РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Пайдаланушылардың назарына!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыздар .
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде ішкі аудитті (бақылауды) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 112 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 571 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", N 33 басылымдарында 1998 жылғы 11-17 тамызда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 434 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2653 тіркелген, "Казахстанская правда" N 27 (27337) газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтаң күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Осы қаулы, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 5-тармағы мен 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 6-тармағынан басқа, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 359 қаулысымен бекітілген
Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару
және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заңына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердiң сақтауы үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты тәуекелдердi басқару және iшкi бақылаудың теңбе-тең жүйесiн банктерде қалыптастыруға қойылатын талаптарды және банктер мен тәуекелдерiн олар жүргiзетiн операциялардың түрiн және көлемiн ескере отырып, тиiмдi айқындауды, бағалауды және шектеудi қамтамасыз ететiн, банктерде тәуекелдердi бақылау әдiстерiн қолдануды қарастыратын iшкi бақылауды айқындау болып табылады.
Ескерту: 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
2. <*>
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
3. Екінші деңгейдегі банктер:
жыл сайын есепті жылдан кейін келетін жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өздері осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауын бағалау жөніндегі есепті ұсынады;
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін айдың 30 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелінің мониторингі, кредиттік тәуекелін бағалау, кредиттік тәуекелін бақылау матрицаларын;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекелінің мониторингі, өтімділік тәуекелін бағалау, өтімділік тәуекелін бақылау матрицаларын ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
3-1. Сценарийлер, стресс-тестілеудің қорытындылары, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспары уәкілетті органға есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 30 күнінен кешіктірмей ұсынылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау барысындағы банктер қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін сценарийлерді, стресс-тестілеудің қорытындыларын, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер жоспарын ұсынбайды.
Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 3-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). қаулыларымен.
4. Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар тізбесі осы Нұсқаулықтың 1- 6-қосымшаларында айқындалған.
5. <*>
Ескерту. 5-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
6. <*>
Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
6-1. Осы Нұсқаулықта белгіленген талаптар критерийлерін орындау жөніндегі есеп уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанында ұсынылады. Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуінің бағасы осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.
Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
7. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бэк-офис - негiзгi функциясы фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу болып табылатын банктiң бөлiмшесi;
2) бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы (нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi;
3) валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда болады;
4) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;
4-1) гэп - қолма-қол ақша/қолда бар ақша бойынша позиция - банктiң қолма-қол ақшасының келiп түсуi мен есептен шығарылуының арасындағы алшақтық шегi;
4-2) комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметiнiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi жауапкершiлiк және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелiн басқару саясатын iске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретiне кiретiн банк қызметкерi;
4-3) комплаенс-тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiн қадағалау негiзiнде пайда болған шығыстар (шығындар) тәуекелi;
5) кредит тәуекелi - банктiк заем, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
6) операция тәуекелi - қызметкерлердің тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктердің немесе қателердің нәтижесінде шығындардың туындау тәуекелі, ақпарат жүйесі мен технологиясының қызмет етуі, сонымен қатар сыртқы оқиғалар салдары. Операция тәуекеліне мынадай тәуекелдер жатады:
жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік құрылымы мен басқаруды қоса отырып, банктің белгісіз, бірдей емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекелдер;
ақпарат технологиясы саласындағы бірдей емес стратегия, саясат және/немесе стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер тудыратын тәуекелдер;
бірдей емес ақпаратқа не оны сәйкес пайдаланбауға байланысты тәуекелдер;
қызметкердің сәйкес басқармауына және/немесе банктің біліксіз штатына байланысты тәуекелдер;
бизнес-процестің тең емес құрылуына не ішкі ережелердің сақталуын нашар бақылауға байланысты тәуекелдер;
банк операциясына сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторлары тудырған тәуекелдер;
заңнаманың өзгеруіне байланысты тәуекел не банк қызметін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарда/ережелерде кемшіліктердің немесе қателердің болуына байланысты тәуекел;
операциялық тәуекелдеріне, алаяқтыққа әкеп соғатын банк басшылығының және қызметкерлерінің дұрыс емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер;
7) құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
8) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;
9) бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады, сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;
11) банк қызметінің тәуекелі - банктің өз операцияларын жүзеге асыруынан шығатын залалдан туындайтын тәуекел;
12) рыноктық тәуекел - рыноктық параметрлердiң (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесi, қаржы құралдарының құны) тиiмсiз өзгеруiне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелi;
13) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;
14) ішкі бақылау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамаларын және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, банк саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығын тәуекелдері мен банк беделінің төмендеуіне ықпал ететін қаржылық және басқарушылық есеп берудің сенімді жүйесінің пайдалылығы мен оны қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын банктің іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылау рәсімдерінің және саясатының жиынтығы;
15) ішкі аудит қызметі - банкте ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін банктің қызметін жетілдіру мақсатында объективті бағалау мен консультациялық қызметті жүзеге асыратын банк бөлімшесі. Банктегі ішкі аудит тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерінің тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді;
15-1) комплаенс қызметi - Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiнiң (комплаенс - тәуекелдi басқару) талаптарына сәйкестiгiне iшкi бақылау жасау кiретiн айрықша құзыретi бар комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушыларынан тұратын банктiң iшкi қызметi;
15-2) жиынтық лимит - операция жүргiзу кезiндегi шығындарға барынша жоғары жол берiлген мөлшерi;
16) елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
17) стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi;
17-1) сауда операциялары - банктiң өз мүддесi үшiн және өз есебiнен сатып алған/сатқан бағалы қағаздары бойынша операциялары;
17-2) комплаенс қатысушылары - комплаенс-тәуекелдi басқару айрықша құзыретiне кiретiн банктiң бөлiмшесi және/немесе қызметкерлерi;
18) фронт-офис - негiзгi функциясы банк клиенттерiмен мәмiле жасау болып табылатын банктiң бөлiмшесi;
19) баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
2. Тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға осы Нұсқаулық талаптарының сәйкес келуiн, банктiк заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын, ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын қарастырады.
Ескерту: 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
9. Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiмен қамтамасыз етiледi.
10. Банктiк заем операцияларын жүргiзуi банкке сыйақы төлемiмен немесе сыйақы төлемiнсiз қайтару жағдайында, оның iшiнде борыштық бағалы қағаздар және басқа қаржы құралдарын сатып алу, кепiлдiк беру, аккредитив ашу, вексельдi есепке алу және кредит тәуекелiне байланысты өзге де операцияларды жүргiзу арқылы берiлген банктiк заем берудi және қаржыландырудың басқа түрлерiн қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiк заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы, оның ішінде жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында берілген ипотекалық заемдарды беру осы Нұсқаулықтың 3- 4-қосымшаларында көрсетілген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
Ескерту: 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
10-1. Өтімділік тәуекелін басқару банктерде жеке, сондай-ақ шоғырландырылған негізде өтімділік тәуекелдерін жеткілікті шамада ескеретін бірдей құрылымның, оның ішінде кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайда төтенше жағдайлардағы өтімділіктің жетіспеушілігі проблемасын шешудің айқын стратегиялары бар жоспарының болуын, сондай-ақ өтімділіктің бірдей деңгейін қолдауды көздейді.
Тәуекелдерді басқару жүйелерінің аясында өтімділік тәуекелін басқару практикасының болуы банктің осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 64, 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтанқараңыз) қаулыларыменҚаулысымен.
11. Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу баға тәуекелiне ұшыраған ықтимал сыйақы төлемдерi бойынша бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын сатып алу/сату қарастырылады.
Активтер және мiндеттемелердi басқару банктiң активтерi мен мiндеттемелерiн оның стратегиялық мақсаттарымен, оның iшiнде олармен тәуекелдерге байланысты мақсаттарды сәйкес келтiруге бағытталған iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ банк маржасын қажеттi деңгейде ұстауды қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.
12. Ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ету банкте бағдарламалық-техникалық кешеннiң, қызметкерлердiң және банк жүргiзетiн операцияларға бiрдей, оның iшiнде банктiк операциялық тәуекелдерге ұшырау дәрежесiн шектейтiн ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң болуын қарастырады.
Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiң операциялық қызметiнiң, ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастырудың болуы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкес келуi кезiнде рұқсат етiледi.
3. Ішкі аудит жүйесінiң болуына қойылатын талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Банктің Директорлар кеңесі мен басшылығы ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банк қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
14. Банктегі ішкі бақылау мынадай мақсаттарды:
1) банктің активтерін басқарудың тиімділігі мен пайдалылығын және шығын ықтималдығын болжайтын банк қызметінің операциялық және қаржы тиімділігін;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылылығын. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде банк пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;
3) банктің заңнамаларды, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауды жүзеге асыру үшін жасалады.
15. Ішкі бақылау өзара байланысты бес элементтен тұрады:
1) басқарушылық бақылау;
2) тәуекелді анықтау және бағалау;
3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;
4) ақпарат және өзара іс-әрекет;
5) мониторинг және кемшіліктерді түзету.
Осы компоненттердің тиісінше қызмет етуі банктің тиімді қызметінің, ақпараттық жүйе жұмысының және пруденциалдық нормативтер мен уәкілетті орган белгілеген банктің өзге нормаларын және лимиттерін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.
16. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:
1) банктің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;
2) жұмыста банктің ішкі регламенттерін пайдалану;
3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.
17. Ішкі аудитті жүргізу:
1) банктің қаржылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есептерді қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса директорлар кеңесіне және басшылыққа беру арқылы банктің алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;
2) жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу мен жоспарлы көрсеткіштерді орындамау себептерін көрсетуден тұратын бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайын тексеруі;
3) кассалық қолма-қол ақша мен бағалы қағаздарды, қосарлы кастодиандық сақтауға бақылау жасауды, мерзімдік түгендеу жүргізуді қоса отырып, материалдық активтерге қол жеткізудің шектеулілігіне бақылау жасау мақсатында тексеру;
4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне банк басшылығының талаптарын белгілеу;
6) операциялардың шарттары мен банк қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
7) жүргізілген банктік және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге операциялар көрсетілуінің уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;
8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстауды) және лаңкестікті қаржыландыруды жою жатады.
18. Банкте ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін ішкі аудит қызметі құрылады.
Банк бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жағдайы туралы уақтылы және шүбасыз ақпаратпен қамтамасыз ету әрі банк басшылығына жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдар беру ішкі аудиттің мақсаты болып табылады.
19. Ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды директорлар кеңесінің жүзеге асыруы кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.
20. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде банк жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру мен банктің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ банктің қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және осы Нұсқаулықтың талаптарын басшылыққа алады.
21. Ішкі аудит қызметінің мүшелерін банктің директорлар кеңесі тағайындайды.
22. Ішкі аудит қызметі банктің кез келген бөлімшесін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі дауыс береді.
23. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.
24. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:
ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;
ішкі аудит қызметінің жұмысын;
ағымдағы жылда ішкі және сыртқы аудитке қамтылуы қажет банк операцияларындағы тәуекел саласын;
менеджмент пен сыртқы пайдаланушыға берілген қаржы ақпаратының анықтығын және дәлдігін;
ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді.
Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
25. Ішкі аудиттің негізгі функциялары:
1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;
2) банк тәуекелдерін бағалау әдістемесінің және банк тәуекелдерін басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;
3) деректер базасының тұтастығы мен оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды және пайдалануды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесін пайдаланғаны үшін ішкі бақылау жүйесінің қызмет ету сенімділігін тексеру;
4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын, сонымен қатар ақпарат пен есеп алудың және берудің сенімділігін әрі уақтылылығын тексеру;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылылығын тексеру;
6) банк мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;
7) банк жасаған операциялардың экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
8) алынып тасталды ;
9) ішкі бақылау процестері мен рәсімдерін тексеру;
10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
11) банк қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
12) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының банк үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін банк бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша банк бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;
13) банктің ішкі құжаттары көздейтін басқа мәселелер болып табылады.
Ескерту: 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
26. Ішкі аудит қызметі сыртқы аудитордың үміткерін ұсынады.
27. Ішкі аудит қызметінің басшысы және қызметкерлері бір мезгілде банктің басқа бөлімшелеріне басшылық (жетекшілік) жасап, сондай-ақ әрі кредит комитеті мен банктің басқа органдарының мүшелері бола алмайды.
28. Ішкі аудит қызметінің басшысында және қызметкерлерінде жоғары білім бар, азаматтық және банк заңнамаларын меңгерген, кәсіби құзыреттілікті (нормативтік құқықтық актілер білімі мен қаржылық қызмет көрсету және реттеу саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар) меңгерген, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге қылмыстары үшін заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болмайды.
29. Банк қызметкерлері өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру процесінде заңсыз жолмен алынған кiрiстердi (ақшаның заңсыз жолмен өтуі) және лаңкестік жолмен алынған заңдастырудың алдын алу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтайды.
Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
30. Банк қызметкерлері мынадай мәмілелер (операциялар):
1) олардың шығу көздерін растайтын құжаттарсыз бес миллион теңгеден астам банкке түске кез келген түсімдер (депозит, заем, банктің бағалы қағаздарын сатып алу түріндегі);
2) қолма-қол ақша түрінде ақы төлей отырып бес миллионнан астам сомаға кез келген мәмілелер;
3) корпоративтік бағалы қағаздармен жасалатын алыпсатарлық операциялар;
4) растайтын құжаттарды ұсынбай қаржы құралына қойылатын талап құқықтарын қайта ресімдеу немесе қайта табыстау;
5) заңдылығына күмән келтірілетін басқа операциялар немесе мәмілелер туралы ішкі аудит қызметіне ақпарат береді.
