Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Р

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 263 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6050 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 29 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Екінші деңгейдегі банктер:
      жыл сайын есепті жылдан кейін келетін жылғы 1 шілдеден кешіктірмей қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өздері осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауын бағалау жөніндегі есепті ұсынады;
      тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін келетін айдың 30 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
      осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекелінің мониторингі, кредиттік тәуекелін бағалау, кредиттік тәуекелін бақылау матрицаларын;
      осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес өтімділік тәуекелінің мониторингі, өтімділік тәуекелін бағалау, өтімділік тәуекелін бақылау матрицаларын ұсынады.»;
      3-1-тармағында «10» деген цифралар «30» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Осы Нұсқаулықта белгіленген талаптар критерийлерін орындау жөніндегі есеп уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысанында ұсынылады. Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуінің бағасы осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес анықталады.»;
      1-қосымшада:
      «Тәуекелдердi басқару жүйесiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар» кестесінде:
      жиырма сегізінші жолдың «Талап критерийі» бағанының алпыс төртінші абзацындағы «күнделікті жұмыс істеу режиміне қайта көшу тәртібі» деген сөздерден кейін «, резервтік орталықтардың жұмыс істеу процедуралары, оның ішінде деректердің резервтік көшірмелерін жасау кезеңділігі мен тәсілдерін анықтау;» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы жолмен толықтырылсын:
«

Банк органдарының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі шегінде қабылдайтын шешімдер

Директорлар кеңесінің және банк басқармасының, активтерді және міндеттемелерді басқару комитетінің, сондай-ақ кредиттік комитетінің, кредиттік комитетінің қарауына енгізілетін кредит беру туралы шешім қабылдау туралы, кредиттеу шарттарының талаптарын өзгерту, банк ұшырауы мүмкін тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторингі мәселелері бойынша отырыстарын өткізу сырттай дауыс беру нысанында, дауыс беруге қатысу фактісі жазбаша расталып, тиісті байланыс құралдары (факс, интернет және басқалар) арқылы жіберіледі. Осы талап көрсетілген алқалы органдары құрамына кіретін, шешімдерді қабылдау сәтінде тиісті органның отырысы өткен жерден тыс болған тұлғаларға таралмайды.

                                                            »;
      2-қосымшада:
      «Ішкi бақылау жүйесiне қойылатын талаптар» кестесінде:
      отызыншы жолдың «Талап критерийлері» бағанының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «комплаенс қызметінің банк аясында ресми мәртебесі, алатын тиісті орны, өкілеттігі мен тәуелсіздігі бар және өзінің қызметін банктің директорлар кеңесімен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту арқылы жүзеге асырады;»;
      9-қосымша осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы Қаулының 23-қосымшаларына сәйкес тиісінше 1011-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші абзацтарының қолданылуы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      3. Екінші деңгейдегі банктер:
      1) 2010 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарының;
      2) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының он бесінші абзацының орындалуын қамтамасыз етеді.
      4. Тізбесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген кез келген халықаралық рейтинг агенттіктерінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын банктер 2011 жылғы 1 қаңтар мерзіміне дейін Нұсқаулық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2009 жылғы 29 желтоқсан № 263
қаулысына 1-қосымша     

«Екiншi деңгейдегi банктерде 
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына  
қойылатын талаптар туралы    
нұсқаулыққа 9-қосымша        

«____________________________________» «_____» жылғы
банктің атауы Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің болуына
нұсқаулық талаптарының критерийлерін орындау жөніндегі есебі

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына талабы критерийінің атауы

Ішкі құжаттардың тізбесі (құжаттың деректемелері және осы құжатты бекіткен орган)

Талап критерийін орындау бойынша өткізілген процедуралардың тізбесі

Банктің Нұсқаулық талабының критерийіне сәйкес келуінің бағасы

Банк ескертуі

1

2

3

4

5

6

      Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуінің бағасы: _______________

      Банктің бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Комплаенс-офис басшысы
      ________________ ______________
           қолы             күні

      Кестені толтырудың түсініктемесі:
      Нұсқаулық талаптарына сәйкес келуін бағалау: сәйкес келеді, ішін ара сәйкес келеді, сәйкес келмейді критерийлерінің үш баллды жүйесі бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
      1. «Сәйкес келеді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін елеулі кемшіліксіз орындаған жағдайда беріледі.
      2. «Ішінара сәйкес келеді» деген баға банктің нақты талап критерийін сақтауына жету қабілеттілігіне қатысты күмәннің туындауына жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде беріледі.
      3. «Сәйкес келмейді» деген баға банк Нұсқаулық талабының критерийін орындамаған кезде беріледі.
      4. Егер Нұсқаулық талаптарының жекелеген критерийлері банкке қатысты қолдануға болмайтын болса, осы талап критерийіне сәйкес келуіне бағалау жүргізілмейді және «қолданылмайды» деген тиісті жазбамен белгіленеді.
      5. «Банк ескертуі» деген бағанда «ішін ара сәйкес келеді» және «қолданылмайды» дегендердің негіздемелері мен себептері берілуі тиіс.
      6. 6-бағаннан басқа барлық бағандарды толтыру міндетті болып табылады.».

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2009 жылғы 29 желтоқсан № 263
қаулысына 2-қосымша     

«Екiншi деңгейдегi банктерде 
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына  
қойылатын талаптар туралы    
нұсқаулыққа 10-қосымша       

Кредиттік тәуекел мониторингінің матрицасы

1-кесте. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз ету құнының несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Стресс-тест:
bottom up форматындағы стресс-тестілеу әдістемесі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның ұсынымдары

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады)

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6

7








2-кесте. Жіктелген активтер (банкаралық заемдарды қоспағанда) және жұмыс істемейтін кредиттер

1. Төлемдері 90(тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттердің несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Стресс-тест:
Келесі тоқсанда төлемдері 90(тоқсан) күннен аса мерзімі өткен кредиттердің үлесі 20 (жиырма) пайызға өсуі. Жіктелген активтер бойынша провизиялардың мөлшері (теңгемен)

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық ұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Жағымсыз үрдістерді жою үшін қабылданған шаралар (банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда толтырылады)

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6

7








2. Жіктелген кредиттер бойынша (банкаралық кредиттерді қоспағанда) шығындарды жабуға арналған провизиялардың несиелік портфельге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6







3. Несиелік портфель бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялардың жұмыс істемейтін кредиттерге қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банк басқармасының пікірі бойынша банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ету ықтималдығы (факторлар/жағдайлар) мен дәрежесі

Банк басқармасының бағалауы бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағалаудың құбылуын резервтердің өзгеруімен және кредиттік портфельдегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

1

2

3

4

5

6







4. Қайта құрылымдалған кредиттердің (заемшының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты шарттың бастапқы талаптары өзгертілген кредит) несиелік портфельге қатынасы

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

Мерзімі өткен қайта құрылымдалған кредиттердің жалпы сомасы (теңгемен)

Келесі есепті тоқсандағы өсуі немесе төмендеуі туралы банктің болжамы. Назарға алынған факторлар

Банк басқармасының бағалау бойынша келесі тоқсандағы коэффициенттің бағалық мәні. Бағаның құбылуын қайта құрылымдалған кредиттердегі өзгерістермен сипаттау

Комментарийлер

1

2

3

4

5

6

7








5. Бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасы

Есепті тоқсан,  пайызбен

Алдыңғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимит

Мерзімі 90 (тоқсаннан ) астам күнге өткен бланктік кредиттердің үлесі

Бесінші санаттағы күмәнді және үмітсіз деп жіктелген бланктік кредиттердің үлесі

Банк басқармасының келесі тоқсандағы бланктік кредиттердің несиелік портфельге қатынасын бағалауы

Коэффициенттің өсуі немесе төмендеуінің себептері

1

2

3

4

5

6

7








Қабылданған шешімдердің матрицасы

Бұзушылық

Бұзушылықтың туындауына әкелген себептер

Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар

Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі

Банкке кері әсері

Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөніндегі директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі

Бұзушылықты жою мерзімі

Қайта қаралған мерзімдер

Бұзушылықты жою күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кредиттік тәуекелді бағалау матрицасы

Төмен

Орташа

Жоғары

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістермен, сондай-ақ бәсекелестік деңгейімен қамтамасыз етіледі. Өсуі жоспарланды.

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден асады. Белгілі дәрежеде өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейден асып кетеді.

Кредиттік портфельдің өсу қарқыны жергілікті, аймақтық және (немесе) республикалық деңгейдегі экономикалық және демографиялық үрдістерден, сондай-ақ бәсекелестік деңгейден елеулі дәрежеде асады. Өсуі жоспарланбаған немесе жоспарланған деңгейлер ден асып кетеді. Өсуі жаңа өнімдер немесе қала сыртындағы заемшылар бойынша байқалуы мүмкін.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылған.

Банк кірістерінің үлкен бөлігі кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға байланысты болады, бірақ кредиттік портфель шегіндегі кірістер көздері әртараптандырылмаған.

Банк кредиттер бойынша пайызға және операциялар бойынша комиссиялық ақыларға елеулі дәрежеде тәуелді болады.
Банк кірістілік әлеуетіне қарай, бұдан жоғары тәуекелі бар кредиттік өнімдерді көздеуі мүмкін. Кредиттік кірістер циклдық трендтер үшін өте әлсіз.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеулі болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы орташа болып табылады.

Жіктелген кредиттер мен шартты міндеттемелер бойынша резервтер мөлшерінің жіктелген кредиттер мен несиелік портфельге қатынасы елеусіз болып табылады.

Пайыздық ставкалар тәуекелге сәйкес белгіленеді, сыйақылар теңдестірілген.

Кредиттер бойынша пайыздар тәуекел дәрежесіне сәйкес белгіленеді, бұл ретте тәуекел арасында елеусіз сәйкессіздіктер орын алады.

Кредиттер бойынша пайыздық ставкалар белгіленген кезде тәуекел ескерілмейді.

Кредиттеу саясаты кепілге қойылатын консервативті талаптарды қамтиды. Кепілдікті бағалау уақтылы жүргізіледі және жеткілікті болып табылады.

Кредиттеу саясаты кепілге құптауға болатын талаптарды қамтиды. Банк қолданатын тәжірибе осы саясаттардан орташа ауытқуларға әкеледі. Кепілдіктің бағалауы жеткіліксіз болып табылады немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кепілдікке жеңілдетілген талаптар қойылады, егер саясат консервативті талаптарды қамтитын болса, елеулі ауытқулар орын алады. Кредит бойынша қамтамасыз ету жеткіліксіз болып табылады, кепілдікті бағалау сирек жүргізіледі немесе барабар емес қорғауын көрсетеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар азын-аулақ болады  және шығындар пайда болу тәуекеліне барынша аз әсерін тигізеді.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі орташа болады, бірақ ауытқулар уақтылы түзетіледі де, әдеттегідей банк елеулі шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырамайды.

Кредиттер және (немесе) кепілдік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттамадағы ауытқулар деңгейі елеулі болады. Саясаттан ауытқулар уақтылы жойылмайды, ал банк жоғары шығындар пайда болу тәуекеліне ұшырауы мүмкін.

Банк портфелі жеткілікті дәрежеде әртараптандырылған және оның ірі шоғырлануы жоқ. Шоғырландырылған талаптардың әдеттегідей өзара байланысы жоқ. Шоғырланулар ішкі лимиттерге сәйкес келеді.

Банк портфелінің азын-аулақ шоғырлануы бар, бұл ретте шоғырланулардың өзара байланысы жоқ. Шоғырлануы нормаларға сәйкес келеді, бірақ лимиттерге жақындауы мүмкін.

Банк портфеліндегі шоғырлану елеулі болып табылады. Осы талаптар бір бірімен байланысты болуы мүмкін немесе портфельде орташа шоғырлану болуы мүмкін. Шоғырлану деңгейі ішкі лимиттерден асады.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар азын-аулақ.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар орташа.

Несиелік портфельге қатысты тапқан және өндіріп алынбаған пайыздар елеулі.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі жоғары. Провизиялар бойынша шығыстар тұрақты.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі орташа, бірақ провизиялар бойынша шығыстарды ұлғайту қажет болуы мүмкін.

Проблемалық және үмітсіз кредиттерді провизиялармен (резервтермен) жабу деңгейі төмен. Кредиттер бойынша шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін арнайы провизиялар құру қажет болуы мүмкін.

Тоқсандағы және бір жылғы кірістер кредиттік шығындардан (үмітсіз кредиттерден) көп артық.

Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу орташа болып табылады. Жыл сайынғы кірістер тепе-тең жабуды қамтамасыз етеді, бірақ тоқсандық жабу шамалы шиеленісушілікті көрсетеді.

Кірістер есебінен таза кредиттік шығындарды (үмітсіз кредиттерді) жабу төмен болып табылады. Тоқсандық және жылдық кірістер барынша аз немесе барабар емес жабуды қамтамасыз етеді.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.

Банктің несиелік портфелінде мерзімі өткен берешек 90 (тоқсан) күнді құрайтын кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, бұл ретте үрдісі тез өсіп келеді. Деңгейі банкпен белгіленген лимиттен асады.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі төмен, үрдісі тұрақты.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі орташа, үрдісі тұрақты немесе шамалы өсіп келеді.

Банктің несиелік портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі жоғары немесе орташа, үрдісі тез өсіп келеді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың төмен пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды және санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктелмейді.

Жіктелген кредиттер кредиттердің және капиталдың жоғары пайызын немесе кредиттердің және капиталдың орташа пайызын құрайды, бұл ретте үрдістер тез көтеріледі немесе кредиттер санаттардың ең нашарына (күмәнді немесе үмітсіз) қайта жіктеледі.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы төмен болып табылады.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы орташа болып табылады.

Үмітсіз кредиттер мөлшерінің несиелік портфельге ара қатынасы жоғары болып табылады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігі алаңдатушылықты туғызбайды не шамалы ғана алаңдатады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты  шамалы алаңдатушылықты туғызады.

Банктің кредиттерді қайта жіктеу (мерзімі бойынша, мерзімін ұзарту, қайта қаржыландыру) тәжірибесі көрсетілген проблемалық кредиттердің, мерзімі өткен кредиттердің, жұмыс істемейтін кредиттердің және шығындар көрсеткіштерінің нақтылылығы мен транспаренттігіне қатысты  елеулі алаңдатушылықты туғызады. 

Кредиттік тәуекелді бақылау матрицасы

Процессті ұйымдастыру элементтері

Күшті

Қабылдауға болатын

Әлсіз

Кредиттік тәуекелді басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)

Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар банктің тәуекелге консервативті тәбетіне сәйкес келтіріледі және кредиттердің сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансты қамтамасыз етеді. Жаңа өнімдер мен бастамаларды енгізу процесстері олар енгізілгенге дейін пысықталған, тестіленген және бекітілген.

Стратегиялық және (немесе) бизнес–жоспарлар банктің тәуекелдерге орташа тәбетіне сәйкес келтіріледі. Кіріс алуға ұмтылу шамалы жоғары тәуекелі бар мәмілелерге әкелуі мүмкін. Жалпы кредиттер сапасы бойынша бағыттардың, өсу мақсаттарының және кірістілігінің арасында тиісті балансы бар. Жаңа өнімдер мен бастамалар жеткілікті тестілеусіз енгізілуі мүмкін, бірақ тәуекелдер жақсы сәйкестенеді.

Стратегиялық және (немесе) бизнес-жоспарлар тәуекелдердің шектен тыс деңгейлерін қабылдауға ықпал етеді. Қызметін жоспарлған кезде кірістерге ұмтылу басым болады. Банк алдын ала жеткілікті сараптама жасамастан жаңа өнімдермен және бастамалармен айналысады.

Кредиттік саясат

Кредиттік саясат банктің кредиттеу саласындағы стратегияны, қабылдауға болатын тәуекелдерді деңгейін, сондай-ақ кредиттерді беру және мақұлдау және тәуекелдерді таңдау стадарттарын анықтайды.

Саясаттары негізінде барабар келеді. Кейбір бағыттарда саясаттың және рәсімдерінің жетілдіру қажет болуы мүмкін, бірақ жалпылама жетілдіру сыни болып табылмайды

Саясаттарында кейбір кемшіліктер бар және бір немесе бірнеше бағытта жетілдіруді талап етеді.
Портфельге, тәуекелге төзімділікке, сондай-ақ кредиттерді беру/мақұлдау саясатына және тәуекелдерді таңдауға қатысты міндеттерді барабар орындау үшін саясаттары жеткілікті дәреже нақты болып табылмайды.

Директорлар кеңесі мен Басқарма

Басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды.
Банктің директорлар кеңесі мен Басқармасы тәуекелді басқаруға белсенді қатысады және тісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсініп, талдайды және бекітеді.

Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдің мониторингі мен бақылауды барабар жүргізеді, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді.
Басқарма тиімді жұмыс істейді, әрекет етеді және кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде баланстан тыс баптар бойынша туындайтын тәуекелдерді анықтайды. Директорлар кеңесі мен басқарма қызметінде кредиттік тәуекелді басқаруға қатысты кейбір кемшіліктер байқалады, бұл проблемалар мойындалады және шешіледі.

Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді басқарудың қанағаттанарлық процесінің болуын қамтамасыз етпейді. Кредиттік тәуекелді басқару саясаты мен процедуралары барабар болып табылмайды, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілеттілігін танытпайды.

Кредиттік комитет

Басқарма банктің қызметін тиімді басқарады. Кредиттік комитеттің мүшелері, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін жеткілікті білімі бар. Жауапкершілік және есеп беру саласы бөлінген, бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.

Басқарма қабылданатын тәуекелді барабар басқарады, бірақ бір немесе бірнеше бағытта жақсартуға жетуге болады. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің жалпы қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін қажетті білімдері бар, бірақ бір немесе бірнеше бағыт бойынша қосымша білім қажет болуы мүмкін.
Міндеттер мен есеп беруге қатысты нақтылау талап етілуі мүмкін. Жалпы бұзушылықтар болған жағдайда түзету шаралары қабылданады.

