"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 264-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3787

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар поездары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2292 нөмірмен тіркелген және "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде", 2003 ж., N 25-26, 960-құжат, "Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы N 353-І  бұйрығымен  енгізілген өзгерістерімен жарияланған) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген үлгідегі вагондардың қызмет мерзімін ұзарту ережесінде:

      7-тармақ "(бұдан әрі - БТИБ)" деген сөздерден кейін "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаға" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген үлгідегі вагондардың қызмет мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы Акт N___ нысаны:

      "Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор", "Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы (шебері, бригадирі)", "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы (шебері, бригадирі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Жолаушылар вагондары шаруашылығы жөніндегі аймақтық филиалдың директоры" деген сөздерден кейін "немесе теңгерімінде жылжымалы құрам тұрған ұйымның басшысы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр