Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмiн қабылдау ережесiн және оның нысанын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 385 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3892

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексiнiң  46-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Кеден органының тауарды жiктеу жөнiндегi шешімiн қабылдау ережесi және оның нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Кедендiк кiрiстер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.I.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төрағаның
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасының    
Қаржы министрлiгі Кедендiк    
бақылау комитетiнiң төрағасы   
мiндетiн атқарушының       
2005 жылғы 29 қыркүйектегі    
N 385 бұйрығымен бекiтiлген  

  Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі шешiмiн
қабылдау ережесi және оның нысандары

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден органының тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмiн қабылдау ережесi және оның нысаны (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  46-бабына  және "Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткізiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөнiндегi  нұсқаулықты  бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгі төрағасының 2003 жылғы 3 қыркүйектегi N 416 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде N 2517 болып тiркелген) мен Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар  номенклатурасына  (бұдан әрi - СЭҚ TH) сәйкес (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 567 қаулысы) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды жiктеу жөнiндегi кеден органының шешiмiн қабылдау тәртiбiн айқындау мақсатында әзiрленген.

      2. Декларант тауарларды декларациялау кезiнде жiктеудi жүк кедендiк декларациясына тауарлар туралы мәлiметтердi енгiзу жолымен жүзеге асырады.

      3. Кеден органдары кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзген кезде СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың дұрыс жiктелуiн тексередi.

      4. Тауарлардың кодтары СЭҚ TH бойынша дұрыс көрсетiлмеген жағдайда оларды декларациялау кезiнде кеден органының декларанты осындай тауарларды дербес жiктеуге құқылы.

      5. Тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдердi кеден органдары осы Ережеде белгiленген тәртiппен қабылдайды.

  2. Тауарларды жiктеу ережесi

      6. Тауарларды жiктеу деп - қарастырылатын тауарларды СЭҚ ТН-ге сәйкес нақты тауарлық позицияларға, субпозицияларға, кiшi позицияларға жатқызу деп түсiндiрiледi. Тауарларды жiктеу негiзгi белгiлерге негiзделiп жүргiзiледi:
      1) тауар атқаратын функция;
      2) тауар жасалған материал.
      Бұл ретте, СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгi ережелерiн қолданумен өңдеудiң дәрежесiн және бөлiмдерге, топтарға (оның iшiнде тауар позицияларына ескертулердi қамтитын), субпозицияларға ескертулердi, сондай-ақ спецификалық жiктеу мәселелерiн шешуге қызмет ететiн қосымша ескертулердi есепке ала отырып тауарлық шағын субпозицияға тауарларды бiрыңғай жатқызудың қағидаты сақталады.

      7. Тауарларды жiктеу кезiнде кеден органдары тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлетiн мәлiметтердi, сондай-ақ қорытындыларды, анықтамаларды, экспорт елiнiң ЖКД-ын, сараптамалық ұйымдар беретiн, көмекшi (ақпараттық) сипатта болатын және тауарларды жiктеу кезiнде назарға алынатын сараптама актiлерiн пайдаланады.
      Сондай-ақ, тауарларды жiктеу кезiнде Дүниежүзілік кеден ұйымы Үйлестiру жүйесi комитетiнiң Жiктеу пікiрлерінің компендиумы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) алдынала жiктеу шешімдерiнiң базасы, Комитеттiң, Ресей Федерациясы Федералды кеден қызметiнiң, Дүниежүзілік кеден ұйымының түсiндiрмелерi де пайдаланылады.

      8. Сараптама жүргізiлген тауарларды жiктеу кезiнде кеден зертханасы немесе сараптама бөлiмi (бөлiмшесi) сарапшысының, не тауарлардың тәуелсiз сараптамасын жүзеге асыратын тiркелген сынақ зертханасының тауарды зерттеулер нәтижесi туралы актiсінің (анықтамасының) қорытындылары назарға алынады.

  3. Кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды жүзеге
асыратын кеден органы тиiстi бөлiмшелерiнiң тауарларды
жiктеу жөнiндегi шешiмiн қабылдау тәртiбi

      9. Кедендiк ресiмдеудiң екiншi кезеңiнде ЖКД мен оған қоса берiлетiн құжаттарды тексерудi жүзеге асыратын кеден органының қызметкерiнде (бұдан әрi - лауазымды адам) декларант СЭҚ ТН бойынша тауарлардың кодын дұрыс көрсетпегендiгiне күдiктерге негiздер пайда болған жағдайда, тауарлардың кедендiк ресiмдеуiн жүзеге асыратын лауазымды адам ЖКД бiрiншi бетiнiң артқы жағында "Тауарды жiктеу бойынша шешiмнiң қабылдануымен" деген жазбаны жасайды. Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмiнiң қабылдануына негіздер:
      1) декларант Қазақстан Республикасында кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн ЖКД-да мәлiмдеген тауарлар кодтарының экспорттық ЖКД тауарларының кодтарына сәйкес келмеуi;
      2) декларант ЖКД-да мәлiмдеген тауарлар кодтарының тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген тауарлардың кодтарына сәйкес келмеуi;
      3) декларанттың СЭҚ TH-ды түсiндiрудiң негiзгі ережелерiн бұзушылығы болып табылады.

      10. Тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының басшысы, не оны алмастыратын тұлға сараптама өткiзу қажеттiлiгi туралы шешiмдi N 416 бұйрығында белгiленген  тәртіппен  қабылдайды.

      11. Егер, сараптаманы өткiзуде қажеттiлiк болмаған жағдайда, лауазымды адам ЖКД-ны тексеру басталған күнiнен бастап екi күндiк мерзiмде осы Ереженiң  1-қосымшасына  сәйкес белгiленген нысанда, екi данада тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмдi шығарады. Тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмге кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органының басшысы, не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      12. Декларант тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмге келiскен жағдайда, кеден органының рұқсатымен ЖКД-да мәлiмделген мәлiметтер өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. Көрсетiлген түзетулер ЖКД-ның электронды көшiрмесiнде де жүргiзiледi.

      13. Декларант тауарды жiктеу жөніндегі шешiмге шағым келтiрген жағдайда, сондай-ақ посткедендiк бөлiмшелер жүргiзетiн тексерулер барысында тауарларды дәйексiз жiктеу анықталған жағдайда, тауарды жiктеу жөнiндегi шешiмдi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер қабылдайды.

  4. Тауарды жiктеу бойынша қабылданған
шешiмдердiң есебiн жүргізу

      14. Кеден органы қабылдаған тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдерiнiң есебiн жүргізу мақсатында белгіленген нысан бойынша Кеден органының тауарларды жiктеу жөнiндегi шешiмдердiң есебiн жүргізу журналы осы ереженiң  2-қосымшасына  сәйкес жүргiзiледi.
      Журнал номерленуi, тiгiлуi және кеден органының мөрi мен басшының қолымен расталуы тиiс.
      Тауарды жiктеу жөнiндегi әр қабылданған шешiмге осы Ережеге қосымшаға сәйкес тiркеу номерi берiледi.

                                        Кеден органының тауарларды
                                         жiктеу жөнiндегi шешiмiн
                                         қабылдау ережесiне және
                                        оның нысандарына 1-қосымша

        Кеден органының тауарды жiктеу жөніндегі шешiмi

1. Тауарды жiктеу жөніндегі шешiмдi қабылдаған кеден органының атауы

2. Декларант

3. Тiркеу номерi
   ___ жылғы "___"_________
       ХХХХX/ХХХХ

4. Берiлген күнi (күнi, айы, жылы)

5. Тауардың атауы

6. Еуразия экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды және атауы

7. Тауар туралы мәлiметтер, тауардың сипаттамасы:

8. Тауарды жiктеу (жүк кедендiк декларацияның номерi, ұсынылған тауарға iлеспе құжаттар, кедендiк зертхана немесе capаптама бөлiмі (бөлімшесі) сарапшысының қорытындысы, сараптама, не тауарлардың тәуелсiз сараптамасын жүзеге асыратын тiркелген сынақ зертханасының зерттеулерi нәтижелерi туралы актiсінің (анықтамасының) номерi) жөнiндегi шешiмдi қабылдау негіздемесi:

9. Қызметтiк белгiлер үшiн (нормативтiк актiлерге сiлтемелер, кеден органының шешiмi):

Орындаушы: __________  _________________________  _________
           (лауазымы)  (тегi, аты, әкесiнiң аты)   (қолы)

Кеден органының басшысы: _________________________  _________
                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)   (қолы)

                                        Кеден органының тауарларды
                                         жiктеу жөнiндегi шешiмiн
                                         қабылдау ережесiне және
                                        оның нысандарына 2-қосымша

           Кеден органының тауарларды жiктеу жөніндегі
               шешiмдердiң есебiн жүргізу журналы

P/c
N

Жүк
кеден-
дiк
декла-
рация-
сының
тiркеу
номерi

Дек-
ла-
рант-
тың
атауы

Сыртқы
эконо-
мика-
лық
қыз-
метке
қаты-
сушы-
лардың
атауы

Салық
төлеушiнiң
тiркеу
номерi,
сыртқы
экономика-
лық қызмет-
ке қаты-
сушының
мекен-жайы

Тауарды
жiктеу
бойынша
шешiмдi
қабылдау
күнi
мен
тiркеу
номерi

Та-
уар-
дың
ата-
уы

Кеден органы
қабылдаған
Еуразия
экономикалық
одағы Сыртқы
экономикалық
қызметiнiң
тауар номен-
клатурасы
бойынша та-
уардың коды

1

2

3

4

5

6

7

9

                                        Кеден органының тауарларды
                                         жiктеу жөнiндегi шешiмiн
                                         қабылдау ережесiне және
                                        оның нысандарына 3-қосымша

           Кеден органының тауарларды жіктеу жөніндегі
           шешімдердің тіркеу номерлерінің нысаны

      1 - кеден органының коды
      2 - кеден органының тауарды жіктеу жөніндегі шешімінің реттік номері;
      3 - кеден органының тауарды жіктеу жөніндегі шешімін қабылдау күні.