Басқарма банк қызметін барабар басқармайды. Кредиттік комитет мүшелерінің, кредиттік офицерлердің қабылданатын тәуекелдерді тиімді басқару үшін білімі және (немесе) тәжірибесі жеткіліксіз. Жауапкершілік пен есеп беру желісі нақты емес болуы мүмкін. Себептерді, проблемаларды шешу үшін түзету шаралары жеткіліксіз болып табылады.

Банктегі кредиттік тәуекелді бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау саласындағы банктің процедуралары

Саясатта және ілеспелі ішкі құжаттарда сипатталған қолданылатын кредиттік тәуекелді басқару әдістемелерінің және процесстерінің барабарлығына тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Басқарма банктің кредиттік портфелі сапасындағы жағымсыз үрдістерді, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан болып тұратын жағымсыз үрдістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.
Басқарма банктің кредиттік қызметіндегі кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпаратты директорлар кеңесіне уақтылы және жеткілікті етіп ұсынады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін төмендетуге бағытталған.

Басқарманың кредиттік портфельдің сапасындағы жағымсыз үрдістерін анықтау және белгілерге, оның ішінде нарықтық жағдайлардың өзгеруі салдарынан туындаған белгілерге барабар әрекет ету үшін барабар жүйесі бар.
Директорлар кеңесіне берілетін кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ кейбір жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарманың тарапынан бақылауды талап ететін жақтары бар.

Басқарма кредиттік портфель сапасында пайда болған жағымсыз үрдістерге барабар әркет етпейді. Директорлар кеңесі кредиттік портфель сапасындағы жағымсыз үрдістерге мониторинг жүргізуді және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма проблемаларды шешуде қабілетсіздігін танытты.

Кредиттерді беру және мақұлдау саясаты

Банк жеке де, жиынтығында портфель деңгейінде де кредиттерді беру және мақұлдау саясатынан елеулі ауытқуларын тиімді анықтап, қадағалайды және ол туралы есеп береді.
Белгіленген саясаттар мен процедуралардан шамалы ғана ауытқулар байқалады.

Банк әрбір заем бойынша жеке кредиттерді беру және мақұлдау сасатынан елеулі ауытқуларды анықтайды, қадағалайды және олар туралы есеп береді.
Кемшіліктер арасында тұрақты ауытқулар немесе белгіленген саясат пен процедураларды орындауға қабілетсіз болуы мүмкін, соның салдарынан банк үшін жағымысыз салдарын туындатуы мүмкін.

Банк саясаттан елеулі ауытқуларын растайды, бірақ олар бойынша жеке негізде немесе жиынтығында портфель деңгейінде есеп бермейді, және (немесе) олардың портфель сапасына ықпалын талдамайды

Кредиттік талдау

Кредитті талдау кредитті беру сәтіне де, оны бекіткеннен кейін де егжей-тегжейлі және уақтылы болып табылады.

Кредитттік талдау тиісінше негізгі тәуекелдерді анықтап, ыңғайлы мерзімде жүргізіледі.
Бірақ кредиттерді бекіткеннен кейін тәуекелдерді бағалау жөніндегі жұмысты күшейтуді талап етеді.

Кредиттік талдау жеткіліксіз, негізгі тәуекелдер барабар есепке алынбайды. Кредиттік деректер уақтылы тексерілмейді.

Кредиттік тәуекелді бағалау кезінде пайдаланылатын модельдер.

Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері нақты және уақтылы болып табылады. Ішкі модельдер кредиттік тәуекелді, проблемалық тәуекелдер бойынша да, рейтинг алған кредиттер бойынша да сапасы бойынша бөледі.
Қолданылатын модель халықаралық тәжірибені, жаңадан анықталған заңдылықты ескере отырып, үнемі жетілдіріледі.
Банк лимиттерді заемшылардың ішкі рейтингілерін ескере отырып, кезең кезеңімен қайта қарайды. Банкпен жүргізілетін операцияларға белгіленген лимиттерді және шектеулерді бақылау процедуралары нақты белгіленген.

Тәуекелдерді бағалаудың, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері барабар болып табылады. Бір немесе бірнеше бағыты жақсартуды талап етеді, дегенмен, ішкі модельдер проблемалық кредиттерді және сапасының нашарлауы байқалатын кредиттерді барабар анықтайды. Ертерек алдын алуды қамтамасыз ету үшін рейтинг бөлу аясын кеңейту: тәуекелдерді бағалау негізінде баға белгілеу немесе капиталды бөлу қажет болуы мүмкін. Модель нарықтық жағдайға және банктің жағдайына барабар келуіне жүйелі қайта қаралады және қажет болған жағдайда түзетіледі.
Банкпен жүргізілетін операцияларға лимиттер мен шектеулерді қайта қарау жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ проблемалық кредиттерді анықтаудың ішкі модельдері жеткіліксіз болып табылады және жетілдіруді талап етеді. Проблемалық кредиттер барабар анықталмауы мүмкін, тәуекелді көрсетуде бұрмалану мүмкіндігі бар. Ертерек алдын алу (кредиттер бойынша ставкаларды белгілеу, кредиттер бойынша провизияларды (резервтерді) құру, капиталды бөлу) мақсаты немесе өзге мақсат үшін рейтингі бар кредиттер бойынша тәуекелді бөлу үшін рейтингтерді бөлістіру жеткіліксіз. Бұл модельдер қажеттілігіне қарай қолданылады.

Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат.

Басқару ақпарат жүйесі кредиттік портфель жөнінде бара және уақтылы ақпаратты береді. Директорлар кеңесі және басқарма банктегі кредиттік тәуекелдің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді.

Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.
Басқару ақпарат жүйесі ауытқулар жөніндегі есептілікті жасау бойынша жұмысты жеңілдетеді, ал оның инфрақұрылымы арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқару ақпарат жүйесінің назар аударуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Портфельдік тәуекел туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Нәтижесі ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі кредиттік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті және жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін. Ауытқулар туралы есептілік жетілдіруді қажет етеді. Басқару ақпарат жүйесі арнайы (стандартты емес) сұратуларды уақтылы қамтамасыз етпеу мүмкін.

