Темiр жол бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3812

Қолданыстағы

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн:
      1) "Жолаушылар вагондарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      2) "Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет көрсету пункттерiн күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ".
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы

      "КЕЛIСIЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің м.а.
      2005 жылғы 25 шілде

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау Министрінің
м.а. 2005 жылғы 14 шілдедегі
N 358 бұйрығымен      
бекітілген        

"Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет
көрсету пункттерін күтіп ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. "Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет көрсету пункттерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) іс-әрекеті техникалық қызмет көрсету пункттерін жобалаумен, құрылыспен, қайта құрастырумен және пайдаланумен, жолаушылар вагондарын темір жол станцияларында жабдықтаумен байланысты барлық меншік нысанының жеке және заңды тұлғаларына арналған.

      2. Ұйымның бірінші басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды:
      1) жолаушылар вагондарын жабдықтау пункті (бұдан әрі - жабдықтау пункті) - вагондарды сапарға дайындау және жабдықтауды жүзеге асыратын теміржол жолының арнайы учаскесі;
      2) жабдықтау бригадалары - вагондарды жуу, оларды жинау құралдарымен жабдықтау және отынмен, сумен толтыру бойынша жұмысты жүзеге асыратын жабдықтау пунктінің жұмысшылары.

2. Аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      4. Жабдықтау пункттерін орналастыруға арналған жер учаскесі қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерінің (бұдан әрі - ҚНжЕ) талаптарына сай болуы қажет. Құрылыс және қайта құрастыруға сметалық-жоба құжатын бекіту, салынып жатқан және бөлек тұрған объектілерді орналастыру, пайдалануға беру
санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілген кезде рұқсат етіледі.

      5. Санитарлық-қорғау аймағының мөлшері, шу деңгейі мен физикалық факторлар, химиялық зиянды заттар қалдықтарының есебін есептеу жолымен анықталады.

      6. Жабдықтау пунктінің аумағы көркейген болуы керек. Аумақ пен жоларалық асфальтталған болуы, жиналған су мен жауын суының ағып кетуі үшін еңістеу болуы қажет.

      7. Аумақ функционалды аймаққа бөлінуі керек:
      1) тазалау және сыртын жуу;
      2) залалсыздандырып өңдеу;
      3) ішкі жинау, жөндеу, тоқтату;
      4) жинау құралымен жабдықтау, отынмен және сумен толтыру;
      5) құрастырылған жолаушылар құрамдарын және оларды жылдың күзгі-қысқы мерзімінде жылытатын кейбір вагондарды тоқтату.

      8. Жолаушы вагондарын тоқтату, жөндеу және жабдықтау аймағында вагондардың аккумуляторлы батареяларын қуаттандыруды және тоқтау мерзімінде тоңазыту жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған электрлі қуаттандырғыш құрылғы болуы қажет.

3. Сумен жабдықтауға, канализацияға және жарыққа
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      9. Техникалық, шаруашылық-тұрмыстық және ауызсу қажеттілігі үшін пайдаланылатын су нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығына сай болуы қажет.

      10. Сумен жабдықтау көзін таңдау, сумен жабдықтау көзінің және су жинау имараты көздерінің санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 3492 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Су көздерінің және шаруашылық-ауыз су құбырларының санитарлық қорғау аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" N 63 бұйрығына сай болуы қажет.

      11. Суқұбыр жүйесі шаруашылық-ауызсу және Өндірістік қажеттілік үшін жалпы және бөлек болуы мүмкін. Сумен жабдықтаудың бөлек жүйелері кезінде оларды бөлу судың бірінші жүйеден екіншісіне ауысуын болдырмауы қажет.

      12. Суқұбыр желілері айналмалы жүйе түрі бойынша жоспарланған болуы және ұстатқышпен (сөндіру және жөндеу жұмысын жүргізу үшін) қосылатын негізгі екі магистралдан кем болмауы қажет. Тұйық бағыттарды құбырлардың 100 милиметрден (бұдан әрі - мм) кем емес диаметрі кезінде шаруашылық-ауызсу су құбырларында қондыруға рұқсат етіледі. Суқұбыр желілері канализациядан жоғары көлденең бойынша 0,4 метр (бұдан әрі - м) кем емес құбыр қабырғалары аралығының қашықтығымен төселінуі қажет.

      13. Сумен жабдықтау жүйесінің ревизиясы жазғы және қысқы мерзім алдында және қажеттілік жағдайға байланысты жүргізілуі қажет.

      14. Су тарату колонкалары қабылдау паркінің жоларалығында бір бірінен 25 м қашықтықта орналасуы қажет.

      15. Су тарату колонкаларында жиналған судың канализацияға ағуы үшін бетондалған еңіс болуы және қатып қалудан қорғайтын құрылғы болуы қажет. Мұзды еріту қажеттілік жағдайына байланысты, бірақ екі күнде бір реттен кем емес жүргізілуі қажет.

      16. Су тарату колонкалары су толтыратын шлангілер басының ластануын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы қажет. Вагондарды сумен толтыру аяқталған соң, соңғы су толтыру шлангілері судан толық босатылуы тиіс, су толтыру шлангілерінің басын жерге сүйретуге рұқсат етілмейді.

      17. Су тарату колонкаларындағы канализацияның байқау құдықтары жарамды жағдайда болуы тиіс.

      18. Жабдықтау пунктінің канализациясы жер бетінде жиналған жауын суын, жолаушылар құрамдарының сыртын жуғаннан және вагондардың ішкі жинауынан, қоқыс салғыштарды жуудан жиналған суларды қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.

      19. Вагондарға арнайы автокөліктің (жабық түрдегі дәретхана жүйесі бар вагондарды тазалау үшін) келіп тоқтауы үшін көлік жолы қарастырылған болуы немесе стационарлы тазалау құрылғысы орнатылуы қажет. Орнатылған су тарату калонкалары бар жоларалықты осы мақсат үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      20. Табиғи және жасанды жарық қолданыстағы ҚНмЕ талаптарына сәйкес болуы қажет.

      21. Электрлі жарық арматурасы жарамды жағдайда болуы, ластану жағдайына байланысты, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес шаңнан тазартылуы қажет.

      22. Кір жуу бөлмесі нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 3629 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 24 наурыздағы "Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 137 бұйрығының талаптарына сай болуы қажет.

      23. Төсек жаймаларын, төсек қажеттіліктерін, алмалы-салмалы жинау құралдарын сақтауға және беруге арналған қойма кіші механизм құралдарымен қамтамасыз етілуі, стеллаждармен және сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған болуы қажет.

      24. Шай саудасының азық-түлігі қолданыстағы СанНжЕ талаптарына сәйкес арнайы бөлінген үй-жайда сақталуы қажет.

4. Вагондардың сыртын жууға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      25. Жабдықтау пункті вагон жуғыш машиналарымен жабдықталуы қажет. Вагон жуғыш машиналарын тазалау аймағының кіру жолында орналастыру керек. Вагондарды жыл бойы жууды қамтамасыз ету үшін вагон жуу машиналары жылыту шымылдықтары және калориферлері бар (жылдың салқын мезгілінде вагондарды кептіру үшін) жабық үй-жайда орнатылуы қажет.
      Вагон жуғыш машиналарында жұмыстың жабық циклі болуы қажет. Жолаушылар құрамын жуу үшін қолданылатын айналым суы қайта қолданылар алдында мұнай қалдықтарынан, зиянды заттардан локальды тазалау имараттарында тазартылуы және залалсыздануы қажет.

      26. Вагон жуғыш машиналары жоқ жолаушылар вагондарының сыртын жуу кезінде арнайы тағайындалған жабдықтау бригадалары жұмысшыларының арнайы киімде және техникалық қауіпсіздікті сақтау жағдайында қол әдісімен жууға рұқсат етіледі және арнайы бөлек орынға жіберіледі.

5. Жабдықтау пунктінен қоқыстарды жинау және
шығаруды ұйымдастыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      27. Жолаушылар вагондарынан қоқысты шығару сыйымдылығы 0,5-0,7 текше метр (бұдан әрі - м 3 ) стандартты металл контейнерлерімен жүргізілуі қажет. Контейнерлердің саны әр жолаушы вагонының 0,3 м 3 көлеміне қоқыстың жиналу есебімен анықталады; бір-бірінен 50 м қашықтықта үш жақты қоршалған, арнайы көлік үшін келіп тоқтау жолы бар арнайы алаңшада орналасуы қажет. Контейнерлерде мықты жабылатын қақпақ болуы және қоқыстан босатылған сайын жуылуы қажет.

      28. Контейнерлерді электрлі қуаттандыру құрылғыларымен және су тарату колонкаларымен жабдықталған жоларалықтарда орналастыруға рұқсат етілмейді.

      29. Жабдықтау пункттерінен қоқысты шығару арнайы көлікте толған шамасына байланысты жүргізілуі қажет.

      30. Жабдықтау пунктінің аумағын және жоларалықты жинау күніне екі реттен кем емес жүргізілуі керек.

      31. Жолаушылар вагондарын залалсыздандырып өңдеу пунктінде үй-жайларды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, су құятын жүйелерді тазарту, жуу және залалсыздандыру бекітілген графикке сәйкес және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады.

6. От жағу қоймасына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      32. Сапарға жөнелтілетін жолаушылар вагондарының отыны арнайы көлікте жеткізілуі, вагонға жинақталған түрде берілуі және жабдықтау бригадаларының жұмысшыларымен бұрыштағы жәшікке жиналуы қажет.

      33. Отын қоймасының алаңшасы, көлік келіп тоқтайтын жолдың беті қатты, нығыз және аумақ қоршалған болуы керек.
      Барлық жұмысшылар жұмысқа түсер алдында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрығына сәйкес алдын ала және кезеңді медициналық тексеруден, гигиеналық оқудан өтуге міндетті және жеке медициналық кітапшасы болуы қажет.

      34. Нысандардың жетекшілері зиянды жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшылардың кезеңді, профилактикалық медициналық тексерістен нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Алдын-ала және кезеңді медициналық тексерістерден өтетін өндірістік зиянды факторлардың, кәсіптердің тізімін бекіту туралы және алдын-ала медициналық тексерістерден өтетін зиянды, қауіпті факторлардың және өндірістік қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайтындарды міндетті түрде алдын-ала және кезеңді медициналық тексерістерден өткізудің нұсқауын " N 137 бұйрығына сай өтуді қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2531 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 688 бұйрығына сай гигиеналық оқудан өтуі керек.

      35. Әрбір қызметкердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізімінде N 2575 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 816 бұйрығымен бекітілген белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау Министрінің
м.а.  2005 жылғы 14 шілдедегі
N 358 бұйрығымен      
бекітілген        

"Жолаушылар вагондарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. "Жолаушылар вагондарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ереже) осы санитарлық ережелер мен нормалары вагон құрылыс зауыты жеткізетін, жаңартылған, күрделі-қайта қалыпқа келтіру жөндеуінен өткен және өте ыңғайлы категориялы жолаушылар вагондарымен бірге жол бойы және құрастыру, айналым пункттерінде сапарға дайындалған жолаушы темір жол вагондарына таратылады.

      2. Ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар осы санитарлық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі керек.

      3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер қолданылды:
      1) жолаушы поезы - жолаушы вагондарынан жасақталған жолаушы, жүк, пошта тасымалдауға арналған темір жол құрамы;
      2) жолаушы аялдамасының пункті - тек қана жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған пункт;
      3) темір жол станциясы - жолаушыларға қызмет көрсету, жүктерді, ауыр жүктерді тапсыру, пошта және (немесе) ауыр жүктерді жіберу бойынша, поездарды қабылдау, жіберу, қиылыстыру және озып өту бойынша әрекетті жүргізуге мүмкіндік беретін және қозғалысты, өту мүмкіндігін реттеуді қамтамасыз ететін дамыған жолы бар учаскелердегі магистральді жолды бөлетін пункт.

2. Вагондарды жабдықтауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Вагон оның түрі мен кластығына байланысты жабдықталуы керек. "Жатын вагон" түріндегі вагондарды темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша ыңғайлы және сервисті деңгейді жоғарылатуды қарастыратын қосымша құрылғылармен жабдықтауға рұқсат етіледі.

      5. Сыртқы есіктердің жоғарғы бөлігі әйнектелген болуы, кіреберіс құлыпталатын, герметикалық нығыз болуы керек. Есіктің екі жағына ұстағыш тұтқа қондырылуы қажет. Аяқпен көтерілу басқышының беті тайғақ болмауы және қар мен суды ұстап қалуы керек.

      6. Қызмет бөлімінің есігінде және дәліздегі өту есіктерінде оларды ашық жағдайда ұстау фиксаторы болуы керек.

      7. Жолаушылар вагондарының терезелері жақсы көріну мен табиғи жарықты қамтамасыз етуі, екі қабатты мықты қауіпсіз әйнектен болуы керек. Әжетханалардың терезелері бұлыңғыр немесе арғы беті көрінбейтін әйнекпен әйнектелуі керек.

      8. Вагондардың терезелері 1/3 биіктігінде ашылуы және кез-келген деңгейде фиксерленуі керек. Күннен қорғайтын перделер мен олардың фиксациясына арналған құрылғы болуы қажет, және де шымылдықтар.

      9. Өту жолының алаңшаларында жарамды кезекші жарықтар, сол сияқты қайта жеткізілетін және жобаланатын вагондарда апаттық жарықтар болуы керек.
      10. Вагонның қызметтік емес кіші дәлізінің соңында стандартты типті алмалы-салмалы қоқыс жинағышы болуы керек.

      11. Вагон әжетханаларында су ағып кетуіне арналған еденнің тесігі тығынмен жабылатын болуы керек. Жиналған суға арналған құбыр желілері вагонасты жабдықтарынан алшақ орналасуы, жылу оқшауландырғыш болуы, ал қайта жеткізілетін және жобаланатын вагондарда жылыту құрылғыларымен жабдықталуы керек.

      12. Әжетханадағы унитазда пластмасты қақпақты орындық және оны қолмен көтеруге арналған тұтқа болуы керек; дәретхана қағазына арналған ұстағыш, жуу-залалсыздандыру ерітіндісі бар сыйымдылық ыдыс және жуғыш щеткасы болуы керек.

      13. Дәретханадағы қолжуғыш ыстық және салқын сумен, сұйық сабын құтыларымен, жуыну қажеттіліктеріне арналған жылжымайтын қабырғалы сөрелермен, айнамен жабдықталуы керек. Су бөлетін крандардың үстіне "Ішуге жарамайтын су" деген жазу немесе таңба болуы керек. Қолжуғыштың жанына бір рет қолданылатын сүлгілерге арналған сүлгі ұстағыш немесе электрлісүлгі, бір рет қолданылатын пайдаланылған қағаз сүлгілеріне арналған сыйымдылық ыдыс болуы керек.

      14. Қызметтік бөлмежайларда болуы керек:
      1) ыдыстарға, сусындарға және шай саудасына арналған шкафтар және арнайы киімге арналған қуыстар;
      2) ыстық және салқын су келіп тұратын қолжуғыш;
      3) қайнатылған және салқындатылған қайнаған суды дайындауға арналған бөлек құрылғылар;
      4) жолсерікке арналған диван, терезе алды стөлшесі, дыбыс реттейтін қатты дыбыстағыш, вагон ішінің температурасын көрсететін термометр.

      15. Вагонның барлық санитарлық-техникалық және тұрмыстық жабдықтары жарамды жағдайда болуы қажет.

3. Сумен жабдықтауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      16. Суға арналған резервуарлар, тарататын құбыр желілері және су желілері крандары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген (бұдан әрі - қолдануға рұқсат етілген) материалдардан жасалған болуы керек. Сумен жабдықтау жүйесінің құрылымы судың ластануын болдырмауды және тарату құбыр желілерінен және резервуарлардан судың толық төгілуін және тазалау, жуу, залалсыздандыруды қамтамасыз етуі керек.

      17. Резервуарларда су деңгейінің көрсеткіші және қайта жобаланып жатқан вагондарда судың таусылғанын білдіретін сигналды құрылғы болуы қажет.

      18. Резервуарларда, сумен жабдықтаудың құбыр желілері жүйесінде жылу оқшауландырғыш болуы қажет.

      19. Вагонның сумен жабдықтау жүйесінің су құятын құбыр ұшының басы ластанудан қорғалған болуы қажет.

      20. Вагон резервуарларындағы және су бөлетін крандарындағы судың сапасы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығына сай болуы қажет.

      21. Вагонның сумен жабдықтау жүйесін залалсыздандыру деполық және күрделі жөндеуден кейін, вагондарды мерзімдік техникалық тексеру кезінде жүргізілуі керек.

4. Жылуға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      22. Жолаушылар вагондарындағы жылу жүйесі үй-жайларда бірқалыпты жылуды қамтамасыз етуі керек.

      23. Жылыту құралдары бетінің температурасы Цельсий бойынша плюс 80 градустан (бұдан әрі - 0 С), электрлі қыздырғыштар үшін - плюс 200 0 С-тан жоғары болмауы керек. Жылыту құралдары қорғаныс бетінің температурасы плюс 60 0 С-тан аспауы керек.

      24. Жылыту құралдарының құрылымы және орналастыруы оларды шаң мен ластан ыңғайлы тазалауды қамтамасыз етуі қажет.

5. Желдеткіш пен ауа баптауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      25. Желдету жүйесі вагонның барлық жеріне жаз мезгілінде - сағатына 20 текше метрден (бұдан әрі - м 3 /сағ) кем емес, қыста - 10 текше м 3 /сағ кем емес сыртқы ауаны жіберуді қамтамасыз етуге арналған үздіксіз жұмысқа есептелген болуы керек.

      26. Купе ауасындағы көміртегінің екі оксиді құрамы 0,1 пайыздан аспауы керек. Жолаушылары бар орындағы ауа қозғалысының жылдамдығы қысқы мезгілде - секундына 0,2 метр (бұдан әрі - м/сек), ауа баптағыш жұмыс істеп тұрған жаз мезгілінде - 0,25 м/сек болуы керек.
      Ауа баптағышы жоқ вагондарда жаз мезгілінде 0,4 м/сек ауа қозғалысының жылдамдығына рұқсат етіледі.

      27. Вагонға жіберілетін ауа сүзгі көмегімен тазартылуы қажет. Тазартылғаннан кейінгі жіберілген ауаның шаңдануы 0,5 миллиграмм текше метрден аспауы керек. Желдеткіш сүзгілерін ауыстыру жазғы уақытта - 15 күнде бір рет, қысқы мезгілде - 25 күнде бір рет жүргізілуі керек.

      28. Вагондарды салқындату жүйесі бірқалыпты салқындатуды қамтамасыз етуі қажет. Салқындату кезінде вагонға жіберілетін сыртқы ауа плюс 16 0 С-тан төмен болмауы керек.

      29. Желдеткіш камералары от жағу бөлімдерінен герметикалануы және оқшаулануы қажет.

6. Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      30. Жасанды жарық ҚНмЕ талаптарына сай болуы керек.

      31. Жолаушылар вагондарының жатын бөлмелері мен вагондардың қызметтік бөлмежайларында еденнен 800 миллиметр (бұдан әрі - мм) деңгейде, диван арқалығынан 600 мм қашықтықта және стөлдің бетіне 150 люкстен кем емес жарықты қамтамасыз етуі керек.

      32. Әр жатын орындарында жергілікті жарық болуы керек. Жарық жергілікті жарық шамшырағынан 0,7 метр (бұдан әрі - м) қашықтықта, вагон қабырғасынан және диван бетінен 0,5 м биіктікте 40 люкстен кем болмауы қажет.

      33. Үлкен дәліздердегі еден деңгейіндегі жарық 50 люксті, кіші дәліздерде - 30 люксті, әжетханаларда - 50 люксті, кіреберіс пен өту алаңшаларында - 30 люксті құрауы керек.

      34. Еден деңгейінде 1 люкстен кем емес жарықпен апат жарығы барлық вагондарда қарастырылған болуы керек.

7. Шу мен дірілге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      35. Жолаушылар мен жолсеріктер үшін купедегі шудың деңгейі 65 децибелден (бұдан әрі - дБа), кіреберісте - 68 дБа, вагонаралық өту жолдарында - 80 дБа аспауы керек.
      36. Жолаушылар вагондарының діріл деңгейі 8 Гц жиілікте нормалы қисығы (8 сағаттық әсер кезінде) 0,11 м 2 /сек тең болуы керек.

8. Жолаушылар вагондарын рейске дайындауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Жолаушылар поездарының құрастыру пункттерінде техникалық үрдіске сәйкес жолаушылар вагондарын толық дайындау мен пайдалану мыналарды енгізіп жүргізілуі қажет:
      1) вагондардың сыртын жинау;
      2) вагондарды залалсыздандырып өңдеу;
      3) ішкі және санитарлық-техникалық жабдықтарды жөндеу;
      4) кезеңге сәйкес тежегіш желдеткіштерінің сүзгілерін ауыстыру;
      5) вагондардың ішкі бөлмежайларын жинау;
      6) вагондарды көлемді жабдық заттарымен, шай саудасымен жабдықтау;
      7) вагондарды ауызсумен және отынмен толтыру;
      8) төсек қажеттіліктерімен және төсек жиынымен қамтамасыз ету.

      38. Жолаушылар вагондарының айналым пункттерінде жолаушылар вагондарын дайындау және жабдықтау мыналарды енгізіп жүргізілуі қажет:
      1) вагондардың сыртын жинау;
      2) әжетханалар мен қоқыс жәшіктерін залалсыздандырып өңдеу;
      3) ішкі жабдықтарды (тапсырыс бойынша) жөндеу;
      4) вагондардың ішкі бөлмежайларын жинау;
      5) вагондарды ауызсумен және отынмен толтыру.

      39. Вагондардың сыртын жинауға жүріс бөліктері мен кузовтарды жуу, әйнектерді, өту алаңшаларын, тұтқаларды жуу, басқышты тазалау жатқызылуы қажет.

      40. Жолаушылар вагондарын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау қолданыстағы заңға сәйкес орындалуы қажет, ол үшін Қазақстан Республикасында тіркелген құралдарды пайдалануы қажет.

      41. Жолаушыларды тасымалдауға арналған вагондар көрсетілген тасымалдауға дейін және кейін дезинфекциялануы және дезинсекциялануы қажет.

      42. Жолаушылар вагондарын сапарға құрастыру және айналым пункттерінде жүргізілуі қажет:
      1) әр жолаушы вагондарында әжетханалар, қоқыс жәшіктерін залалсыздандырып өңдеу;
      2) вагондарды залалсыздандырып өңдеу (жоспарлы және көрсеткіш бойынша);
      3) көрсеткіш және өтініш бойынша вагондардың бөлмежайларын залалсыздандырып өңдеу.

      43. Жоспардан тыс дезинфекция мен дезинсекция эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуі қажет.

      44. Матрацтар, жастықтар және қысқы одеалдар ластануына байланысты, шаңнан тазартылуы және камералық өңдеуге жылына екі реттен кем емес жіберілуі қажет.
      Жазғы одеалдар ластануына байланысты, бірақ айына екі реттен кем емес жуылуы немесе химиялық өңдеуге жіберілуі керек. Матрацтар мен жастықтардың тысы ластануына байланысты, бірақ айына бір реттен кем емес жуылуы керек.
      Стол үсті жапқыштары, шымылдықтар және күннен қорғайтын перделер ластануына байланысты және әр сапардан кейін ауыстырылуы қажет.

      45. Төсек жабдықтарын залалсыздандырып камералы өңдеу құрастыру пунктінде жүргізілуі қажет.

      46. Сапарға дайындық кезінде (айналым пункттерінде) вагонның санитарлық-тұрмыстық жабдықтарын және ішкі үй-жайларын жинау, қолдануға рұқсат етілген жуу және залалсыздандыру құралдарын пайдаланумен арнайы киімде жүргізілуі керек.

      47. Арнайы киім сигналды таңбаларға сәйкес екі халат жиынынан, резеңкелі қолғаптардан (салон мен дәретхананы жинауға арналған бөлек) тұруы керек.

      48. Жинау құралдарының құрамында үш шелек, шлабыр, сыпырғыштар, шүберектер, щеткалар, еденнің кілем жамылғылары мен жұмсақ жиһаздары болған жағдайда шаңсорғыш болуы керек. Шелек және шүберектер "дәретханаға арналған", "еденге арналған", "сөрелерге арналған" деп таңбалануы керек. Жинау құралдары вагон кіреберістерінің от жақпайтын жағында жәшікте сақталуы керек. Таңбасына сәйкес емес жинау құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      49. Вагонға дезинфекциялы өңдеу жүргізілгеннен кейін ылғалды жинау жүргізілуі керек.

      50. Сапарға жіберер алдында және жұмыс күнінің соңында бірнеше рет пайдаланылатын ыдыстар және асхана құралдары рұқсат етілген жуу құралдарын қолдану арқылы жуу ваннасында ыстық судың астында жуылуы қажет. Ыдыс және асхана құралдары жуылғаннан кейін таза сүлгімен құрғағанша сүртілуі қажет.

      51. Құрастыру және жолаушылар вагондарының айналым пунктінде және жол бойында темір жол үстін қоқыспен ластауға рұқсат етілмейді. Вагоннан шыққан қоқыстар жабдықтау саябағының жоларалығында және жолаушылар поездары тоқтайтын жерде арнайы дайындалған орында қондырылған қоқыс жинағышына шығарылуы қажет.

      52. Тоқтау орындарында жолаушы поездарының дәретханаларын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      53. Сыртқы және ішкі өңдеуден өткен вагондар көлемді құралдармен, сабынмен, дәретхана қағазымен жабдықталуы қажет. Жабдықтау саябақ құрамды сапарына жіберу алдында әр вагонды қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру және жуу құралдарымен қамтамасыз етуі керек.

      54. Алыс және жергілікті қатынастағы поездар үшін сапарға берілетін төсек жиынының саны сапардың ұзақтығына, жолаушылар ағынына байланысты, бір орынға төрт жиыннан кем емес есебімен анықталуы қажет. Төсек жиыны қолданыстағы стандартқа сай болуы керек. Төсек жиынына енуі қажет: жайма, көрпе тыс, жабық түрдегі жастық тыс және сүлгі. Төсек жиыны пломбаланған болуы немесе кір жуу комбинатының штампы болуы, жиын салынған күні және жиын салушының нөмірі көрсетілген арнайы ярлыгымен конвертте (немесе пакетте) тігілген болуы керек.

      55. Төсек қажеттілігінің жиынына жатады: матрац, тысы бар жастық, (қысқы немесе жазғы) одеалдар.

      56. Қыста және жылдың ауыспалы мезгілінде сыртқы ауа -10 0 С және одан төмен болған кезде вагондарға от жағылуы керек. Құрамға жолаушыларды отырғызу алдында вагондардағы ауа температурасының деңгейі (қыста және жылдың ауыспалы мезгілінде) +22 0 С ( + 2 0 С) болуы қажет. Жаз мезгілінде вагондардағы ауаның температурасы +24 0 С
( + 2 0 С) болуы қажет.

      57. Сапарға жіберілетін вагондар қамтамасыз етілуі қажет:
      1) алмалы-салмалы құралдармен және жабдықтармен;
      2) медициналық көмек көрсетуге арналған (апаттық және ағымдық) дәрі қобдишаларымен, санитарлық зембілмен, аса қауіпті аурулар және карантинді ауру анықталған жағдайға лабораторлық жабдықпен.

      58. Жолаушылар вагондарын пайдалануға және жолаушы поездарының құрамына енгізуге рұқсат етілмейді:
      1) салқын және ыстық сумен жабдықтау жүйесі, жылу, желдеткіш, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғысы, дәретханалардағы су ағызу механизмі жұмыс істемейтін вагондарға;
      2) вагондардың бөлмежайлары лас, әйнегі жоқ немесе сынған, салқын және жылдың ауыспалы мезгілінде терезелердің рамалары бекітілмеген болса, есіктері жарамсыз болса;
      3) тұрмыстық паразиттер мен кеміргіштер анықталса.

      59. Әрбір жолсерік медициналық тексерістен нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің
N 2556 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы" N 766 бұйрығына сай өтулері керек, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2531 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 688 бұйрығына сай гигиеналық оқудан өтуі керек.

      60. Сапарға дайындалған жолаушы құрамы, отырғызуға дейінгі екі сағаттан кем емес уақыттың ішінде мемлекеттік органдардың көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық станцияның қатысуымен қабылдануы керек.

9. Жол бойының жолаушылар вагондарын күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      61. Жол бойының вагондары салонын ылғалды жинау қажеттілікке байланысты және тәулігіне екі реттен кем емес жүргізілуі керек. Дәретханалардың еденін жуумен жасалатын жинау Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуу, залалсыздандыру құралдарын қолдану арқылы қажеттілік мөлшеріне байланысты және тәулігіне төрт реттен кем емес жүргізілуі керек. Кілем алашаларын шаңнан тазарту шаңсорғышпен тәулігіне екі реттен кем емес жүргізілуі қажет.

      62. Вагонды жинау тек арнайы киімде жүргізілуі қажет.

      63. Әр аялдама пункттерінде жолаушылар шыққанға (отырғызуға) дейін ұстағыш тұтқалар шүберекпен сүртілуі керек.

      64. Жол бойында дәретханаларды пайдалану режимі сақталуы керек. Аялдамаларда, күрделі теміржол станцияларынан өту кезінде, курорттық-санаториялық және қаламаңындық аумақтарда, тоннельдерде, көпірлерде дәретхананы пайдалануға рұқсат етілмейді. Жолаушылар поездының әр вагондарында поезд өтетін барлық темір жол бойынша санитарлық аймақ шекарасы туралы ақпарат болуы керек.

      65. Жолаушылар төсек қажеттіліктерімен және төсек жаймаларымен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар төсек қажеттіліктерін төсек жаймаларынсыз пайдалануға, сондай-ақ жеке төсек жаймасын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      66. Таза төсек жаймалары қызметтік купенің қуысында немесе бөлек орындарда, пайдаланылған төсек жаймалары салынған қапшықтар дәліздің трюмінде сақталуы қажет. Таза және пайдаланылған төсек жаймаларын бірге сақтауға рұқсат етілмейді. Жолаушы баратын станцияға 30 минөт қалғанда жолсерік пайдаланған төсек жаймаларын жинап алуы қажет.

      67. Пайдаланған төсек жаймалары салынған қапшықтар пломбалануы қажет.

      68. Таза ыдыстарды және шай саудасының өнімдерін сақтауға арналған шкафта бөгде заттарды сақтауға рұқсат етілмейді.

      69. Қоқыс және қатты тұрмыстық қалдықтар құрастыру және айналым пункттерінде немесе станцияларда пайдаға асыруға өткізу үшін арнайы сыйымдылыққа (ыдысқа) жиналуы қажет.

      70. Поездарда жолаушыларға сатылатын сусындардың, азық-түліктердің ассортименті темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісілген болуы керек.

      71. Вагондарда сатылатын тағам азық-түліктеріне, сусындарға, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы керек.

      72. Кондитерлік өнімдер жолаушыларға зауыттың жинағымен берілуі қажет. Шай, кофе, кондитерлік өнімдерді, ланч-бокстерді тарату (алжапқыш, әр жолсерікте куртка) санитарлық киімде жолсерікпен жүргізілуі қажет.

      73. Вагондардағы тежегіш желдеткіші және қондырғылы ауа баптау желдеткіш жүйесі вагондағы ауа температурасына байланысты автоматты режимде үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Желдеткіш іске қосылып тұрғанда вагонның жолаушы бөлігіндегі және дәретханадағы дефлекторлары ашық болуы қажет.
      Желдеткіш жүйесін қолмен қосу (апаттық режим) кезеңмен қосылуы қажет.

      74. Жолаушылар вагондарын сапарға дайындау кезінде (құрастыру және айналым пунктінде) және жол бойы санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актілері сапар журналына енгізілуі қажет.