"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 25 шілдеде N 1928 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібінде:
бүкіл мәтін бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстардың жоспарында", "Статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздер тиісінше "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстардың жоспарында", "статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
10-тармақта:
екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген реттерде" деген сөздер "мемлекеттік статистикалық байқауларда қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 9 тамызда N 1947 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртіп Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының
Кодексіне
, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әзірленген.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.".