31. Банктің ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
4. Қорытынды ережелер
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша
Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтанқараңыз), 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Тәуекелдердi басқару жүйесiн
ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Талаптардың атауы |
Талап критерийлері |
Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны қалыптастырды. |
Директорлар кеңесі банк қызметінің стратегиясын бекітеді; |
Директорлар кеңесі талаптары корпоративтік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін банк қызметін басқару саясатын белгіледі. |
Директорлар кеңесі банктегі мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті; |
Директорлар кеңесі директорлар кеңесінде құрылған комитеттер арқылы банк қызметінің мониторингін жүргізеді. |
Банктің ішкі ережелері мен рәсімдерін сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі; |
Директорлар кеңесі банктің қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты кезең-кезеңімен алады, есепті кезеңдегі банктің қызметіне талдау және бағалау жүргізеді. |
Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерді талдайды: |
Директорлар кеңесі жыл сайын банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттерінде мүдделердің болуы мүмкін қайшылықтарын талдайды. |
Директорлар кеңесі банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды; |
Директорлар кеңесі жыл сайын есепті жыл ішінде басқарма қызметін талдайды. |
Директорлар кеңесі жыл сайын банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды; |
Басқарма банкті басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын қалыптастыру рәсімдерін белгілейді; |
Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде: |
Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының, шет елдердің, банктің клиенті болып табылатын резиденттердің болашақтағы экономикалық жағдайларын және әлемдік қаржы және тауар рыноктарының конъюктурасын ескере отырып, қысқа мерзімді кезеңге жылдық бюджетті/қаржы жоспарын жасау және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлау тәртібін бекітеді |
Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелестікті, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді. |
Басқарма банк жүргізетін операцияларға байланысты әлуетті және ықтимал тәуекелдерді сәйкестендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады. |
Тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын банк бөлімшесі әлемдік тауар және қаржы рыноктарына теріс динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдісін пайдаланады; Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың банктің қаржы көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды; |
Басқарма банктің ықтимал және әлуетті тәуекелдеріне бақылауды жүзеге асырады. |
Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды; басқарма банк бөлімшелерінің әлуетті және ықтимал тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады. |
Банк банк тәуекелдерін түрлендіру (бөлу) саясатын ұстайды. |
Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды; |
Банктің ұйымдық және функционалдық құрылымы, банктің қаржы қызметі жөніндегі шешімдерін қабылдау рәсімдері банктің ішкі саясатымен реттелген. |
Тәуекелдерді басқару саясаты: |
Банкте басқарма мен директорлар кеңесіне банктің ағымдағы қаржы қызметі және банк қабылдаған тәуекелдердің мөлшері туралы ақпаратты кезең кезеңмен алуға мүмкіндік беретін басқару есебі мен есеп беру жүйесі бар. |
Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің/трансферт тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге ұшырау дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады; Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өзінің функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындауы үшін жеткілікті болуы керек. |
Функциялары тәуекелдерді басқару бойынша ресімдерді қарастыратын қызметкерлерге білікті талаптар тәуекелдерді басқару жөніндегі банктің ішкі саясатымен белгіленеді. |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін стажының, тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын қарастыратын басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді. |
Басқарма және банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшелерінің басшылары банктің директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде оларды сақтау мақсатында банк кірістерінің (шығыстарының) ай сайынғы мониторингін жүргізеді. |
Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің түрлері, банктің аумақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесін белгілейді. |
Басқарма директорлар кеңесі белгілеген рұқсат етілген лимиттерді, оның ішінде тәуекел мен кірістілікке, тәуекел мен банктік меншікті капиталына қатысты лимиттерді сақтай отырып, банк операцияларын жүзеге асыруға жауапты банк бөлімшесі бойынша қаржы ресурстарын бөлудің мониторингін жүргізеді. |
Басқарма жаңа банктік қызметті жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды. |
Банктің ішкі саясатымен банк көрсететін қызметтің құнын оларды көрсетуге байланысты шығыстарға, кірістер/шығыстар жоспарларына, экономикалық жағдайлардың конъюктураларына, қаржы рыногына және тәуекелдерге байланысты белгілеу қарастырылады; |
Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын белгілеу жөніндегі саясатты бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің қаржы көрсеткіштерінің және банктің еншілес ұйымдарының қызметін ескере отырып, шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдердің мониторингін жүргізеді; |
Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің еншілес ұйымдарының тәуекелдер мөлшерінің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізеді және еншілес ұйымдардың тәуекелдерді өлшеуінің дұрыстығын және шынайлығын бағалайды. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі еншілес ұйымдар мен банк холдингтерінің қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады. |
Басқарма банктің шарт қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, заң талаптарын, банк операцияларын жүргізудің ішкі саясатын сақтауына тұрақты түрде мониторингті жүзеге асырады. |
Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне баға береді. |
Басқарма директорлар кеңесіне және банктің акционерлеріне банктің қызметі туралы қаржы және басқару есебін ұсынады; |
Директорлар кеңесі басқарманың директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы және басқару есебін ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті. |
Басқарма тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде банктің есебі және есеп беру жүйесін жақсартуды жүргізеді. |
Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты сонымен бірге банк аудиті барысында мынадай мәселелерді қарастырады: |
Басқарма директорлар кеңесінен тиісті есепті бере отырып, банк қызметіндегі экономикалық жағдайдың дағдарысты көрсеткіштеріне тоқсан сайын талдау жасайды. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі меншікті капиталдың жеткіліктілігінше, мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды: |
Басқарма меншікті капиталдың жеткіліктілігін және кез келген факторлардың басталуы кезіндегі өтімділікті қолдау жөніндегі шараларды әзірледі. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: |
Банкте тұтыну заемдары бойынша кредит скорингінің үлгісі болады. |
Тұтыну заемын алуға берілетін өтінімдерді өңдеуді тіркеу процесін автоматтандыру; |
Банктің директорлар кеңесі бекіткен тұтыну заемдарын берудің талаптарын, бекітудің рәсімдерін және мониторингін айқындайтын ішкі саясат болады. |
Саясат: |
Басқарма банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарды, оның ішінде мыналар бойынша шараларды қамтыған ішкі құжатты әзірлейді: |
Кездейсоқ жағдай туындаған жағдайға арналған жоспарды әзірлеген кезде банк мынадай факторларды ескереді: |
Банк органдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шегінде қабылдайтын шешімдер |
Директорлар кеңесінің және банк басқармасының, активтерді және міндеттемелерді басқару комитетінің, сондай-ақ кредиттік комитетінің, кредиттік комитетінің қарауына енгізілетін кредит беру туралы шешім қабылдау туралы, кредиттеу шарттарының талаптарын өзгерту, банк ұшырауы мүмкін тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторингі мәселелері бойынша отырыстарын өткізу сырттай дауыс беру нысанында, дауыс беруге қатысу фактісі жазбаша расталып, тиісті байланыс құралдары (факс, интернет және басқалар) арқылы жіберіледі. Осы талап көрсетілген алқалы органдары құрамына кіретін, шешімдерді қабылдау сәтінде тиісті органның отырысы өткен жерден тыс болған тұлғаларға таралмайды. |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша
Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
Ішкi бақылау жүйесiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Талаптардың атауы |
Талап критерийлері |
Банк басшылығы: |
Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей және тиімді жүйесін құруға әрі оның қызмет етуіне жауапты. Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі мен оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білімі мен тәжірибесі бар. |
Банк басшылығы ішкі бақылаудың сәйкес ережесін әзірлейді; |
Басшылық стратегия мен саясатты іске асыруды, және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруды қоса отырып, директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға жауапты. |
Банктің директорлар кеңесі мен басшылық кәсіби қызметтің этикалық нормалары мен стандарттарының қатаң сақталуына, ішкі бақылаудың маңыздылығына барлық деңгейде мән беретін және баса көрсететін корпоративтік мәдениетті құруға жауапты. Банктің барлық қызметкерлері ішкі бақылау процесінде өз рөлін түйсінеді әрі түсінеді және осы процеске толық қатысады. |
Операция рәсімдері банктің барлық мүдделі қызметкерлері қол жеткізе алатын дәл жасалған ішкі құжаттарда сипатталды. Банк қызметкерлері өз міндеттерін тиімді орындайды және кәсіби этиканы сақтамаған немесе рәсімдерді басқаша бұзған немесе теріс пайдаланған жағдайда тиісті деңгейдегі кез келген операция проблемаларын басшылыққа жібереді. |
Банк мақсаттарына жетуге теріс ықпал ететін маңызды тәуекелдердің тұрақты негізінде бағалау. Бағалау банктің дербес және шоғырландырылған негізде өзіне қабылдаған барлық тәуекелдерін (кредит тәуекелі, ел тәуекелі және валюталық шектеулерді шектеу тәуекелі, рынок тәуекелі, проценттік тәуекел, өтімділік тәуекелі, операция тәуекелі, құқықтық тәуекел мен іскерлік беделді түсіру тәуекелі) қамтиды. |
Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы. |
Ішкі құжаттар мыналар: |
Бақылауды жүзеге асыру басшылық пен клиенттермен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді қоса отырып, банктің барлық қызметкерлеріне қолданылады. |
Қызметкерлердің міндеттерін дәл бөлу және қызметкер жауапты сала мүдделерінің дауына жол беретін жағдайды болдырмау. |
Бірнеше қызметкердің арасында мыналар: |
Қаржылық, операциялық сипаттағы бірдей және жалпы көлемді ақпарат пен белгіленген нормативтік талаптарды сақтау туралы мәліметтердің, сонымен қатар шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар жайлы тыстан келіп түсетін рыноктық ақпараттың болуы. |
Бірдей ақпараттың болуы және оны тиімді түрде тарату. Ақпараттың мынадай сапасы бар: іске қатысты, сенімді, уақтылы, қол жетерлік және ресімделген. Ақпаратта ішкі қаржылық және операциялық деректер, Қазақстан Республикасы заңнамаларының белгіленген талаптары мен нормативтік құқықтық актілерді сақтау туралы деректер, сондай-ақ шешім қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы сыртқы рыноктан келіп түскен мәліметтер бар. Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтаудың белгіленген тәртібіне сүйенетін есептеу процесінің бір бөлігі болып табылады. |
Банк қызметінің барлық негізгі түрлерін қамтитын сенімді ақпарат жүйелерінің болуы. |
Ішкі резервтік рәсімдерді және функцияларды қалпына келтіру рәсімдерді, әзірлеу ережелері мен бағдарламаларды сатып алу, қызмет көрсету рәсімдерін (бақылауды өзгерту) және жеке/логикалық қауіпсіздігіне бақылау жасауды әзірлеу. |
Қызметкерлердің міндеттерді реттейтін саясат пен рәсімдерді сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын тиімді ақпарат жүйелерінің болуы, сонымен қатар сәйкес қызметкерлерге қажетті ақпаратты жеткізу. |
Банк басшылығы ақпарат берудің (операциялық саясат пен банк қызметінің рәсімдерін, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты айқындайтын құжаттар) тиімді жүйесін жасайды. |
Тұрақты негіздегі ішкі бақылау тиімділігінің мониторингі. Банк бөлімшелері және ішкі аудит қызметі шешуші тәуекелдердің мониторингі мен оларға мерзімді бағалау жүргізеді. |
Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді қоса отырып, әр түрлі бөлімшелердің қызметкерлері, қаржылық бақылау және ішкі аудит ішкі бақылау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады. Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттерін бөледі. |
Операция жоспарында тәуелсіз және құзыретті қызметкерлер ішкі бақылау жүйесінің тиімді және жалпы көлемді ішкі аудитін жүргізеді. Ішкі аудит қызметі, ішкі бақылау жүйесі мониторингінің бір бөлігі сияқты директорлар кеңесіне есеп береді. |
Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бір бөлігі болып табылады және белгіленген ережелер мен рәсімдердің бірдейлігін тәуелсіз бағалауды, сонымен қатар оларды сақтауды қамтамасыз етеді. |
Банк бөлімшелерінің қызметкерлері, ішкі аудит қызметі немесе басқа бақылау қызметтері анықтаған ішкі бақылаудың кемшіліктері сәйкес деңгейдегі басшыларға уақтылы жіберіледі және жедел түрде жойылады. Ішкі бақылаудың елеулі кемшіліктері туралы банк басшылығы мен директорлар кеңесіне хабарланады. |
Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тиімсіз бақыланатын тәуекелдер туралы ақпарат анықталған бойда дереу сәйкес тұлғаға (тұлғаларға) жеткізіледі, маңызды мәселелер директорлар кеңесіне жеткізіледі. Сәйкес басшылар кемшіліктерді уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерулерді жүргізеді немесе мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және барлық түзетілген кемшіліктер туралы директорлар кеңесіне дереу ақпарат береді. Банктің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың кемшіліктерін қадағалау мен оларды жою үшін қабылданған шаралар жүйесін құрады. |
Банктің директорлар кеңесі банкті қамтамасыз етуге және ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесін, банк қызметінің тәуекелдерін өлшеу мен бағалау жүйесін, банк капиталының деңгейіне қатысты тәуекелдерді және заңдарды, нормативтік құқықтық актілер мен ішкі саясатты сақтау мониторингінің сәйкес әдістерін айқындау жүйесін басшылықтың қолдауына жауапты болады. |
Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді. |
Банк басшылығы банк қамтылатын тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторинг жасау және бақылау жөніндегі рәсімдерді әзірлеуге жауапты болады. Жылына бір рет басшылық ішкі бақылау жүйесінің ауқымы мен тиімділігі туралы директорлар кеңесінің алдында есеп береді. |
Басшылық есеп беру жауапкершілігін, өкілеттіктері мен қатынастарын бөлетін және бөлінген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымды қолдайды. Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауапты болады. Басшылық ішкі бақылаудың сәйкес әдістемелерін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды. |
Ішкі аудит банктің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің және ішкі аудит банктің белгіленген ішкі саясатының және рәсімдерінің бірдейлігі мен сақталуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі басшылық пен директорлар кеңесіне өз міндеттерін тиімді және пәрменді орындауына ықпал етеді. |
Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттері: |
Банк ішкі аудит қызметінің болуын көздейді. Банк оның мөлшері мен операцияларының сипатына сәйкес ішкі аудиттің бірдейлігін болжау үшін басшылық өз міндеттерін орындау кезінде барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл шараларға өз мақсатына жету үшін бірдей ресурстар мен қызметкерлерді ішкі аудитке беру жатады. |
Ішкі аудитті штаттық қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады. |
Банктің ішкі аудит қызметі аудитке қамтылған қызметке және ішкі бақылаудың күнделікті рәсіміне қатыссыз. Ішкі аудиттің банк ішінде сәйкес мәртебесі бар және өз қызметін тура әрі әділ жүзеге асырады. |
Ішкі аудит қызметі банктің барлық департаменттерінде, бөлімшелері мен қызметтерінде өз еркімен қызмет атқарады. Ішкі аудит қызметі олар алған деректер мен бағалар туралы баяндауға және осы ақпаратты банктің ішінде ашуға құқығы бар. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің тікелей бақылауымен іс-әрекет жасайды. |
Ішкі аудит қызметі әділ әрі тура және өз функцияларын қол сұғусыз және араласусыз орындауға мүмкіндік тудыратын ережесі бар. |
Әділдік және туралық ішкі аудит қызметінің мүдделер дауынан қашуға ұмтылатындығын көрсетеді. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін мерзімді түрде алмастыру қажет. Банк ішінде жиналған аудиторға соңғы он екі ай ішінде олар жүзеге асыратын қызметтің немесе функциялардың аудитімен айналысуға болмайды. Әділдік ішкі аудит қызметінің банк операцияларымен немесе ішкі бақылау бойынша шараларды таңдаумен және жүзеге асырумен көңілі бөлінбегенін талап етеді. |
Әрбір ішкі аудитордың және ішкі аудит қызметінің кәсіби құзыреттілігі |
Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреттілігі, сонымен қатар оны жұмылдыру және үздіксіз оқыту ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін арттыру үшін қажетті шарты болып табылады. |
Банктің кез келген қызметі мен кез келген бөлімшесін ішкі аудит қызметі тексереді. |
Ішкі аудит қызметі бөлімдер мен еншілес кәсіпорындардың қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерлерді тарта отырып жасалатын қызметті қоса отырып, банк бөлімшелерін тексереді. Ішкі аудитке ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру мен бағалау және олардың өз міндеттерін орындау тәсілі: банктің тәуекелдері мен ішкі бақылау жүйесін талдау жатады. |
Ішкі аудит қызметі мерзімді түрде, бірақ жылына кемінде бір рет банк операцияларын жасау жөніндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін жақсарту мақсатында функцияларды жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді. |
Ішкі бақылау жөніндегі банк саясаты мыналарды: |
Басқарма әрбір тексеру нәтижелері бойынша ішкі бақылау қызметінің есебін талдайды және анықталған кемшіліктерді жою бойынша сәйкес шараларды қабылдау жөніндегі ұсыныстарды директорлар кеңесіне береді. |
ішкі бақылау саясаты әрбір тексерудің нәтижелерін банктің директорлар кеңесі мен басқармасына ішкі бақылау қызметінің беруінің оңтайлы мерзімдерін көздейді; |
Ішкі аудит банктің меншікті капиталы деңгейінің тәуекелмен арақатынасы үшін банктің және капиталға қатысты ішкі саясатты сақтау мониторингі үшін белгіленген әдіспен әзірленген тәуекелдерді басқару жүйесіне тәуелсіз тексеруді жүзеге асырады. |
Банк меншікті капиталды бағалау рәсімдерін тексеруге жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды. |
Банкте банктегі ішкі аудит қызметінің мәртебесі мен өкілеттіктерін көздейтін ішкі аудит қызметі туралы ереже бар. |
Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды: |
Ішкі аудитке аудит жоспары, қол жеткізерлік ақпаратты тексеру мен бағалау, нәтижелерді хабарлау және ұсынымдардың орындалуы мен проблемалардың шешілуін қадағалау жатады. |
Ішкі аудитке сонымен қатар: |
Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің принциптерін ішкі аудит қызметінің сақтауын қамтамасыз етуге жауапты болады. |
Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудиттің сенімді стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Соның ішінде, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді. |
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқаруды қамтамасыз етуге жауап береді. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелін тұрақты басқарудың тұрақты және тиімді жұмыс істеуін белгілейтін құжатты қосқандағы комплаенс басқару саясатын мақұлдады. |
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелін тиімді басқаруға жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады. |
Комплаенс қызметі банктегі комплаенс-тәуекелді басқаруда тәуелсіз болып табылады. |
Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар; |
Комплаенс қызметінің міндеттерін тиімді орындау үшін жеткілікті ресурстары бар. |
Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек. |
Комплаенс қызметінің функциясы мен өкілеттілігі банкте туындайтын комплаенс-тәуекелді басқаруға бағытталған. |
Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды: |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша
Ескерту: 3-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
Банктік заем операцияларын жүргiзуге
қойылатын талаптар
Талаптың атауы |
Талаптардың критерийлері |
Банктің кредиттік тәуекелді бақылау жөніндегі саясаты бар. |
Басқарма баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының кредиттік тәуекелге ұшырау мониторингін жүзеге асырады; |
Директорлар кеңесі кредиттеумен байланысты банк қызметкерлері мүдделерінің қайшылығының тәуекелін шектейтін рәсімдер белгіледі. |
Банктің кредит бөлімшесінің қызметкерлері мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін рәсімдерді сақтау арқылы функционалдық міндеттерін жүзеге асырады; |
Директорлар кеңесі бақылау саясатының және кредит тәуекелінің мониторингін, оның ішінде шоғырландырылған негізде бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет банктің кредит тәуекелін шоғырландыруды анықтау мақсатында және шоғырландырылған негізде, оның ішінде заемшылар, экономика салаларында, ел/аймақ бөлігінде есепті кезең ішінде жүргізілген банктік заем операцияларының мониторингін жүргізеді; |
Директорлар кеңесі саралау (кредит тәуекелдерінің деңгейі бойынша бөлу) саясатын, ал басқарма банк рейтингілері (деңгейлері) негізінде кредиттерді саралау рәсімдерін бекітті. |
Кредит тәуекелін саралау саясаты, оның ішінде: |
Директорлар кеңесі саралау процесінің (рейтингтік бағалардың) шынайылығын тексеру мақсатында, оның ішінде кредит беру, провизияларды (резервтерді) қалыптастырудың кредиттік талдау функциясының тәуелсіздігін көздейтін ішкі кредиттік талдауды жүргізу саясатын белгіледі. |
Ішкі кредиттік талдау саясаты: |
Басқарма ішкі кредиттік талдаудың рәсімдерін бекітті. |
Ішкі кредит талдауының рәсімдері мыналарды көздейді: |
Кредиттік талдау рәсімдері директорлар кеңесінің және басқарманың кредиттік талдау нәтижелері туралы есептерді ұсынудың кезеңділігін белгілейді. |
Ішкі кредиттік талдау рәсімдері: |
Басқарма заемдар беру бойынша шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ережені бекітті. |
Ішкі аудит қызметі заем беру туралы шешім қабылдайтын банктің басшы қызметкерлерінің банктің ішкі ережелерінде айқындалған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді; |
Директорлар кеңесі кредиттеу бойынша, оның ішінде банк заемы шарттарында міндетті көрсетілуге жататын талаптарды қарастыратын құжаттарды жүргізу жөніндегі саясатты бекітті. |
Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты: банк заемы шарттарында міндетті көрсетілуге, оның ішінде заемшыға заем бойынша міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер ететін қаржы ережесі және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты заемшыға ашуға жататын талаптарды; |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі заемшының кредит қабілеттілігін тиімді бағалауға талдау жүргізеді; |
Директорлар кеңесі мынадай критерийлерді бекітеді: |
Директорлар кеңесі заемшының өндірістік қызмет көрсеткіштерін банктің тексеруін қарастыратын заемшылар мониторингінің саясатын, ал басқарма оның рәсімдерін бекітті. |
Заемшы мониторингінің саясаты мен рәсімдері банктің: |
Директорлар кеңесі қаржылық жағдайы тұрақсыз заемшылардың мониторинг саясатын бекітті. |
Қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты: |
Директорлар кеңесі берілген қамтамасыз етудің жеткіліктілігін бағалау саясатын бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: |
Директорлар кеңесі резиденттері банктің заемшылары болып табылатын әрбір елдегі ахуал туралы ақпаратты жинау және өңдеу саясатын бекітті. |
Елдің тәуекелін бағалау саясаты: |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 4-қосымша
Ескерту: 4-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй
заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз
етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында
ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну кезінде
тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Талаптың атауы |
Талаптардың критерийлері |
Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдары және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген ипотекалық заемдарды немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында (бұдан әрі - жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар) ұсынылатын, сыйақы мөлшерлемесі және басқа ерекше талаптардан, кредит мөлшерінен байланысты тәуекел деңгейін айқындайтын ішкі кредиттік саясатты әзірлейді. |
Банктің жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясаты мыналарды көздейді: |
Банк жылжымайтын мүлік рыноктарындағы жағдайды кредиттік шешімдер үшін маңызы бар рынок талаптарының өзгеруіне шұғыл әрекет ету мақсатында талдайды. |
Рыноктық сұраныс және ұсыныс факторларына ескерілуге тиіс мыналар (өзгелердің ортасында) жатады: Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар кредиттің барлық тиісті факторларын, оның ішінде мыналарды көрсетеді: |
Мүлікпен байланысты заемдар бойынша кредиттік саясат банктің басшысы үшін қолайлы тәуекел деңгейін көрсетеді және кредиттік факторды бағалау үшін банктің кредиттік қызметкерлеріне мүмкіндік беретін стандарттарды көздейді. |
Стандарттар мынадай сәттерді қамтиды: |
Банк жылжымайтын мүлік портфелі бойынша кредитті басқару тәртібін белгілейді. |
Кредиттің жылжымайтын мүлік портфелі бойынша басқару тәртібі мыналарды құрайды: |
Банк құрылыс жобасының табысты аяқталу мүмкіндігін бағалауды жүзеге асырады. |
Банк әзірлеушінің қабілеттілігін көрсетілген құндар мен мерзімдер шегінде жоба құрылысын аяқтауына қарай бағалайды. Банк құрылысының жобасын табысты аяқтау ықтималдығын бағалау барысында мынадай тәуекелдерді ескереді: |
Банктер жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша тәуелсіз бағалаушыны тартумен қатар қамтамасыз ету бағаларын жүзеге асырады. |
Жылжымайтын мүлікпен байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді бағалау барысында банктер пайдаланылатын критерийлер кредиттік саясатты айқындайтын банктердің ішкі құжатымен реттеледі. |
Банктер жыл сайын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалайды |
Қамтамасыз етуді қайта бағалау тәуелсіз бағалаушыны тарта отырып, қамтамасыз ету құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 000 (жүз мың еселенген) мөлшерінен асатын баламалы сома болатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша жүзеге асырылады. |
Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 4-1-қосымша
Ескерту. 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 64, өзгерту енгізілді - 2009.11.02 N 229 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.
Өтімділік тәуекелін басқаруға қойылатын талаптар
Талаптың атауы | Талап критерийлері |
---|---|
Басқарма тәуекелдің белгіленген шекті деңгейіне сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға және банктің жеткілікті өтімділікті қолдауына кепілдік беруге мүмкіндік беретін стратегия мен тиісті рәсімдерді әзірлейді, Директорлар кеңесі бекітеді. |
Өтімділік тәуекелін басқару стратегиясы банк қызметінің ауқымына өлшемдес және: |
Директорлар кеңесі қаржыландырудың дереккөздері мен мерзімдерін тиімді әртараптандыруды қамтамасыз ететін қаржыландыру стратегиясы бар ішкі құжатты бекітті. |
Қаржыландыру стратегиясы мыналарды: |
Директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқарудың бірдей құрылымының болуы үшін жауапкершілік атқарады. |
Ө тімділік тәуекелін басқару саясаты өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін, оның ішінде: |
Директорлар кеңесі бизнес-стратегияға және банктің қаржы жүйесіндегі роліне сәйкес келетін, өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгіледі. |
Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекелінің рұқсат етілген деңгейін белгілейді. |
Банктің Директорлар кеңесімен ауқыммен, жүзеге асырылатын қызметке, көрсетілетін қызметтердің географиялық қамтылуына, банк өнімдерінің сипатына сәйкес өтімділік тәуекелін басқаруға арналған лимиттер бекітілді. |
Банктің ішкі құжаттарымен: |
жетінші жол алынып тасталды |
|
Директорлар кеңесімен кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясаты бар ішкі құжат бекітілді. |
Өтімді активтерді алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін банктің активтерін басқару жөніндегі саясат, оның ішінде: |
Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты оның ішінде өтімділіктің жетіспеушілігімен проблемалар пайда болған жағдайда ауыртпалық салынбаған жоғары сапалы өтімді активтердің резервті қорын қолдауды көздейді. |
Өтімділікті басқару саясаты: |
Басқармамен өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау рәсімдері бекітілді. Рәсімдерге уақыт бөліктерінің тиісті ауқымы ішінде активті, пассивті және баланстан тыс баптардан алынған қолма-қол ақша ағынын жан-жақты болжаудың сенімді схемасы кіреді. |
Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасаудың ішкі рәсімдерінде: |
Банкте өтімділік тәуекелінің сандық көрсеткіштерін өлшеу және талдау жөніндегі құралдар бар. |
Ішкі рәсімдер банктің баланс құрылымын, болашақ қаржы ағынын бағалау және баланстан тыс тәуекелдерді ескере отырып, өтімділік позициясын болжау үшін пайдаланатын, мыналарды: |
Банктің ішкі құжаттарында ақша қаражатының болашақ ағынын (баланстың белсенді бөлігінен түсімді және банктің өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауы бойынша шығыстарды) анықтауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін басқару рәсімдері көзделген. |
Ақша қаражатының болашақ ағынын болжау рәсімі: |
Банктің өтімділік тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторинг және бақылау жасау жөніндегі ішкі рәсімдері оның ішінде баланстан тыс және басқа шартты міндеттемелермен байланысты әлеуетті қаржы ағынын ескереді. |
Ішкі рәсімдер: |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган нарықта тұрақты ақша тарту қажеттілігі, мүмкіндігі болған жағдайда қамтамасыз ету үшін ақша ағыны графигінің және міндеттемелерді өтеу графигінің көмегімен қажетті ақша шамасын бақылайды. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган: |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және (немесе) тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар өзге алқалық орган лимиттер белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды. |
Банктің басқармасы немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар басқа алқалық органы капитал нарығындағы, оның ішінде банк аралық нарықтағы өтімді активтерді жұмылдыру мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияға лимиттер белгілейді. |
Басқарма міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және банктің оның арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарымен шарттық және шарттық емес қатынастарымен байланысты пайда болатын өтімділіктің белгілі бір көлеміне деген мұқтаждықтарға алып келуі мүмкін оқиғалардың басталу ықтималдығына және өтімділік тәуекеліне мониторинг жасауды жүзеге асырады. |
Басқарма секьюритилендіру немесе сыртқы қаржыландыру мақсаттары үшін құрылған арнайы қаржы компаниялары бойынша өтімдік позицияларын кезеңді түрде, бірақ тоқсанда кемінде бір рет бақылап отырады; |
Басқарма өтімділіктің шетел валютасына деген жиынтық мұқтаждықтарын бағалайды және валюталар сәйкессіздігінің рұқсат етілген шектерін анықтайды. |
Басқарма стресс жағдайларындағы ықтимал шектеулерді, оның ішінде: |
Банкпен өтімділік тәуекелінің пайда болуын ертерек алдын алудың көрсеткіштері әзірленді. |
Банктің өтімділік тәуекелін басқару жөніндегі ішкі саясаты минимум ретінде мыналар кіретін ертерек алдын алудың көрсеткіштерін (сапалық немесе сандық) көздейді: |
Банктің басқармасы өтімділікті ауыстыру үшін заңдық, реттеуіш және бизнес шектеулерді ескерумен банктің, сондай-ақ оның еншілес ұйымдарының бизнес бағыттарының және валюталарының әлеуетті өтімділік тәуекелі мен қаржылық мұқтаждықтарын бақылап отырады және қадағалайды. |
Өтімділік тәуекелін басқару саясаты: |
Басқарма капитал нарығына қол жеткізуді белсенді басқаруды, тиісті қызметкерлер тарабынан оған мониторинг және тексеру жасалуын қамтамасыз етеді. |
Басқарма бекітілген қаржыландыру стратегиясына сәйкес капиталдың нарықтарға белсенді қатысуын қолдайды; |
Банктің басқармасы әдеттегі, сондай-ақ стресс жағдайлары кезінде төлем жасау және есеп айырысу міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін өтімділіктің күн сайынғы позицияларын және тәуекелдерді белсенді басқарады, осылайша төлем жасау және есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз қызмет атқаруына мүмкіндік береді. |
Банктің күн сайынғы өтімділікті басқару жөніндегі стратегиясына тіпті болмаса төрт операциялық элемент кіреді: |
Банк банкке тән түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стресс-сценарийлер бойынша стресс-тестілеуді кезеңді түрде, бірақ айына кемінде бір рет жүргізеді. |
Басқарма ықтимал өтімділік тәуекеліне душар болуды анықтау және сандық тұрғыда өлшеу үшін жүйелі түрде стресс-тестілеудің жүргізілуін және сценарийлерге талдау жасалуын қамтамасыз етеді; |
Басқарма егер банк, банк конгломератының бас ұйымы болып табылған жағдайда кезеңді түрде, бірақ тоқсанына кемінде бір рет стресс-сценарийлердің өтімділіктің жалпы топтық позициясына, сондай-ақ конгломератқа мүше жекелеген ұйымдардың өтімділік позициясына әсеріне және қызметтің бағыттарына талдау жасауды жүргізеді. |
Банктің ішкі құжаттарымен едәуір өтімділік тәуекеліне душар болатын, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар үшін қосымша стресс-тестілеу жүргізу көзделген. Банк тестілеу барысында сценарийлердің әр түрлі уақыт бөліктеріндегі, оның ішінде күндік ауқымдағы салдарын қарастырады. |
Банк стресс-сценарийлерді жасау кезінде бизнестің сипатын, жүзеге асырылатын қызметтің өтімділік тәуекеліне душар болуын ескереді. |
Басқарма түрлі стресс-сценарийлердің жобаларын қарайды. |
Банк стресс-тестілеу үшін жорамалдарды белгілеу кезінде консервативті-қалыпты тәсіл дайындады. |
Банк сценарийдің түріне қарай мынадай тізбе кіретін бірқатар жорамалдарды қарастырады: |
Басқарма стресс-тестілеуде қолданылатын сценарийлер мен жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін қарайды. Банктің сценарийлер мен ілеспе жорамалдарды таңдауы құжатталған және стресс-тестілеу нәтижелерімен қатар қаралған. |
Басқарма кездейсоқ жағдайлар туындаған жағдайға арналған жоспарында қаржыландырудың ілеспе ықтимал тапшылығын бағалауға және жоспарлауға стресс-тестілеу нәтижелерін қалай кіргізуді шешеді. |
Басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың сенімді құрылымының қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. |
Басқарма өтімділік тәуекелін басқару бойынша оған жүктелген функцияларды орындау мақсатында, оның ішінде: |
жиырма сегізінші жол алынып тасталды |
|
Директорлар кеңесін және Басқарманы банктің өтімділік бойынша позициясы туралы уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін банктің ішкі құжаттарымен тиісті басқарушылық ақпараттық жүйені құру көзделген. Басқарушылық ақпараттық жүйе банктің, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдары бөлігінде өтімдік позицияларын есептеуге мүмкіндік береді. |
Басқарушылық ақпараттық жүйе: |
Директорлар кеңесі функциялары жағынан тәуелсіз, тиісінше оқытылған және құзыретті қызметкерлердің өтімділік тәуекелін басқару жүйесіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жұмысты жүргізуін қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет тәжірибесі және машықтары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің өтімділік тәуекелін басқарудың келісілген құрылымын іске асыруын және тиімділігін жүйелі түрде қарайды. |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 5-қосымша
Ескерту: 5-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2009.03.27. N 64, 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Қаржы құралдарымен операциялар
жүргiзуге қойылатын талаптар
Талаптың атауы |
Талаптардың критерийлері |
Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сату және баға тәуекелі бойынша операцияларды басқарудың ішкі саясатын бекітті. |
Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды басқарудың ішкі саясаты: |
