Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 3-бабына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмыстық жазаны өтеу ережелерiн бекiту және қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi N 182 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2588 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстермен Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1298 болып тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықтың кiрiспесiндегi "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi" деген сөздер алынып тасталсын.