"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2005 жылғы 30
шілдедегі N 270 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық
бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға
немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі
1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру шарттарын және тәртібін белгілейді.
Осы Ереже уәкілетті органның туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат берген жағдайда қолданылмайды және оның шарттары мен тәртібі уәкілетті органның өзге нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
1-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акциялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген жағдайда ғана оларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы уәкілетті органмен тіркелген облигациялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген жағдайда ғана осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген жағдайда ғана осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдауды өткізгенде, банк акцияларын шетел мемлекетінің аумағында орналастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторына осы бағалы қағаздарды енгізгенде де мүмкін болады.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 231, 2010.03.01 N 18 Қаулыларымен.
2. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат алу үшін эмитент органы тиісті шешімді қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге уәкілетті органмен ұсынылатын құжаттармен бір уақытта ұсынылуы мүмкін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы еркін нысанда жасалған өтінішті;
2) эмитенттің толық атауын, оның аумағында орналастыру жүзеге асырылатын мемлекетті, эмиссиялық бағалы қағаздардың бірегейлену нөмірін (бар болса), орналастырудың болжамды бағасы және инвесторлардың болжамды тізбелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы резидент ұйымының шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы эмитент органы шешімінің көшірмесін (акцияларды орналастыру кезінде сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында орналастыруға болжанған акциялардың саны көрсетіледі);
3) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында және осы Ереженің 1-1-тармағында көзделген шарттардың орындалуын растайтын құжаттарды;
4) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариатта куәландырылған аударманы қоса бере отырып, облигация шығарылымын растайтын құжаттар, және осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мәліметтер (шығарылым шет мемлекеттің аумағында, шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларды орналастыруға рұқсат алған жағдайда).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008.12.29 N 231 Қаулысымен.
2-1. Осы Ереженің 1-1-тармағының үшінші бөлігінің және 2-тармағының 3) тармақшасының талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңымен көзделген жағдайларда банктердің құрылымды қайта қарауы кезінде жүрмейді.
Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.07.07. N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
3. Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес облигацияларды шығаруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы резидент-ұйымы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысанда жасалған, оларды шығарған елдің және басқа елдердің (биржаның атауы, листинг санаты) қор биржаларының сауда алаңдарында бұрын шығарылған облигациялардың айналысқа жіберілгендігі туралы мәліметтерді көрсете отырып, шет мемлекеттің заңдарына сәйкес облигацияларды шығаруға рұқсат беру туралы өтінішті;
2) эмитенттің толық атауын, шығарған елін, шығару валютасын, болжамды шығарылым көлемін, облигация санын және түрін, облигацияның номиналды құнын, облигация ұстаушыларының құқығын, қамтамасыз ету түрін, облигация бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібін, төлемнің мерзімділігін көрсете отырып, шет мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған облигация шығарылымы туралы эмитент органы шешімінің көшірмесін.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы, егер осы Ережеде құжаттардың көшірмелерін ұсыну белгіленбеген болса, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады (көшірмелер бірінші басшының қолымен және мөрімен куәландырылады). Құжаттағы парақ саны көп болғанда, оның әр парағы куәландырылады не құжат тігіліп, тігілген жердің түйініне және ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедері ішінара қағаз пломбыға, ішінара құжаттың парағына қойылуы тиіс.
5. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.
6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сай нысандар бойынша шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға немесе орналастыруға рұқсат береді.
7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы резидент-ұйымының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабында көзделген шарттарды орындамаған немесе осы Ереженің 2, 3 тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған не олар осы Ереженің 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган оған рұқсат беруден бас тартады.
9. Уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы резидент ұйымының туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға берген рұқсаттар туралы ақпаратты ашады.
Қазақстан Республикасы
резиденті-ұйымының
эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет
мемлекеттің аумағында
шығаруға немесе
орналастыруға рұқсат беру
Ережесінің 1-қосымшасы
Облигациялар туралы мәлімет
Жалпы мәліметтер:
1. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының атауы.
2. Бұрын шығарылған облигациялардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі қор биржаларының сауда алаңдарында айналысқа жіберу туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты).
Орналастырылған облигациялар туралы мәліметтер:
1. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып эмитент облигацияларының шығарылымын тіркеген орган.
2. Бірегейлендіру коды (бар болса).
3. Шығарылым валютасы және нысаны.
4. Шығарылған облигациялар саны.
5. Облигациялардың номиналды құны.
6. Шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
7. Облигация түрі (купонды, дисконтты, реттелген, қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген).
8. Қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
9. Эмитенттің және оның бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы туралы мәліметтер.
10. Инвесторлар шығарылымның шарттары туралы ақпаратты ала алатын мекен-жайлар, дерек көздер.
11. Облигация бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекен-жайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды өтеу мерзімі.
12. Облигацияны ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есеп беруін ұсыну тәртібі.
13. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (кіріс қандай валютада төленеді,осы облигациялармен мәмілелерді өткізуге қойылған шектеулері бар облигациялар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
Эмитенттің бірінші басшысы (қолы)
(аты-жөні)
Мөр орны
Қазақстан Республикасы
резиденті-ұйымының
эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет
мемлекеттің аумағында
шығаруға немесе
орналастыруға рұқсат беру
Ережесінің 2-қосымшасы
______________________
(эмитенттің атауы)
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының шет мемлекеттің
аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыруға
Рұқсат
_____________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының _________________________ (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері) эмиссиялық бағалы қағаздарын____________________________(шет мемлекеттің атауы) аумағында, шығарылымы тіркелген _________________________ (тіркеген органның атауы, оның орналасқан жері) мынадай түрлерін ____________________ (бағалы қағаздардың түрлері, олардың саны, номиналды құны, бірегейлендіру коды) орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның басшысы (қолы)
(басшының орынбасары)
Қазақстан Республикасы
резиденті-ұйымының
эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет
мемлекеттің аумағында
шығаруға немесе
орналастыруға рұқсат беру
Ережесінің 3-қосымшасы
______________________
(эмитенттің атауы)
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының шет
мемлекеттің заңдарына сәйкес облигацияларын шығаруға
Рұқсат
______________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының
____________________________________ (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері) облигациялар шығарылымын ____________________________________(мемлекеттің атауы) заңдарына сәйкес номиналды құны _________ ___________ санда орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның басшысы (қолы)
(басшының орынбасары)