Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 21 мамыр N 858. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алатау" АҚ Алматы мамандандырылған конструкторлық бюросының мүлiктiк кешенi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 715 P960715_ қаулысында жазылған шешiмiне келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi