Жеке және заңды тұлғалар іс-әрекеттерінің процесінде пайда болатын қауіпті қалдықтарды қауіптіліктің нақты сыныбына жатқызу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 331-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 4002. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 02 сәуірдегі № 81-ө бұйрығымен.

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысында бастапқы алюминий өндіру жөніндегі электролиз зауытын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Казахстанский электролизный завод" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл;
      жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі