Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 маусымдағы N 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 22 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3743

Қолданыстағы

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.Z100339
      1. Беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Р.О.Адимолдаға жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация    
министрлігі           
Азаматтық авиация        
комитеті төрағасының      
2005 жылғы 22 маусымдағы    
N 127 бұйрығымен        
бекітілген           

  Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға
қойылатын сертификаттық талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға оларды сертификаттау кезінде қойылатын талаптарды белгілейді. Сертификаттық талаптар жолаушыларды, жүктерді тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғаларға таралады. қараңыз.P101070

      2. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
      2) әуе кемесі - жер (су) үстiнен бейнеленген ауамен өзара іс-қимылдан ерекшеленетiн ауамен оның іс-қимылы есебiнен атмосферада көтерiлiп тұратын ұшу аппараты;
      3) ұшуларды орындау жөніндегі нұсқаулық - ұшу ережесін, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды реттейтін құжат;
      4) техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету ережесін реттейтін құжат;
      5) техникалық қызмет көрсету - әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде ұшу кемесінің ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қамтамасыз ету үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыс кешені;
      6) техникалық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі нұсқаулық - ұйымның сапа жүйесін реттейтін құжат;
      7) уәкiлеттi орган - азаматтық авиация саласында мемлекеттiк саясат жүргiзудi, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiне мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, оны үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы.

      3. Пайдаланушыда барлық құрылымдық бөлімшелер туралы әзірленген және бекітілген ережелер бар, оларда бөлімше мен оның басшысының функциялары, олар Пайдаланушы іске асыратын барлық функцияларды жиынтығында қамтуы тиіс, сондай-ақ Пайдаланушының персоналы үшін қызметтік нұсқаулықтар көрсетілген, оларда әрбір қызметкердің міндеттері, өкілеттіктері және тікелей басшымен және қарамағындағы қызметкерлермен өзара іс-қимыл сызбасы нақты белгіленген.

      4. Тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асыратын Пайдаланушыда әуе кемелерді резервтеуді ескере отырып, олардың айналым кестесі негізінде анықталатын мәлімделген ұшу бағдарламасын орындау үшін әуе кемелері (меншікті немесе жалға алынған) болу қажет.

      5. Пайдаланушының әуе кемелері азаматтық авиацияда мәлімделген ұшу түрлері үшін белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталуы тиіс, ал оның авиациялық персоналында қажетті біліктілік болуы тиіс.

      6. Пайдаланушы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ ақпаратты алу және жеке құрамына жеткізу жүйесін ұйымдастырады.

      7. Пайдаланушы орындау үшін Пайдаланушы белгілеген және қабылдаған ұшуды ұйымдастыру, орындау және қамтамасыз ету жөніндегі ережелер, рәсімдер мен нормалар бар Ереженің 4, 5-қосымшаларына сәйкес Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықты, Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты және Техникалық қызмет көрсету сапасы жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және өз ұйымында оларды енгізеді.

      8. Пайдаланушыда әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру және жедел басқару, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөнінде қажетті жұмыстарды орындау, ұшу ақпаратын талдау, авиациялық техниканың сенімділігі және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді жинау және өңдеу, авиациялық персоналды даярлау, пайдалану-техникалық құжаттаманы және әуе кемелерінің негізгі және жинақтаушы бұйымдарына арналған нөмірлік құжаттаманы есепке алу және сақтау үшін жабдықталған меншік немесе шарттық негіздегі өндірістік базаның болуы қажет.

      9. Пайдаланушы ұшуды ұйымдастыруды, жоспарлауды және орындауды жедел бақылауды қамтамасыз ету үшін мамандандырылған бөлімше құрады.

      10. Азаматтық әуе кемелерін Пайдаланушыны алғашқы сертификаттауға арналған өтінішті берген өтінім беруші уәкілетті органға авиациялық техниканы қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және жөндеу қоры болуын қоса алғанда, әуе кемелерінің талап етілетін ұшуға жарамдылық деңгейін қолдау үшін, мәлімделген әуе кемелерімен ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлауды ұйымдастыру үшін өтінім берушіде жеткілікті қаржы қаражаты бар екендігін растайтын бизнес-жоспарын ұсынуға міндетті.

      11. Пайдаланушыға қарсы банкроттық туралы іс қозғау немесе төлемге қабілетсіздігіне байланысты сотта іс қарау уәкілетті органға Пайдаланушыны жоспардан тыс инспекциялық тексеру үшін негіз болуы мүмкін. Инспекциялық тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешімімен әуе кемелерін пайдалану шарттарына қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы Ережемен бекітілген тәртіппен тоқтатыла тұруы немесе қайтарып алынуы мүмкін.

      12. Пайдаланушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әуе кемелерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету кезінде экологиялық қауіпсіздік талаптары сақталуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы экологиялық қауіпсіздік жөніндегі қажетті нормативтік кесімдердің болуын қамтамасыз етеді, олардың талаптары сақталуы жөнінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

      13. Пайдаланушы персонал еңбегіне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарға сәйкес келетін жағдайды қамтамасыз етеді және олардың талаптарын сақтау жөнінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
      Еңбекті қорғау жөніндегі басшы құрамның функционалдық міндеттері тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда анықталады.

      14. Халықаралық ұшуларды немесе шетелде авиациялық жұмыстарды орындауды жоспарлаған Пайдаланушы әуе тасымалдарын немесе авиациялық жұмыстарды жедел басқару үшін әрбір әуе кемесімен сенімді байланыс арналарын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы әуе кемелерімен байланысты дербес немесе тиісті жұмыстарды орындауға рұқсаты бар ұйыммен шарт бойынша қамтамасыз етуі мүмкін.

  2. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы.
Ұшуды орындау мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      15. Пайдаланушының ұйымдық құрылымына, ұшуды орындау мен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарға:
      пайдаланушының ұйымдық құрылымына тікелей кіретін қызметтер, бөлімшелер мен бөлімдер орындайтын міндеттер мен функциялар тізбесі;
      шарт және келісімдер бойынша тыс ұйымдармен орындалуы мүмкін міндеттер мен функциялар тізбесі;
      пайдаланушы белгілеген ұшуды ұйымдастыру, орындау және қамтамасыз ету жөніндегі ережелер, рәсімдер мен нормалар туралы мәліметтер бар Пайдаланушының негізгі құжаттарына қойылатын талаптар енеді.

      16. Уәкілетті орган сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде Пайдаланушының ұйымдық құрылымы, штат кестесі, Ұшуды орындау жөніндегі басшылық, Техникалық қызмет көрсету және пайдаланушының сапа жүйесі жөніндегі басшылық, сондай-ақ әуе кемелерін пайдалануды ұйымдастыру, ұшуды орындау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттар белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін қарайды.

  3. Басшы құрам

      17. Пайдаланушының штатында:
      әуе кемелерін ұшуда пайдалану ережесін сақтау;
      әуе кемелеріне техникалық пайдалану және жөндеу ережесін сақтау;
      авиациялық персоналды даярлау;
      ұшуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жауапты басшы құрамы болады.

      18. Пайдаланушының басшы құрамының біліктілігі азаматтық авиацияда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      19. Уәкілетті орган сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мынадай немесе оларға тең лауазымдарға кандидаттардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды:
      басшы;
      басшының ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары;
      ұшуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін жауапты басшы;
      басшының инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
      аға пилот, ұшу отрядының командирі;
      авиакомпанияның аға штурманы (аэронавигациялық қамтамасыз ету үшін жауапты);
      басшының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары (инспекция бастығы);
      басшының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
      оқу-жаттығу орталығының бастығы (егер авиакомпанияда меншікті оқу-жаттығу орталығы болса).
      Уәкілетті органмен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын ұшу қызметінің басшысы, аға пилот, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция бастығы, инженерлік-авиациялық қызметтің басшысы азаматтық авиация ұйымының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басшы қызметкерлері болып танылады.
      Егер Пайдаланушы құрылымында жоғарыда көрсетілген басшылық персонал солардың бағынысында болса, онда осы лауазымдар да белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуына қаралады.

      20. Пайдаланушының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйі үшін жауап береді.
      Басшының ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары ұшу жұмысын ұйымдастырудың жай-күйі, әуе кемелерінің белгілі бір үлгілері үшін пайдалану құжаттамасында көзделген әуе кемелерін ұшуда пайдалану ережесінің сақталуы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауап береді.
      Басшының инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары пайдаланушының әуе кемелерінің белгілі бір үлгілері үшін пайдалану құжаттамасында көзделген әуе кемелерін техникалық пайдалану ережесінің сақталуы үшін жауап береді және олардың ұшуға жарамдылығын қамтамасыз етеді.
      Басшы және командалық-ұшу құрамы тұлғаларының міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың және Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың құрамдас бөлігі болып табылатын тиісті ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

  4. Ұйымдық құрылым және ұшуды орындау
мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      21. Пайдаланушының ұйымдық құрылымына кіретін құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесі:
      ұшу қызметі;
      инженерлік-авиациялық қызмет;
      өндірістік-диспетчерлік бөлімше;
      ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция;
      авиациялық қауіпсіздік қызметі;
      тасымалдарды ұйымдастыру қызметі;
      бортсеріктер қызметі;
      медициналық қызмет;
      еңбек қорғау қызметі немесе еңбек қорғаудың жай-күйі үшін жауапты тұлға.
      Пайдаланушы штатында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болғанда, авиациялық қауіпсіздік шараларын шартты негізде қамтамасыз етуге болады.
      Пайдаланушы штатында ұшуды медициналық қамтамасыз етудің және әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлға болғанда, медициналық қамтамасыз етуді шартты негізде ұйымдастыруға болады.
      Тасымалдарды ұйымдастыру қызметі әуе кемелерін авиациялық жұмыстарды орындау үшін ғана пайдаланатын Пайдаланушының ұйымдық құрылымына кірмеуі де мүмкін.
      Бортсеріктер қызметі азаматтық авиация саласындағы нормативтік кесімдердің және әуе кемелерінің осы үлгісі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жолаушыларды бортсеріксіз тасымалдау рұқсат етілген әуе кемелерін коммерциялық жолаушылар тасымалы үшін, сондай-ақ авиациялық жұмыстар мен жүк тасымалдарын орындауға арналған әуе кемелерін пайдаланатын Пайдаланушының ұйымдық құрылымына кірмеуі де мүмкін.

      22. Пайдаланушы сапа жүйесін әзірлеп, оны өз ұйымында енгізеді және сапа жөніндегі басшыны және Пайдаланушының ұйымдық құрылымы мен ұшуды орындау мен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың азаматтық авиация әуе кемелерін қауіпсіз пайдалануды және ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету саласында қолданылып жүрген стандарттар мен директиваларға сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды тағайындайды.
      Сапа жөніндегі басшы Пайдаланушы басшысына тікелей бағынады. Пайдаланушының басшысы сапа жөніндегі басшы болуы мүмкін.
      Сапа жүйесі Пайдаланушының азаматтық авиацияда белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ішкі бақылау рәсімдері бар сапаны қамтамасыз ету бағдарламасын қамтиды. Уәкілетті орган сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде сапа жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      23. Пайдаланушы өз бөлімшелерімен немесе уәкілетті органның тиісті жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсаты бар ұйымдармен шарттардың негізінде ұшуды қамтамасыз етудің мынадай түрлерін:
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуді;
      ұшу ақпаратын өңдеу және талдауды;
      авиациялық техниканың істемей қалған бөлшектерін тексеруді;
      тасымалдарды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді;
      ұшуды медициналық қамтамасыз ету және медициналық куәландырудан өтуді;
      Пайдаланушы әуе кемелерінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
      метеорологиялық қамтамасыз етуді;
      штурмандық және аэронавигациялық қамтамасыз етуді;
      авиациялық персоналдың біліктілігін арттыруды және тренажерлерде дайындалуын қамтамасыз етуді және:
      1) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
      2) әуе кемелерінің тұрағын (тұруын) қамтамасыз етуді;
      3) қону мен ұшып шығуды қамтамасыз етуді;
      4) жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуді;
      5) іздестіру және авариялық-құтқару қызметтерін қамтамасыз етуді;
      6) аэронавигациялық қамтамасыз етуді;
      7) жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді;
      8) борттағамымен қамтамасыз етуді қоса алғанда,
      әуежай қызметтерінің ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерін орындауды ұйымдастырады.
      Орналасу әуежайында әуежайлық қызмет көрсетуге арналған шарттар Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) жерде қызмет көрсету туралы стандартты келісіміне сәйкес жасалуы мүмкін.

  5. Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық, Техникалық
қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық және Техникалық
қызмет көрсету сапасы жөніндегі нұсқаулық

      24. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымша) қабылданған стандарттарына және осы Ережеге сәйкес Пайдаланушы өз персоналы үшін ұшуды орындау және қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген және Пайдаланушы орындауға қабылдаған ережелер, рәсімдер мен нормалар бар Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық, Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық және Техникалық қызмет көрсету сапасы жөніндегі нұсқаулықты басып шығарады.
      Уәкілетті орган сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың, Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық пен Техникалық қызмет көрсету сапасы жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      25. Ұшуды орындау, техникалық қызмет көрсету және сапа жөніндегі нұсқаулықтар ұшуды ұйымдастыру, орындау, қамтамасыз ету және әуе кемелерін техникалық пайдалану рәсімдерінің толық және егжей-тегжейлі сипаттамаларын қамтуы және Пайдаланушының авиациялық персоналының қызметін реттеуі тиіс.
      Нұсқаулықтардың барлық нұсқаулық материалдары айқын, нақты жазылады және қос ұғымға жол бермеуі тиіс.
      Пайдаланушының уәкілетті органға қарау үшін ұсынылмайтын басқа құжаттарының ережелері Нұсқаулықтардың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

      26. Ұшуды орындау, техникалық қызмет көрсету және сапа жөніндегі нұсқаулықтар:
      әуе кемелерінің жаңа үлгілерін сатып алу (жалға немесе меншікке алу);
      уәкілетті орган жаңа нормативтік құқықтық кесімдерді қолданысқа енгізген не Пайдаланушының қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерге өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралады және толықтырылады.

      27. Сапа жөніндегі нұсқаулық жеке том түрінде басылып шығарылуы немесе Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық пен Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың құрамына кіргізілуі мүмкін.

      28. Пайдаланушы Нұсқаулықтардың талаптары мен ережелерін (соның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде) жеке құрамына оларды оқу және орындауға қабылдау үшін уақтылы жеткізу тәртібін әзірлейді.
      Пайдаланушы экипаж бен инженерлік-техникалық персонал үшін осы әуе кемесінде ұшуды орындау мен қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық пен Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінен қажетті ақпараттың әуе кемесі бортында болуын қамтамасыз етеді.

  6. Қауіпті жүктер тасымалын жүзеге асыратын
Пайдаланушыға қойылатын сертификаттық талаптар

      29. Пайдаланушы қауіпті жүктерді тасымалдау құқығын алу үшін мыналардың:
      қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі біліктілік деңгейін растайтын сертификаты, сондай-ақ Пайдаланушының атынан қауіпті жүктерді әуе тасымалына жіберу (жіберуден бас тарту) туралы және қауіпті жүктердің класына (санатына) қарай оларды тасымалдау шарттары туралы шешім қабылдау құқығы бар жауапты маманның;
      қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі бойынша біліктілік деңгейін растайтын сертификаты бар персоналдың (кеме капитаны, екінші пилот, бортинженері, бортоператоры, бортсерігі);
      теңдеме-жүк бөлмелері ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына жауап беретін және қауіпті жүктер тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әуе кемелерінің болуын қамтамасыз етеді.
      Әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жағдайы халықаралық талаптарға сай болуы тиіс.

      30. Қауіпті жүктер тасымалын ұйымдастыру туралы ережені Пайдаланушы әзірлейді және ол Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

  7. Азаматтық әуе кемелерін тиеу және кіндіктеу

      31. Пайдаланушы әуе кемелерін пайдалану құжаттамасына қатаң сәйкестікте олардың тиелуін және кіндіктелуін қамтамасыз етеді.
      Әуе кемелерін шекті рұқсат етілетін мәндерден ауытқумен тиеу және кіндіктеу қолданылып жүрген нормативтік құжаттар мен халықаралық стандарттардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарын бұзу болып табылады. Осындай бұзушылықтарды анықтау Пайдаланушы сертификатының қолданылуын Пайдаланушы ереже талаптарын орындай алатынын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттарға сәйкес келетінін дәлелдегенге дейін тоқтата тұру үшін негіз болуы мүмкін.

  8. Аэронавигациялық қамтамасыз ету

      32. Пайдаланушыда аэронавигациялық ақпарат қызметі болады немесе осы қамтамасыз ету тыс ұйымдармен шарттар бойынша жүзеге асырылса, жауапты тұлғаны тағайындайды.

      33. Пайдаланушы экипаждарды штурмандық керек-жарақпен, қолданыстағы аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен (аэронавигациялық ақпарат жинақтарымен (АІР), ұшу және борт карталарымен, ұшу алдындағы ақпарат бюллетеньдерімен немесе НОТАМ (аэронавигациялық жабдықтағы, қызмет көрсетудегі өзгерістер, рәсімдер туралы, ұшудағы мүмкін болатын қауіптер туралы ұшқыштарға арналған хабарлама), ұшу үшін мәлімделген әуеайлақтарда ұшуды дайындау және орындау үшін қажетті алдын ала навигациялық есептермен және пайдалану минимумдарымен қамтамасыз етеді.

      34. Пилоттық-навигациялық кешендер мен аэронавигациялық мәліметтердің борттық базасы бар навигациялық жүйелерді пайдалану кезінде Пайдаланушы олардың уақтылы ауыстырылуын (жаңартылуын) қамтамасыз етеді, сондай-ақ ұшуды орындау үшін пайдаланылатын аэронавигациялық ақпарат құжаттары мен аэронавигациялық мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ететін рәсімдерді әзірлейді. Көрсетілген рәсімдер Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта сипатталады.

  9. Авиациялық оқиғаларды тексеру

      35. Әрбір Пайдаланушы қақтығыстар мен авиациялық оқиғаларды тексеруді белгіленген мерзімде жүргізу, сондай-ақ авиациялық оқиғалардың алдын алу мақсатында істемей қалған авиациялық техниканы тексеру үшін жағдай жасайды. Авиациялық оқиғаны немесе қақтығысты тексеру жұмыстарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      36. Пайдаланушының авиациялық оқиғаларды тексеруге қатысатын персоналы сертификатталған орталықта арнайы дайындықтан өтеді.

  10. Авиациялық қауіпсіздік

      37. Пайдаланушы Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың бөлігі болып табылатын Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламасын, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Пайдаланушының персоналы үшін қажетті нұсқаулықтар мен технологияларды әзірлейді.

      38. Пайдаланушы авиациялық персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауды азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес ұйымдастырады.

      39. Заңсыз араласу акті болған жағдайда әуе кемесі, жолаушылар және экипаж мүшелері туралы қажетті ақпарат жедел штабтардың шешімі бойынша дипломатиялық өкілдіктерге және ұшудың және әуе кемесі бортындағы мән-жайды өзгертудің маршруты бойынша орналасқан мемлекеттердің азаматтық авиация әкімшіліктеріне беріледі, мұндай ақпарат кезең-кезеңмен толықтырылып отырады.

  11. Пайдаланушылардың ұшу жұмысын ұйымдастыру

      40. Пайдаланушының ұшу жұмысын ұйымдастыру Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта жазылады.

      41. Пайдаланушының ұшу қызметі:
      пайдаланушының ұшуларды қауіпсіз орындауын ұйымдастыру;
      ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау;
      ӘК экипаждары қызметін жүйелі бақылау мен талдауды жүзеге асыру;
      қызмет құрылымының ұшуларды қауіпсіз орындау шарттарына сәйкестігі;
      қызметтің ұшу, ұшу-командалық және басшы құрамын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдау мен арттыруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және ұшу-командалық құрамды (бортоператорлар мен бортсеріктерді қоса алғанда, егер олар ұшу қызметінің құрамына кірсе) ұшуға жіберу;
      ұшу құрамын аттестаттау және біліктілігін тексеру;
      аэронавигациялық қамтамасыз ету;
      ұшу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
      ұшу жұмысын жоспарлау, ұшу қызметін нормалау шарттарын (ұшу құрамының жұмыс уақыты мен демалысы уақытын) сақтау;
      әуе кемелерінің экипаждарын жинақтау және қалыптастыру;
      әуе кемелерінің экипаж мүшелерін ұшуға жіберудің белгіленген ережелері мен рәсімдерін сақтау;
      экипаждардың алдын ала және ұшу алдында дайындығын жүргізу;
      авиациялық оқиғалардың алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;
      ұшуды қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
      ұшу қызметін реттейтін нормативтік кесімдер мен басқа да құжаттардың бар болуы;
      ұшу-штабтық құжаттама мен іс жүргізу үшін жауап береді.

      42. Әрбір Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру, ұшу жұмысын ұйымдастыру және талап етілетін ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке жауапты болатын ұшу-командалық құрамды жұмысқа қабылдайды.

      43. Шетелдік мемлекеттер берген авиациялық персоналдың куәліктері осындай куәліктер оларға сәйкес талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгілеген ең аз стандарттарға жауап берген немесе олардан жоғары болған жағдайда берілсе, Қазақстан Республикасында жарамды болып танылады.
      Әрбір Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пайдаланушы мәлімдеген ұшу бағдарламаларын орындау үшін жеткілікті санда әуе кемелерінің экипаждарын құрайтын ұшу құрамын жұмысқа қабылдайды.
      Әрбір экипаж мүшесінің куәлігінде оны жұмысқа қабылдаған ұйымның (Пайдаланушының) толық атауы көрсетіледі.

      44. Басқа авиакомпаниялардың ұшу құрамын уақытша негізде пайдаланылатын Пайдаланушы осы авиакомпаниялардың басшылығымен Ұшу құрамының осы авиакәсіпорындардағы - келісімге қатысушылардағы қоса атқаратын қызметі бойынша жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы келісім жасасуға міндетті. Осы келісімнің қолданысы мерзіміне жұмыс беруші белгіленген үлгіге сәйкес (1-қосымша) ұшу құрамының әрбір мүшесі мамандарының куәлігіне қосымша бет ресімдейді. Қосымша бет жұмыс берушінің қолымен және мөрімен расталады.

      45. Ұшу-командалық және ұшу құрамының лауазымдық нұсқаулықтары Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта беріледі.

      46. Коммерциялық жолаушылар тасымалдары үшін әуе кемелерін пайдаланатын Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес егер олардың экипаж құрамында болуы азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарында және әуе кемелерінің осы үлгісі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленсе, бортсеріктерді жұмысқа қабылдайды.
      Бортсеріктердің лауазымдық нұсқаулықтары Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта беріледі.

      47. Пайдаланушы жолаушылар тасымалын бортта әуе кемелерінің осы үлгісі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленгеннен кем емес санда бортсеріктері болғанда жүзеге асырады.

      48. Әуе кемелерін коммерциялық жүк тасымалдары үшін пайдаланатын Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес егер олардың экипаж құрамында болуы әуе кемелерінің осы үлгісі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген болса, бортоператорларды жұмысқа қабылдайды.
      Бортоператорлардың лауазымдық нұсқаулықтары Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта беріледі.

      49. Пайдаланушы жүк тасымалын бортта әуе кемелерінің осы үлгісі үшін Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленгеннен кем емес санда бортоператорлары болғанда ғана жүзеге асырады.

      50. Ұшуды орындау кезінде бортсеріктерге бір уақытта бортоператорлардың функцияларын және керісінше орындауға болмайды.

      51. Ұшу қызметі мен бортсеріктер қызметінің құрылымы мен штат санын уәкілетті орган ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету шарттарын негізге ала отырып, белгіленген талаптарға сәйкес қарайды.

  12. Экипаждың құрамы, ұшу экипаждарын
даярлау, қайта даярлау және жаттықтыру

      52. Экипаж мүшелерін әуе кемелерінің басқа үлгісіне қайта даярлау, сондай-ақ ұшу бөлімшелерінде авиация персоналын даярлау және біліктілігін растау бағдарламаларын Пайдаланушы қолданылып жүрген үлгілік бағдарламалар мен талаптардың негізінде әзірлейді және олар Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

  13. Ұшу және жұмыс уақытын шектеу, ұшу
экипажының демалыс ұзақтығына қойылатын талаптар

      53. Экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты туралы ережені, еңбек пен демалысты нормалау қағидаттарын, сондай-ақ ұшу құрамы мен бортсеріктердің еңбек және демалыс режимі сақталуын бақылау рәсімдерін Пайдаланушы Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес әзірлейді және олар Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

  14. Жердің жақын екендігі туралы ескерту
жүйелерімен (GPWS) жарақтандыруға жататын ұшақтар

      54. Газ-турбиналық қозғалтқышы, сертификатталған барынша ұшу салмағы 15 000 кг (он бес мың килограмм ) немесе 30-дан (отыздан) артық жолаушыларды тасымалдау құқығы бар барлық ұшақтар жердің жақын екендігі туралы ескерту жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      55. Поршень қозғалтқышты, сертификатталған барынша ұшу салмағы 5700 кг (бес мың жеті жүз килограмм) немесе 9-дан (тоғыздан) артық жолаушыларды тасымалдау құқығы бар барлық ұшақтар жердің жақын екендігі туралы ескерту жүйесімен жабдықталуы керек.

      56. Жердің жақын екендігі туралы ескерту жүйесі ұшақ жер бетіне ықтимал қауіпті жақындықта болғанда ұшу экипажына автоматты түрде уақтылы айқын сигнал береді.

  15. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету
мен оларды жөндеуді ұйымдастыру

      57. Пайдаланушы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз етуді әуе кемелерінің белгілі бір үлгісінің пайдалану құжаттамасында көзделген техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтау, тиімділігін бағалай отырып, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағдарламаларын орындау, ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі директиваларды орындау арқылы қамтамасыз етеді.

      58. Пайдаланушы аз дегенде, пайдаланылатын әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсетуді орындайтын меншікті сертификатталған бөлімшелерімен және авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдармен жасалған шарттар негізінде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді.

      59. Шетел мемлекеттердің авиациялық техникаға қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарының сертификаттары осындай сертификаттар оларға сәйкес талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгілеген ең аз стандарттарға жауап берген жағдайда, Қазақстан Республикасында жарамды болып танылады.

      60. Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі:
      пайдаланылатын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауды;
      техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі директиваларды орындауды қоса алғанда, бюллетеньдерді, авиациялық техниканы пысықтау мен жөндеуді;
      авиациялық техниканың ресурстық және техникалық жай-күйін есепке алуды;
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жоспарлауды;
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстардың толық және сапалы орындалуын бақылауды;
      авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды есепке алуды;
      нөмірлік және кеме құжаттамасын қоса алғанда, пайдалану құжаттамасын жүргізу және сақталуын қамтамасыз етуді;
      авиациялық техниканың істемей қалуы және ақаулықтары туралы мәліметтерді жинау, есепке алу және өңдеуді;
      ұшу ақпаратын өңдеу және талдауды;
      жарнамалық - талап-қуыным жұмысын жүргізуді;
      инженерлік-авиациялық қызмет персоналының кәсіби деңгейін қолдау мен арттыруды қамтамасыз етеді.
      Пайдаланушының инженерлік-авиациялық қызметі әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті нормативтік және пайдалану-техникалық құжаттаманың бар болуын қамтамасыз етеді.

      61. Пайдаланушы Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді. Нұсқаулық пайдаланылатын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеуді Пайдаланушының ұйымдастыруын белгілейтін құжат болып табылады.

  16. Ұшу ақпаратын өңдеу және талдау

      62. Ұшу ақпаратын өңдеу және талдауды тиісті жұмыстарды жүргізуге рұқсаты болғанда Пайдаланушының тиісті бөлімшелері, сондай-ақ шарт негізінде тыс ұйымдар жүзеге асыра алады.

      63. Ұшу ақпаратын өңдеу және талдауды тыс ұйым орындағанда Пайдаланушының Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығында Пайдаланушының тиісті қызметтері мен аталған жұмыстарды орындайтын ұйымның өзара іс-қимыл тәртібі мен рәсімдері белгіленеді.

      64. Шет елде халықаралық ұшулар мен авиациялық жұмыстарды орындау кезінде Пайдаланушы уақытша орналасу әуежайында аттестатталған персоналдың және борттық ақпарат жинау құралдарының жазбаларын және ұшу ақпаратын ашу мен талдауға арналған арнайы жабдықтың бар болуын қамтамасыз етеді.

  17. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жөніндегі есептік деректер

      65. Пайдаланушы борттық техникалық журналдар, нөмірлік және өндірістік-бақылау құжаттаманың жүргізілуін, пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

      66. Пайдаланушы істелген жұмысты есепке алуды және қосынды істелген жұмысты нөмірлік құжаттамаға енгізуді қамтамасыз етеді:
      әуе кемелерінің және авиациялық марштық қозғалтқыштардың формулярлары - әрбір кезеңді техникалық қызмет көрсету кезіндегіден кем емес;
      құрамдас бөліктердің формулярлары, паспорттары мен этикеткалары, олар әуе кемесінен алынғанда.

      67. Пайдаланушы әуе кемелерінің немесе оның құрамдас бөліктерінің пайдаланылуы тоқтатылған сәттен бастап он екі ай бойы әуе кемелері мен құрамдас бөліктерінің формулярлары, паспорттары мен этикеткалары сақталуын қамтамасыз етеді.

      68. Пайдаланушы өндірістік-бақылау құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді:
      жедел техникалық қызмет көрсету бойынша - жиырма төрт ай бойы;
      кезеңді техникалық қызмет көрсету, зертханалық тексеру және ағымдағы жөндеу бойынша - әуе кемесінің жөндеуаралық ресурсы ішінде (жөндеуаралық ресурсы анықталмаған әуе кемелері үшін - техникалық қызмет көрсетудің барынша үлкен кезеңділігі шегінде);
      әуе кемелері мен авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша - тағайындалған ресурсы мен қызмет мерзімі бойы (есептен шығарылғанға дейін).

  18. Әуе кемелерін жалға және лизингке алу

      69. Жалға алынған (соның ішінде шетелде жалға алынған) әуе кемелері олар белгіленген тәртіппен жалға алу туралы келісімнің қатысушысы - Қазақстан Республикасының Пайдаланушысы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережеге енгізілгеннен кейін ғана ұшуға жіберіледі. Арнайы ереже жалға алу туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімде қолданылады. Жалға алу туралы келісімнің қолданылуы ұзартылғанда Арнайы ереже қайта ресімделеді немесе ұзартылады.

      70. Жалға алынған әуе кемесін пайдаланатын Пайдаланушы да, әуе кемесін жалға беретін Пайдаланушы да Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа және Техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа жалға алынған (жалға берілген) әуе кемесін пайдалану және жалға беруші мен жалға алушының өзара іс-қимылын ұйымдастыру ерекшеліктеріне қатысты қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      Жалға беруші мен жалға алушының Ұшуды орындау жөніндегі және техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістері мен толықтырулары белгіленген талаптарға сәйкестігін уәкілетті орган жалға алынған әуе кемесін пайдалануды бастамас бұрын қарайды.

      71. Шетел мемлекетінде тіркелген, жалға алынған әуе кемесін пайдалануға немесе Қазақстан Республикасында тіркелген әуе кемесін шетел мемлекетіне жалға беруге арналған рұқсатты уәкілетті орган осындай рұқсатқа Өтінімді қарағаннан кейін береді.

      72. Әуе кемесін Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарып, шетел мемлекетіне жалға беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген. қараңыз.P101070

Азаматтық әуе кемелерін     
пайдаланушыларға қойылатын   
сертификаттық талаптарына   
1-қосымша           

ҚОСЫМША БЕТ Т.А.Ә.А. ________________________________________
Пилоттың куәлігі N ______________________________
Атқаратын лауазымы ______________________________
_________________________________________________
                   (ұйымның атауы) Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық __________________
                                     (N, күні)
__________ бастап __________ дейін күшінде болады
Авиакомпания басшысы ___________  _______________
                         (қолы)         (Т.А.Ә.А.)