Жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулардың Бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1928. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 100 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010.04.29 № 100 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1180  қаулысымен бекiтiлген 1999-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру бағдарламасына сәйкес және мемлекеттiк статистиканың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi дамыту мақсатында бұйырамын: 
      1. Осыған қосылған Жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбi бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiркелімiне енгiзiлген кезден бастап iске қосылсын. 
      2. Осы Тәртiптiң сақталуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң Yйлестiру және статистикалық құрал-сайман департаментiне жүктелсiн. 

      Төраға 

Қазақстан Республикасы  
Статистика жөніндегі   
агенттігі төрағасының   
2002 жылғы 4 шілдедегі  
N 71 бұйрығымен бекiтiлген

   Жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық
бақылаулардың бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту
ТӘРТIБI

         Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстардың жоспарында", "Статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздер тиісінше "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстардың жоспарында", "статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 76   бұйрығымен .

  1. Жалпы ережелер

        1. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн ғылыми методология мен халықаралық стандарттар негiзiнде жасауға, қызмет ету мен жетiлдiруге бағытталған және методологиялық бiртұтастық пен орталықтандыру, яғни уәкiлеттi органның мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiруi принциптерiнде құрылады. 
      Бiрыңғай саясат пен методологиялық тұтастықты жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган жалпы мемлекеттiк және ведомстволық бақылаулар жүргiзу үшiн статистикалық бақылаулардың бағдарламаларына қойылатын талаптарды анықтап, оларды бекiтедi. 
      Мемлекеттiк статистикалық бақылауларға мемлекеттiк статистикалық есеп пен арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар сияқты бақылаулар типтерi енедi. 
      Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 76   бұйрығымен

      2. Мемлекеттiк статистикалық бақылаулардың бағдарламалары республика мен оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық және экологиялық салалары дамуының негiзгi көрсеткiштерiн анықтау мақсатында әзiрленедi. 
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiредi және мемлекеттiк статистикалық бақылаулар жүйесiнде жетекшi рөл атқарады. Мемлекеттiк органдар статистикалық бақылауларды уәкiлеттi органнан гөрi ақиқаттау статистикалық бақылауларды қамтамасыз еткен жағдайларда жүргiзедi. 

      3. Статистикалық нысандарда сапалы статистикалық бақылау жасауға қажеттi реквизиттердiң ең аз саны болуға тиiс. Көрсеткiштердi қайталауға және респонденттерге негiзсiз жүктеме салуға жол берiлмейдi.

      4. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы"  Заңына және оның негiзiнде қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрленген. 
      Тәртiп жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзу жөнiнде статистикалық нысандар мен нұсқаулар түрiнде табыс етiлген статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту тәртiбiн реттейдi және ол статистикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық мемлекеттiк органдарға таратылады. 

  2. Осы Тәртiпте пайдаланылған негiзгi ұғымдар

      5. Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, оларға сүйенiп деректер жиналатын есептеу әдiсi, көрсеткiштер (сұрақтар) тiзбесi, ол нысан, сауалнама, сауалдама, санақ қағазы, есепке алу бланкi, т.б. (бұдан әрi - статистикалық нысандар) және статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулар түрiнде табыс етiледi. 
      Мемлекеттiк статистикалық бақылаулар уәкiлеттi орган cтатистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес ұйымдастыратын жалпы мемлекеттiк статистикалық бақылаулардан және статистикалық қызметпен шұғылданатын басқа да мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ведомстволық статистикалық бақылаулардан тұрады. 
      Мемлекеттiк статистика органдары - уәкiлеттi орган және статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар.

      6. Статистикалық нысан - статистикалық бақылау түрiне орай белгiлi схема бойынша құжаттар жатқан жұмыс столына жайғасқан реквизиттердiң белгiленген жиынтығы. Статистикалық нысан үш негiзгi бөлiктен (титулдық, мазмұндық және ресiмдеу) тұрады және нысан, сауалнама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу бланкi түрiнде ресiмделедi. 

      7. Мемлекеттiк статистикалық есеп - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулар, оларды заңды және жеке тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiкшелерi мемлекеттiк статистика органдарына мәлiметтер беруге және олардың анықтығына жауапты адамдардың қолы қойылған есептердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша табыс етiп отырады. 
      Мемлекеттiк статистикалық есептi табыс етпегендер заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. 
      Өткiзiлу уақыты бойынша мемлекеттiк статистикалық есеп немесе белгiлi бiр нақты уақытта берiлетiн кезеңдiк болып және қажетiне қарай нақты кезеңсiз жиналатын бiрмезгiлдiк болып екiге бөлiнедi. Кезеңдiк есеп ағымдағы (оның есептiк кезеңi бiр жылдан аз: жарты жыл, тоқсан, ай, апта, т.с.с.) және жылдық болады. Жылдық есеп күнтiзбелiк жылдың басталуына немесе аяқталуына байланыссыз жылына бiр рет, сондай-ақ жылдан астам кезеңде (бес жылда екi рет, екi жылда бiр рет, тағы сол сияқты) табыс етiледi. 

      8. Жалпы мемлекеттiк статистикалық бақылаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн бақылаулар. 

      9. Ведомстволық статистикалық бақылаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн бақылаулар. 

      10. Уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылық жасайтын орталық атқарушы орган, оның уәкiлеттiлiгiн Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейдi. Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеп, жүзеге асырады. 
      Уәкiлеттi органның статистиканы ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, орындалуы мемлекеттік статистикалық байқауларда қамтылған барлық жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 76   бұйрығымен .

      11. Статистикалық қызметпен шұғылданатын мемлекеттiк органдар - ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзетiн мемлекеттiк органдар. Олар статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулар түрiнде жүргiзiлетiн статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын уәкiлеттi органға келiсуге және бекiтуге табыс етедi.

      12. Есептiк бiрлiк - бастапқы статистикалық есеп берiлетiн бiрлiк.
     Есептiк бiрлiктердiң бiразын белгiлеу үшiн статистикалық
нысанның титулдық бөлiгiнде респонденттер үшiн неғұрлым түсiнiктi терминдер пайдаланылады және статистикалық бақылау субъектiлерiнiң жиынтығын дәл бейнелейдi.

  3. Статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын
әзiрлеу тәртiбi

      13. Статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге мыналар жатады: 
      1) статистикалық бақылаулардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау; 
      2) деректер жинауға арналған көрсеткiштердiң (мәселелердiң) тiзбесiн жасау; 
      3) көрсеткiштердiң есептеу әдiсiн суреттеу. 
      Осы тәртiптiң 5-тармағына сәйкес статистикалық нысан және статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық түрiнде табыс етiлген статистикалық бақылау бағдарламасы мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiледi. Құжаттардың келiсiлген жинақталымы уәкiлеттi органға бекiтуге табыс етiледi. 
      Статистикалық бақылаулар бағдарламасын әзiрлеу негiздерi: 
      1) Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру бағдарламасы; 
      2) Қазақстан Республикасының статистикалық нысандардың мазмұнын өзгертудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi; 
      3) статистикалық жұмыстардың жоспары; 
       4) алынып тасталды
      5) статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган атауының немесе қызметiнiң өзгеруi; 
      6) статистикалық нысанның титулдық, мазмұндық, ресiмдейтiн бөлiктерiне өзгерiстер енгiзу қажеттiгi.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

        14.  алынып тасталды
       Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 76   бұйрығымен .     

      15. Ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламалары осы Тәртiпке, Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк орган туралы қолданыстағы ережеге және оның ведомстволық нормативтiк актiлерiне сәйкес әзiрленедi. 
      Мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсуге статистикалық нысанның макетi мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың жобасы табыс етiледi. 

      16. Статистикалық нысанда құжатты жасаудағы статистикалық бақылаудың мақсаты мен мiндетiн анықтайтын белгiлi бiр тұтас құрылымы болуға тиiс. Статистикалық нысанда заттай немесе құндық мәндi көрсеткiштер болады, олар бастапқы және бухгалтерлiк есептiң деректерiне негiзделедi. 
      Статистикалық нысандарға қойылатын маңызды талап - оларды ресiмдеудiң бiрыңғай стандартын сақтау. 
      Статистикалық нысанның ресiмдеу стандарты - нысанның жұмыстық бөлiгiнде орналасқан реквизиттердiң оптималдық жиынтығын статистикалық бақылау түрiне орай белгiлi бiр схема бойынша белгiлеуге бағытталған және уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормативтiк талаптар. 
      Статистикалық нысанның титулдық парағында статистикалық бақылаудың тұрпаты, нысанның нөмiрi мен кезеңдiлiгi, оны бекiту туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi, айы, жылы, есептілік бірліктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі және нысан коды толтыруға арналған орны, статистикалық бақылаудың (есептiң) атауы, табыс етудiң кезеңдiлiгi, есеп беретiн есептiк бiрлiктер мен есептi табыс ету мекен-жайы мен мерзiмi көрсетiледi. 
      Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында есептiк бiрлiктiң атауы мен мекен-жайы нысанның үзiлмелi бөлiгiнде көрсетiледi, ол бизнес-сәйкестендіру нөмірін қабылдап, толтырылып тексерілгеннен кейiн алып тасталады. 
      Статистикалық нысандар мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтарда көрсетiлген көрсеткiштер құрамы мен есептеу методологиясы, сондай-ақ нысанның титулдық парағындағы атрибуттары барлық есептiк бiрлiктер үшiн мiндеттi болып табылады және статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын бекiту жолымен өзгерiлуi мүмкiн.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