Директорлар кеңесі функционалдық, атап айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офис пен көрсетілген операцияларды есепте көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы міндеттерін бөлуге негізделген фронт-және бэк офистер үшін қосарланған бақылау саясатын бекітті. |
Қосарланған бақылау жүйесі: |
Басқарма банк операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді бекітті. |
Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді. |
Банктің автоматтандырылған жүйесі бар (қаржы құралдарының портфелін басқару, операцияларды қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есептерді жүргізу, тәуекелдерді басқару). |
Банктің қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларын қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар; |
Банктің шоғырландырылған негізде, нақты уақыт режимінде тәуекелді бақылап отыруға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі бар. |
Банк басқа рыноктық операциялардан бөлек сауда операцияларына өңдеу жүргізеді; |
Банк қаржы құралдарына ағымдағы рыноктық бағаны ескере отырып, әлуетті рыноктық тәуекелді және кірістер/шығыстарды кезең-кезеңмен бағалайды. |
Банк қаржы құралдары портфелінен банктің математикалық модельдерімен айқындалған ағымдағы рыноктық бағалар немесе есептеу бағасы жоқ қаржы құралдарын шығарып тастайды. |
Директорлар кеңесі қаржы құралдарымен операциялар бойынша жиынтық лимитті, басқарма - жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ "stор - loss" ережесі бойынша халықаралық практикада қабылданған лимиттерді белгілейді. |
Директорлар кеңесі |
Басқарма әрбір қаржы құралдары бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті. |
Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері мен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді; |
Директорлар кеңесі баға тәуекелі, оның ішінде қаржы құралдарына рынок пен қаржы рыногы өтімділігінің мөлшерін ескере отырып бөлу бойынша позицияны айқындау жөніндегі шешімдерді қабылдау саясатын бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің теңбе- теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногы мен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымы мен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді; |
Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол: |
|
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет нәтижелері басқармаға тоқсанына кемінде бір рет, директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет нәтижелері кезең-кезеңмен ұсынылатын, инвестициялардың көлемін талдайды. |
Басқарма банктің инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті; |
Басқарма инвестициялар портфелін құрылымдау рәсімдерін орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық тиімділіктің тұрақты көрсеткіштерін ұстап тұратындай етіп бекітті; |
Құрылымдау рәсімдері: |
Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан болған шамадан тыс шығыстарды ескерту және көрсетілген саясатты банктің сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты бекітті. |
Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган тәуекелінің, процент тәуекелінің және валюта тәуекелінің мониторингін жүзеге асырады. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган: |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі шоғырландырылған негізде процент және валюта тәуекелдерінің мониторингін жүзеге асырады. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет еншілес ұйымдарда ақшаны басқарудың мониторингін жүргізеді және шоғырландырылған негізде банктің және еншілес ұйымдардың активтері мен міндеттемелерін басқаруды жүзеге асырады; |
Директорлар кеңесі тәуекелдерді бағалау саясатын, оның ішінде болжалданатын тәуекелдер бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын әдістемелерді пайдалана отырып бекітті. (VАR-әдісі) |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган өтеу мерзімдері бойынша сыйақының мөлшерлемесінің деңгейін айқындайды. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесінің басқару бөлімшесінің процент тәуекелдерін бағалау үшін деректерді жинау мен талдау жүйесі бар. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган процент тәуекелінің, процент тәуекелінің негізгі көздеріне мониторингін жүзеге асырады (өтеу мерзімдерінің ерекшелігі, заем капиталы рыногының ставкалары, кіріктірме опциондар); |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің капиталы мен кірістерімен салыстырғанда тәуекелдер сандық қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдің төмендеуі бойынша шараларды қабылдайды. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган Басқарма бекіткен әдістерді пайдалана отырып валюта тәуекелінің деңгейін бағалайды және талдайды. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган: |
Директорлар кеңесі валюта тәуекелінің сандық қатынаста меншікті капитал мен банк кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларында тәуекелдің төмендеуі жөніндегі саясатты бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде стратегиялық шешімдер қабылдауда олардың нәтижелерін пайдаланады; |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 6-қосымша
Ескерту: 6-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Банктiң операциялық қызметiнің, ақпарат
жүйесiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс
iстеуiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Талаптың атауы |
Талаптардың критерийлері |
Директорлар кеңесі банкте операциялық тәуекелді басқару саясатын регламенттейтін және мыналар: |
Банк Басқармасы: |
Басқарма банк қызметін көрсету және олардың бухгалтерлік есебінің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді бекітті. |
Ішкі рәсімдер реттейді: |
Банкте қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі ақпарат жүйесі бар. |
Банк кассадағы ақшаны сейфте (қоймада) сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады; |
Басқарма қабылданған және берілген депозиттерді, дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алудың дұрыс жүргізілмеу және шынайы көрсетілмеу мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді белгіледі. |
Ішкі аудит қызметі депозиттерді қабылдау/орналастыру, дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша операцияларды жүргізудің техникалық операциясын олардың сақтауын бағалау мақсатында жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге тексеру жүргізеді. |
Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуі бойынша ішкі ережелері мен нұсқаулықтары бар. |
Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуіне қатысты ережелері мен нұсқаулықтары бар. |
Банк басқармасы электрондық өңдеу жүйесін ішкі бақылау рәсімдерін бекітті. |
Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін банк қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады. |
Басқарма рұқсатсыз кіруді болдырмау жөніндегі саясатты бекітті. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған банк жүйесіне кіру және шығу кезінде кіру деңгейін тексеру жүйесі бар; |
Басқарма төтенше жағдайларда деректер базасының ақпараттық жүйесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша, жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті. |
Рәсімдер: |
Басқарма төтенше жағдайларда өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді беру рәсімдерін бекітті. |
Төтенше жағдайлар компьютерлік орталықтар мен филиалдар үшін жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен нұсқаулықтарды қарастырады. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі мәселелердің қайтадан пайда болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере отырып, нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді; |
Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау жөніндегі рәсімдерді бекітті. |
Рәсімдер: |
Басқарма жабдықтарды үнемі тексеру арқылы іркілістерді болдырмау және жұмыс туралы есептерді тексеру жөніндегі рәсімдерді бекітті. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет деректердің автоматтандырылған базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексереді; |
Басқарма деректердің автоматтандырылған базасын басқарудың терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде рәсімдерді бекітті. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды. |
Банк жаңа банктік қызметтерді ұсынуға немесе жаңа ақпарат технологиясын пайдалануға байланысты тәуекелдерді бағалайды. |
Банкте пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар; |
Банк Басқармасы: |
Банктің операциялық тәуекелдерді анықтау бойынша ішкі рәсімдері банк мақсатына жетуінде жағымсыз әсер етуі мүмкін ішкі факторларды (қызметтің құрылымы, көлемі, ресурстардың сапасы, ұйымдастырушылық өзгерістер, кадрлардың тұрақтамауы) сондай-ақ сыртқы факторларды (банк секторындағы өзгерістер, технологиялар) ескереді және операциялық тәуекелді анықтау және бағалау үшін мынадай құралдарды пайдалануды көздейді, бірақ олармен шектелмейді: |
Басқарма шығындар бойынша тиісті деректер базасындағы зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжатты бекітті. |
Банктің шығындар бойынша тиісті деректер базасында зияндар туралы ақпаратты жинау рәсімдерін регламенттейтін ішкі құжаты: |
Басқарма операциялық тәуекел профиліне және банктің операциялық тәуекелді алдын ала басқару үшін ірі шығындарға (залалдарға) ұшырауына жиі мониторингті жүзеге асырады. |
Операциялық тәуекелді басқару бойынша есеп: |
Банк Басқармасы операциялық тәуекелді бағалауды мынадай: |
Банктің уәкілетті органы өнімді (бизнес-процессті), бар өнімдерге (бизнес-процесстерге) маңызды өзгерістерді бекіту туралы және операциялық тәуекел туралы ұсынылған бағалауды назарға ала отырып, маңызды ұйымдастыру өзгерістерді бекіту туралы шешім қабылдайды. |
Банктің директорлар кеңесі жарты жылда кемінде бір рет операциялық тәуекелдің банкке әсер ету дәрежесін талдауға мүмкіндік беретін басқарушылық есептілікті алады. |
Директорлар кеңесі мынадай басқарушылық есептілікті талдайды: |
Банк аутсорсинг - бөгде ұйымдарды және тұлғаларды банкке қажетті жұмысты орындауға тартуымен байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерін әзірледі. |
Аутсорсингке байланысты тәуекелдерді басқаруын көрсететін ішкі ережелерге мыналар: |
Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің операциялық тәуекелді басқару саясатын тиімді және жан-жақты жүргізуді қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет банк бөлімшелерімен операциялық тәуекелді басқарудың келісілген құрылымның іске асырылуын және тиімділігін қарайды. |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 7-қосымша
Ескерту: 7-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен .
Нұсқаулық талаптарының базалық критерииі
Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйелерін ұйымдастыру |
Директорлар кеңесі банктегі мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты бекітті. |
Директорлар кеңесі банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен банк операцияларының мониторингі бойынша саясатты жүргізеді. |
Ішкі аудит қызметі банктің ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауын бақылауды, ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерді орындауын, уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарын жүзеге асырады. |
Банктік заем операцияларының талаптарын белгілейтін және бекітетін кредит комитеті заемдардың сапасын қадағалайды және банктің меншікті капиталының бес процентінен асатын заемдарды беруге алдын ала рұқсат береді. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі комитет қарыз алу ережелері мен рәсімдерін, қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын жүргізуді, инвестициялау мен банктік кепілдіктер беруді белгілейді және бекітеді, сондай-ақ активтерді әр тараптандыру, тиімділік, өтімділік және капиталдың жеткіліктілігі бойынша бағдарды айқындайды. |
Директорлар кеңесі ай сайын мынадай есептерді талдайды: |
Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге де талаптарын орындамауының себептерін, оның ішінде банк қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түсіндіре отырып бақылау жүргізеді. |
Директорлар кеңесі банктің басшы қызметкерлерінің функционалдық міндеттері бойынша жыл сайынғы есептерді талдайды. |
Директорлар кеңесі директорлар кеңесі мүшелерін, басшы қызметкерлерді, банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғаларды және банкпен ерекше қатынастармен байланысты өзге де тұлғаларды кредит беру жағдайын банктің басқа заемшыларына қызмет көрсетумен, оның ішінде жеңілдік жағдайлар беру фактілерін тексеру мақсатында салыстырады. |
Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімін ай сайын қол қояды. |
Директорлар кеңесі жыл сайын банктің ағымдағы қаржы жылына жоспарланған мақсаттарына жетуге арналған қызметтерін талдайды. |
Директорлар кеңесі өзінің өкілеттілігі шегінде ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштеріне банк қызметінің нәтижелері сәйкес келмеген жағдайда банк басқармасының мүшелеріне шаралар қолдана алады. |
Банктің ұйымдық-функционалдық құрылымының схемасы, оның ішінде: |
Есепті жыл ішінде банктің басшы қызметкерінің (басқарма мүшелерінен басқа) қызметін бағалау тәртібін, оның ішінде банк қызметінің мақсатты көрсеткіштерін банк орындамағаны үшін шара қолдануды және жауапкершілікке тартылуды реттейді. |
Жылдық бюджеттер мен стратегиялық жоспарлар жасауды басқарма ағымдағы және болашақтағы бәсекелік, экономикалық орта мен нормативтік құқықтық базаны, банк капиталының қосымша қажетті мөлшерін және банк капиталын қаржыландырудың жаңа ұзақ мерзімді дерек көздеріне қол жеткізуді ескере отырып жүргізеді. |
Тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды көздейді: |
Ішкі аудит қызметі банк қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функцияларды шоғырландыру бойынша басшы қызметкерлерге тексеру жүргізеді. |
Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жөніндегі саясат директорлар кеңесінің мүшелерін, басқарманы және банктің басшы қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді және функционалдық міндеттерін айқындайды. |
Банктің директорлар кеңесіне және басқармаға ұсынылатын басқару ақпаратының тізбесі директорлар кеңесі мен басқарманың тәуекелдерді басқару жөніндегі өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болуы керек. |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері біліктілік талаптарына сәйкес келеді, оның ішінде тәуекелдерді басқару бойынша функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігінің болуын қарастырады. |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі банк бөлімшесінің және ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олар жүргізетін операцияларға сәйкес келеді. |
Ішкі бақылау жөніндегі банктің саясаты: |
Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары банктік операцияларды жүргізуді қарастыратын банктің барлық бөлімшелеріне үнемі ішкі тексеру жүргізеді. |
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері тексеру жүргізілетін банк бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі мен қажетті білімдері бар. |
Банктің ішкі саясаты тексерілетін бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті құжаттарға, оның ішінде коммерциялық, өзге де немесе құпиялық режимі бар құжаттарға қол жеткізуге ішкі аудит қызметінің құқығын қарастырады. |
Ішкі бақылау жөніндегі банктің ішкі саясаты басшы қызметкерлердің немесе банктің басқа бөлімшелерінің функционалдық міндеттерін орындаудағы тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің директорлар кеңесіне есеп беруі белгіленеді. |
Ішкі аудит қызметі банктің сыртқы аудиторымен бірлесіп банктің ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді. |
Ішкі аудит қызметі жаңа өнімдерді немесе қызмет көрсетулерді ендіру туралы мәселелерді талқылауға қатысады. |
Ішкі бақылау саясаты директорлар кеңесі мен банк басқармасына ішкі аудит қызметінің әрбір тексеруінің нәтижелерін ұсынуының оңтайлы мерзімдерін қарастырады. |
Ішкі аудит қызметінің өкілеттіктері бөлімшелер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындауды қарастырады, сонымен бірге оларды жүзеге асырудың тәсілдері мен шарттарын тікелей банк бөлімшелері айқындайды. |
Ішкі аудит қызметі оларды оңтайлы орындау мақсатында, ішкі бақылау нәтижелері бойынша қабылданған, банк бөлімшелері жүргізетін және жоспарлайтын іс-шаралардың мониторингін жүзеге асырады. |
Ішкі саясатпен банктің кірісін (шығысын), оның ішінде банктік қызмет көрсетулердің динамикасында, сол бөлігінде, түрлерінде, банктің аймақтық және функционалдық бөлімшелері бойынша ай сайын, сондай-ақ шоғырландырған негізде тоқсан сайын бақылап отыратын банк бөлімшесі белгіленді. |
Ішкі саясатпен директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі банк бөлімшесінің өкілеттігі қарастырылған. |
Басқарма жаңа банктік қызметті жоспарлы түрде көрсетуге байланысты меншікті капитал мен әлуетті тәуекелдердің динамикасына талдау жасайды. |
Басқарма директорлар кеңесі белгілеген тәуекелдердің жиынтық лимиттері шегінде қаржы операцияларын жүзеге асыратын банк бөлімшелерінің әрқайсысы үшін тәуекел лимитін айқындайды. |
Басқарма тартылатын депозиттер мен берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі саясатты бекітті. |
Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі, оның ішінде сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу рәсімдерін реттейтін саясат. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі еншілес ұйымдар мен банк холдингтерінің қаржы қызметіне мониторингті жүзеге асырады. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің банктердің банк холдингтерімен жасалатын операцияларын тексеру жөнінде өкілеттіктері бар. |
Директорлар кеңесі банк холдингтерімен жасалатын мәмілелердің шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді. |
Басқарма банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұшырайтын тәуекелдер туралы, сондай-ақ банк холдингтері қабылдаған, банктің қызметіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер туралы мәліметтерді талдайды. |
Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне бағалау жасайды. |
Ішкі аудит қызметі банк қызметінің жаңа түрлерін ендіру кезінде банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді сақтауға байланысты банктік қосымша тәуекелдерінің пайда болу мүмкіндігіне бағалау жүргізеді. |
алынып тасталды <*> |
алынып тасталды <*> |
