Күші жойылды - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010.09.07 N 220(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына , "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724 қаулысына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына" сәйкес Интернет желiсi қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн бiрыңғай бөлудiң тәртiбiн анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн бөлу Ережесi бекiтiлсiн.
2. Ақпараттандыру және заң қызметi департаментi (Ә.С.Жайлаубаева) заңнамамен белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге қамтамасыз етiлсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары Қ.Б.Есекеевке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күн iшiнде қолданысқа енгiзiледi.
Төрағаның
мiндетiн атқарушы
Келісілген:
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
міндетін орындаушы
2005 жылғы 5 сәуірдегі
N 88-б бұйрығымен
бекітілген
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің
домендік кеңістігін бөлу ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына , Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Интернет желісі қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу тәртібін анықтайды, сонымен қатар KZ доменінде және барлық кіші домендердің домендік атауларын бөлу туралы барлық сұраныстарға таратылады.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер мен түсініктемелер пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және қызметтi мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) домендiк атау - Интернет желiсiндегi адресаттың ережелерiне сәйкес қалыптастырылған, желiнiң объектiсiне атаулы жолданымға арналған және белгiлi бiр желiлiк мекенжайға сәйкес нышандық (әрiптiк-цифрлы) белгi;
3) домендік атау KZ - ISO-3166 халықаралық стандартқа сәйкес Қазақстан Республикасы үшін екі әріптік кодқа сәйкес келетін жоғарғы деңгейдегі домендік атау;
4) домендік кеңістік - Интернет желісінің иерархиялық атаулар кеңістігі;
5) Интернет желісінің қазақстандық сегменті - Қазақстан Республикасының хостингтерінде (серверлерде) орналастырылған ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жиынтығы;
6) RFC - Интернет желісінің жұмысының сәтін анықтайтын техникалық және ұйымдастырушылық пен қоғамдық ұйымдармен қабылданған Internet Engineering Task Force (IETE) - Internet Engineering Steering Group (IESG) стандарты;
7) өтініш - тіркеушіге домендік атауларды немесе бұрын хабарланған мәліметтерді өзгерту, тіркеу (пайдалану мерзімін ұзарту) үшін белгіленген нысан бойынша барлық қажетті мәліметтерден тұратын өтініші;
8) тізілім - тіркелген KZ домендік атауларының деректер қоры;
9) тізілімді жүргізу - тізімде тіркелушілер берген жүйедегі домендік атаулардың деректерін және өзгерістерін енгізу мүмкіндігін, домендік атаулар тізілімінің жұмысын қамтамасыз ету;
10) домендік атауды тіркеу - тізілімге домендік атауды және тіркелушіге домендік атаумен басқару жөніндегі өкілеттігі туралы мәліметтерді енгізу;
11) тіркеу орны – Интернет желісінде KZ домендік атаулардың жұмыс істеуін қолдау және Тізілімін жүргізу үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты бойынша және ICANN (Internet Corporation for Assignet Names and Numbers) халықаралық ұйымымен аккредиттелген ұйым;
12) тіркеуші - тіркеу орны мен тіркеуші арасындағы жасасқан Келісімге (Шартқа) сәйкес домендік атауды тіркеу бойынша тіркелеушілерге қызмет көрсететін, қажетті ақпаратты тізілімге кіргізуді қамтамасыз ететін, заңды тұлға;
13) тіркелуші - тіркеушіге домендік атаулардың қажетті құжаттарын және өтінішін (өзгерістерін, өкілеттілігін) тіркеу үшін жіберетін жеке және заңды тұлға;
14) алынып тасталды
15) DNS - сервері - ( Domain Name System) - RFC 1034, 1035, 1122, 1123 стандарттарына сәйкес домендік атаулардың сервисін ұсынатын сервер;
16) атаулардың домендік жүйесі - (Domain Name System -) DNS - домендік атаулардың және (RFC 1034) IP адресінің сәйкестігі туралы ақпараттан тұратын бөлінген деректер қоры;
17) доменнің түбірі - DNS иерархиясының жоғарғы жағы. Доменнің түбір RFC (882) нүктемен белгіленеді ".";
18) бірінші деңгейдегі домен (жоғарғы деңгей) - DNS иерхиясында домендік түбірден төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) түбірлік доменнің тікелей кіші домені болып табылатын домен;
19) екінші деңгейдегі домен - DNS иерархиясында бірінші деңгейдегі доменнен төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) бірінші деңгейдегі доменнің (тура) тікелей кіші домені болып табылатын домен;
20) үшінші деңгейдегі домен - DNS иерархиясында екінші деңгейдегі доменнен төмен сатыда орналасқан және (RFC 882) екінші деңгейдегі доменнің (тура) тікелей кіші домені болып табылатын домен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.02.01 № 30 Бұйрығымен.
4. Арналуы анықталған резервтенген домендік атаулардың тізбесіне мыналар кіреді:
1) ORG. KZ - коммерциялық емес ұйымдар мен жобалар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
2) EDU. KZ - білім қызметіне лицензиясы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
3) NET. KZ - уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар деректерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
4) GOV. KZ - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
5) MIL. KZ - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған;
6) COM. KZ - коммерциялық ұйымдар үшін үшінші деңгейдегі домендік атауларды тіркеуге арналған.
Арналуы анықталған резервтенген домендік атаулардың тізбесі тіркеу орнымен толықтырылуы мүмкін.
2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің
домендік кеңістігін бөлудің ерекшеліктері
5. Тіркеуші домендік атауларды тіркеу кезінде мыналарды жүзеге асырады:
1) тіркелушінің осы Ережеге қосымшаға сәйкес домендік атауларды тіркеу үшін рәсімделіп берілген өтінішін, оны алған күнінен бастап 10 күн ішінде қарайды;
2) тіркелушімен домендік атауларды тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді нақты реттейтін, домендік атауларды тіркеу туралы келісім жасасады;
3) Ереженің 7 тармағында көзделгендей домендік атауларды тіркеуден бас тартады.
6. Тіркелуші домендік атауларды тіркеу үшін өтініш берген кезінде мыналарды жүзеге асырады:
1) осы ережеге Қосымшаға сәйкес рәсімделген домендік атауларды тіркеу үшін өтінішінде шынайы және толық ақпаратты электрондық нысанда немесе қағаз жүзінде береді;
2) тіркеушіге өтінішін берген сәтінен бастап Интернеттің RFC 1034, 1035, 1122, 1123 стандарттарына сәйкес Интернет желісінде тұрақты жұмыс істейтін DNS серверін (кем дегенде екеуін) көрсетеді;
3) тіркеушімен домендік атауларды тіркеу бойынша нақты көрсетілетін қызметтерді реттейтін, домендік атауларды тіркеу туралы келісім жасайды.
3. Домендік атауларды тіркеуден бас тарту
7. Домендік атауды тіркеуде мынадай жағдайларда тіркеуден бас тартады:
1) ережеге қосымшада көзделгендей, белгіленген нысанға сәйкес келмейтін өтініш берілсе;
2) өтінішінде бұрын тіркелінген домендік атау болса;
3) сұраным Ереженің 7-тармағының 2-тармақшасында аталған Интернеттің стандарттарына сәйкес келмесе;
4) домендік атаулардың тізімінде тіркелінетін домендік атаулары болған жағдайда;
5) сол немесе қайталаушы атаумен домендік атауын пайдалануға тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімі бар болса.
Ереженің 7-тармағында көзделгендей тіркеуші тіркелушіге 10 күн ішінде домендік атауларының тіркелмегені туралы, тіркелмеуінің себебтерін көрсетіп хабарламаны жібереді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.02.01 № 30 Бұйрығымен.
4. Домендік атаулардың тіркелімін тоқтату
8. Домендік атауларды тіркеу мынадай жағдайларда тiркеушiмен немесе тiркеу орнымен тоқтатылады:
1) тiркеу кезiнде тiркелушi ұсынған ақпараттың толық емес немесе шынайы еместiгi анықталғанда;
2) домендiк атаудың иеленушісі ауысқан кезде;
3) тiркелушiнің өтінімі бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот шешімі бойынша.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.02.01 № 30 Бұйрығымен.
9. Ереженің 8 тармағымен көзделгендей, егер тіркеуші мен тіркелуші арасындағы келісіммен немесе сот шешімімен ұзақ мерзім белгіленбеген жағдайларда, тіркеуші осы доменнің тіркелуін тоқтатады, 10 күн мерзімде оның тоқтатылғаны туралы хабарламаны жібереді. Тіркелуші осы мерзім ішінде қосымша деректерді ұсыну немесе тоқтатылған себебін жоюы керек.
10. Ереженің 8 тармағының 4) тармақшасында көзделгендей, тіркеуші тіркелушінің хабарламасы мен тізілімге тиісті мәліметтерді енгізумен тіркеуді тез арада тоқтатады.
11. Егер Тіркеушімен домендік атаулардың өкілеттігі тоқтатылса, онда тіркелушінің өтініші бойынша жаңартылады.
5. Домендік атаулардың тіркелімінің күшін жою
12. Домендік атаулардың тіркелімінің күшін жою мынадай жағдайда жүргізіледі:
1) қосымша деректері берілмесе;
2) домендік атауды тіркеуді тоқтатылған себептерін жойылмаса;
3) осы Ереженің 17-тармағында көзделгендей.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.02.01 № 30 Бұйрығымен.
13. Қосымша деректер ұсынылған немесе тоқтатылған себептері жойылған жағдайда, домендік атаулардың тіркелімін қайтадан жаңартады.
14. Ереженің 12 тармағымен көзделгендей, тіркеуші тіркелушінің хабарламасы мен тізілімге тиісті мәліметтерді енгізумен тіркеу тез арада қайтадан жаңартылады.
15. Ереженің бұзылғаны анықталған кезде уәкілетті орган сотқа тіркелімнің күші жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.
6. Домендік атауларды пайдалануға тыйым салу
Ескерту. 6-тараумен толықтырылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010.02.01 № 30 Бұйрығымен.
16. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі сол атаумен немесе қайталанатын атаумен үш айға дейінгі мерзімде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
17. Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылатын Интернет-ресурста орналасқан ақпаратты таратуды тоқтату туралы сот шешімі, бұрын сот шешімімен сол домендік атауды немесе қайталанатын атаумен тіркеудің күші жойылмаса бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет желісінің
қазақстандық
сегментінің домендік
кеңістігін бөлу ережесіне
қосымша
Өтініш
1. N1 Нысан Тіркеу/өзгерту/домендік атауды жою
(ӨРІСТІ ағылшын тілінде толтыру керек, яғни берілген ақпарат WHOIS іздеу қызметінің деректерінің базасы үшін пайдаланылатын болады)
Авторландыру
Оа. (М) Жаңа(N) Өзгерту (В)Жою_____________________________________
Оb. Авторландырудың сызбасы________________________________________
Оc. Авторлық ақпарат_______________________________________________
1а Мақсатын сипаттау______________________________________________
1b Қолдау кезеңі (2-10)___________________________________________
2.Толық домендік атауы_____________________________________________
Домендік атауды пайдаланушы ұйым (жеке тұлға)
3a. Ұйымның атауы (Тегі, Аты, Әкесінің аты)_______________________
___________________________________________________________________
3b. Мекен-жайы____________________________________________________
3c. Қаласы_________________________________________________________
3d. Облысы_________________________________________________________
3e. Пошталық индексі_______________________________________________
3f. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
Әкімшілік қарым-қатынасы/Агенті
4a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)________________________________
4b.Жеке немесе (I) немесе ролдық (R)_______________________________
4c.Тегі. А. Ә.а.___________________________________________________
4d. Ұйымның атауы__________________________________________________
4e. Мекен-жайы_____________________________________________________
4f. Қаласы_________________________________________________________
4g. Облысы_________________________________________________________
4h. Пошталық индексі_______________________________________________
4i. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
4j. Телефонының нөмірі_____________________________________________
4k. Факстың нөмірі_________________________________________________
4l. E-mail-ының адресі_____________________________________________
4m. R (орысша) немесе (Е) Ағылшынша________________________________
Техникалық қарым-қатынас
5a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)________________________________
5b. Жеке немесе (I) немесе ролдық (R)______________________________
5c. Т.А Ә.а._______________________________________________________
5d. Ұйымның атауы__________________________________________________
5e. Мекен-жайы_____________________________________________________
5f. Қаласы_________________________________________________________
5g. Облысы_________________________________________________________
5h. Пошталық индексі_______________________________________________
5i. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
5j. Телефонының нөмірі_____________________________________________
5k. Факстың нөмірі_________________________________________________
5l. E-mail-ының адресі_____________________________________________
5m. R (орысша) немесе (Е) Ағылшынша________________________________
Есептер үшін қарым-қатынас
6a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)________________________________
6b. Жеке немесе (I) немесе ролдық (R)______________________________
6c. Т.А Ә.А._______________________________________________________
6d. Ұйымның атауы__________________________________________________
6e. Мекен-жайы_____________________________________________________
6f. Қаласы_________________________________________________________
6g. Облысы_________________________________________________________
6h. Пошталық индексі_______________________________________________
6i. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
6j. Телефонының нөмірі_____________________________________________
6k. Факстың нөмірі_________________________________________________
6l. E-mail-ының адресі_____________________________________________
6m. R (орысша) немесе (Е) Ағылшынша________________________________
Бірінші сервер атаулары
7a. Бірінші сервердің атауы (Хоста)______________________________
7b. Бірінші сервердің желілік адресі_______________________________
Екінші сервер атаулары
8a (s) Екінші сервердің атауы______________________________________
8b Екінші сервердің желілік адресі_________________________________
2. N2 нысан Тіркеу/өзгерту/DNS серверлерін жою
(ӨРІСТІ ағылшын тілінде толтыру керек, яғни берілген ақпарат WHOIS іздеу қызметінің деректерінің базасы үшін пайдаланылатын болады).
Авторландыру
Оа. (М) Жаңа (N)Өзгерту (D)Жою_____________________________________
Оb. Авторландырудың сызбасы________________________________________
Оc. Авторлау үшін ақпарат__________________________________________
Host
1a. . NIC нөмірі (егер белгілі болса)______________________________
1b. Хостаның атауы_________________________________________________
1c. ЕР адресі______________________________________________________
Қарым-қатынас тұлғасы
2a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)________________________________
2b. Жеке немесе (I) немесе ролдық (R) _____________________________
2c. Т.А Ә.А._______________________________________________________
2d. Ұйымның атауы _________________________________________________
2e. Көшесі_________________________________________________________
2f. Қаласы_________________________________________________________
2g. Облысы_________________________________________________________
2h. Пошталық индексі_______________________________________________
2i. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
2j. Телефонының нөмірі_____________________________________________
2k. Факстың нөмірі_________________________________________________
2l. E-mail-ы_______________________________________________________
2m. R (орысша) немесе (Е) Ағылшынша__________________________
N 3 нысан Тіркеу/өзгерту/ қарым-қатынас тұлғасын жою
(ӨРІСТІ ағылшын тілінде толтыру керек, яғни берілген ақпарат WHOIS
іздеу қызметінің деректерінің базасы үшін пайдаланылатын болады).
Авторландыру
Оа. (N) Жаңа (M)Өзгерту (D)Жою_____________________________________
Оb. Авторландырудың сызбасы________________________________________
Оc. Авторлау үшін ақпарат _________________________________________
Қарым-қатынас
1a. NIC нөмірі (егер белгілі болса)________________________________
1b. Жеке немесе (I) немесе ролдық (R)______________________________
1c. Т.А Ә.а._______________________________________________________
1d. Ұйымның атауы__________________________________________________
1e. Көшесі_________________________________________________________
1f. Қаласы_________________________________________________________
1g. Облысы_________________________________________________________
1h. Пошталық индексі_______________________________________________
1i. Елдің коды (2 әріп)____________________________________________
1j. Телефонының нөмірі ____________________________________________
1k. Факстың нөмірі_________________________________________________
1l. E-mail-ы_______________________________________________________
1m. R (орысша) немесе (Е) Ағылшынша________________________________
Хабарламалар туралы ақпарат
2a. Коррекция туралы хабарлама_____________________________________
2b.Пайдалануы туралы хабарлама_____________________________________
Авторлау туралы ақпарат
3a. Авторлау сызбасы_______________________________________________
3b. Авторлау туралы ақпарат________________________________________
3c. Бұқаралық (Y - Иә/М - Жоқ)_____________________________________