    4. Статистикалық бақылаулардың бағдарламаларын
бекiту және енгiзу тәртiбi 

      17. Жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламалары және статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi статистикалық нысандар түрiндегi нұсқаулықтар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiледi және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы"  Заңына, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Уәкiлеттi орган туралы ережеге сәйкес атқаратын негiзгi қызметтерiнiң бiрi болып табылады. 

      18. Статистикалық бақылаулар бағдарламаларын бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы"  Заңында , соған сәйкес қабылданған заңға тәуелдi актiлер мен Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн статистикалық жұмыстардың жоспарында бейнеленгеннен басқа ешбiр жаңа құқықтық нормалар болмайды және олар статистикалық техникалық нормалары, тәртiптерi мен стандарттары бар нормативтiк актiлерге жатады. 
      Бағдарламаларды бекiту жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер статистикалық нысандар мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқамаларды бекiту туралы бұйрықтар түрiнде ресiмделедi. 

      19. Жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық бақылаулардың бағдарламалары мынадай талаптар сақталған кезде уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс: 
      1) статистикалық нысандар мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар осы Тәртiптiң 16-тармағына сәйкес әзiрленген. Нысандардың титулдық парақтарының үлгi макеттерi мен статистикалық нысан таблицасының үлгiсi 1-7 қосымшаларда келтiрiлген; 
      2) көрсеткiштер мен олардың кодтары қолданыстағы мемлекеттiк және ведомстволық жiктеуiштерге сәйкес келедi; 
      3) статистикалық нысандар мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш дана болып жасалған. 

      20. Статистикалық нысандарды бекiту мерзiмдерiне мынадай шектеулер қойылады: 
      1) келесi есептi жылға ағымдағы тәртiппен енгiзiлетiн мемлекеттiк статистикалық есептiң нысандары есептi жыл басталардан 7 ай бұрын; 
      2) ағымдағы тәртiппен енгiзiлетiн арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулардың нысандары: 
      жылдық мерзiммен - статистикалық бақылау жүргiзiлетiн кезден 6 айдан кешiктiрмей; 
      айлық және тоқсандық мерзiмдермен, сондай-ақ бiрмезгілдiк есепке алулар сауалдамалары - статистикалық бақылаулар жүргiзiлетiн кезге дейiн 3 айдан кешiктiрмей. 

      21.  алынып тасталды
       Ескерту: 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  V070125_   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

        22. Уәкiлеттi орган бекiтпеген статистикалық нысандар мен статистикалық бақылау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар пәрменсiз деп саналады. 

      23. Барлық бекiтiлген статистикалық нысандардың толық тiзбесiн уәкiлеттi орган жыл сайын қалыптастырады және таратады. Тiзбе тапсырыс берушiлердiң электрондық тасымалдаушыларында электрондық түрде тегiн таратылады. 

                                     Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                бақылаулардың бағдарламаларын   
                                әзiрлеу және бекiту тәртiбiне   
                                          N 1 қосымша             

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

      Ақпарат алушы құпиялығын                  Кiм табыс етедi
      сақтауға кепiлдiк бередi _________________________________
                                   (атауы мен мекен-жайы)
_______________________________________________________________
                     (мекен-жай бөлiгiн қию сызығы)     

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасы
            Жалпы мемлекеттiк статистикалық есеп 
                 (Ведомстволық статистикалық есеп)

     Ақпарат Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика
туралы"  Заңына сәйкес табыс етiледi
____________________________________________________________________
                      респонденттің тұрған жерiндегі
____________________________________________________________________
          облыстық, қалалық, аудандық статистика органы

Нысан _____________________
     (нысанның индексi және 
       оның кезеңдiлiгі)
 
  Нысан коды ______________________________________
         (бекiту кезiнде уәкiлеттi орган бередi)
БСН коды _________________________
                                      _____________________________
                                             (уәкiлеттi органның)

                                      200__ жылғы _________________

                                      N ___ бұйрығымен бекiтiлген 

                                      Табыс етедi
                                      (есеп беретiн бiрлiктер,
                                      ауқымы, табыс ету күнi, айы,
                                      жылы немесе мерзiмі
                                      көрсетiледi)

                       Есептiң толық атауы

                       __________________ 200_ ж.
                          (есептi кезең)

                                      Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                 бақылаулардың бағдарламаларын  
                                 әзiрлеу және бекiту тәртiбiне  
                                           N 2 қосымша             

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

     Ақпарат алушы құпиялығын                  Кiм табыс етедi
     сақтауға кепiлдiк бередi _________________________________
                                   (атауы мен мекен-жайы)    

     _______________________________________________________________
                     (мекен-жай бөлiгiн қию сызығы)     

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасы 
             Жалпымемлекеттiк статистикалық есеп
                 (Ведомстволық статистикалық есеп)

     Ақпарат Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика
туралы"  Заңына сәйкес табыс етiледi

Нысан _____________________
      (нысанның индексi және
         оның кезеңдiлiгі)

Нысан коды _______________________________________
          (бекiту кезiнде уәкiлеттi орган бередi)
БСН _________________________ 
                                      _____________________________ 
                                           (уәкiлеттi органның)
                                      200__ жылғы _________________ 

                                      N ___ бұйрығымен бекiтiлген

Табыс етедi             
(есеп беретiн бiрлiктер,
ауқымы, табыс ету күнi, 
айы, жылы немесе        
мерзiмі көрсетiледi)    

                    Есептiң толық атауы 

                    __________________ 200_ ж.
                       (есептi кезең) 

                               Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                 бақылаулардың бағдарламаларын  
                                 әзiрлеу және бекiту тәртiбiне  
                                           N 3 қосымша            

     Ақпарат алушы құпиялығын                  Кiм табыс етедi
     сақтауға кепiлдiк бередi _________________________________
                                    (атауы мен мекен-жайы)
    _______________________________________________________________
                     (мекен-жай бөлiгiн қию сызығы)     

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасы
            Жалпымемлекеттiк статистикалық есеп
                (Ведомстволық статистикалық есеп)

      Ақпарат Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика
туралы"  Заңына сәйкес табыс етiледi _______________________________
                                     респонденттің тұрған жерiндегі
____________________________________________________________________
           облыстық, қалалық, аудандық статистика органы

                               Сауалдама _____________________
                                       (сауалдаманың индексi және
                                            оның кезеңдiлiгі)

                                       _____________________________
                                            (уәкiлеттi органның) 

                                        200__ жылғы_________________

                                        N ___ бұйрығымен бекiтiлген

                       Сауалдаманың толық атауы 
              Қызметтес болғаныңыз үшін алғыс айтамыз! 

                                                                   Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                   бақылаулардың бағдарламаларын  
                                   әзiрлеу және бекiту тәртiбiне  
                                           N 4 қосымша          

     Ақпарат алушы құпиялығын              Кiм табыс етедi
     сақтауға кепiлдiк бередi _________________________________
                                    (атауы мен мекен-жайы)    

     _______________________________________________________________
                     (мекен-жай бөлiгiн қию сызығы)
 

             Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасы
              Жалпымемлекеттiк статистикалық есеп
                  (Ведомстволық статистикалық есеп)

     Ақпарат Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика
туралы"  Заңына сәйкес табыс етiледi ________________________________
                                     респонденттің тұрған жерiндегі
____________________________________________________________________
          облыстық, қалалық, аудандық статистика органы
                                       _____________________________
                                            (уәкiлеттi органның)

                                       200__ жылғы _________________

                                       N ___ бұйрығымен бекiтiлген

                   Іріктеп зерттеу бланкісі
                         (толық атауы) 

                                Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                  бақылаулардың бағдарламаларын   
                                  әзiрлеу және бекiту тәртiбiне  
                                           N 5 қосымша          

       Ескерту: 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасы Ақпарат
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк статистика туралы" Заңына
сәйкес табыс етiледi. 

                                      Нысан _____________________
                                           (нысанның индексi және
                                               оның кезеңдiлiгі)

Нысан коды _____________________________
(бекiту кезiнде уәкiлеттi орган бередi)
                                       _____________________________
                                            (уәкiлеттi органның)

                                      200__ жылғы _________________

                                      N ___ бұйрығымен бекiтiлген

                                      Табыс етедi_________________
                                      (есепті кімнің кімге беретіні
                                        және оны табыс ету мерзiмі
                                        көрсетiледi)

                     Жиынтық ақпарат

                    __________________ 200_ ж.
                       (есептi кезең) 

                                Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
                                  бақылаулардың бағдарламаларын   
                                  әзiрлеу және бекiту тәртiбiне   
                                           N 6 қосымша 

       Статистикалық нысан таблицасының үлгi макетi
 

                              Жалпы тақырыбы 
                     (таблицаның атауы)

----------------------------------------------------!
                  ! Жолдың !      Жоғарыдағы        !
                  !  коды  !      тақырыптар        !
                  !(шифры) ! (бағандардың атауы)    !
----------------------------------------------------!    Бағандардың
        А         !    Б   ! 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6  !___ нөмірі
----------------------------------------------------!     
Бүйірдегі                                           !
тақырыптар                     Сандық деректерге    !
(жолдың атауы)                  арналған торлар     !
                                                    !___ Қорытынды
----------------------------------------------------!    жол
                                                  |
          Таблицаға ескерту                       |
                                              Қорытынды
                                                баған

      Статистикалық нысанның таблицасы - көлбеу жолдар мен тiк бағандардың (рет, қатар) құрамдастырымы. Оның құрамдас элементтерi - жалпы, бүйiрдегi және жоғарыдағы тақырыптар. Таблицаның жалпы тақырыбында оның негiзгi мазмұны дәл бейнеленуге тиiс. Оның жоғарыдағы тақырыптарында өлшем бiрлiктерi, кезең, жiктегiштер, т.с.с. көрсетiлуi керек. 
      Таблицаның сол жағында - зерттелетiн объектiлер, жекелеген бiрлiктер, ал оң жағында зерттелетiн объектiлердi сипаттайтын көрсеткiштер орналасады. Таблицадағы деректердi қолайлы орналастыру мақсатында зерттелетiн объектiлер бiрнешеу, ал көрсеткiштер 15 және одан да көп болса ғана бұл ережеден ауытқиды. 
      Зерттелетiн объектілер мен көрсеткiштер кездейсоқ тәртiппен емес, қайта белгiлi ретпен орналасуға тиiс. Зерттелетiн объектiнiң жолдары мен көрсеткiштер бағандары мүмкiндiгiне орай жекеден жалпыға ауысу принципiмен қойылады, яғни әуелi қосындылары көрсетiлiп, жолдың немесе бағанның аяғында қорытындылары шығарылады. Барлық қосындыларды келтіру қажет болмай, тек кейбiрiн ғана бөлектеу керек болса, онда әуелi - жалпы қорытындыларды, сосын жекелеген қосындыларды көрсеткен жөн. 
      Таблицаның жолдары кодтармен (шифрлармен) белгiленедi. Бағандар қатарлық нөмiрлермен немесе әрiптермен нөмiрленедi. Таблицаның оң жағындағы деректерге арналған бағандар қатарлық нөмiрлермен нөмiрленедi. Таблицаның зерттелетiн объектiлерi тұратын сол жағындағы бағандар, жолдардың шифрлары (кодтары) мен өлшем бiрлiктерi "А", "Б", тағы сол сияқты әрiптермен белгiленедi. 
      Мүмкiн болғанынша таблицалардың астына ескертпелер мен түсiнiктемелер туралы жазудан аулақ болған жөн. Барлық қажеттi түсініктемелердi зерттелетiн объектiнің тестiнде, бағанның атауында немесе таблицаның тақырыбында көрсеткен абзал.       

Жалпымемлекеттiк және ведомстволық
бақылаулардың бағдарламаларын   
әзiрлеу және бекiту тәртiбiне   
N 7 қосымша           

       Ескерту: 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2007.05.08. N  125   (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен.

Статистикалық нысандардың титулдық
бетiнiң реквизиттерi

        Статистикалық нысанның титулдық бетiнде мыналар болады:
      1. Жiктеу кодтары
      Нысан коды
      БСН
      Кодтар титулдық беттiң жоғары бөлiгiне қойылады
      2. Нысанның атауы
      қысқасы - титулдық беттiң оң жоғары бұрышына,
      толығы - титулдық беттiң төменгi жағына орналасады
      3. Нысанды бекiту туралы мәлiметтер:
      бұйрықтың нөмiрi, бекiткен күнi, айы, жылы
      4. Кiмге табыс етiледi
      бастапқы статистикалық ақпарат жинайтын статистикалық органның толық атауы және мекен-жайы
      5. Кiм табыс етедi
      берiлген статистикалық ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету 
мақсатында нысанның қиылатын бөлiгiнде есептi бiрлiктiң толық атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетiледi 
      6. Есептiк бiрлiктердiң ауқымын белгiлеу
      бiрлiктер түрi және олардың қызмет саласы
      7. Табыс ету күнi, айы, жылы немесе мерзiмi.