Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 115 қаулысына өзгерістер мен т

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5203 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 68 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.07.24 № 68 қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -----------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5203 тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Заң газетінде" № 74(1300) жарияланған).
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және " Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы " 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының " Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін бекіту туралы " 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3902 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді лицензиялау ережесінде:

      4-тармақтың 3) тармақшасында "лицензиясының" деген сөз "шешімінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      бірінші абзацта "16-тармағында" деген сөздер "42-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтың 2) тармақшасында "лицензиясының" деген сөз "шешімінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бірінші, екінші абзацтарындағы "күнтізбелік күн" деген сөздер "жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13 және 14-тармақтар алынып тасталсын;

      18-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "лицензиясы" деген сөз "шешімі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "лицензияларды қайтарып алғаны және іс-әрекетін тоқтатқаны" деген сөздер "лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "Өтініш иесінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі____________" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)___________________
      Жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ___________________";

      3-қосымшада:
      "лицензиаттың салық төлеушісінің тіркеу нөмірі _____________" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)___________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде) ________________".

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                               Ә. Сәйденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі

      Министр
      ______________Б.Жәмішев
      2008 жылғы 22 сәуір