Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Екiншi деңгейдегi банктер қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 30-қыркүйектегi N 359 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3925 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi Нұсқаулыққа:
1-тармақтағы "мен банктiк топтардың", "және банктiк топтарда" деген сөздер алып тасталсын;
5 және 6-тармақтардағы ", банктердiң орындауы үшiн мiндеттi болатын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы Нұсқаулықпен белгiленген талаптар критерийлерiн орындау жөнiндегi есеп уәкiлеттi органға Осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанда берiледi.
Осы Нұсқаулықтың талаптар критерийлерiне сәйкестiгiн уәкiлеттi орган анықтайды.
Егер "сәйкестiлiктi" бағалау үлесi талап ету критерийлерi санының 80 және одан артық пайызы болған жағдайда, ал "сәйкессiздiктi" бағалау үлесi - 10 немесе одан төмен пайыз болған жағдайда, банк осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес деп танылады және осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген есеп берiлген күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тәуекелдi басқару жүйесiн ұйымдастыру және iс-шараларды орындаудың нақты мерзiмi қойылған iшкi бақылау жасаудағы анықталған кемшiлiктердi жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын келiсу үшiн уәкiлеттi органға бередi.
Өзге жағдайларда банк осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейдi деп танылады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ықпал ету шаралары және/немесе шектеулi санкциялар қолданылуы мүмкiн.
Осы Нұсқаулық талаптарының банк орындаған критерийлер үлесi есебiне "қолданылмайды" деген баға енгiзiлмейдi.
Тиiстi баға Осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.";
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
"4-1) гэп - қолма-қол ақша/қолда бар ақша бойынша позиция - банктiң қолма-қол ақшасының келiп түсуi мен есептен шығарылуының арасындағы алшақтық шегi;
4-2) комплаенс-бақылаушы - комплаенс қызметiнiң жұмысын үйлестiру жөнiндегi жауапкершiлiк және комплаенс қатысушыларының комплаенс-тәуекелiн басқару саясатын iске асыруға бақылауды жүзеге асыру айрықша құзыретiне кiретiн банк қызметкерi;
4-3) комплаенс-тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiн қадағалау негiзiнде пайда болған шығыстар (шығындар) тәуекелi;";
5) тармақшада:
"заем" деген сөздiң алдынан "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
"ломбард" деген сөз алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) рыноктық тәуекел - рыноктық параметрлердiң (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесi, қаржы құралдарының құны) тиiмсiз өзгеруiне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелi;";
мынадай мазмұндағы 15-1) - 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) комплаенс қызметi - Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң, сондай-ақ банктiң iшкi ережелерiн және рәсiмдерiнiң (комплаенс - тәуекелдi басқару) талаптарына сәйкестiгiне iшкi бақылау жасау кiретiн айрықша құзыретi бар комплаенс-бақылаушы және комплаенс қатысушыларынан тұратын банктiң iшкi қызметi;
15-2) жиынтық лимит - операция жүргiзу кезiндегi шығындарға барынша жоғары жол берiлген мөлшерi;";
мынадай мазмұндағы 17-1) - 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-1) сауда операциялары - банктiң өз мүддесi үшiн және өз есебiнен сатып алған/сатқан бағалы қағаздары бойынша операциялары;
17-2) комплаенс қатысушылары - комплаенс-тәуекелдi басқару айрықша құзыретiне кiретiн банктiң бөлiмшесi және/немесе қызметкерлерi;";
8-тармақ "заем операцияларын жүргiзу" деген сөздердiң алдынан "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Банктiң" деген сөз "Банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "заем операцияларын жүргiзу" деген сөздiң алдынан "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
24 тармақта:
алтыншы абзацтағы ";" деген тыныс белгiсi "." деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
жетiншi абзац алып тасталсын;
25-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
29-тармақтағы "осы Нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi" деген сөздер "заңсыз жолмен алынған кiрiстердi (ақшаның заңсыз жолмен өтуі) және лаңкестік жолмен алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
"Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар" кестесінде:
"Талап критерийлері" бағанының төртінші жолының екінші абзацындағы "заем операцияларының талаптарын" деген сөздердің алдынан "банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
"Талаптардың атауы" бағанының бесінші жолында:
"ай сайын" деген сөздер "кезең-кезеңімен" деген сөзбен ауыстырылсын;
"айдағы" деген сөз "кезеңдегі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Талап критерийлері" бағанының бесінші жолында:
бірінші абзацтағы "қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет" деген сөздер "ай сайын" деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "туралы есеп" сөздерден кейінгі ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:";
"Талап критерийлері" бағанының алтыншы жолында:
үшінші абзацтағы "бекітеді" деген сөз "ай сайын қол қояды" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац алып тасталсын;
"Талап критерийлері" бағанының он тоғызыншы жолының екінші абзацындағы "Басқарма белгілейді" деген сөздер "Директорлар кеңесі растайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Талап критерийлері" бағанының жиырма бірінші жолының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне баға береді.";
жиырма екінші жол алып тасталсын;
"Талаптардың атауы" бағамының жиырма төртінші жолындағы "үнемі" деген сөз алып тасталсын;
2-қосымшада:
"Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар" кестесінде:
"Талап критерийлері" бағамының он бірінші жолындағы екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
"Талап критерийлері" бағамының жиырма алтыншы жолындағы тоғызыншы абзацтағы "банктің атқарушы органы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші - отыз екінші жолдармен толықтырылсын:
"
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқаруды қамтамасыз етуге жауап береді. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелін тұрақты басқарудың тұрақты және тиімді жұмыс істеуін белгілейтін құжатты қосқандағы комплаенс басқару саясатын мақұлдады. |
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелін тиімді басқаруға жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады. |
Комплаенс қызметі банктегі комплаенс-тәуекелді басқаруда тәуелсіз болып табылады. |
Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар; |
Комплаенс қызметінің міндеттерін тиімді орындау үшін жеткілікті ресурстары бар. |
Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек. |
Комплаенс қызметінің функциясы мен өкілеттілігі банкте туындайтын комплаенс-тәуекелді басқаруға бағытталған. |
Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды: |
";
3-қосымшада:
"Заем операцияларын жүргізуге қойылатын талаптар" кестесінде:
қосымшаның атауындағы "Заем операцияларын жүргізуге" деген сөздердің алдынан "Банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
"Талаптардың критерийлері" деген бағандағы бірінші абзацтың төртінші жолындағы "заем операцияларының мониторингін" деген сөздердің алдынан "банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
тоғызыншы жолда:
"Талаптың атауы" деген бағандағы "Директорлар кеңесі" деген сөздер "Басқарма" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның бірінші абзацындағы "Кредиттік талдау бөлімшесі" деген сөздер "Ішкі аудит қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-қосымшада:
"Жеке тұлғаларға берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын және жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген немесе жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында ұсынылатын ипотекалық заемдарды ұсыну кезінде тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар" кестесінде:
үшінші жолда:
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның оныншы - он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"салынған мүлік құны;
заемшының жалпы кредиттік қабілеттілігі;
борышты өтеудің қайталама көздерінің болуы;
кредит сапасын жақсартатын қосымша кепілдің немесе қаражаттың болуы (мысалы, кепілдік немесе ипотеканы сақтандыру).
Заңды тұлғаларға берілген жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің мынадай факторларын көрсетеді:
заемшының өндірістік күшін немесе борышқа барабар қызмет көрсету үшін базалық актив кірісін;";
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"жылжымайтын мүлікке инвестицияланған акциялар көлемі";
5-қосымшада:
"Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар" кестесінде:
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның тоғызыншы жолының бірінші және үшінші абзацтарында "Басқарма", "басқару" деген сөздерден кейін "немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның он жетінші жолының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті функциялары және өкілеттіктері бар Басқарма немесе басқа алқалы орган банктің қажетті өтімді активтер мөлшерін қалыптастыру қабілеттілігіне ықпал ететін ақпараттарды алады және талдайды;
активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшелері және/немесе алқалы орган тиісті функциялары және өкілеттіктеріне сәйкес оларды берілетін займдарды қамтамасыз ету ретінде тез кепілдікке беру үшін қажетті өтімді активтердің деңгейін айқындайды және қолдайды;";
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның он тоғызыншы жолының бірінші абзацында "Басқарма" деген сөзден кейін "немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымшада:
"Банктің операциялық қызметінің, ақпарат жүйесінің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" кестесінде:
"Талаптардың критерийлері" деген бағанның оныншы жолында:
үшінші абзацтағы "үнемі талдайды" сөздерінен кейін ";" тыныс белгісімен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды";
7-қосымшада:
"Нұсқаулық талаптарының базалық критерийі" кестесінде:
бесінші жолдағы "заем операцияларының талаптарын" деген сөздердің алдынан "банктік" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші жолда:
бірінші абзацтағы "қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "туралы есеп" деген сөзден кейінгі ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Директорлар кеңесі тоқсан сайын мынадай есептерге талдау жасайды:";
он бірінші жолдағы "бекітеді" деген сөз "ай сайын қол қояды" деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Банк бөлімшелері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына, банктің ішкі ережелері және құжаттарына сәйкес келуіне бағалау жасайды. |
";
қырық бесінші-қырық алтыншы жолдар алып тасталсын;
елу екінші жол "Заем операцияларын жүргізу" сөздерінің алдынан "Банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
алпысыншы жолда "Кредиттік талдау бөлімшесі" деген сөздер "Ішкі аудит қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетпіс тоғызыншы жол "Басқарма" деген сөзден кейін "немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
сексен сегізінші және сексен тоғызыншы жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тиісті функциялары және өкілеттіктері бар Басқарма немесе басқа алқалы орган банктің қажетті өтімді активтер мөлшерін қалыптастыру қабілеттілігіне ықпал ететін ақпараттарды алады және талдайды. |
Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшелері және/немесе алқалы орган тиісті функциялары және өкілеттіктеріне сәйкес оларды берілетін займдарды қамтамасыз ету ретінде тез кепілдікке беру үшін қажетті өтімді активтердің деңгейін айқындайды және қолдайды. |
";
тоқсан үшінші жол "Басқарма" деген сөзден кейін "немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар басқа алқалы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жүз жиырма үшінші жолмен толықтырылсын:
"
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі жүйелік проблемалар салдарынан пайда болған нақты алынған залал бойынша деректерді жинақтауды және есепке алуды жүргізеді және олардың қайта туындамауының алдын алу шараларын қабылдайды. |
";
8-қосымшада:
"Нұсқаулықтың талаптарына қосымша критерийлер" кестесінде:
алтыншы жол алып тасталсын;
он жетінші жолдағы "Басқарма белгілейді" деген сөздер "Директорлар кеңесі растайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс бірінші-алпыс екінші жол алып тасталсын;
жүз он екінші жолда "банктің атқарушы органы немесе" деген сөздер алып тасталсын;
жүз жиырма төртінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жүз жиырма бесінші - жүз отызыншы жолдармен толықтырылсын:
"
Банктің директорлар кеңесі банк комплаенс-тәуекелін басқарудың тиісті саясатының болуына жауап береді. |
Банк басқармасы комплаенс-тәуекелді басқару саясатының іске асуына және комплаенс-тәуекелді басқару саясатының сақталуын қамтамасыз етуге және Директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігі туралы есеп ұсынуға жауапты болады. |
Комплаенс қызметінің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі өзіне жүктелген өкілеттіктер аясында комплаенс-тәуекелді басқару бойынша жұмысты жүзеге асыруға қажетті кез-келген ақпаратты алу рұқсаты бар; |
Комплаенс қызметі үшін қажет ресурстар жеткілікті және комплаенс-тәуекелді тиімді басқару үшін сәйкес болу керек. |
Комплаенс-бақылаушы мен комплаенс қатысушыларының кәсіби дағдылары банк тарапынан тұрақты және жүйелі оқытумен көтермеленіп отырады. |
Комплаенс қызметі өз мақсаттарына жету үшін мынадай функцияларды орындайды: |
";
жүз жиырма бесінші жол "заем операцияларын жүргізу" сөздерінің алдынан "банктік" деген сөздермен толықтырылсын;
жүз жиырма алтыншы жол "заем операцияларының мониторингін" сөздерінің алдынан "банктік" деген сөзбен толықтырылсын;
жүз отыз тоғызыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар кредиттің барлық сәйкес факторларын көрсетеді:
салынған мүліктің құны;
заемшының жалпы кредиттік қабілеттілігін;
борышты өтеудің қайталама дерек көздерінің болуы;
кредит сапасын жақсартатын қосымша кепілдің немесе қаражаттың болуы (мысалы, кепілдік немесе ипотеканы сақтандыру).
Заңды тұлғаларға берілген жылжымайтын мүлікке байланысты заемдар сондай-ақ кредиттің мынадай факторларын көрсетеді:
заемшының өндірістік күшін немесе борышқа барабар қызмет көрсету үшін базалық актив кірісі;
жылжымайтын мүлікке инвестицияланған акциялар көлемі";
жүз алпыс бірінші жол "Басқарма" сөзінен кейін "немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар алқалы орган" сөздермен толықтырылсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес редакция 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қаулының, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 1-тармағының бесінші-он бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар Бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2006 жылғы
27 қазандағы N 234 қаулысы
"Екінші деңгейдегі банктерде
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйелерінің болуына
қойылатын талаптар туралы
нұсқаулыққа 9-қосымша
Талаптар критерийлерін орындау жөнінде "_____________" есеп
банктің атауы
Тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына " " жыл
бойынша нұсқаулықтар
N |
Тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына талаптар критерийінің атауы |
Ішкі құжаттардың және өткізілген рәсімдердің тізімдесі (Құжаттың деректемелері және осы құжатты бекіткен орган) |
Нұсқаулықтың талап критерийіне банктің сәйкестігін бағалау |
Банктің ескертуі |
1 |
Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестікті бағалау: _______________
Банктің бірінші басшысы (немесе оның орнын басқан тұлға)
_________________ ___________________
қолы күні
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
_________________ ___________________
қолы күні
Ішкі аудит қызметінің басшысы
_________________ ___________________
қолы күні
Комплаенс қызметінің басшысы
_________________ ___________________
қолы күні
Кестені толтыруға байланысты түсініктемелер:
Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін бағалау критерийлерін мынадай үш балл жүйесі бойынша жүргізу қажет: сәйкестік, ішінара сәйкестік, сәйкес келмеу.
1. "Сәйкестік" бағасы нұсқаулықтың талаптар критерийлерін банк қандай да қомақты кемшіліктерсіз орындағанда беріледі.
2. "Ішінара сәйкестік" бағасы талаптардың нақты критерийлерін сақтауға қол жеткізудегі банктің мүмкіндігіне қатысты маңызды күмәнданулардың пайда болуы үшін жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер пайда болған кезде беріледі.
3. "Сәйкес келмеу" бағасы банк нұсқаулықтың талаптар критерийлерін орындамағанда беріледі.
4. Егер Нұсқаулықтың талаптарының жекелеген критерийлері банкке қатысты қолданылмаған жағдайда, талаптың осы критерийге сәйкестік бағасы берілмейді және тиісінше "қолданылмайды" жазуымен белгіленеді.".