескере отырып, жүйедегі өлшемдердің жалпы саны n+1-ге тең және Басым тізбеге сәйкес толық жүйе үшін 13-ке тең болады ( 1-қосымша ).
7. Қалдықтар құрауышының экологиялық қауіпсіздігінің
стандартталған нормативін анықтауға
қойылатын талаптар
29. Қалдықтың і құрауышы үшін экологиялық қауіпсіздіктің қатыстық өлшемі (Х i ) экологиялық қауіпсіздіктің бірыңғайланған қатыстық өлшемімен байланысты (Z i ) тете қатыстылығы:
4Х i 1
Z i = ----- - --- [1]
3 3
30. (Wi) қалдықтар i құрауышының экологиялық қауіпсіздігінің стандартталған нормативтерінің және (Zi) қалдықтар i құрауышының экологиялық қауіпсіздігінің стандартталған қатыстық өлшемі арасындағы тәуелділік мына функциямен белгіленеді:
---| |4- 4/Z i 1 < Z i < 2 үшін
Lg(W i ) ---| | Z i 2 < Z i < 4 үшін
--- 2+4/(6-Z i ) 4 < Z i < 5
[2]
|- 10 4-4/z
мұндағы Wi= -- 10 Z
|-- 10 (2+4/(6-Zi)
8. Қалдықтың уыттылылық құрауыштарының индексін есептеу
және қауіптілік сыныбының тәртібіне қойылатын талаптар
31. Қалдық уыттылығының индексі мына формула бойынша есептеледі:
n
К с =E K i , [3]
1
мұндағы: К с - қалдықтардың уыттылық индексі;
K i - қалдықтар құрауышының і уыттылығының индексі;
n - қалдықтағы құрауыштардың саны.
K i қалдықтарының i құрауышы уыттылығының индексін мына формула бойынша есептейді:
С i
K i = ------ [4]
W i
32. Есептеу кезінде қалдықтарда құрамындағы барлық құрауыштардың толық есебінің шарты сақталуы тиістігі осы Ережеде регламенттеледі, яғни:
n
EС i = 10 6 (мг/кг) [5]
1
33. Қалдықтың, оның уыттылық индексінің (К) мәні бойынша 3-қосымшадағы 2-кестеде көрсетілген деректерді басшылыққа ала отырып, қауіптілік сыныбының жоғарылығын айқындайды.
9. Биотестілеу әдісімен қалдық қауіптілігін
алдын ала бағалауға қойылатын талаптар
34. Биотестілеу әдісі қалдықтың қауіптілігін сапалы айқындауға бағытталған. Қалдықтардың қауіптілігін бағалау үшін ЛК 50 (ЛК 50 - ағынды немесе табиғи суларды араластыру - уақыттың белгілі бір аралығына 50 % тест-объектілерінің қырылуына әкелетін - уытты заттардың шоғырлануы) бойынша гидробионттар үшін субстраттар ретінде оларды зерттеу орындалады.
Мемлекеттік стандарты 17.1.4.01.-95 ҚР МЕМСТ СТ-қа және (РД 118-02-90) Суды биотестілеу жөніндегі әдістемелік жетекшілікке сәйкес биотестілеу рәсімі және қалдықтардан сүзгілердің бағасы жүргізіледі.
35. Гидробионттар үшін субстрат ретінде қауіптілік сыныбы, уыттылық деңгейі және қалдықтан су ағысын араластыру араласу еселігі 3-қосымшадағы 2-кестеде келтірілген.
Қалдықтарды қауіптілік сыныбына жатқызудың экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштері мен критерийлері 4-қосымшада келтірілген.
Жеке және заңды тұлғалар
іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті
қалдықтарды нақты қауіптілік
сыныбына жатқызу ережесіне
1-қосымша
Экологиялық қауіпсіздік өлшемдерінің
және оларға сәйкес деңгейлердің тізбесі
Экологиялық қауіпсіздік өлшемдері |
Экологиялық қауіпсіздік деңгейлері |
|||
I |
II |
III |
IV |
|
1. ШРШп, мг/кг |
<5 |
5-200 |
200-10 4 |
>10 4 |
2. ШРШв (БРШ), мг/дм 3 |
<0,01 |
0,01-0,1 |
0,1-1 |
>1 |
3. ШРШр.з. (ӘБҚД), мг/м 3 |
<0,1 |
0,1-1 |
1-10 |
>10 |
4. ШРШс.с. (немесе ШРШм.р.), (ӘБҚД) |
<0,01 |
0,01-0,1 |
0,1-1 |
>1 |
5. Судағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
6. Жұмыс аймағындағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
7. Ауадағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
8. LD 50 , мг/кг |
<15 |
15-150 |
151-5000 |
>5000 |
9. LC 50 , мг/м 3 |
<500 |
500-5000 |
5001-50000 |
>50000 |
10. Lg [S /ШРШ в ] |
>5 |
5-2 |
1,9-1,0 |
<1,0 |
11. Lg [С нас /ШРШ р . з ] |
>5 |
5-2 |
1,9-1,0 |
<1,0 |
12. Канцерогендік |
Адамға |
Жануар- |
Жануарлар |
Канцеро- |
13. Ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткіші |
<0,5 |
0,5-0,7 |
0,71-0,9 |
>0,9 |
Жеке және заңды тұлғалар
іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті
қалдықтарды нақты қауіптілік
сыныбына жатқызу ережесіне
2-қосымша
Қалдық құрауыштарының экологиялық қауіпсіздігінің
