Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Ереже және Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 02-01-02/42 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3595. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/60 (V053623) бұйрығымен.

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiн дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiне 21 қатысушының 2005 жылғы 24-27 мамырда Астана қаласында қонақ үйде тұруына қаражат бөлсiн.

      2. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр