Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 375-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296
1. Қоса беріліп отырған Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік кірістер басқармасы (Н.С.Жанарбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кеден органдары аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында бастапқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитеті
төрағасының міндетін атқарушының
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
N 384 бұйрығымен бекітілген
Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың
сарапшыларды тарту ережесі
1. Осы Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың сарапшыларды тарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 375-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды декларациялау және кедендік ресімдеу кезінде өзге кедендік операцияларды жасау кезінде декларанттың сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды. Қараңыз.K100296
2. Ережені тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде декларанттар және кеден органдары басшылыққа алады.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай түсініктер пайдаланылады:
декларант - тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері;
сарапшы - арнаулы ғылыми бiлiмi бар, сараптамалық қорытынды беруге құқығы бар заңды немесе жеке тұлға.
4. Декларанттың сарапшыны тартудағы мақсаты мынадай жағдайларда:
кедендік ресімдеу сәтіне дейін немесе барысында тауардың жоғалу, кем шығу, зақымдану (бұзылу) фактісі анықталған кезде;
тауардың шыққан елін анықтау және растау үшін мәліметтерді ұсынған кезде;
тауарлардың кедендік құнын растау үшін дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi ұсынған кезде;
жүк кедендік декларациясында немесе кеден органдарына декларант ұсынған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу кезінде;
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі үшін зерттеу жүргізу кезінде зерттеулер жүргізу болып табылады.
5. Сараптаманың негізгі қағидаттары:
оны ерікті шартты негізде жүргізу;
тәуелсiздiк пен объективтiлiк, пайдаланылатын және берiлетiн ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы;
қоғам үшiн ашықтық және сараптама қатысушылардың құқықтарын қорғау, барлық мүдделi тараптар (мемлекеттiк органдар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, тұтынушылар) үшiн сараптамалық бағалаудың актiлерi бойынша объективтi деректер алуға тең мүмкiндiктiң болуы.
6. Сараптаманың объектілері:
кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары;
тауарға ілеспе және коммерциялық құжаттар, сондай-ақ өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты нормативтік және техникалық құжаттама.
7. Декларант кеден органдары сараптама объектісі бойынша шешім қабылдаған кезде сараптаманың қорытындысын пайдаланады.
8. Сараптама субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық және қаржылық өзара қарым-қатынастары шарттық негiзде ресiмделедi.
9. Декларанттың сарапшыға жазбаша өтініші мынадай деректерді көрсете отырып ресімделеді:
1) сараптама жүргізу үшін негіздеме;
2) сараптама жүргізілетін сараптама мекемесінің атауы;
3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;
4) сарапшының қарауына берілетін материалдар.
10. Сарапшының қорытындысы қойылған мәселелерге нақты жауаптар беруі тиіс, бұл ретте жауаптардың жүйелілігі мәселелердің жүйелілігіне сәйкес келуі қажет. Қойылған мәселелерге жауап беру мүмкін болмаған жағдайда себептері көрсетілуі тиіс.
Сарапшыға қойылмаған, бiрақ ол оны зерттеу процесiнде анықтаған жағдаяттар бойынша тұжырымдар қорытындыда жазылады.
Екiұшты түсiндiрудi болдырмау үшiн тұжырымдар дәл және айқын жазылады.
11. Сарапшының қорытындысында өткізілген сараптаманың пәні мен нәтижесі, сондай-ақ оны жасау күні көрсетілуі тиіс, және қол қоюмен расталу қажет.
Бұл ретте, заңды тұлға болып табылатын сарапшының қолы мөрмен расталады.
Егер сараптамалық қорытындыға сызбалар, кестелер, графиктер және тағы басқалар түрiндегi қосымшалар қоса берiлетiн жағдайда, сарапшы (егер сарапшы заңды тұлға болып табылған жағдайда) оларға да қол қояды және мөрмен расталады.
12. Сарапшының қорытындысы үш данада жасалады. Сарапшы қол қойған, тіркелген нөмірі бар iлеспе хаты қоса берілетін бiрiншi дана - декларантқа, екiншiсi - ресімдеген аумақтық кеден органына жiберiледi, үшіншісі - сараптаушыда қалады.
13. Сараптама жүргізу кезiнде сарапшы ресми, жарияланған немесе арнайы көздерден (нормативтiк-ақпараттық әдебиеттен және құжаттардан) алынған ғылыми-техникалық ақпаратты, заттарды өзiндiк немесе зертханадан тыс сынақтар мен зерттеулердiң нәтижелерiн, оның iшiнде ғылыми әдiстемелiктердi де, сондай-ақ, нақты тауар бойынша басқа зерттеу зертханалары мен мекемелерi зерттеулерiнiң нәтижелерiн қолдана алады.
14. Сарапшы берген қорытынды ұсынымдық сипатта болады.