негізгі өлшемдерінің тізбесі және оларды бағалау
баллдарының мәндері
N |
Экологиялық қауіпсіздік өлшемдері |
Қалдық құрауыштарының экологиялық қауіпсіздігінің деңгейлері |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
||
1 |
ШРШ n [топырақтың мг/кг] |
<5 |
5-200 |
200-10 4 |
>10 4 |
2 |
ШРШ в (БРД) [мг/л] |
<0,01 |
0,01-0,1 |
0,1-1 |
>1 |
3 |
ШРШ рв [мг/м 3 ] (ОБУВ) |
<0,1 |
0,1-1 |
1-10 |
>10 |
4 |
ШРШ с.с (немесе ШРШ м.р. ) (ӘБҚД) [мг/м 3 ] |
<0,01 |
0,01-0,1 |
0,1-1 |
>1 |
5 |
Судағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
Жұмыс аймағындағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
7 |
Ауадағы қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
8 |
LD 50 [мг/кг] |
<15 |
15-150 |
150-5000 |
>5000 |
9 |
LC 50 [мг/м 3 ] |
<500 |
500-5000 |
5001-50000 |
>50000 |
10 |
Lg [S,мг/дм 3 /ШРШ в , мг/дм 3 |
>5 |
5-2 |
1,9-1,0 |
<1.0 |
11 |
Lg [C нас , мг/м 3 /ШРШ р.з , мг/м 3 ] |
>5 |
5-2 |
1,9-1,0 |
<1.0 |
12 |
Канцерогендік |
Адамға |
Жануар- |
Жануар- |
Канце- |
13 |
LgК ow |
>4 |
4-2 |
1,9-0,0 |
<0,0 |
14 |
Lg [C нас , мг/м 3 / |
>7 |
7-3,8 |
3,7-1,6 |
<1,.6 |
15 |
LD 50 skin, мг/кг |
<100 |
101-500 |
501-2500 |
>2500 |
16 |
LC W 50 [мг/л/96ч] |
<1 |
1-5 |
5-100 |
>100 |
Балл |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
17 |
LC 50 -"- (дафнии) |
<10 |
10-100 |
100-1000 |
>1000 |
18 |
ИУМК |
>300 |
300-30 |
30-3 |
<3 |
19 |
Күрделі іс-әрекет аймағы |
<6 |
6-18 |
18-54 |
>54 |
20 |
Созылмалы іс-әрекет аймағы |
>10 |
10-5 |
5-2,5 |
<2,5 |
21 |
БПК 5 |
<0,1 |
0,1-0,6 |
0,6-0,9 |
>0,9 |
22 |
Азық-түлік өнімдеріндегі ШРШ пп в [мг/кг] |
<0,01 |
0,01-1,0 |
1,0-10 |
>10 |
23 |
Персистенттік: қоршаған ортадағы трансформация |
Неғұрлым |
Зиянның |
Уыттылы- |
Уытты- |
24 |
Биоаккумуляция-азық-түлік тізбесіндегі беталыс |
Барлық |
Бірнеше |
Буындар- |
Жинақта- |
Алшақ, ерекше әсер етулер: |
Мутагенді |
Адам үшін |
Жануар- |
Жоқ |
|
25 |
-мутагенді |
-"- |
-"- |
-"- |
-"- |
26 |
-тератоенді |
-"- |
-"- |
-"- |
-"- |
27 |
-эмбриоуытты |
-"- |
-"- |
-"- |
-"- |
28 |
-аллергенді |
-"- |
-"- |
-"- |
-"- |
29 |
-нейроуытты |
-"- |
-"- |
-"- |
-"- |
30 |
Ақпараттық қамтамасыз ету көрсеткіші-n/N |
<0,5 |
0,5-0,7 |
0,71-0,9 |
>0,9 |
Балл |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жеке және заңды тұлғалар
іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті
қалдықтарды нақты қауіптілік
сыныбына жатқызу ережесіне
3-қосымша
1-кесте
Кс тәуелді қалдықтар қауіптілігінің сыныбы
Қауіптілік сыныбы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
К i уыттылығының жиынтық индексі |
10000 |
10000-1000 |
999-100 |
99-10 |
10 кем |
2-кесте
Гидробионттар үшін субстрат ретінде зерттеу кезіндегі
қауіптілік сыныбы, уыттылық деңгейі және қалдықтан су
ағысын араластыру еселігі
Қауіптілік сыныбы |
Уыттылық деңгейі |
Араластыру еселігі |
1 |
өте жоғары |
>10000 |
2 |
жоғары |
>1000-10000 |
3 |
орташа |
>100-1000 |
4 |
қалыпты |
>10-100 |
5 |
төмен |
<10 |
Жеке және заңды тұлғалар
іс-әрекеттерінің процесінде
пайда болатын қауіпті
қалдықтарды нақты қауіптілік
сыныбына жатқызу ережесіне
4-қосымша
Қалдықтарды қауіптілік сыныбына жатқызудың
экологиялық және санитарлық-эпидемиологилық
көрсеткіштері және критерийлері
N |
Қауіптілік көрсеткіштері |
Қауіптілік сыныптары |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
Төтенше қауіпті |
Жоғары қауіпті |
Қалыптыққауіпті |
Аз қауіпті |
Қауіпті емес |
||
1 |
Гидробионттарға сығындыны араластыру |
>10000 |
1000- |
100- |
10-100 |
0-10 |
2 |
DL50 деңгейінде уытты әсер етуді туғызатын сығындыны араластыру |
>1000 |
1000- |
10-100 |
1-10 |
0-1 |
3 |
Күрделі эксперимент кезінде жануарлар организмінде оң өзгерістердің статистикасын туғызатын араластырулар |
>1000 |
100- |
10-100 |
1-10 |
0-1 |
4 |
Созылмалы эксперимент кезінде жануарлар организмінде өзгерістердің статистикасын туғызатын араластырулар |
>10000 |
1000- |
100-1000 |
10-100 |
0-10 |