Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуiрдегі N 02-01-02/60 "Бос әкімшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиiсті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердi тестiлеуді өткізу, нұсқау, тестiлеу программалары және тестiлеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекіту туралы" бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3624.

Қолданыстағы

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуiрдегi
N 02-01-02/60 "Бос әкiмшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi және аттестациядан өтуге тиiстi болған әкімшілік мемлекеттiк қызметшiлердi тестiлеудi өткiзу, нұсқау, тестілеу программалары және тестiлеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекiту туралы"  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзілімінде N 2291 тiркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет істері жөнiндегi агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 25 шiлдеде N 2413 тіркелген, 2003 жылғы 15 шiлдеде  N 02-01-04/25  - 2003 жылғы 2 тамызда N 222-223 "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 2 тамызда N 197 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған; 2004 жылғы 23 ақпанда N 2709 тiркелген, 2004 жылғы 13 ақпандағы  N 02-01-02/17  - 2004 жылғы 22 ақпанда N 15 "Заң газетi" және 2004 жылғы 25 ақпанда N 15 "Юридическая газета" газеттерiнде жарияланған; 2004 жылғы 27 сәуiрде  N 2827 тіркелген, 2004 жылғы 14 сәуiрдегі  N 02-01-02/42  - 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Заң газеті" және 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Юридическая газета" газеттерiнде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізiлген) келесідей өзгерістер енгiзілсiн:

      көрсетiлген бұйрыққа 1-қосымшада:
      19-тармақ келесiдей редакцияда жазылсын:
      "19. Логикалық тестілеуді орындауға жiберiлген толық уақыт - 25 минөт, заңнаманы білуге - 105 минөт (140 сұраққа) немесе 60 минөт (80 сұраққа).";

      көрсетiлген бұйрыққа 2, 3, 4, 6-қосымшаларда "2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерiнiң қызмет этикасы ережелерін", "және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерi бойынша 10 сұраққа" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2, 3-қосымшаларда "150 сұрақ" деген сөздер "140 сұрақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрыққа 4, 6-қосымшаларда "90 сұрақ" деген сөздер "80 сұрақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрыққа 7-қосымшада "және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң қызмет этикасы ережелері бойынша кем дегенде 80% барлық санаттары үшiн" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. 2005 жылғы 27 сәуiрдегі N 3595 Қазақстан Республикасының Нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тізiлiмінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегi агенттігі төрағасының "Аттестациялануға тиiс мемлекеттiк әкiмшілік қызметшілерге Ереже және Тестілеу бағдарламаларын бекiту туралы" 2005 жылғы 6 сәуiрдегі N 02-01-02/42  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Төраға