Темiр жол бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 358 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3812. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 551 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 45  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 15-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесінде:
      4-тармақтың төртінші абзацында:
      "су ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережеге" деген сөздер "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі