Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасысының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 115 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 19 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3902. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 68 қаулысымен.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24  № 68қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -----------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 тіркелген, 2006 жылғы 11 мамырда "Заң газетінде" № 83(889) жарияланған);
      2) ...
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Кедендік бақылау
      комитеті Төрағасының
      орынбасары
 

       2005 жылғы 17 қыркүйек

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2005 жылғы 15 қыркүйектегі    
N 115 қаулысымен бекітілген   

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел
валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және
қызмет көрсетуді лицензиялау ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ", " Лицензиялау туралы ", " Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге байланысты қызметті лицензиялау тәртібі мен талаптарын белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы (бұдан әрі - аумақтық филиал):
      1) өзінің қызметін бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде жүзеге асыратын;
      2) өзінің қызметін ішкі су, теңіз, әуе, теміржол және халықаралық тасымалдаулар жасайтын автомобиль көлігінде жүзеге асыратын тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия береді.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензиясы басты болып табылады және оларды иеленушілерге олар бөлшек сауданы жүзеге асыру және қызмет көрсету кезінде қолма-қол шетел валютасымен есеп айырысуға құқық береді.

      4. Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптарына:
      1) басшысының Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргізу тәртібін реттейтін заңнаманы меңгеруі;
      2) өтініш берушінің қызметкерлерінде қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу жөніндегі кәсіби даярлықтың болуы;
      3) бажсыз сауда дүкенін құруға кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті органның шешімінің болуы (бажсыз сауда дүкендерінде сауданы жүзеге асыруға өтініш берген тұлғалар үшін);
      4) ультракүлгін сәулемен бақылауды қоса алғанда ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтаудың кемінде үш тәсілін үйлестіретін, ақша белгілерінің түпнұсқалығын анықтауға арналған техникалық құралдардың болуы;
      5) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде өз қызметін жүзеге асыратын сауда нүктесі үшін (бұдан әрі - сауда нүктесі) - күзет қызметін жүзеге асыратын субъектінің орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған дабыл және күзет сигнализациясының (мүмкін болмаған жағдайда кассалық үй-жай орналастырылған үйдің күзет постына қосуға рұқсат етіледі), сондай-ақ өрт сигнализациясының болуы кіреді).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      5. Осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін лицензиаттың Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

      6. Резидент қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия алу үшін "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында , "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1), 3-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
      Өтініш осы ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) уәкілетті банктің өтініш берушінің қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асырумен және қызмет көрсетумен тікелей айналысатын қызметкерінде қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша кәсіби даярлығын растайтын анықтамасы;
      2) уәкілетті органның бажсыз сауда дүкенін құруға кеден ісінің мәселелері жөніндегі шешімінің көшірмесі (бажсыз сауда дүкенінде сауданы жүзеге асыруға өтініш берген тұлғалар үшін).
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      7. Осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын резидентке қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия немесе лицензия беруден бас тарту резидент барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл ретте өтініште заңды тұлғаның шағын кәсіпкерлік субъектісі болып растайтын жазба жасалуы тиіс.
      Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      8. Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия алған резидент сатылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін ақыны шетел валютасымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қабылдайды.

      9. Лицензия берудің алдында өтініш берушінің осы Ереженің 4-тармағының 1), 4), 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін аумақтық филиал құратын комиссия тексереді.
      Тексеру қорытындылары бойынша комиссия өтініш берушінің (оның қызметкерінің) біліктілік талаптарына сәйкес келетіні не келмейтіні туралы қорытынды жасайды.
      Лицензиат басшысы ауысқан жағдайда басшы ауысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы лицензия берген аумақтық филиалға хабарлайды (қосымша сауда нүктелері үшін - қосымша сауда нүктесі орналасқан жер бойынша аумақтық филиал). Аумақтық филиал хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басшының Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын жүргізу тәртібін реттейтін заңнаманы білуін тексереді.

      10. Осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес лицензия алған лицензиат қосымша сауда нүктесін ашу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы лицензия берген аумақтық филиалға сауда нүктесінің орналасқан деректемелерін көрсете отырып жазбаша хабарлауға міндетті.

      11. Резидентке лицензия берген аумақтық филиал лицензиаттың сауда нүктелері бойынша жалпы есеп жүргізеді.
      Лицензия берген аумақтық филиал он жұмыс күні ішінде берілген лицензияның көшірмесін және сауда нүктесін ашу туралы хабарламаны қоса бере отырып аумағында сауда нүктесі орналасқан жер бойынша аумақтық филиалына лицензиаттың сауда нүктесін ашатыны туралы хабарлайды.

      12. Аумағында сауда нүктесі орналасқан жер бойынша аумақтық филиалы лицензиаттың сауда нүктесін ашқандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап он күн ішінде сауда нүктесі үй-жайының, сондай-ақ оның қызметкерлерінің осы Ереженің 4-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексереді және екі данамен тексеру жөніндегі тиісті қорытынды жасайды, оның бір данасы қосымша сауда нүктесінде, ал екінші данасы қосымша сауда нүктесі орналасқан жер бойынша аумақтық филиалда қалады.

      13. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      14. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      15. Лицензиат сауда нүктесін жапқан кезде лицензия берген аумақтық филиалға қосымша сауда нүктесін жабу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілген шешімнің қабылданғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып хабарлайды.
      Лицензия берген аумақтық филиал он жұмыс күні ішінде қосымша сауда нүктесін жабу туралы хабарламаны қоса бере отырып қосымша сауда нүктесі орналасқан жер бойынша аумақтық филиалға лицензиаттың сауда нүктесін жабатыны туралы хабарлайды.

