Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 болып тіркелген "Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесін бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 3 шіл

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2588. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 552 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 26.11.2014 № 552 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесін бекіту және күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 болып тіркелген).

      Көрсетілген бұйрықтың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталған Әскери қызметшілердің қылмыстық жазаларын өтеу ережесінде:
      1) тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 9-тармақтағы:
      1) тармақшадағы "-Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және Әскери білім беру департаменті" деген сөздер "- кадр органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті;" деген сөздер "- ұйымдастыру-жұмылдыру органдары;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы," деген сөздер "- әскери полиция органдары" деген сөздермен ауыстырылсын. "ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы және" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшадағы "- ҚР ҚК Бас штабының Әскерлер қызметі басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлер қызметі бас басқармасы." деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-тармақтың 6) тармақшасындағы "Қарулы Күштерінде" деген сөздер алынып тасталсын. "Республикасының" деген сөз "Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-тармақтың 2) тармақшасындағы "немесе ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің баспасөз қызметімен бірлесіп" деген сөздер алынып тасталсын;

      6) 35-тармақтың 1) тармақшасындағы "немесе белгіленген міндеттерді орындау жүктелсе" деген сөздер алынып тасталсын;

      7) 36-тармақта:
      1) тармақшадағы "және оған сот жүктеген" деген сөздер алынып тасталсын;
      4) тармақшадағы "егер олар сотталушыға сотпен жүктелген  басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;

      8) 40-тармақта:
      2) тармақшадағы "сондай-ақ, егер ол өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса," деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы "сот жүктеген міндеттерді орындамау сол сияқты," деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшаның екінші абзацы алынып тасталсын;
      3) тармақшаның үшінші абзацындағы "сәтінен бастап он тәулік" деген сөздер "заңнамада белгіленген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 44-тармақтың 1) тармақшасындағы "нұсқаулар" деген сөз "көрсетілген" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      3. Бұйрық жекелеген Әскери бөлімдерге жеткізілсін.

      Армия генералы