Портфельді әртараптандыру

Әртараптандыруды басқару белсенді және тиімді. Шоғырландыру бойынша лимиттер қабылдауға болатын деңгейлерде белгіленеді. Банк тәуекелдердің шоғырлануын анықтайды және олар бойынша бойынша есептілікті береді және тәуекелді шектеу, қысқарту немесе өзгеше төмендету бойынша шаралар қабылдайды.

Әртараптандыруды басқару жетілдіруді қажет етуі мүмкін, бірақ барабар болып табылады. Тәуекелдердің шоғырлануы анықталып, есептерде көрсетіледі, бірақ лимиттерге немесе өзге шекті мәндеріне жетпеуі мүмкін. Басқарма жекелеген заемдар деңгейінде шоғырлануды шектеу немесе төмендету бойынша шаралар қабылдайды, бірақ портфель деңгейінде шарлар болмауы мүмкін.

Әртараптандыруды басқару белсенді емес немесе жоқ. Банк, тәуекелдердің шоғырлануын анықтамауы мүмкін, немесе оларды анықтайды, бірақ барабар емес шараларды қабылдайды немесе тәуекелді шектеу немесе төмендету бойынша шараларды қабылдамайды. Басқарма тәуекелдердің арасындағы байланысты түсінбейді. Шоғырлану лимиттері, олар бар болған жағдайда бұзылады не оларды өсіру жағына қайта қаралады.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді болып табылады. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес немесе жоқ. Жоспар болуы мүмкін, бірақ банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермеу мүмкін, осыған байланысты барабар емес болып табылады. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен кредиттік тәуекелді басқару процестерінің, олардың кредиттік саясаттарға және процедураларға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі тексеруін жүргізеді, кредиттік басқару, ішкі кредиттік рейтинг жүйесінің нақтылылығын, сондай-ақ кредиттердің мониторингі тәртібін анықтау процесін бағалайды.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.

Ішкі аудит қызметі кезең кезеңімен және ішін ара кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі саясатта сипатталған процесстердің ішкі тексерулерін жүргізеді.
Тексеру қорытындылары кредиттік тәуекелді басқару процессінде, ішкі ереже мен процедураларда осал жерлерін анықтау үшін, сондай-ақ саясаттардан, процедуралардан және лимиттерден ауытқулар мен ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады.

Ішкі аудит қызметі банк операцияларын жүргізген кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, оның ішінде кредиттік тәуекелдерді басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды формальді түрде тексереді. Банктегі кредиттік тәуекелді басқару жүйесіне қатыспайды.

Жалпы қорытындылары:

Кредиттік тәуекелді бақылау сапасын бағалау

Кредиттік тәуекелді бағалау деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Жиынтық кредиттік тәуекел

Күшті

Төмен

Төмен

Орташа

Қабылдауға болатын

Төмен

Орташа

Жоғары

Әлсіз

Орташа

Жоғары

Жоғары

      Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма кредиттік тәуекелдерді, оның ішінде банктің баланстан тыс баптары бойынша туындайтын тәуекелдерді шұғыл анықтайды және бақылайды. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Кредиттік тәуекелді басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
      Орташа – банктегі кредиттік тәуекелді басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Ол стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте кредиттік тәуекелді басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
      Жоғары – банкте әлеуетті кредиттік тәуекелді анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін кредиттік тәуекелді тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының бұзушылығы жүйелі байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухагалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Кредиттік тәуекелді басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менджементі тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.».

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2009 жылғы 29 желтоқсан № 263
қаулысына 3-қосымша     

«Екiншi деңгейдегi банктерде 
тәуекелдердi басқару және iшкi
бақылау жүйелерiнiң болуына  
қойылатын талаптар туралы    
нұсқаулыққа 11-қосымша       

Өтімділік тәуекелі мониторингінің матрицасы

1-кесте. Активтердің құрылымы (теңгемен)

Атауы

Есептік тоқсан

Жалпы активтерден үлес, пайызбен

Алдыңғы тоқсан

Жалпы активтерден үлес, пайызбен

Банктің құжаттарында белгіленген лимиттер

Активтер барлығы





х

Қолма-қол ақша





х

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қаражат






Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар






Бағалы қағаздарға инвестициялар






«РЕПО» операциялары






Байланысты заңды тұлғаларға инвестициялар






Клиенттерге заемдар






Жылжымайтын мүлікке инвестициялар (банк ғимараттары)






Өзге активтер






2-кесте. Коэффициенттерді талдау:

1. Есебі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес белгіленетін он ірі депозиттердің/өтімді активтердің салым сомасының қатынасы

Нақты көрсеткіштер

Банктің бағасы

Есепті тоқсан, пайызбен

Алдынғы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер, пайызбен

Банк басқармасының бір айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі

Банк басқармасының үш айдын соңындағы 10 (он) ірі депозиттердің қалдығын бағалауы (теңгемен). Өсуінің немесе қысқаруының себебі

1

2

3

4

5

Көрсеткіштер

Есептік тоқсан, пайызбен

Алдындағы тоқсан, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер

Өтімді активтердің қатынасы/ барлық активтер




Өтімді активтердің қатынасы/депозиттердің жиынтығы




Кредиттердің қатынасы/депозиттер




Кепіл ретінде қолданылатын банк активтері (ауыртпалық салынған)/ барлық активтер




3-кесте. Міндеттемелер құрылымын талдау (қаражат көзі), мың теңге:

Атауы

Есептік тоқсан

Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен

Алдынғы тоқсан

Жалпы міндеттемелердегі үлес, пайызбен

Банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттер

Депозиттер барлығы





х

Ағымдағы шоттар






Мерзімді салымдар






Талап етілгенге дейінгі салымдар






Жергілікті банкаралық нарықтағы қарыз алулар






Шетелдік қарыздар






Банктің меншікті бағалы қағаздары






Байланысты тұлғалардан алынған заемдар






Реттелген борыш












4-кесте. Қаржыландыру көздері, мың теңге:

Атауы

7 күн

30 күн

60 күн

90 күн

180 күн

Астам

Ақша қаражаты







Ағымдағы шоттар







Депозиттер







Ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар







Өтеу кестесіне сәйкес кредиттер бойынша төлемдер







Активтерді сату (секьюритилендіру, «РЕПО» операциялары және басқалар)







Банкпен айрықша қатынастағы тұлғалардан алынған қаржыландыру көздері







Аталған қаржыландыру көздерінен алынған соманың барлығы







5-кесте. Міндеттемелер бойынша төлемдер (қаражатты қолдану), мың теңге:

Атауы

7 күн

30 күн

60 күн

90 күн

180 күн

Астам

Депозиттердің/алып алудың мерзімі өтуі







Өзге борыштың мерзімі өтуі







Банкпен айрықша қатынастағы тұлғаларға төлемдер







Баланстан тыс міндеттемелер







Кредиттерді беру бойынша міндеттемелер







Кредиттік желілер







Туынды қаржы құралдары







Төлемдердің барлығы







      Қолданылған қаражаттың мөлшері өтімділікті қажет етуді қамтамасыз ету бойынша кез келген уақыт кезеңінде қаражат көзінен асқан жағдайда, банктің іс-әрекеті.
      Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспарының негізгі сәттері.
      Банкте өтімділікке әсер ететін валюталық тәуекел бар болған жағдайда, 5-кестенің нысаны бойынша шетел валютасындағы қаражаттың көздері мен оны қолдану жөніндегі ақпаратты беру.

Қабылданған шешімдердің матрицасы

Бұзушылық

Бұзушылықтың  болуына әкелген себептер

Бұзушылықты жоюға жауапты бөлімшелер, тұлғалар

Анықталған бұзушылықты жою бойынша қабылданған шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және (немесе) басқарманың шешімі

Банкке жағымсыз әсері

Стресс-тестілердің қорытындысы бойынша жоспарланатын шаралар жөнінде директорлар кеңесінің және(немесе) басқарманың шешімі

Бұзушылықты жою мерзімі

Қайта қаралған мерзімдер

Бұзушылықты жойған күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Өтімділік тәуекелін бағалау матрицасы

Төмен

Орташа

Жоғары

Қаржыландыру көздері шектеулі емес және бәсекелестікке қабілетті артықшылықты береді.

Тиімді өтімділік мүмкіндігін беретін жеткілікті қаржыландыру көздері бар.

Қаржыландыру көздері мен міндеттемелер деңгейі ұзақ мерзімді өтімділікті басқаруда ағымдағы және келешектегі қиындықтарды көрсетеді.

Қаржыландыру көздері әртараптандырылған. Көтермен қаржыландыру көздеріне немесе басқа сезімтал қаржыландыру көздеріне тәуелді емес немесе шамалы ғана тәуелділігі бар.

Жалпы қаржыландыру көздері әртараптандырылған, бірақ қаржыландыру көздер санының аздығы байқалады. Елеулі шоғырлану жоқ. Көтерме қаржыландыру көздерінен орташа тәуелділігі бар.

Заемдар бірнеше көзде, жалпы инвестициялық мақсаттары бар көздерде шоғырлануы мүмкін көтерме қаржыландыру көздеріне елеулі тәуелділігі байқалады.

Өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру қабілеті жоғары, және банктің осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тұрақты беделі бар.

Банктің өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру әлеуетті қабілеті бар, бірақ осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тәжірибесі аз.

Банк өтімділікті активтерді сату және (немесе) секьюритизация арқылы көтеру бойынша төмен қабілетін немесе әлеуетін танытады.
Осы нарықтарға қол жетімділігі бойынша тәжірибесі жоқ немесе төмен беделі осы мәміленің жасалуына күмән туғызады.

Енгізілген опциондар бойынша көтерме міндеттемелердің көлемі аз.

Кейбір көтерме қорлардың енгізілген опциондары бар, бірақ олардың әлеуетті ықпалы шамалы.

Көтерме қорлардың материалдық көлемдерінің енгізілген опциондары бар. Олардың әлеуетті эффектісі зор

Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына ұшырамайды.

Нарықтағы жағдай өзгерген кезде банк қаржылындыру қиыншылықтарына аса тәуелді болмайды.

Банктің өтімділік құрылымы нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты болатынын көрсетеді.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы күшті.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы барабар.

Бас ұйымның (ірі қатысушылардың) қолдауы жеткіліксіз немесе жоқ.

Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі шамалы.

Өтімділік тәуекелінің құрылымына байланысты капиталды жоғалту тәуекелі басқаруға келеді.

Міндеттемелердің жоғары құнына немесе активтердің жоспарсыз төмендеуіне байланысты әлеуетті капиталды (пайданы) жоғалту тәуекелі елеулі болуы мүмкін.

Өтімділік тәуекелін бақылау матрицасы

Процессті ұйымдастыру элементтері

Күшті

Қабылдауға болатын

Әлсіз

Өтімділікті басқару саласындағы стратегияны, саясатты және ішкі құжаттарды әзірлеу (қайта өңдеу)

Ішкі құжаттарда сипатталған өтімділікті басқару процесстерін оңтайландыруы тұрақты негізде (банктің сыртқы және ішкі ортасының өзгеруіне қарай) жүргізіледі. Процессі банктің стратегиясын, бизнес–жоспарын, тәуекелдер мен басқа технологиялық процесстерді басқару бойынша саясатты әзірлеумен байланысты болады.

Кезеңдік негізде жүргізіледі, банк өтімділігін басқарудың ерекшелігін ескеретін ішкі құжаттарды әзірлеуді қамтиды. Өтімділік деңгейін басқару және бақылау саласындағы саясат оны іске асырудың әдістемелік қамтамасыз етуін білдіретін стандарттарды және нұсқаулықтарды қамтитын ішкі құжаттармен қамтамасыз етілген.

Уақыт уақытымен жүргізіледі және өтімділік деңгейін басқару және бақылау процедураларын сипаттайтын ішкі құжаттардың әзірлеуі мен бекітуін қамтиды.

Директорлар кеңесі мен Басқарма

Басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтап, бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен банк басқармасы тәуекелдің басқаруына белсенді қатысады және тиісті ішкі саясаттардың және процедуралардың болуын қамтамасыз етеді, директорлар кеңесі оларды түсінеді, талдайды және бекітеді.
Директорлар кеңесі және басқарма өтімділік тәуекелінің барлық аспектілерін түсінеді. Басқарма нарықтық өзгерістерді анықтайды және шұғыл әрекет етеді.

Жалпы Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің мониторингін және бақылауын барабар жүзеге асырады, тиісті саясаттар мен процедураларды бекітеді. Басқарма тиімді жұмыс істейді, өтімділік тәуекелін анықтайды және әрекет етеді.
Директорлар кеңесінің және басқарманың өтімділік тәуекелін басқаруға қатысты жұмысында кейбір кемшіліктер байқалады, бұл пробемалар мойындалады және шешіледі.
Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін ақылға сыйымды түсініп, нарықтық өзгерістерге барабар әрекет етеді.

Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін басқарудың қанағаттанарлық процессінің болуын қамтамасыз етпейді. Өтімділік тәуекелін басқару саясаттары мен процедуралары барабар емес, банк басқармасы бұл кемшіліктерді жоюға қабілетін танытпайды. Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелінің негізгі аспектілерін толығымен түсінбейді немесе елемеуге тырысады. Басқарма нарықтық өзгерістерді алдын ала болжамайды және оған қарсы уақтылы және қажетті шараларды қабылдамайды.

Өтімділік тәуекелін басқару саясаты

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді тиімді регламенттейді. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына қатысты уақтылы және жеткілікті ақпаратты алады. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімді болып табылады және осы ауытқудың банктің қаржылық тұрақтылығына кері ықпалын төмендетуге бағытталған.

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат өтімділік тәуекелін басқару процедураларын, жауапкершілікті және есеп беруін бөлістіруді барабар регламенттейді. Аздаған кемшіліктер болуы мүмкін. Директорлар кеңесіне ұсынылатын кез келген елеулі ауытқулар жөніндегі ақпарат банктің қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады.
Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар барабар болып табылады, бірақ жетілдіруді және директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылауды талап ететін кейбір бағыттары бар.

Директорлар кеңесімен мақұлданған саясат барабар емес немесе құзырлы емес. Саясаттың бір немесе екі маңызды параметры бойынша кемшілігі бар. Директорлар кеңесі банктің өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығына мониторинг жүргізуге және барабар бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпарат алмайды. Анықталған ауытқуды жою үшін қабылданатын іс-шаралар тиімсіз болып табылады, директорлар кеңесі мен басқарма өзінің проблемаларды шешу қабілеттілігін танытпайды.

Өтімділік тәуекелін бағалау, мониторинг жүргізу және бақылау процесін регламенттейтін ішкі құжаттар

Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Саясаты ұзақ уақыт бойынша тиімді жұмыс тәжірибесімен салауатты мәдениетін танытады.

Жалпы өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімді болып табылады.
Қабылданған тәуекелдің күрделілігіне байланысты елеусіз кемшіліктердің түзетілуі оңай.

Өтімділік тәуекелін анықтағанда, мониторинг жүргізгенде және бақылауға алғанда өтімділік тәуекелін басқару процессі тиімсіз болып табылады.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары әзірленген және тиімді. Жоспарда дағдарысты басқарудың ақылға сыйымды болжамдарды, сценарийлерді және жоспарлауды қамтиды, сондай-ақ банктің қосымша ресурстарға қажеттілігін ескереді.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар болып табылады. Ағымдағы жағдайға сәйкес келеді, қажетті мәселелерді шешу процедураларын регламенттейді және жағдайдың сценарийін талдауды қоса алғанда бөліктерінің барабар деңгейін қамтиды. Жоспар кейбір бағыттар бойынша жетілдіруді талап етуі мүмкін.

Күтпеген жағдайлар туындағандағы іс-әрекет жоспары барабар емес, өйткені банктің қосымшар ресурстарға қажеттілігін ескермейді немесе болмауы мүмкін. Жоспарда дағдарыс жағдайында қаражаттың мақсатқа лайықты пайдалануы немесе оның болуы ескерілмеуі мүмкін.

Басқару және ішкі бақылау үшін қолданылатын ақпарат

Басқару ақпарат жүйесі өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы уақтылы және барабар ақпаратты береді.
Директорлар кеңесі және басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады.

Басқару ақпарат жүйесі бір немесе бірнеше бағытта шамалы жетілдіруді қажет етеді, бірақ директорлар кеңесі мен басқарма жалпы банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті есептілікті алады. Басқару ақпарат жүйесі тәуекелдің шоғырлану нүктесі мен өсуін барабар белгілейді және уақтылы, нақтылы және тиімді ақпаратты ұсынады.

Басқару ақпарат жүйесінің назар салуды талап ететін кемшіліктері бар. Ұсынылатын ақпараттың барабарлығы және (немесе) уақтылылығы жеткіліксіз болуы мүмкін. Өтімділік тәуекеліне ұшырағыштығы туралы ақпарат толық болмауы мүмкін. Соның салдары ретінде, директорлар кеңесі мен басқарма банктегі өтімділік тәуекелінің кескінін талдау және түсіну үшін тиісті немесе жеткілікті ақпаратты алмауы мүмкін.

Өтімділіктің жағдайын бағалау және жоспарлау үшін қолданылатын ақпарат

Банк балансында көрсетілетін банк операцияларына ілесіп жүретін өтімділік тәуекелін өлшеуге мүмкіндік беретін ақпаратты жүйелер мен аналитикалық процедураларды пайдаланады.
Басқару ақпарат жүйесі банктің талаптары мен міндеттемелері бойынша толық ақпаратты ұсынады, тарихи деректерді қамтиды.