Директорлар кеңесі басқарманың директорлар кеңесі мен банк акционерлеріне банктің қаржы көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржы және басқару есебін ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекітті. |
Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларын талдайды. |
Есеп және есеп беру жөніндегі банк саясаты, сонымен бірге банк аудитін тексеру барысында мынадай мәселелерді қарастырады: |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі меншікті капиталдың жеткіліктілігіне, мынадай факторлардың тиімділігі мен өтімділігіне әсерді болжайды: |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: |
Банктік заем операцияларын жүргізу |
Басқарма баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша банктің және оның еншілес ұйымдарының кредиттік тәуекелге ұшырауына мониторингті жүзеге асырады. |
Директорлар кеңесі кредиттер сапасын бағалау рәсімдері белгіледі. |
Директорлар кеңесі және басқарма провизияларды қалыптастыру және жіктелген активтерді есептен шығару рәсімдерін белгіледі. |
Басқарма айына кемінде бір рет баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша банк активтерінің сапасына және кредит тәуекелінің деңгейіне талдау жүргізеді, банктік қаржы жағдайына кредиттік тәуекелдің әсер ету дәрежесін айқындайды. |
Банктің кредит бөлімшесінің қызметкерлері мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін рәсімдерді сақтау арқылы функционалдық міндеттерін жүзеге асырады. |
Ішкі аудит қызметі жылына кемінде бір рет кредит бөлімшесі қызметкерлерінің мүдделер қайшылығы тәуекелін шектейтін саясатты және рәсімдерді сақтауына тексеру жүргізеді. |
Басқарма жаңа банк қызметтерін банктің ұсынуына немесе экономиканың жаңа секторлары не аймақтарына банк қызметін көрсетуге байланысты кредит тәуекелдеріне талдау жүргізеді. |
Ішкі аудит қызметі заем беру туралы шешім қабылдайтын банктің басшы қызметкерлерінің банктің ішкі ережелерінде айқындалған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкестігін тексереді. |
Заем беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті банктің басшы қызметкерлері туралы ереже заем беру туралы шешім қабылдайтын өкілетті тұлғаға білікті және кәсіби талаптарды айқындайды. |
Кредиттеу бойынша құжаттарды жүргізу саясаты: |
Директорлар кеңесі мынадай критерийлерді бекітеді: |
Мынадай факторларды ескере отырып, заемшының заемды өтейтін дерек көздерін тексеру: |
Заемшы мониторингінің саясаты мен рәсімдері банктің: |
Қаржы жағдайы қанағаттанарлықсыз заемшылардың мониторинг саясаты: |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі: |
Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу |
Қосарланған бақылау жүйесі: |
Ішкі аудит қызметі меншікті капиталдың және банк кірістерінің мөлшеріне теңбе-тең болмайтын кірістермен айла-әрекет жасау және тәуекелді қабылдау жағдайларын анықтау және болдырмау мақсатында банк операцияларын тексереді. |
Банктің қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларын қамтамасыз ететін техникалық жүйесі бар. |
Банктің ақша және қаржы құралдары бойынша есептер жүргізуге арналған техникалық жүйесі бар. |
Банктің тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар. |
Ішкі аудит қызметі және сыртқы аудиторлар тәуекелдерді басқару бөлімшесінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізуге жауап беретін банктің бөлімшесі ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша банк айқындаған әділ құнның дұрыстығына мониторинг жүргізеді. |
Директорлар кеңесі кезең-кезеңмен жиынтық лимитті және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындайды. |
Қаржы құралдарын сатып алу/сату бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк бөлімшесі банктің басқармасына қаржы құралдары бойынша банк позициясын ұсынады. |
Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді және "stор - loss" лимиттерін белгілеу ережелерін айқындау рәсімдерін белгілейді. |
Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган шетел валюталарының әрбір түрлері және барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі спот және форвард операцияларын өтеу мерзімдерін басқару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдаланады. |
Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол: инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді; |
Басқарма банктің инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті. |
Инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады. |
Құрылымдау рәсімдері: |
Банк олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару жөніндегі бөлімше және/немесе тиісінше функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган: |
Тиісті функциялары және өкілеттіктері бар Басқарма немесе басқа алқалы орган банктің қажетті өтімді активтер мөлшерін қалыптастыру қабілеттілігіне ықпал ететін ақпараттарды алады және талдайды. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшелері және/немесе алқалы орган тиісті функциялары және өкілеттіктеріне сәйкес оларды берілетін займдарды қамтамасыз ету ретінде тез кепілдікке беру үшін қажетті өтімді активтердің деңгейін айқындайды және қолдайды. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі өтімді активтерді, оның ішінде спот, форвард және своп операцияларын қабылданған халықаралық практикада жүргізу нәтижесінде ұлттық және шетел валюталарын тартудың дерек көздеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы орган: |
Банк баланстан тыс банк операцияларын өтеудің болжанған көлемін ескере отырып өтімділікке бақылауды жүзеге асырады. |
Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган басқа банктерден өтімді активтерді жинақтау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияның лимиттерін белгілейді. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі банктің өтімді активтерді жинақтау қабілетінің өзгеруін ескере отырып, қолма-қол ақшаның гэп-позициялары бойынша лимиттерге үнемі шолу жүргізеді. |
Банк күнделікті банк операцияларын әрбір жұмыс күні жинақталуға тиіс ақшаның қажетті сомасы өтімді активтерді тартудың күнделікті сомасынан аз ғана асатын банк операцияларын жүзеге асырады. |
Банк үнемі өтімді активтердің дерек көздерін (ішкі және сыртқы дерек көздері) тартудың және олар тартылған негізде операциялар түрлерін түрлендірудің мониторингін жүргізеді. |
Банк үнемі шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру мүмкіндігіне мониторинг жүргізеді. |
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесінің және/немесе тиісті функциялары мен өкілеттіктері бар алқалы органның: |
Банктiң операциялық қызметiне, ақпарат жүйесiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне қамтамасыз ету |
Ішкі рәсімдер реттейді: |
Банк кассадағы ақшаны сейфте (қоймада) сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады. |
Банк кассадағы қолма-қол ақшаның артық (кем шығу) жағдайын тексереді. |
Банк банкоматтардың қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуіне жауап беретін қызметкерлердің жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. |
Ішкі аудит қызметі депозиттерді қабылдау/орналастыру, дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша операцияларды жүргізудің техникалық операциясын олардың сақтауын бағалау мақсатында жарты жылда кемінде бір рет бөлімшелерге тексеру жүргізеді. |
Банктің деректерді электрондық өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және жұмыс істеуіне қатысты ережелері мен нұсқаулықтары бар. |
Электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін банк қызметкерінің жұмыс саласына сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады. |
Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді. |
Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне үнемі хабарлайды. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған банк жүйесіне кіру және шығу кезінде рұқсат алу деңгейін тексеру жүйесі бар. |
Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпарат базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі рәсімдерді және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жауапкершілігін бекітті. |
Рәсімдер: |
Банк үнемі деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдар мен файлдардың резервтік көшірмелерін қалыптастырады. |
Төтенше жағдайлар компьютерлік орталықтар және филиалдар үшін жүйе жұмысында төтенше іркілістер болған жағдайдағы ережелер мен нұсқаулықтарды қарастырады. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізіледі. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды. |
Рәсімдер: |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет деректердің автоматтандырылған базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тексереді. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жағдайы туралы ақпаратты басқармаға ұсынады. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрі мен көлемінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды. |
Банкте пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйе бар. |
Банкте Интернет коммуникациялары бойынша қаражатты аудару жөніндегі қызметтерді ұсынған кездегі қауіпсіздіктің кешенді шаралары бар. |
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды. |
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулыққа 8-қосымша
Ескерту: 8-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 234 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Нұсқаулықтың талаптарына қосымша критерийлер
Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйесін ұйымдастыру |
Директорлар кеңесі банк қызметінің стратегиясын бекітеді. |
Банктің корпоративтік стратегиясында банк қызметінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттары айқындалған. Қызметтердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының мерзімдерін банк жеке айқындайды. |
Банктердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және банк қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады. |
Директорлар кеңесі тәуекелдермен (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі) байланысты және банктің стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне қайшы келетін немесе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын банк басқармасы жүргізетін банк операцияларының мониторингі жөніндегі саясатты бекітеді. |
алынып тасталды; <*> |
Тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын банк бөлімшесі әлемдік тауар және қаржы рыноктарына теріс динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдістемесін пайдаланады. |
Басқарма әлуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың банктің қаржы көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды. |
Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттердің бөлігінде, басқарма банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне лимиттерді айқындайды, банктің аталған лимиттерді сақтауының тиімді бақылау шараларын қолданады. |
Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды. |
Басқарма банк бөлімшелерінің ықтимал және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады. |
Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды. |
Банкте түрлендіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар; |
Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің (трансферт) тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге тап болу дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады. |
Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, банктің күтіліп отырған кірістеріне бағалау (есептеу) жүргізеді. |
Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды. |
Директорлар кеңесі айқындаған банк тәуекелінің жиынтық лимиттері шегінде еншілес ұйымдар үшін тәуекелдер лимиттерін Директорлар кеңесі растайды. |
Тұтыну кредитін алуға өтінімдерді өңдеуге тіркеу процесін автоматтандыру. |
Соңғы 5 жылға тұтыну кредиттері бойынша тарихи деректер базасының болуы. |
Тұтыну кредиттерді ұсыну, бекіту рәсімі және мониторинг талаптарын айқындайтын ішкі саясаттың болуы. |
Заемшылардың ішкі автоматтандырылған математикалық немесе скоринг бағалаудың статистикалық модельінің және рейтингтік жүйесінің болуы. |
Пайдаланатын скоринг модельінің сапасын жыл сайын тексеру. |
Саясат мынадай тәртіптерді айқындайды: |
Ішкі бақылау |
Банктің Директорлар кеңесі бірдей және тиімді ішкі бақылау жүйесін құруына және жұмыс істеуіне жауап береді. |
Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі және оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білім мен тәжірибесі бар. |
Банк басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары ішкі бақылау жүйесін бірдей жұмыс істеуіне жауап береді. |
Басшылық: |
Директорлар кеңесі: |
Басшылық Директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға, оның ішінде стратегия мен саясатты іске асыруды және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін құруға жауап береді. |
Банктің ішкі ережесінде өкілеттік саласы, есеп беру және барлық банк шеңберінде ақпаратпен алмасудың тиімді жүйелерін нақты көрсете отырып ұйымдық құрылымы сипатталған. |
Басшылық нақты ережелерді және ішкі бақылау саласындағы рәсімдерді әзірлеуге өкілеттікті тиісті бөлімшелерінің басшыларына береді. |
Басшылық тиісті ережелер мен рәсімдерді әзірлеуді және орындауды бақылайды. |
Банк басшылығы қажетті тәжірибесі және техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлер ішкі бақылау жөніндегі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолдайды. |
Операциялық рәсімдер банктің барлық мүдделі қызметкерлеріне алуына қолайлы нақты жасалған ішкі құжаттарда сипатталған. |
Банк қызметкерлері өз міндеттемелерін тиімді орындайды және кез келген операциялық проблемалар, кәсіби этикасын сақтамау жағдайлар немесе басқа рәсімдерді бұзу не асыра пайдалану тиісті деңгейде басшылыққа хабарлайды. |
Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы. |
Жаңа немесе оған дейінгі бақылауда болмаған тәуекелдерді тиімді қадағалау мақсатында ішкі бақылау жүйесін қайта қарау. |
Жаңа қаржы құралдарын және қаржы рыногында пайда болатын рыноктық операцияларды бағалау және осы қызметке байланысты тәуекелдерді талдау. |
Тәуекелді бағалау банктің алға қойылған мақсаттарға жетуіне теріс ықпал етуі мүмкін ішкі факторларды (мәселен, ұйымдық құрылымның күрделілігін, банк қызметінің сипатын, қызметкерлердің біліктілік деңгейін, ұйымдық өзгерістерді және кадрлардың тұрақтамауын) және сыртқы факторларды (экономикалық жағдайлар мен банк саласындағы жай-күйді, технологиялық жаңалықты) анықтайды және қарастырады. |
Бақылаудың жүзеге асырылуы банктің барлық қызметкерлеріне, оған қоса басшылыққа және клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады. |
Тұрақты негізде банк басшылығы банк қызметінің барлық аспектілеріне банктің ішкі құжаттардың сәйкестігі туралы растауды, ішкі құжаттардың мағынасы бірдей болып қалу туралы ақпаратты алады. |
Бірнеше қызметкердің арасында мыналар: |
Мүдделердің әлуетті дауының салалары анықталады, барынша азайтылады және тәуелсіз үшінші тұлға олардың тұрақты мониторингін жүзеге асырады. |
Бірдей ақпараттың болуы және оның тиімді берілуі. |
Ақпараттың мынадай сапалары бар: іске жатады, сенімді, уақтылы, алуға қолайлы және ресімділеді. |
Ақпарат өзіне ішкі қаржы және операциялық деректерді, Қазақстан Республикасы заңнаманың белгіленген талаптарын және нормативтік құқықтық актілерін сақтау жөніндегі деректерді, сондай-ақ сыртқы рыноктан келіп түсетін мәліметтерді, шешімді қабылдауға қатысы бар оқиғаларды және жағдайларды енгізеді. |
Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтайтын белгіленген тәртіпке сүйенетін есеп процесінің бөлшегі болып табылады. |
Ішкі резервтік рәсімдерін және функцияларды қалыптастыру рәсімдерін әзірлеу, әзірлеу ережесін және программаларды сатып алу, қызмет көрсету (бақылауды өзгерту) рәсімдерін және нақты/ойша кіру қауіпсіздігін бақылау. |
Программалық қамтамасыз етуге бақылау программа қосымшаларында компьютерлік қадамдары және операцияларды өңдеуді және банк қызметінің басқа түрлерін бақылайтын қолдан жасалатын рәсімдері болып табылады. |
Банктен тыс жерлерде орналасқан ішкі провайдер қызмет көрсетуді қолдау банк қызметіне арналған шиеленісті жүйесін қалпына келтіруді қоса отырып қайталау құрылғылар пайдалануымен күтпеген жағдайларда іс-әрекет жоспарын әзірлеу. |
Күтпеген жағдайлар туындаған кезде банк операцияларының орындалуы үшін оны қалпына келтіру бағдарламасын кезең кезеңмен тестілеу. |
Банк басшылығы ақпарат берудің тиімді жүйесін (операциялық саясатты және банк қызметінің рәсімдерін айқындайтын құжаттарды, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты) құрады. |
Жоғары, төмен және көлденең ақпараттың бірдей ағымын қамтамасыз ететін банктің ұйымдық құрылымын құру. |
Жоғарыдан төменге келіп түсетін ақпарат Директорлар кеңесіне және басшылыққа қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы және банктің ағымдағы жағдайы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді. |
Төменге жіберілетін ақпарат банк мақсатын, оның стратегиясын, белгіленген тәртіптерді және рәсімдерді орта мен кіші буын басшылығына және қатардағы қызметкерлерге хабарлауды қамтамасыз етеді. |
Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді, қаржы бақылау және ішкі аудитті қоса отырып әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері ішкі бақылаудың тиімділік мониторингін жүзеге асырады. |
Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттемелерін таратады. |
Мониторинг ішкі бақылаудың барлық процесін мерзімдік бағалауды енгізеді. |
Банктің әртүрлі операциялар мониторингінің кезеңділігі олармен байланысты кезеңділіктің және банк қызметінің жағдайларында болатын өзгерістер сипатының тәуекелдерін негізге ала отырып айқындалады. |
алынып тасталды; <*> |
алынып тасталды; <*> |
Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлшегі болып табылады және белгіленген ереже мен рәсімдерінің бірдейлік тәуелсіз бағалауды, сондай-ақ оны сақтауды қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметі банктің күнделікті жұмысынан тәуелсіз және банктің, оның филиалдары мен еншілес құрылымдарын қоса отырып жүргізетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізеді. |
Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тәуекелдерді тиімсіз бақылау туралы ақпарат тиісті тұлғаға (тұлғаларға) айқындалғанына қарай дереу хабарланады, күрделі мәселелер Директорлар кеңесіне хабарланады. |
Тиісті басшылар жетіспеушіліктерді уақтылы түзетуді қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерісті жүргізеді және мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне барлық түзетілмеген жетіспеушіліктер туралы дереу хабарлайды. |
Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың жетіспеушіліктерін және оларды жою үшін қабылданған шараларды қадағалау жүйесін құрады. |
Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі анықтаған барлық проблемаларды жинақтайтын есептерді кезең кезеңмен алады. |
Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді. |
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын жүйелі түрде тексереді. |
Директорлар кеңесі анықтау рәсімдерінің болуын және қойылған мақсаттарының жетістігі кезінде банк тәуекелдерге тап болатын бірдей бақылауын; тұтастығын, қаржылық ақпараттың және басқару ақпараттың сенімділігі мен уақтылығын тестілеу; заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді, қадағалау саясат пен ішкі жоспарларды, әдістемелерді және рәсімдерді сақтау мониторингін қамтамасыз етеді. |
Басшылық жауапкершілікті, өкілеттікті және есеп беру қатынасын таратуымен және берілген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуімен ұйымдық құрылымын қолдайды. |
Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауап береді. |
Басшылық ішкі бақылаудың тиісті әдістемесін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды. |
Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттемелері мыналар болып табылады: |
Басшылық алғашқы сатыдағы тәуекелдерге байланысты анықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа әзірлемелер, өнімдер мен операциялық өзгерістер туралы ішкі аудит қызметін тұрақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудитті штат қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады. |
Ішкі аудит қызметі барлық департаменттерде, банк бөлімшелерінде және қызметтерінде өз еркімен қызметті жүзеге асырады. |
Ішкі аудит қызметінің алынған деректер және бағалау туралы баяндауға және осы ақпаратты банк ішінде жариялауға құқығы бар. |
Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесінің тікелей бақылауында іс-әрекет етеді. |
Ішкі аудит қызметі басшысының тікелей өкілеттігі бар және өз еркімен Директорлар кеңесімен, Директорлар кеңесінің төрағасымен немесе қажет болған жағдайда - әрбір банк оның ішкі аудит қызметі туралы ережесінде айқындалған сыртқы аудиторларымен байланыста болады. Бұл хабардар Қазақстан Республикасының заңдарына және банктің ішкі құжаттарына қайшы келетін банк басшысының шешім қабылдауына қатысты болуы мүмкін. |
Ішкі аудит қызметі тәуелсіз тексерілуге тиіс. Бұл тексеру тәуелсіз жақ ішкі аудитор сияқты жүзеге асырады. |
Объективтілік және бейтараптылық, ішкі аудит қызметі мүдделерінің дауларын болдырмауға тырысатынын білдіреді. |
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін кезең кезеңмен алмастыру қажет. |
Банк ішінде жиналған аудиторларға аудит қызметімен немесе осы банкте соңғы он екі ай ішінде жүзеге асырылған функциялармен айналысуға қажет емес. |
Бейтараптылық ішкі аудит қызметі банк операцияларына немесе таңдауына тартылмауды және ішкі бақылау бойынша шараларды жүзеге асыруды талап етеді. |
Басшылық ішкі бақылау принциптерді сақтауға қатысты нақты мәселелер бойынша ішкі аудит қызметінің пікірін сұратуы мүмкін. |
Тиімділіктің жетістігі мақсатында басшылық қайта ұйымдастыру мәселелерін, қызметтің маңызды мәселелерін қарау, жаңа бөлімшелерді құрған оның ішінде тәуекелдерді бақылау жүйесін, ақпараттарды немесе ақпараттық технологияларды басқару жүйесін құру және қайта ұйымдастыру кезде пікір сұратуы мүмкін. |
Дегенмен, бұл шараларды әзірлеу және іске асыруы басшылықтың жауапкершілігінің соңғы саласы болып қалады: консультативтік функция негізгі міндеттерді немесе ішкі аудит қызметінің жауапкершілігін және тәуелсіздігін орындауға кедергі болмайтын қосымша міндет болып табылады. |
Ішкі аудит қызметінің кейінгі қорытындыларында ішкі бақылауды жақсарту жөніндегі жетіспеушіліктер мен кемшіліктерге және ұсыныстарға қатысты ұсынымдары бар. |
Әрбір ішкі аудитордың кәсіби құзыреті, сондай-ақ оның ынталандыруы және үздіксіз оқытуы ішкі аудит қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажетті талаптары болып табылады. |
Кәсіби құзыреті аудитордың атқару рөлінің сипатын және ақпаратты жинауға, талдауға, бағалау мен байланыста болу қабілетін ескеруімен бағаланады. |
Ішкі аудит қызметі бөлімдердің және еншілес кәсіпорындарының қызметін, сондай-ақ сыртқы мердігерліктерді тартуымен қызметін қоса отырып банк бөлімшелерін тексереді. |
Ішкі аудит және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау енгізеді. |
Ішкі аудит қызметі мыналарды бағалайды: |
Банк меншік капиталын бағалау рәсімдерін тексеру үшін жауапты тұлғаны немесе департаментті айқындайды. |
Ішкі аудит қызметі туралы ереже мыналарды белгілейді: |
Ішкі аудит қызметі туралы ережесін Директорлар кеңесі бекітеді. |
Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде басшылық бастама құқығын ұсынады және ішкі аудит қызметінің қызметкеріне банктің кез келген қызметкеріне тікелей кіруге, кез келген қызметті немесе банктің кез келген бөлімшені тексеруге, сондай-ақ басқару ақпаратты және өз міндеттемелерін орындауға жататын органдардың барлық консультативтік және қабылданатын шешімдердің хаттамаларын қоса отырып кез келген жазбаларды, досьені немесе банктің деректерін алуға рұқсат беріледі. |
Ішкі аудит қызметі туралы ережесінде ішкі аудит қызметі консультациялық қызмет көрсетулерге немесе басқа арнайы тапсырмаларды орындауға тартылуы мүмкін талаптарды көздейді. |
Ішкі аудитке сонымен қатар: |
Ішкі аудит қызметінің басшылығы барлық тапсырылған міндеттерді орындау жоспарын дайындайды. |
Аудит жоспарына ішкі аудит бойынша жоспарланған жұмыстың кестесі мен мерзімділігі жатады. |
Аудит жоспары тәуекелдерге бақылау жасаудың әдістемелік бағасына негізделген. |
Тәуекелдерді басқаруды бағалауда ішкі аудитордың банктің негізгі қызметі мен оған байланысты тәуекелдерді қабылдауы құжаттандырылады. |
Ішкі аудит қызметінің басшылығы тәуекелдерді бағалау әдістемесінің принциптерін жазбаша белгілейді және қызметтің жаңа бағыттарын есепке ала отырып, ішкі бақылау жүйесіндегі немесе жұмыс процесіндегі өзгерістерді көрсету үшін оларды тұрақты түрде жаңартып отырады. |
Тәуекелдерді талдау кезінде қызметтің бағыттары мен банктің бөлімшелері, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесі тексеріледі. |
Тәуекелдерді талдау нәтижелерінің негізінде қызметтің әрбір түріне тән тәуекелдер дәрежесін ескере отырып бірнеше жылға аудит жоспары дайындалады. |
Жоспарда күтілетін әзірлемелер мен инновациялар ескеріледі, әдетте қызметтің жаңа түрлері кезінде тәуекелдің барынша жоғары дәрежесі және ақылға қонымды мерзімде аудитті қамту ниеті қызмет пен бөлімше түрлерінен маңызды. |
Аудит жоспарына арнайы тексерулер, қорытынды шығару мен оқыту сияқты басқа міндеттерді орындауға арналған уақыт жатады. Бұл жоспарға штатты толықтыру мен басқа қажеттіліктерге арналған қажетті ресурстар атап көрсетілген бөлім де кіреді. |
Аудит жоспарын ішкі аудит қызметі жасайды және Директорлар кеңесі бекітеді. |
Аудиттің әрбір міндетін орындау үшін аудит бағдарламасын дайындау қажет. Аудит бағдарламасында аудитті жүргізу мақсаттары жазылады. |
Аудиттің міндеттерді орындауының барлық рәсімдері қорытындыдағы бағалауға акценті бар жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсетілген сәйкес жұмыс құжаттарымен ресімделеді. |
Әрбір тапсырма бойынша жазбаша аудиторлық қорытынды дайындалады. |
Аудиторлық қорытындыда аудиттің мақсаты мен ауқымы баяндалады. Онда сондай-ақ тұжырымдар мен ұсынымдар бар. |
Банк басшылығы ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету керек. |
Ішкі аудит қызметі оның ұсынымдарының орындалуын қадағалайды және корпоративтік тетігіне байланысты банк басшылығына, Директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет есеп дайындайды. |
Ішкі аудит қызметінің басшысы ішкі аудит стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. |
Атап айтқанда, ішкі аудит қызметінің басшысы аудит жоспарын, ішкі аудит қызметі жұмысының бағдарламасын, әдістемелері мен рәсімдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметінің басшысы қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен оларды оқытуды және қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. |
Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі және ішкі аудит қызметінің мақсатына жетуі жөнінде оған кеңес береді, оның ішінде басшылыққа және/немесе директорлар кеңесіне аудит жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат береді. |
Директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің ұйымдастырылуын (қызметкерлерге қатысты тәрізді, басқа қатынастарда да), аудит жоспарын, істелген жұмыс туралы есептерді, ішкі аудит қызметі ұсынымдарының қысқаша мазмұны мен олардың орындалуымен болатын іс жағдайын қарастырады. |
Банк ішкі аудит қызметінің анықтаған жөнсіздіктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға бақылау (қайтадан тексеру жүргізуді қоса отырып); ұсынымдарды орындау және анықталған жөнсіздіктерді жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты ішкі аудит қызметінің жарты жылда кемінде бір рет директорлар кеңесіне, атқарушы органға беру тәртібін белгілейді. |
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және Директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады. |
Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар; |
Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек. |
Комплаенс-бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады. |
Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды: |
Банктік заем операцияларын жүргізу |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі банктің кредит тәуекелдерін шоғырландыруды айқындау мақсатында және шоғырландырылған негізде оның ішінде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақтар бөлшегінде есеп кезеңі ішінде жүргізілген банктік заем операциялар мониторингін тоқсанда кемінде бір рет жүргізеді. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мониторинг жүргізеді және банктің кредит тәуекелі жөніндегі мәліметтерді, оның ішінде заемшылар, экономика салалары, ел/аймақтар бөлшегіндегі шоғырландырылған негізде тоқсанда кемінде бір рет басқармаға және жартыжылда кемінде бір рет Директорлар кеңесіне ұсынады. |
Директорлар кеңесі қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңіне кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдерін бекітті. |
Кредит тәуекелін өлшеу және болжамды бағалау рәсімдері, оның ішінде мынадай параметрлерді енгізетін кредит тәуекел модельін пайдалануды көздейді: кредит тәуекелі туындаған кезде шығыс (шығын) деңгейі, кредит тәуекелінің саты бойынша активтерді тарату, кредит тәуекелінің деңгейі бойынша активтерді тарату өзгеру болжамы, әртүрлі активтер кредит тәуекелдерінің өзара байланысы, кредит тәуекеліне байланысты қабылданған міндеттемелері бойынша тәуекелдің ықтимал мөлшерінің болжамы, кредит тәуекелінің саты бойынша банктің кредит тәуекеліне байланысты салаларды және елдерді бөлу, жоғарыда көрсетілген кредиттік тәуекел моделінің параметрлері бойынша есептер дайындау. |
Кредит тәуекелінің ранжирлеу саясаты, оның ішінде мыналарды көздейді: |
Ішкі кредит талдауының саясаты, оның ішінде мыналарды көздейді: |
Ішкі кредиттік талдау рәсімі мыналарды көздейді: |
Кредиттік талдау рәсімі мыналарды айқындайды: |
Сақтандыру тәуекелін бағалау саясаты мыналарды айқындайды: |
Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамсыздандырылған немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну |
Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша банктің кредит саясаты мыналарды көздейді: |
Тәжірибелік-құрылғы мен құрылыс жобасы және аяқталған коммерциялық объектілер бойынша кредит саясаты мыналарды көздейді: |
Ескеруге қажетті сұрату мен ұсынымдар рыноктық факторларына (басқалар арасынан) мыналар жатады: |
Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің барлық сәйкес факторларын көрсетеді: |
Стандарттар мынадай сәттерді қамтиды: |
Жылжымайтын мүлік портфелі бойынша кредиттік басқару тәртібінің құрамында мыналар бар: |
Банк әзірлеушінің құрылыс жобасын аталған құн мен мерзім шегінде аяқтау қабілетіне баға береді. Банк құрылыс жобасының сәтті аяқталу мүмкіндігін бағалау кезінде мынадай тәуекелдерді ескереді: |
Банктің құрылысты қаржыландыру жобасы бойынша кредиттік досьесінде мынадай құжаттар болуы тиіс: |
Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуге баға беру кезінде банктер пайдаланатын критерийлерге банктің кредиттік саясатын анықтайтын ішкі құжаттарының реті алынады. |
Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуге баға беруге қатысты ішкі құжаттарда мыналар болады: |
Баға беру: |
Қамтамасыз етуді қайта бағалау тәуелсіз бағалаушыны тарта отырып, қамтамасыз ету құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 000 (жүз мың еселенген) мөлшерінен асатын баламалы сома болатын жылжымайтын мүлікпен байланысты қарыздар бойынша жүзеге асырылады. |
Банк қайта бағалау қорытындысы бойынша кредиттің жіктелуін және ол бойынша провизия мөлшерін қайта қарайды. |
Қайта бағалау мына жағдайларда жасалмайды: |
Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар бойынша қамтамасыз етуді қайта бағалау кезінде банктер пайдаланатын критерийлер банктің кредиттік саясатын анықтайтын ішкі құжаттарымен реттеліп отырады. |
Қаржы құралдарымен операциялар жүргізу |
Қаржы құралдарын сатып алу/сату операцияларын басқару жөніндегі ішкі саясаты былайша реттеледі: |
Банк басқа рыноктық операциялардан жекеше сауда операцияларына өңдеу жасайды. |
Банк баға жөніндегі тәуекелге душар болған, сонымен бірге еншілес ұйымдарды ескере отырып, шоғырландырылған негізде баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша тәуекелдерді және кірістерді/шығыстарды қадағалайды. |
Банк шұғыл биржалық операцияларды қайта бағалау негізінде кірістерге/шығыстарға күн сайын баға береді. |
Банк ағымдағы рыноктық бағасы жоқ немесе банктің математикалық моделдерімен анықталған есеп айырысу бағасы жоқ қаржы құралдарын қаржы құралдары портфелінен алып тастайды. |
Банк тұрақты түрде әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен операциялардан түскен кірістерге/шығыстарға баға береді. |
Банктің Директорлар кеңесі тәуекелді ескере отырып, қаржы құралының құнын анықтау рәсімдерін бекітті. |
Банк қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделін және ағымдағы бағаларды рыноктық ету негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестер (stress-testing) және бэк-тестер (back-testing) өткізеді. |
Банк қаржы құралдарымен операциялар жасауға шешімдер қабылдау кезінде тәуекелді бағалаудың және тұрақты стресс-тесттердің (stress-testing) қорытындысын пайдаланады. |
Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар алқалы орган қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттерінің диапазонын белгілейді. |
Ішкі аудит қызметі stop-loss лимиттерін белгілеу ережелерінің дұрыс қолданылуын тексереді. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары рыногының аумағы мен серпінділігіне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттердің қаржы құралдары бойынша тепе-теңдігіне талдау жасайды. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсан сайын бір реттен кем емес деңгейде еншілес ұйымдарда ақшаны басқару және банктің еншілес ұйымдарындағы активтерін және міндеттемелерін басқару мониторингін шоғырландырылған негізде жүргізеді. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциясы және өкілеттігі бар алқалы орган тұрақты түрде тоқсанына бір реттен кем емес өтеу мерзімі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін анықтайды. |
Сыйақы мөлшерлемесінің деңгейлері тәуекелі жоғары күмәнді және үмітсіз активтер үлесі, меншікті капитал мен провизиялар мөлшері, мерзімсіз депозиттер үлесі сияқты факторлардың әсерін ескере отырып жасалады. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциясы және өкілеттігі бар алқалы орган проценттік тәуекел мониторингін, проценттік тәуекел көздерін (айырмашылық өтеу мерзімінде, заемдық капитал рыногының мөлшерлемесінде, қатарға қосылған опциондарда) жүзеге асырады. |
Директорлар кеңесі валюталық бағамдардың өзгеруіне жасалған талдауға сәйкес валюталық позициялар бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі саясатты бекітті. |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналарды жүзеге асырады: |
Басқарма: |
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жылына бір рет стресс-тестлеу өткізеді және оның нәтижесін тәуекелді қабылдау кезінде стратегиялық шешімдер көруге және тәуекелдерді бақылауға пайдаланады. |
Банк туынды құралдардың мәмілелерінің немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес валюталық тәуекелді тепе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады; |
Директорлар кеңесі ашық валюталық позициялар бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позиция лимиттерін анықтайды. |
Екінші деңгейдегі банктерде
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйелерінің болуына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 9-қосымша
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
«____________________________________» «_____» жылғы
банктің атауы
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуына
нұсқаулық талаптарының критерийлерін орындау жөніндегі есебі
№ |
Нұсқаулықтың тиісті жолдың атауы |
Ішкі құжаттардың тізбесі (құжаттың деректемелері және осы құжатты бекіткен орган) |
Талап критерийін орындау бойынша өткізілген процедуралардың тізбесі |
Банктің Нұсқаулық талабының критерийіне сәйкес келуінің бағасы |
Банк ескертуі |
|
Талаптар |
Талаптардың критерийлері |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуінің бағасы: _______________
Банктің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
________________ ______________
қолы күні
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
________________ ______________
қолы күні
Ішкі аудит қызметінің басшысы
________________ ______________
қолы күні
Комплаенс-офис басшысы
________________ ______________
қолы күні
Кестені толтырудың түсініктемесі:
Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін бағалау: сәйкес келеді, ішін ара сәйкес келеді, сәйкес келмейді критерийлерінің үш баллды жүйесі бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
1. «Сәйкес келеді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін елеулі кемшіліксіз орындаған жағдайда беріледі.