      16. Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия алған лицензиат лицензия берген аумақтық филиалға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес тұтастай алғанда өзінің барлық сауда нүктелерінің қызметі жөнінде шоғырландырылған негізде есеп береді.

      17. Лицензия берген аумақтық филиал Ұлттық Банкке автоматтандырылған режимде:
      қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге берілген лицензиялар туралы мәліметтерді;
      осы Ереженің 3-қосымшасының нысаны бойынша лицензиаттардан алатын шетел валютасының қозғалысы туралы есептерін ұсынады.

      18. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ осы Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі қайтарып алынған жағдайларда Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге берген лицензиясы өзінің іс-әрекетін тоқтатады.
      Лицензия берген аумақтық филиал электрондық почта құралдары арқылы барлық уәкілетті банктерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаны туралы хабарлайды.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

                                     Қазақстан Республикасында
                                     қолма-қол шетел валютасымен
                                    бөлшек сауданы жүзеге асыруды
                                        және қызмет көрсетуді
                                    лицензиялау ережесіне 1-қосымша
                                   ________________________________
                                   (ҚРҰБ аумақтық филиалының атауы)
                                   ________________________________
                                     (басшының аты-жөні)басшысына

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

          Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы
        жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия
                    алуға арналған өтініш

_______________________
(өтініш иесінің атауы)

Өтініш иесінің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы
жіктеушісі бойынша коды ____
Өтініш иесінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі ___________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)___________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ___________________

      _____ бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде;
      _____ теңіз, ішкі су, әуе, теміржол және халықаралық
      тасымалдаулар жасайтын автомобиль көлігінде (қажеттісін
      белгілеу керек) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы
      жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензия алу туралы

Осы арқылы _____________________ шағын кәсіпкерлік субъектісі болып
          (өтініш иесінің атауы)
табылатынын растаймыз (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін).

Өтініш иесінің уәкілетті тұлғасы:

      _______________________   ________________   ______________
           (қызметі)               (аты-жөні)          (қолы)

      200___ж. "___"____________"                     Мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасында
                                      Қолма-қол шетел валютасымен
                                    бөлшек сауданы жүзеге асыруды
                                        және қызмет көрсетуді
                                    лицензиялау ережесіне 2-қосымша

        Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге
         асыруға және қызмет көрсетуге берілген лицензия

N ______________                      200___ж. "_____"_____________
___________________________________________________________________
                   (аумақтық филиалдың атауы)

Лицензиялау туралы ", "Валюталық реттеу және валюталық бақылау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 15
қыркүйектегі N 115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және
қызмет көрсетуді лицензиялау ережесіне сәйкес _____________________
                                                (резиденттің атауы)

      _______бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде;
      _______теңіз, ішкі су, әуе, теміржол және халықаралық
тасымалдаулар жасайтын автомобиль көлігінде (қажеттісін белгілеу
керек) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға
және қызмет көрсетуге лицензия береді .
      Лицензиат:
      тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің ақысына сондай-ақ
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005
жылғы 15 қыркүйектегі N 115 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге
асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесінің 3-қосымшасына
сәйкес мәліметтерді беруге міндетті.
      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші
тұлғаларға берілмейді.

_______________________   _________________________   ______________
  (қызметінің атауы)      (қол қоюға арналған орын)    (аты-жөні)

                                                      Мөрдің орны

                                     Қазақстан Республикасында
                                     Қолма-қол шетел валютасымен
                                    бөлшек сауданы жүзеге асыруды
                                        және қызмет көрсетуді
                                    лицензиялау ережесіне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.03.28 N 19 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

                 200___ж. ________ тоқсандағы
          шетел валютасының қозғалысы туралы есеп

лицензиаттың атауы                                  _______________
Лицензиаттың кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы      _______________
жіктеушісі бойынша коды
лицензиаттың салық төлеушісінің тіркеу нөмірі       _______________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)___________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ________________
пошта мекен-жайы, телефоны, факсы                   _______________
Ұлттық Банк лицензиясының нөмірі және берілген күні _______________

                                                (валюта бірлігімен)

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

USD

EUR

RUR

Басқалары (валюта түрі көрсетіледі)

1. есептік кезең басындағы шетел валютасының қалдығы, барлығы

100





Оның ішінде:






- кассадағы қолма-қол шетел валютасы

110





- банктердегі валюта шоттарында

120





2. келіп түскен барлық шетел валютасы,

200





оның ішінде:






- көрсетілген қызметтер үшін, барлығы

210





оның ішінде:






қолма-қол шетел валютасы

211





- сатылған тауарлар үшін, барлығы

220





оның ішінде:






қолма-қол шетел валютасы

221





- басқалары (ашып көрсетіледі)

230





3. жұмсалған шетел валютасы, барлығы

300





Оның ішінде:






- қолма-қол шетел валютасы:

310





- іссапар шығыстарына

311





- жалақыға

312





- басқалары (ашып көрсетіледі):

313





4. есептік кезең аяғындағы шетел валютасының қалдығы, барлығы

400





Оның ішінде:






- кассадағы қолма-қол шетел валютасы

410





- банктердегі валюта шоттарында

420





       200___ж. "___"____________ __________________________

      Лицензиаттың уәкілетті тұлғасы:
_______________________   _________________________   ______________
  (қызметінің атауы)      (қол қоюға арналған орын)    (аты-жөні)

      бас бухгалтер _________________________    _______________
                    (қол қоюға арналған орын)       (аты-жөні)

      _____________________                           Мөрдің орны
      (орындаушы, телефоны)