Қажетті ақпарат ақпараттық базаларда сақталады, божамдау процесіне қатысатын қызметкерлерге қажетті көлемде қол жетімді болады.
Бұл ретте банк тарихи деректерді өтеудің және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін пайдаланады.
Банкте ықтимал шығынға жазулардың және күн ішінде ақша қаражатының түсімдерінің статистикалық бағалауын басқа факторларды ескере отырып, жүргізу үшін тарихи деректердің жеткілікті көлемі бар.

Жекелеген қызметкерлерге қол жетімді, банк өтімділігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін тек нақты ақпарат қана пайдаланылады.
Ақпараттың жаңартылуы банктің ішкі құжаттарымен регламенттелмеген.

Банктегі өтімділік тәуекелі басқарудың әр кезеңіндегі қызметті автоматтандыру деңгейі

Ақпараттық технологиялар бизнес-процесстерге енгізілген, банк жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, оларды толығымен автоматтандырған
Ақпараттық жүйелер өтімділік тәуекелін басқарудың барлық процедураларын жүзеге асыру үшін қажетті нақтылау деңгейімен шынайы ақпаратты қамтиды.

Клиенттердің шоттарына(н) қаражаттың алынуының (келіп түсуінің) болжамды мәндерін алу, активтерді өтеу және талап етудің нақты мерзімдерін анықтау үшін математикалық және статистикалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдерді қолданады.
Ақпараттық жүйелер банктің активтері мен міндеттемелері туралы тарихи деректердің көлемді мұрағатын сақтайды.

Жұмыс стандартты офистік Microsoft қосымшалары арқылы жүргізіледі. Жасалған операциялардың есебін жүргізу жүйесі бар.

Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің банктегі өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажетті тәжірибесі мен дағдылары бар. Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.

Ішкі аудит қызметі банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін жүйелі негізде қарайды.
Аздаған кемшіліктер оның нәтижелерінің тиімділігіне және сенімділігіне әсер етпейді.

Ішкі аудит қызметі өз қызметінің барысында банк бөлімшелерінің іске асыруын және өтімділік тәуекелін басқарудың үйлесімді құрылымының тиімділігін қарамайды.

Жалпы қорытындылар:

Өтімділік тәуекелін бақылау сапасын бағалау

Өтімділік тәуекелін бағалау деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Жиынтық өтімділік тәуекелі

Күшті

Төмен

Төмен

Орташа

Қабылдауға болатын

Төмен

Орташа

Жоғары

Әлсіз

Орташа

Жоғары

Жоғары

      Төмен – Директорлар кеңесі мен басқарма өтімділік тәуекелін шұғыл анықтайды және бақылауға алады. Директорлар кеңесі мен басқарма тәуекелдерді басқаруға белсенді қатысады және тиісті ішкі ережелердің болуын қамтамасыз етеді. Саясаттар мен процедуралардың талаптарына тәуекелдердің мониторингі процедураларымен, есептермен және талдау жасау және болып жатқан өзгерістерге уақтылы және тиісінше әрекет ету үшін қажетті барлық ақпаратты беретін ақпараттық басқару жүйелерімен қолдау көрсетіледі. Банк қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасы, ішкі ережелер мен процедуралардың талаптарын сақтайды, функционалдық міндеттерін қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес жүргізеді. Ішкі бақылау жүйесі барабар болып табылады және банктің мөлшері мен қызметіне сәйкес келеді. Белгіленген ішкі ережелер мен процедуралардан кейбір ауытқулар байқалады, бірақ олар елеулі емес. Өтімділік тәуекелін басқару тәуекелдерді анықтау, қадағалау және бақылау үшін толығымен тиімді болып саналады. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жеткілікті болып табылады.
      Орташа – банктегі өтімділік тәуекелін басқару тиімді болып табылады, бірақ онда елеусіз кемшіліктер байқалады. Өтімділік тәуекелін басқару стратегияны орындау барысында пайда болуы мүмкін тәуекелді оңтайлы басқаруға және шұғыл әрекет етуге қабілетін көрсетеді. Банкте өтімділік тәуекелін басқаруда кейбір кемшіліктер анықталған болса да, бұл кемшіліктер уақтылы анықталып, түзетіледі. Жалпы директорлар кеңесі мен басқарма тарапынан бақылау, ішкі ережелер мен тәуекелдің мониторингі және бақылау процедуралары, есептілік пен басқару ақпарат жүйесі банктің тұрақты жұмысын қолдау үшін қанағаттанарлық және тиімді болып табылады. Жалпы тәуекелдер жеткілікті дәрежедегі, банктің тәуекел-менеджменті тарапынан қосымша бақылауды талап етпейтін бақылауда болады. Ішкі бақылау жүйесі кейбір кемшіліктерін көрсетеді, бірақ олардың барлығы бөлімшенің дұрыс жұмыс істеу барысында түзетіледі. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері оларды жақсарту бойынша ұсынымдар жасау мүмкін, бірақ байқалған кемшіліктер бөлімшенің сенімді де тұрақты жұмысына елеулі ықпалын тигізбейді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар болып табылады.
      Жоғары – банкте әлеуетті өтімділік тәуекелін анықтауға, қадағалауға, мониторинг жүргізуге және бақылауға мүмкіндік беретін өтімділік тәуекелін тиімді басқару процедурасы жоқ. Тәуекелдерді басқару элементтері толығымен жеткіліксіз болып саналады, және директорлар кеңесі мен басқарма осы кемшіліктерді түзетуге қабілеттілігін танытпайды. Банктің нақты қызметкерлерінің және басқарманың біліктілігі күмән туғызады. Ішкі саясаттар мен процедураларының жүйелі бұзушылығы байқалады. Ішкі бақылау жүйесі соншалықты әлсіз болуы мүмкін, ол банктің қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Бухгалтерлік есептіліктің, қаржылық есептердің шынайылығына, егер дереу түзету шараларын қолданбаса пайда болуы мүмкін шығындарға шұғыл алаңдаушылықты таныту қажет. Өтімділік тәуекелін басқару процедураларындағы және ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер банктің тәуекел-менеджменті тарапынан дереу және егжей-тегжейлі назар салуды талап етеді. Банк қызметіндегі жағымсыз үрдістерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар барабар емес болып табылады.».