2. «Ішінара сәйкес келеді» деген баға банктің нақты талап критерийін сақтауына жету қабілеттілігіне қатысты күмәннің туындауына жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде беріледі.
3. «Сәйкес келмейді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін орындамаған кезде беріледі.
4. Егер Нұсқаулық талаптарының жекелеген критерийлері банкке қатысты қолдануға болмайтын болса, осы талап критерийіне сәйкес келуіне бағалау жүргізілмейді және «қолданылмайды» деген тиісті жазбамен белгіленеді.
5. «Банк ескертуі» деген бағанда «ішін ара сәйкес келеді» және «қолданылмайды» дегендердің негіздемелері мен себептері берілуі тиіс.
6. 6-бағаннан басқа барлық бағандарды толтыру міндетті болып табылады.
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 10-қосымша
Ескерту. 10-қосымшамен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Кредиттік тәуекел мониторингінің матрицасы
1-кесте. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз ету құнының несиелік портфельге қатынасы
Нақты көрсеткіштер |
Стресс-тест: |
Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі |
Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады) |
Комментарийлер |
||
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2-кесте. Жіктелген активтер (банкаралық заемдарды қоспағанда) және жұмыс істемейтін кредиттер
1. Төлемдері 90(тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттердің несиелік портфельге қатынасы
Нақты көрсеткіштер |
Стресс-тест: |
Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі |
Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады) |
Комментарийлер |
||
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
2. Жіктелген кредиттер бойынша (банкаралық кредиттерді қоспағанда) шығындарды жабуға арналған провизиялардың несиелік портфельге қатынасы
Нақты көрсеткіштер |
Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі |
Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау |
Комментарийлер |
||
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3. Несиелік портфель бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялардың жұмыс істемейтін кредиттерге қатынасы
Нақты көрсеткіштер |
Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі |
Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау |
Комментарийлер |
||
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
4. Қайта құрылымдалған кредиттердің (заемшының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты шарттың бастапқы талаптары өзгертілген кредит) несиелік портфельге қатынасы
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
Мерзімі өткен қайта құрылымдалған кредиттердің жалпы сомасы (теңгемен) |
Келесі есепті тоқсандағы өсуі немесе төмендеуі туралы банктің болжамы. Назарға алынған факторлар |
Банк басқармасының бағалау бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағаның құбылуын қайта құрылымдалған кредиттердегі өзгерістермен сипаттау |
Комментарийлер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
5. Бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасы
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит |
Мерзімі 90 (тоқсаннан ) астам күнге өткен бланктік кредиттердің үлесі |
Бесінші санаттағы күмәнді және үмітсіз деп жіктелген бланктік кредиттердің үлесі |
Банк басқармасының келесі тоқсандағы бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасын бағалауы |
Коэффициенттің өсуі немесе төмендеуінің себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Қабылданған шешімдердің матрицасы
№ |
Бұзушылық |
Бұзушылықтың туындауына әкелген себептер |
Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар |
Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі |
Банкке кері әсері |
Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөніндегі директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі |
Бұзушылықты жою мерзімі |
Қайта қаралған мерзімдер |
Бұзушылықты жою күні |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Кредиттік тәуекелді бағалау матрицасы
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістермен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Өсуі жоспарланды. |
Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден асады. Белгілі дәрежеде өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейден асып кетеді. |
Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден елеулі дәрежеде асады. Өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейлер ден асып кетеді. Өсуі жаңа өнімдер немесе қала сыртындағы заемшылар бойынша байқалуы мүмкін. |
Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылған. |
Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылмаған. |
Банк кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға елеулі дәрежеде тәуелді болады. |
Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеулі болып табылады. |
Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы орташа болып табылады. |
Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеусіз болып табылады. |
Пайыздық ставкалар тәуекелге сәйкес белгіленеді, сыйақылар теңдестірілген. |
Кредиттер бойынша пайыздар тәуекел дәрежесіне сәйкес белгіленеді, бұл ретте тәуекел арасында елеусіз сәйкессіздіктер орын алады. |
Кредиттер бойынша пайыздық ставкалар белгіленген кезде тәуекел ескерілмейді. |
Кредиттеу саясаты кепілге қойылатын консервативті талаптарды қамтиды. Кепілдікті бағалау уақтылы жүргізіледі және жеткілікті болып табылады. |
Кредиттеу саясаты кепілге құптауға болатын талаптарды қамтиды. Банк қолданатын тәжірибе осы саясаттардан орташа ауытқуларға әкеледі. Кепілдіктің бағалауы жеткіліксіз болып табылады немесе барабар емес қорғауын көрсетеді. |
Кепілдікке жеңілдетілген талаптар қойылады, егер саясат консервативті талаптарды қамтитын болса, елеулі ауытқулар орын алады. Кредит бойынша қамтамасыз ету жеткіліксіз болып табылады, кепілдікті бағалау сирек жүргізіледі немесе барабар емес қорғауын көрсетеді. |
Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар азын-аулақ болады және шығындар пайда болу тәуекеліне барынша аз әсерін тигізеді. |
Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі орташа болады, бірақ ауытқулар уақтылы түзетіледі де, әдеттегідей банк елеулі шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырамайды. |
Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі елеулі болады. Саясаттан ауытқулар уақтылы жойылмайды, ал банк жоғары шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырауы мүмкін. |
Банк портфелі жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және оның ірі шоғырлануы жоқ. Шоғырландырылған талаптардың әдеттегідей өзара байланысы жоқ. Шоғырланулар ішкі лимиттерге сәйкес келеді. |
Банк портфелінің азын-аулақ шоғырлануы бар, бұл ретте шоғырланулардың өзара байланысы жоқ. Шоғырлануы нормаларға сәйкес келеді, бірақ лимиттерге жақындауы мүмкін. |
Банк портфеліндегі шоғырлану елеулі болып табылады. Осы талаптар бір бірімен байланысты болуы мүмкін немесе портфельде орташа шоғырлану болуы мүмкін. Шоғырлану деңгейі ішкі лимиттерден асады. |
Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар азын-аулақ. |
Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар орташа. |
Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар елеулі. |
Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі жоғары. Провизиялар бойынша шығыстар тұрақты. |
Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі орташа, бірақ провизиялар бойынша шығыстарды ұлғайту қажет болуы мүмкін. |
Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі төмен. Кредиттер бойынша шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін арнайы провизиялар құру қажет болуы мүмкін. |
Тоқсандағы және бір жылғы кірістер кредиттік шығындардан (үмітсіз кредиттерден) көп артық. |
Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу орташа болып табылады. Жыл сайынғы кірістер тепе-тең жабуды қамтамасыз етеді, бірақ тоқсандық жабу шамалы шиеленісушілікті көрсетеді. |
Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу төмен болып табылады. Тоқсандық және жылдық кірістер барынша аз немесе барабар емес жабуды қамтамасыз етеді. |
Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты. |
Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді. |
Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, бұл ретте үрдісі тез өсіп келеді. Деңгейі банкпен белгіленген лимиттен асады. |
Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты. |
Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді. |
Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, үрдісі тез өсіп келеді. |
Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың төмен пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді. |
Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді. |
Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың жоғары пайызын немесе кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды, бұл ретте үрдістер тез көтеріледі немесе кредиттер санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктеледі. |
Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы төмен болып табылады. |
Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы орташа болып табылады. |
Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы жоғары болып табылады. |
Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігі алаңдатушылықты туғызбайды не шамалы ғана алаңдатады. |
Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты шамалы алаңдатушылықты туғызады. |
Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты елеулі алаңдатушылықты туғызады. |
Кредиттік тәуекелді бақылау матрицасы
Процессті ұйымдастыру элементтері |
Күшті |
Қабылдауға болатын |
Әлсіз |
Кредиттік тәуекелді басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу) |
Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар банктің тәуекелге консервативті тәбетіне сәйкес келтіріледі және кредиттердің сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансты қамтамасыз етеді. Жаңа өнімдер мен бастамаларды енгізу процесстері олар енгізілгенге дейін пысықталған, тестіленген және бекітілген. |
Стратегиялық және (немесе) бизнес–жоспарлар банктің тәуекелдерге орташа тәбетіне сәйкес келтіріледі. Кіріс алуға ұмтылу шамалы жоғары тәуекелі бар мәмілелерге әкелуі мүмкін. Жалпы кредиттер сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансы бар. Жаңа өнімдер мен бастамалар жеткілікті тестілеусіз енгізілуі мүмкін, бірақ тәуекелдер жақсы сәйкестенеді. |
Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар тәуекелдердің шектен тыс деңгейлерін қабылдауға ықпал етеді. Қызметін жоспарлған кезде кірістерге ұмтылу басым болады. Банк алдын ала жеткілікті сараптама жасамастан жаңа өнімдермен және бастамалармен айналысады. |
Кредиттік саясат |
Кредиттік саясат банктің кредиттеу саласындағы стратегияны, қабылдауға болатын тәуекелдерді деңгейін, сондай-ақ кредиттерді беру және мақұлдау және тәуекелдерді таңдау стадарттарын анықтайды. |
Саясаттары негізінде барабар келеді. Кейбір бағыттарда саясаттың және рәсімдерінің жетілдіру қажет болуы мүмкін, бірақ жалпылама жетілдіру сыни болып табылмайды |
Саясаттарында кейбір кемшіліктер бар және бір немесе бірнеше бағытта жетілдіруді талап етеді. |
Директорлар кеңесі мен Басқарма |
Басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды. |
Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдің мониторингі мен бақылауды барабар жүргізеді, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді. |
Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді басқарудың қанағаттанарлық процесінің болуын қамтамасыз етпейді. Кредиттік тәуекелді басқару саясаты мен процедуралары барабар болып табылмайды, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілеттілігін танытпайды. |
Кредиттік комитет |
Басқарма банктің қызметін тиімді басқарады. Кредиттік комитеттің мүшелері, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін жеткілікті білімі бар. Жауапкершілік және есеп беру саласы бөлінген, бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады. |
Басқарма қабылданатын тәуекелді барабар басқарады, бірақ бір немесе бірнеше бағытта жақсартуға жетуге болады. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің жалпы қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін қажетті білімдері бар, бірақ бір немесе бірнеше бағыт бойынша қосымша білім қажет болуы мүмкін. |
Басқарма банк қызметін барабар басқармайды. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін білімі және (немесе) тәжірибесі жеткіліксіз. Жауапкершілік пен есеп беру желісі нақты емес болуы мүмкін. Себептерді, проблемаларды шешу үшін түзету шаралары жеткіліксіз болып табылады. |
Банктегі кредиттік тәуекелді бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау саласындағы банктің процедуралары |
Саясатта және ілеспелі ішкі құжаттарда сипатталған қолданылатын кредиттік тәуекелді басқару әдістемелерінің және процесстерінің барабарлығына тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Басқарма банктің кредиттік портфелі сапасындағы жағымсыз үрдістерді, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан болып тұратын жағымсыз үрдістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді. |
Басқарманың кредиттік портфельдің сапасындағы жағымсыз үрдістерін анықтау және белгілерге, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан туындаған белгілерге барабар әрекет ету үшін барабар жүйесі бар. |
Басқарма кредиттік портфель сапасында пайда болған жағымсыз үрдістерге барабар әркет етпейді. Директорлар кеңесі кредиттік портфель сапасындағы жағымсыз үрдістерге мониторинг жүргізуді және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма проблемаларды шешуде қабілетсіздігін танытты. |
Кредиттерді беру және мақұлдау саясаты |
Банк жеке де, жиынтығында портфель деңгейінде де кредиттерді беру және мақұлдау саясатынан елеулі ауытқуларын тиімді анықтап, қадағалайды және ол туралы есеп береді. |
Банк әрбір заем бойынша жеке кредиттерді беру және мақұлдау сасатынан елеулі ауытқуларды анықтайды, қадағалайды және олар туралы есеп береді. |
Банк саясаттан елеулі ауытқуларын растайды, бірақ олар бойынша жеке негізде немесе жиынтығында портфель деңгейінде есеп бермейді, және (немесе) олардың портфель сапасына ықпалын талдамайды |
Кредиттік талдау |
Кредитті талдау кредитті беру сәтіне де, оны бекіткеннен кейін де егжей-тегжейлі және уақтылы болып табылады. |
Кредитттік талдау тиісінше негізгі тәуекелдерді анықтап, ыңғайлы мерзімде жүргізіледі. |
Кредиттік талдау жеткіліксіз, негізгі тәуекелдер барабар есепке алынбайды. Кредиттік деректер уақтылы тексерілмейді. |
Кредиттік тәуекелді бағалау кезінде пайдаланылатын модельдер. |
Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері нақты және уақтылы болып табылады. Ішкі модельдер кредиттік тәуекелді, проблемалық тәуекелдер бойынша да, рейтинг алған кредиттер бойынша да сапасы бойынша бөледі. |
Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері барабар болып табылады. Бір немесе бірнеше бағыты жақсартуды талап етеді, дегенмен, ішкі модельдер проблемалық кредиттерді және сапасының нашарлауы байқалатын кредиттерді барабар анықтайды. Ертерек алдын алуды қамтамасыз ету үшін рейтинг бөлу аясын кеңейту: тәуекелдерді бағалау негізінде баға белгілеу немесе капиталды бөлу қажет болуы мүмкін. Модель нарықтық жағдайға және банктің жағдайына барабар келуіне жүйелі қайта қаралады және қажет болған жағдайда түзетіледі. |
Тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері жеткіліксіз болып табылады және жетілдіруді талап етеді. Проблемалық кредиттер барабар анықталмауы мүмкін, тәуекелді көрсетуде бұрмалану мүмкіндігі бар. Ертерек алдын алу (кредиттер бойынша ставкаларды белгілеу, кредиттер бойынша провизияларды (резервтерді) құру, капиталды бөлу) мақсаты немесе өзге мақсат үшін рейтингі бар кредиттер бойынша тәуекелді бөлу үшін рейтингтерді бөлістіру жеткіліксіз. Бұл модельдер қажеттілігіне қарай қолданылады. |
Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат. |
Басқару ақпарат жүйесі кредиттік портфель жөнінде бара және уақтылы ақпаратты береді. Директорлар кеңесі және басқарма банктегі кредиттік тәуекелдің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді. |
Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. |
Басқару ақпарат жүйесінің назар аударуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Портфельдік тәуекел туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Нәтижесі ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті және жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін. Ауытқулар туралы есептілік жетілдіруді қажет етеді. Басқару ақпарат жүйесі арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етпеу мүмкін. |
Портфельді әртараптандыру |
Әртараптандыруды басқару белсенді және тиімді. Шоғырландыру бойынша лимиттер қабылдауға болатын деңгейлерде белгіленеді. Банк тәуекелдердің шоғырлануын анықтайды және олар бойынша бойынша есептілікті береді және тәуекелді шектеу, қысқарту немесе өзгеше төмендету бойынша шаралар қабылдайды. |
Әртараптандыруды басқару жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ барабар болып табылады. Тәуекелдердің шоғырлануы анықталып, есептерде көрсетіледі, бірақ лимиттерге немесе өзге шекті мәндеріне жетпеуі мүмкін. Басқарма жекелеген заемдар деңгейінде шоғырлануды шектеу немесе төмендету бойынша шаралар қабылдайды, бірақ портфель деңгейінде шарлар болмауы мүмкін. |
Әртараптандыруды басқару белсенді емес немесе жоқ. Банк, тәуекелдердің шоғырлануын анықтамауы мүмкін, немесе оларды анықтайды, бірақ барабар емес шараларды қабылдайды немесе тәуекелді шектеу немесе төмендету бойынша шараларды қабылдамайды. Басқарма тәуекелдердің арасындағы байланысты түсінбейді. Шоғырлану лимиттері, олар бар болған жағдайда бұзылады не оларды өсіру жағына қайта қаралады. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді болып табылады. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес немесе жоқ. Жоспар болуы мүмкін, бірақ банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермеу мүмкін, осыған байланысты барабар емес болып табылады. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін. |
Ішкі аудит қызметі |
Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен кредиттік тәуекелді басқару процестерінің, олардың кредиттік саясаттарға және процедураларға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі тексеруін жүргізеді, кредиттік басқару, ішкі кредиттік рейтинг жүйесінің нақтылылығын, сондай-ақ кредиттердің мониторингі тәртібін анықтау процесін бағалайды. |
Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен және ішін ара кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі саясатта сипатталған процесстердің ішкі тексерулерін жүргізеді. |
Ішкі аудит қызметі банк операцияларын жүргізген кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде кредиттік тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды формальді түрде тексереді. Банктегі кредиттік тәуекелді басқару жүйесіне қатыспайды. |
Жалпы қорытындылары:
Кредиттік тәуекелді бақылау сапасын бағалау |
Кредиттік тәуекелді бағалау деңгейі |
||
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Жиынтық кредиттік тәуекел |
|||
Күшті |
Төмен |
Төмен |
Орташа |
Қабылдауға болатын |
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
Әлсіз |
Орташа |
Жоғары |
Жоғары |
Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Кредиттік тәуекелді басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
Орташа – банктегі кредиттік тәуекелді басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Ол стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте кредиттік тәуекелді басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
Жоғары – банкте әлеуетті кредиттік тәуекелді анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін кредиттік тәуекелді тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының бұзушылығы жүйелі байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухагалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Кредиттік тәуекелді басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менджементі тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.
Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға) ______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) (күні)
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
_____________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) (күні)
Орындаушы:_________________________ _________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы).
Екiншi деңгейдегi банктерде
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 11-қосымша
Ескерту. 11-қосымшамен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 263 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.
Өтімділік тәуекелі мониторингінің матрицасы
1-кесте. Активтердің құрылымы (теңгемен)
Атауы |
Есептік тоқсан |
Жалпы активтерден үлес, пайызбен |
Алдыңғы тоқсан |
Жалпы активтерден үлес, пайызбен |
Банктің құжаттарында белгіленген лимиттер |
Активтер барлығы |
х |
||||
Қолма-қол ақша |
х |
||||
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қаражат |
|||||
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар |
|||||
Бағалы қағаздарға инвестициялар |
|||||
«РЕПО» операциялары |
|||||
Байланысты заңды тұлғаларға инвестициялар |
|||||
Клиенттерге заемдар |
|||||
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (банк ғимараттары) |
|||||
Өзге активтер |
2-кесте. Коэффициенттерді талдау:
1. Есебі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес белгіленетін он ірі депозиттердің/өтімді активтердің салым сомасының қатынасы
Нақты көрсеткіштер |
Банктің бағасы |
|||
Есепті тоқсан, пайызбен |
Алдынғы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер, пайызбен |
Банк басқармасының бір айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі |
Банк басқармасының үш айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Көрсеткіштер |
Есептік тоқсан, пайызбен |
Алдындағы тоқсан, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер |
Өтімді активтердің қатынасы/ барлық активтер |
|||
Өтімді активтердің қатынасы/депозиттердің жиынтығы |
|||
Кредиттердің қатынасы/депозиттер |
|||
Кепіл ретінде қолданылатын банк активтері (ауыртпалық салынған)/ барлық активтер |
3-кесте. Міндеттемелер құрылымын талдау (қаражат көзі), мың теңге:
Атауы |
Есептік тоқсан |
Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен |
Алдынғы тоқсан |
Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен |
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер |
Депозиттер барлығы |
х |
||||
Ағымдағы шоттар |
|||||
Мерзімді салымдар |
|||||
Талап етілгенге дейінгі салымдар |
|||||
Жергілікті банкаралық нарықтағы қарыз алулар |
|||||
Шетелдік қарыздар |
|||||
Банктің меншікті бағалы қағаздары |
|||||
Байланысты тұлғалардан алынған заемдар |
|||||
Реттелген борыш |
|||||
4-кесте. Қаржыландыру көздері, мың теңге:
Атауы |
7 күн |
30 күн |
60 күн |
90 күн |
180 күн |
Астам |
Ақша қаражаты |
||||||
Ағымдағы шоттар |
||||||
Депозиттер |
||||||
Ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар |
||||||
Өтеу кестесіне сәйкес кредиттер бойынша төлемдер |
||||||
Активтерді сату (секьюритилендіру, «РЕПО» операциялары және басқалар) |
||||||
Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалардан алынған қаржыландыру көздері |
||||||
Аталған қаржыландыру көздерінен алынған соманың барлығы |
5-кесте. Міндеттемелер бойынша төлемдер (қаражатты қолдану), мың теңге:
Атауы |
7 күн |
30 күн |
60 күн |
90 күн |
180 күн |
Астам |
Депозиттердің/алып алудың мерзімі өтуі |
||||||
Өзге борыштың мерзімі өтуі |
||||||
Банкпен айрықша қатынастағы тұлғаларға төлемдер |
||||||
Баланстан тыс міндеттемелер |
||||||
Кредиттерді беру бойынша міндеттемелер |
||||||
Кредиттік желілер |
||||||
Туынды қаржы құралдары |
||||||
Төлемдердің барлығы |
Қолданылған қаражаттың мөлшері өтімділікті қажет етуді қамтамасыз ету бойынша кез келген уақыт кезеңінде қаражат көзінен асқан жағдайда, банктің іс-әрекеті.
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспарының негізгі сәттері.
Банкте өтімділікке әсер ететін валюталық тәуекел бар болған жағдайда, 5-кестенің нысаны бойынша шетел валютасындағы қаражаттың көздері мен оны қолдану жөніндегі ақпаратты беру.
Қабылданған шешімдердің матрицасы
№ |
Бұзушылық |
Бұзушылықтың болуына әкелген себептер |
Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар |
Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі |
Банкке жағымсыз әсері |
Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі |
Бұзушылықты жою мерзімі |
Қайта қаралған мерзімдер |
Бұзушылықты жойған күні |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Өтімділік тәуекелін бағалау матрицасы
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
Қаржыландыру көздері шектеулі емес және бәсекелестікке қабілетті артықшылықты береді. |
Тиімді өтімділік мүмкіндігін беретін жеткілікті қаржыландыру көздері бар. |
Қаржыландыру көздері мен міндеттемелер деңгейі ұзақ мерзімді өтімділікті басқаруда ағымдағы және келешектегі қиындықтарды көрсетеді. |
Қаржыландыру көздері әртараптандырылған. Көтермен қаржыландыру көздеріне немесе басқа сезімтал қаржыландыру көздеріне тәуелді емес немесе шамалы ғана тәуелділігі бар. |
Жалпы қаржыландыру көздері әртараптандырылған, бірақ қаржыландыру көздер санының аздығы байқалады. Елеулі шоғырлану жоқ. Көтерме қаржыландыру көздерінен орташа тәуелділігі бар. |
Заемдар бірнеше көзде, жалпы инвестициялық мақсаттары бар көздерде шоғырлануы мүмкін көтерме қаржыландыру көздеріне елеулі тәуелділігі байқалады. |
Өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру қабілеті жоғары, және банктің осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тұрақты беделі бар. |
Банктің өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру әлеуетті қабілеті бар, бірақ осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тәжірибесі аз. |
Банк өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру бойынша төмен қабілетін немесе әлеуетін танытады. |
Енгізілген опциондар бойынша көтерме міндеттемелердің көлемі аз. |
Кейбір көтерме қорлардың енгізілген опциондары бар, бірақ олардың әлеуетті ықпалы шамалы. |
Көтерме қорлардың материалдық көлемдерінің енгізілген опциондары бар. Олардың әлеуетті эффектісі зор |
Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына ұшырамайды. |
Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына аса тәуелді болмайды. |
Банктің өтімділік құрылымы нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты болатынын көрсетеді. |
Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы күшті. |
Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы барабар. |
Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы жеткіліксіз немесе жоқ. |
Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі шамалы. |
Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі басқаруға келеді. |
Міндеттемелердің жоғары құнына немесе активтердің жоспарсыз төмендеуіне байланысты әлеуетті капиталды (пайданы) жоғалту тәуекелі елеулі болуы мүмкін. |
Өтімділік тәуекелін бақылау матрицасы
Процессті ұйымдастыру элементтері |
Күшті |
Қабылдауға болатын |
Әлсіз |
Өтімділікті басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу) |
Ішкі құжаттарда сипатталған өтімділікті басқару процесстерін оңтайландыруы тұрақты негізде (банктің сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне қарай) жүргізіледі. Процессі банктің стратегиясын, бизнес–жоспарын, тәуекелдер мен басқа технологиялық процесстерді басқару бойынша саясатты әзірлеумен байланысты болады. |
Кезеңдік негізде жүргізіледі, банк өтімділігін басқарудың ерекшелігін ескеретін ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтиды. Өтімділік деңгейін басқару және бақылау саласындағы саясат оны іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етуін білдіретін стандарттарды және нұсқаулықтарды қамтитын ішкі құжаттармен қамтамасыз етілген. |
Уақыт уақытымен жүргізіледі және өтімділік деңгейін басқару және бақылау процедураларын сипаттайтын ішкі құжаттардың әзірлеуі мен бекітуін қамтиды. |
Директорлар кеңесі мен Басқарма |
Басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтап, бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен банк басқармасы тәуекелдің басқаруына белсенді қатысады және тиісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсінеді, талдайды және бекітеді. |
Жалпы Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің мониторингін және бақылауын барабар жүзеге асырады, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді. Басқарма тиімді жұмыс істейді, өтімділік тәуекелін анықтайды және әрекет етеді. |
Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың қанағаттанарлық процессінің болуын қамтамасыз етпейді. Өтімділік тәуекелін басқару саясаттары мен процедуралары барабар емес, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілетін танытпайды. Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін толығымен түсінбейді немесе елемеуге тырысады. Басқарма нарықтық өзгерістерді алдын ала болжамайды және оған қарсы уақтылы және қажетті шараларды қабылдамайды. |
Өтімділік тәуекелін басқару саясаты |
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді тиімді регламенттейді. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына қатысты уақтылы және жеткілікті ақпаратты алады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері ықпалын төмендетуге бағытталған. |
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді барабар регламенттейді. Аздаған кемшіліктер болуы мүмкін. Директорлар кеңесіне ұсынылатын кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. |
Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат барабар емес немесе құзырлы емес. Саясаттың бір немесе екі маңызды параметры бойынша кемшілігі бар. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына мониторинг жүргізуге және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма өзінің проблемаларды шешу қабілеттілігін танытпайды. |
Өтімділік тәуекелін бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау процесін регламенттейтін ішкі құжаттар |
Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады. |
Жалпы өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады. |
Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімсіз болып табылады. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін. |
Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес, өйткені банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермейді немесе болмауы мүмкін. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін. |
Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат |
Басқару ақпарат жүйесі өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы уақтылы және барабар ақпаратты береді. |
Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етеді, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі тәуекелдің шоғырлану нүктесі мен өсуін барабар белгілейді және уақтылы, нақтылы және тиімді ақпаратты ұсынады. |
Басқару ақпарат жүйесінің назар салуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Соның салдары ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті немесе жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін. |
Өтімділіктің жағдайын бағалау және жоспарлау үшін қолданылатын ақпарат |
Банк балансында көрсетілетін банк операцияларына ілесіп жүретін өтімділік тәуекелін өлшеуге мүмкіндік беретін ақпаратты жүйелер мен аналитикалық процедураларды пайдаланады. |
Қажетті ақпарат ақпараттық базаларда сақталады, божамдау процесіне қатысатын қызметкерлерге қажетті көлемде қол жетімді болады. |
Жекелеген қызметкерлерге қол жетімді, банк өтімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін тек нақты ақпарат қана пайдаланылады. |
Банктегі өтімділік тәуекелі басқарудың әр кезеңіндегі қызметті автоматтандыру деңгейі |
Ақпараттық технологиялар бизнес-процесстерге енгізілген, банк жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, оларды толығымен автоматтандырған |
Клиенттердің шоттарына(н) қаражаттың алынуының (келіп түсуінің) болжамды мәндерін алу, активтерді өтеу және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін математикалық және статистикалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдерді қолданады. |
Жұмыс стандартты офистік Microsoft қосымшалары арқылы жүргізіледі. Жасалған операциялардың есебін жүргізу жүйесі бар. |
Ішкі аудит қызметі |
Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажетті тәжірибесі мен дағдылары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды. |
Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды. |
Ішкі аудит қызметі өз қызметінің барысында банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін қарамайды. |
Жалпы қорытындылар:
Өтімділік тәуекелін бақылау сапасын бағалау |
Өтімділік тәуекелін бағалау деңгейі |
||
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
|
Жиынтық өтімділік тәуекелі |
|||
Күшті |
Төмен |
Төмен |
Орташа |
Қабылдауға болатын |
Төмен |
Орташа |
Жоғары |
Әлсіз |
Орташа |
Жоғары |
Жоғары |
Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтайды және бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Өтімділік тәуекелін басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
Орташа – банктегі өтімділік тәуекелін басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Өтімділік тәуекелін басқару стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте өтімділік тәуекелін басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
Жоғары – банкте әлеуетті өтімділік тәуекелін анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының жүйелі бұзушылығы байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Өтімділік тәуекелін басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менеджменті тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.
Бірінші басшы (не оның орнындағы тұлға) ______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) (күні)
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
______________________________________ _________ ________
(тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы) (күні)
Орындаушы:_________________________ _________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы).