Ескерту: Бүкіл мәтін бойынша:
"инспекциялық тексерістің", "инспекциялық тексеріс", "инспекциялық тексерістер" деген сөздер "инспекциялық бақылаудың", "инспекциялық бақылау", "инспекциялық бақылаулар" деген сөздермен;
"сапа жүйесі", "сапа жүйесімен", "сапа жүйесін" деген сөздер сәйкес "менеджмент жүйесі", "менеджмент жүйесімен", "менеджмент жүйесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сапа менеджменті жүйесін" деген сөздер "менеджмент жүйесін" деген сөздермен;
"техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің", "техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде", деген сөздер сәйкес "техникалық регламенттермен", "техникалық регламенттердің", "техникалық регламенттерде" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық бақылау жүргізу ережесі;
2) Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесі;
3) Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесі бекітілсін.
2. Техникалық реттеу және метрология басқармасы осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
N 119 бұйрығымен
бекітілген
Сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның
инспекциялық бақылау жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органның инспекциялық бақылау жүргізу ережесінің жалпы талаптарын белгілейді.
2. Ереже талаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына), сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.
3. Инспекциялық бақылау - аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын тексеру.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
4. Сертификатталған өнімге, қызметтер көрсетуге, процестерге және менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылауды, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, сәйкестік сертификат берген сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген орган жүзеге асырады. Сәйкестікті растау сызбасын өтінім беруші сәйкестікті растау бойынша органмен бірлесіп таңдап алады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
5. Инспекциялық бақылаулар сәйкестік сертификатының және өнімдерді (қызметтер көрсетуді) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығының қолданылу мерзімінде мерзімді және жоспардан тыс тексеріс нысанында жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады. Инспекциялық бақылаулардың мерзімділігін сәйкестікті растау бойынша орган таңдап алынған сәйкестікті растау сызбасына сәйкес айқындайды.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
6. Жоспардан тыс тексерістер сертификатталған өнімге (қызметтер көрсетуге, процестерге, менеджмент жүйесіне) шағым-талап келіп түскенде жүргізіледі.
7. Инспекциялық бақылаудың жұмысының түрлерін және ауқымын сәйкестікті растау бойынша орган орындалған сәйкестікті растау сызбасына, өнімдердің сипаттамасының тұрақтылығын, өнімнің ықтимал қауіптілік деңгейін, өнім өндіру процестерінің тұрақтылығын, шығарылу ауқымын және басқа көрсеткіштерін есепке ала отырып тексеріс бағдарламасында айқындайды.
Инспекциялық бақылау бағдарламасын сәйкестікті растау жөніндегі органның басшысы тексеріс басталғанға дейін бекітеді.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
8. Инспекциялық бақылау жүргізуге жұмсалған барлық шығындарға өтінім беруші шарт негізінде, оның нәтижелеріне тәуелсіз, ақы төлейді.
2. Инспекциялық бақылау жүргізу тәртібі
9. Инспекциялық бақылау, егер ол сәйкестікті растау сызбасында көзделген болса, мынадай жұмыс түрлерін қамтуы тиіс:
1) сертификатталған өнім, қызмет көрсету, процесс, менеджмент жүйесінің қолданылуы жөніндегі ақпаратты талдау;
2) тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттардың немесе қызмет көрсету процесінің тұрақтылығына қажетті шарттардың сақталуын тексеру;
3) үлгілерді іріктеу, өнімдерді сынақтан өткізу және оның нәтижелерін талдау;
4) тексеріс нәтижелерін ресімдеу және шешім қабылдау.
Менеджменті жүйесіне берілген сәйкестік сертификаты бар болса, егер сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық жүйесінде құпталған органда берілген болса, тұрақты сапалы өнім шығаруға қажетті шарттарға талдау жүргізбеуге болады.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
10. Инспекциялық бақылау нәтижелері үлгілерді сынақтан өткізу және басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы, сертификатталған өнім өндірісінің немесе қызмет көрсету процесінің жай-күйі туралы және берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сақтау мүмкіншілігі туралы қорытынды берілетін еркін нысандағы актімен ресімделеді.
Актінің даналары арыз берушіге жөнелтіледі. Актінің көшірмесі сәйкестікті растау бойынша органда кемінде үш жыл сақталады.
11. Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша сәйкестікті растау бойынша орган өкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін тоқтатады немесе күшін жояды.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
N 119 бұйрығымен
бекітілген
Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе
сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу
мерзімін тоқтату немесе күшін жою ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес әзірленді, берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою тәртібін белгілейді.
2. Ереже талаптары Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің қызметіне қатысатын сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, олардың қызметін бақылаушы органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға міндетті.
3. Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін тоқтатуға немесе күшін жоюға белгілі бір өнімнің сәйкестігі туралы декларацияға тіркеу, сәйкестігін растау жүргізген сәйкестікті растау бойынша органдардың және техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқығы бар.
2. Сәйкестікті растау бойынша органның берілген
сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы
декларациялар тіркеулерінің қолданылу мерзімін
тоқтату немесе күшін жою тәртібі
4. Сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімі мына жағдайларда тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін:
1) белгілі бір өнімнің өндірісі немесе кәсіпорын қызметінің тоқтатылуына байланысты сәйкестікті растау бойынша органның және өтінім берушінің өзара келісімі бойынша;
2) сертификатталған өнімге (көрсетілетін қызметтің, процестің, менеджмент жүйесінің) жүргізілген инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері бойынша;
3) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылаудың теріс нәтижелері бойынша.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
5. Сәйкестікті растау органы берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін мына жағдайларда тоқтатады:
1) сынақтан өткен өнімнің теріс нәтижелері;
2) сәйкестікті растау бойынша органға тиісті ескерту жасамай өнімнің құрылғысының (құрамының), комплектілігінің, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясының өзгеруі;
3) технология талаптарының орындалмауы;
4) өнімнің белгілі бір түрінің шығарылуының немесе қызметтер көрсетудің тоқтатылуы;
5) мемлекеттік бақылау барысында өнімніңтехникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда.
6. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі бір айға дейінгі мерзімге тоқтатылады.
7. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін тоқтату жөніндегі шешім сәйкестікті растау бойынша органмен келісілген түзету шаралары арқылы өтінім беруші анықталған сәйкессіздік себептерін жоя алатын және өнім сәйкестігін инспекциялық қайта тексеріс барысында растай алатын жағдайда қабылданады.
8. Сәйкестік сертификатын қолдану мерзімі мына жағдайларда күшін жояды:
1) өнімнің нормативтік құқықтық актінің немесе нормативтік құжатының немесе сынақтан өткізу әдістерінің өзгеруі;
2) егер анықталған сәйкессіздікті жою мүмкіншілігі болмаса;
3) егер өтінім беруші сертификаттың қолданылу мерзімі уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шараларды қолданбаса;
4) егер өнім өндірісі тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса.
9. Сәйкестік сертификатын қолдану мерзімін тоқтату немесе күшін жою туралы шешімді оны берген сәйкестікті растау бойынша орган мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің реестріне міндетті түрде тиісті жазба енгізу арқылы қабылдайды. Шешімді ресімдеу осы ереженің 1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
10. Сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуін қолдану мерзімінің күшін жою туралы шешім өтінім берушіге жөнелтіледі.
11. Күші жойылған сәйкестік сертификаты оны берген органға өтінім берушіге сәйкестік сертификатын қолдану мерзімінің күшін жою туралы шешім табыс етілген соң 3 күн ішінде қайтарылуы тиіс.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
12. Сәйкестікті растау бойынша орган өкілетті органға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімінің тоқтатылуы немесе күшін жоюы туралы жазбаша хабарлайды.
13. Сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолдану мерзімінің күшін жою туралы шешімді сәйкестікті растау бойынша орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардан мәлімделген өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздігі анықталғаны жөнінде мәлімдеме келіп түскен жағдайда қабылдайды.
3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды тұлғалардың сәйкестік сертификаттарының
немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің
қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою тәртібі
14. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға сертификатталған өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайда бұзушылықтарды жою және сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімінің немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімінің бір айға дейінгі мерзімге тоқтатылғаны жөнінде тиісті нысанда нұсқама ресімдейді.
15. Нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар көрсетілген мерзімде жойылмаса сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімінің күшін жою туралы шешім қабылданады.
16. Сәйкестік сертификатын берген немесе сәйкестік жөніндегі декларацияны тіркеген сәйкестікті растау бойынша орган мемлекеттік бақылау органынан шешім келіп түскен соң үш күн ішінде мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің реестріне сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияның тіркеуінің қолдану мерзімінің күшін жою туралы жазба енгізеді.
17. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған өтінім беруші мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімінің тоқтатылғаны жөнінде оны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органға үш күн ішінде хабар береді.
18. Сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімінің күшін жою ісі мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің реестріне тиісті жазба енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
19. Өтінім беруші сәйкестікті растау бойынша органның, не болмаса мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларация тіркеуінің қолданылу мерзімін тоқтату немесе күшін жою туралы шешімімен келіспеген жағдайда ол жөнінде заңдарда белгіленген тәртіппен шағым бере алады.
А қосымшасы
(ұсынылады)
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда
министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы
29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
2005 ж. "___" ___________ ____________________________ басшысына
өтінім беруші-кәсіпорынның толық атауы
______________________________________
басшының аты-жөні
______________________________________
кәсіпорынның мекенжайы
ШЕШІМ
_____________________________________________________________
тексеріс түрі, ескерту хаттың N
_______________________________________________________ нәтижесінде
мына деректер анықталды ___________________________________________
___________________________________________________________________
сәйкестікті растау жөніндегі органға ескертусіз нормативтік
___________________________________________________________________
құжаттың, өнім құрылғысының,
___________________________________________________________________
комплектілігінің, өндіріс технологиясының өзгеруі;
___________________________________________________________________
технология талаптарының орындалмауы
___________________________________________________________________
сәйкестікті растау жөніндегі органның келісімінсіз бақылау және
___________________________________________________________________
сынақ әдістерінің өзгертілуі;
___________________________________________________________________
өндірістің тоқтатылуы
Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңына
сәйкес ШЕШІМ қабылданды:
__________________________________ сәйкестікті растау бойынша орган
берген (тіркеген) N _______________________________________________
сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу
мерзімі _____________________________________________________ дейін
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
өнімнің, қызметтердің, процестің атауы
ТОҚТАТЫЛСЫН (КҮШІ ЖОЙЫЛСЫН)
2005 ж. "___" _________________
Сәйкестікті растау бойынша
органның басшысы
________________________ Аты-жөні ______________________
қолы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің Техникалық
реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 сәуірдегі
N 119 бұйрығымен
бекітілген
Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік
белгілерін, сынақ хаттамаларын және сәйкестікті растау
саласындағы өзге құжаттарын құптау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын құптау тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереже сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына), сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларға, республикаға шеттен әкелінетін өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг және бақылау жасауды, өнімнің кедендік ресімделуін және кедендік бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сонымен қатар ішкі экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға міндетті.
3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) импорттаушы - өнімдерді (тауарды) Қазақстанның ішкі рыногында өткізу үшін шеттен әкелетін заңды немесе жеке тұлға;
2) сәйкестік сертификатын ұстаушы - кәсіпорын (фирма) - өнімінің өндірісі сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді осы заңды тұлғаның түпнұсқа қолымен және мөрімен расталған сәйкестік сертификатының көшірмесімен ілестіру құқығына сертификатталған заңды немесе жеке тұлға;
3) құптау (сәйкестікті растау саласында) - Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау бойынша органы өтінім берушідегі шет елдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттардың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын процедура.
Осы Ережедегі өзге анықтамалар "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Кедендік кодексіне сәйкес қолданылады.
Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
4. Шет елдік сәйкестік сертификаттарын құптау бекітілген халықаралық келісімдерге (шарттарға) сәйкес жүзеге асырылады.
Сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын өнімдерге берілген шет елдік сәйкестік сертификаттарын құптау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарына қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.
5. Шет елдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және шет елдік сәйкестікті растау жүйелерінде берілген өзге құжаттарын құптау сәйкестікті растау нәтижелерін құптау туралы тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) бар болғанда жүргізіледі.
Халықаралық шарттар болмаған жағдайда шеттен әкелінетін өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде белгіленген отандық өнімге арналған ережелер мен қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
6. Өкілетті орган шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімдерді сынақтан өткізу хаттамаларын және сәйкестік белгілерін және өзге құжаттарын құптау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы сәйкестікті растау нәтижелерін құптау жөнінде шарт жасаған мемлекеттердің тізбесін құрады, әрдайым жаңартып отырады және барлық мүдделі ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға ұсынады.
7. Шет елдік құжаттар мен белгілердің шеттен әкелінетін өнімге сәйкестігін растау саласында құптау ісі импорттаушының (өтінім берушінің) өтінімі негізінде 1 қосымшаның нысаны бойынша шарт негізінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген және аккредиттеу аумағында өнімнің (тауар) өтінім берілген түрі бар сәйкестікті растау бойынша органдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Шеттен әкелінетін, міндетті түрде расталатын және өткізуге арналған өнімге шет елдік сәйкестікті растау жүйесінде берілген құжаттар мен белгілерді құптау бойынша жұмыстар оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе ақпарат берілген жағдайда ғана жүргізіледі.
Ақпаратта өнімнің атауы, өндірушінің (орындаушының) елі және кәсіпорнының атауы, сақтау шарты, пайдалану тәсілі (егер көрсетілген ақпарат техникалық регламенттерде регламенттелген болса) көрсетілуі тиіс. Аударманың аутенттілігіне өтінім беруші жауапты болады.
9. Сәйкестікті растау бойынша орган шет елдік сәйкестік сертификатын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және өзге құжаттарды растау бойынша жұмыстарды жүргізуге берілген өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешімді өтінім келіп түскен және тіркеуден өткен күнінен бастап жеті күннен аспайтын, ал тез бұзылатын өнімдерге - екі күннен аспайтын мерзімде өтінім берушіге жөнелтеді.
10. Импорттаушы (құптау бойынша жұмыстарға өтінім беруші) мен сәйкестікті растау бойынша орган арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда апелляциялар өкілетті орган белгілеген тәртіппен қарастырылады.
Өтінім беруші апелляциялық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда заңда белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.
2. Сәйкестік сертификаттарын және
олардың көшірмелерін құптау тәртібі
11. Шет елдік сәйкестік сертификатын немесе оның көшірмелерін құптау үшін импорттаушы (өтінім беруші) өтінімге мыналарды қоса береді:
1) шет елдік сертификаттың түпнұсқасы не болмаса оның сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау бойынша органның мөрі және қол қойылып расталған көшірмесі немесе сертификат түпнұсқасын ұстаушы кәсіпорынның (фирманың) нотариалды түрде белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқасының көшірмесі;
2) шет елдік сәйкестік сертификатында көрсетілген нормативтік құжат, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық құжат болмаған жағдайда;
3) өнімнің ілеспе құжаттары: кедендік декларацияның, өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісім-шарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелері, өнімді сынақтан өткізу хаттамасы, гигиеналық қорытынды, ветеринарлық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, менеджменті жүйесінің сертификаты.
Тізбеленген құжаттардың бірінің жоқтығы сертификат бермеуге негіз болып саналмайды, тек келіп түскен өнімді өтінім беруші ұсынған құжаттардағы расталмаған көрсеткіштері бойынша тиісті сынақтан (зерттеулерден) өткізуге негіз болады.
12. Өтінімге қоса берілген құжаттар мемлекеттік не орыс тілінде болуы тиіс. Егер олар басқа тілдерде жазылған болса, құжаттарға, анықтығына өтінім беруші жауапты болатын оның аутентті аудармасы қоса берілуі тиіс.
13. Өтінімге талдау жасаған соң және ұсынылған құжаттарды алдын ала қарап шыққан соң, оларды негізге ала отырып сәйкестікті растау бойынша орган шет елдік сәйкестік сертификатын құптау бойынша жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды және импорттаушымен (өтінім берушімен) бірге жұмыстарды жүргізу шартын ресімдейді.
14. Шет елдік сертификатты немесе оның көшірмесін құптау туралы шешім қабылдау үшін мынадай процедуралар жүргізіледі:
1) өтінімге қоса берілген құжаттарды сараптау;
2) сәйкестік сертификаты ресімделген өнімді (тауарды) сәйкестендіру;
3) тұтынушыға арналған ақпараттың болуын тексеру.
15. Құжаттарды сараптау барысында олардың дұрыстығы және мәліметтердің салыстырмалылығы белгіленеді.
16. Өнімді (тауарды) сәйкестендіру ісін сәйкестікті растау бойынша органның сарапшы-аудиторы өнімнің нормативтік құжаттарға, тауардың ілеспе құжаттарына, жеткізілім шартына (келісімі), өзіндік ерекшеліктеріне, заттаңбасына, затбелгілеріне және өнімді (тауарды) сипаттайтын басқа да құжаттарына сәйкестігін растауға жиынтығында жеткілікті болып табылатын белгілері, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша іске асырады.
Өнімді сәйкестендіру барысында импорттаушының, өнімді (тауарды) таңбалауда қажетті ақпараттың бар болуы бөлігінде, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің және стандарттау бойынша нормативтік құжаттарының талаптарын орындауы ескерілуі тиіс.
17. Шет елдік сәйкестік сертификатын немесе оның көшірмесін құптау жөнінде оң шешім қабылданған соң сәйкестікті растау бойынша орган Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде қабылданған нысанмен сәйкестік сертификатын ресімдейді.
Сонымен бірге, ресімделетін сәйкестік сертификатының бланкісінде "Сертификат .... негізінде берілді" деген тарауда оны берген елін, органын, сертификат нөмірін және берілген мерзімін көрсету арқылы құпталған шет елдік сертификатқа сілтеме берілген жазба енгізіледі.
18. Қайта берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сәйкестікті растау бойынша орган өнімнің жарамдылық мерзіміне қарай және қайта ресімделетін шет елдік сертификаттың қолданылу мерзіміне қарай белгілейді, бірақ белгіленетін мерзім бір жылдан аспауы тиіс.
Егер сериямен өндірілетін өнім өндірісіне берілген шет елдік сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданыс мерзімінде өндірілген өнім сатушыда болса, онда сертификаттың қолданылу мерзімі барлық жарамдылық мерзіміне немесе сақталу шарттары сақталған жағдайда оның сақталу мерзіміне ұзартылады.
Тез бұзылатын өнімдердің сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шарттары сақталған жағдайда ғана құпталады.
19. Сәйкестікті растау бойынша орган сертификатты берместен бұрын, қажетіне қарай, өнімнің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін толық ауқымы немесе жеке көрсеткіштері бойынша қайта сынақтан өткізу жұмысын жүргізе алады.
20. Егер өнім сәйкестік сертификаты берілген елде өндірілмеген болса, ондай сертификаттар (көшірмелер) құпталмайды, ал өнім республикада құпталатын сәйкестік сертификатынсыз шеттен әкелінген өнім партиясы ретінде сәйкестікті растаудан өтуі қажет.
21. Құптау процедурасының нәтижелері теріс көрсеткішке ие болғанда сәйкестікті растау бойынша орган импорттаушыға (өтінім берушіге) еркін нысанда қабылдамау себебін түсіндіріп жазбаша қабылдамау құжатын береді және өкілетті органға және оның аймақтық бөлімшесіне қабылдамау себебін көрсетіп бір тәулік ішінде хабар береді.
3. Сәйкестік белгілерін құптау тәртібі
22. Импорттаушы (өтінім беруші) сәйкестік белгілерін құптау үшін жұмыстарды жүргізу өтініміне мыналарды қоса береді:
1) өнімнің үлгісі (ыдысы, сыртқы қабы), сертификаттау жөнінде деректер берілетін орында сәйкестік белгілері таңбаланған пайдалану және/немесе техникалық құжаттар (сәйкестік сертификатының нөмірі және датасы, сертификат берген органның атауы);
2) оған өтінім берілген өнім сәйкестендіріп өндірілген нормативтік құжат, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық немесе аймақтық құжаттың категориясына енбейтін жағдайда;
3) өнімнің ілеспе құжаттамасы: кедендік декларацияның және өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісім-шарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелері, өнімді сынақтан өткізу хаттамасы, гигиеналық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, менеджменті жүйесінің сертификаты және басқалары.
23. Сәйкестік белгісін құптау туралы шешім қабылдау үшін мына процедуралар жүргізіледі:
1) сәйкестік белгісі басылған өнімді (тауарды) сәйкестендіру және тұтынушыларға арналған ақпараттың жеткілікті болуы;
2) сәйкестік белгілерін құптауға арналған негіздемелерді тексеру (Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу немесе сәйкестікті растау нәтижелерін өзара құптау туралы сәйкес келісімдердің бар болуы);
3) қажеттілігіне қарай (сәйкестік белгісінің анық еместігі, мәліметтердің толық еместігі және тағы басқалар) сәйкестік сертификатын беру және өндірушіге (сатушыға) өнімді (тауарды) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру фактісінің нақтылығын тексеру.
24. Сәйкестік белгісін құптау бойынша оң шешім қабылданған соң сәйкестікті растау бойынша орган Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде қабылданған үлгіде сәйкестік сертификатын әзірлейді.
Сонымен бірге, ресімделетін сәйкестік сертификатының бланкісінде "Сертификат .... негізінде берілді" деген тарауда оны берген елін, органын, сертификат нөмірін және берілген мерзімін көрсету арқылы сәйкестік белгісін құптау ісі жүргізілгені жөнінде сілтемесі бар жазба енгізіледі.
25. Құптау процедурасының нәтижелері теріс болғанда сәйкестікті растау бойынша орган еркін нысанда қабылдамау себебін түсіндіріп жазбаша қабылдамау құжатын береді және өкілетті органға және оның аймақтық бөлімшесіне қабылдамау себебін түсіндіріп бір тәулік ішінде хабар береді.
4. Сынақ хаттамаларын және сәйкестікті растау
саласындағы өзге құжаттарды құптау тәртібі
26. Сәйкестікті растау саласындағы сынақ хаттамаларын құптау процедурасы импорттаушыда (өтінім берушіде) бұл құжаттардың түпнұсқалары немесе сынақ зертханасының (орталығының) немесе құпталатын құжатты ресімдеген ұйымның немесе ұсынылған көшірмелердің түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) тиісті қол қою және мөр басу арқылы немесе белгіленген тәртіппен нотариалды түрде расталған көшірмелері болғанда ғана жүргізіледі.
27. Құптауға ұсынылған құжаттардағы қойылған қол мен мөр анық оқылатын жағдайда сәйкестікті растау бойынша орган орындаушының қолы қойылып және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі басылып расталатын құжаттың бірінші бетіне "(атауы) ________________ құжат сәйкестікті растау саласындағы жұмыстар үшін құптау процедурасынан өтті" деген редакцияда жазба жазады.
Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
28. Құптау процедурасының нәтижелері теріс көрсеткішке ие болғанда сәйкестікті растау бойынша орган импорттаушыға (өтінім берушіге) еркін нысанда қабылдамау себебін түсіндіріп жазбаша қабылдамау құжатын береді.
Шет елдік сәйкестік
сертификаттарын, сынақ
хаттамаларын, сәйкестік
белгілерін және сәйкестікті
растау саласындағы өзге
құжаттарын құптау
ережесінің 1 қосымшасы
Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда
министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы
29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан
қараңыз) бұйрығымен.
Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын,
сынақ хаттамаларын және сәйкестік белгілерін құптау
үшін берілетін өтінім бланкісінің нысаны
Сәйкестікті растау бойынша
органның басшысына
______________________________________
______________________________________
(органның атауы, оның заңды мекенжайы)
ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде
___________________________________________________________________
(құптау жүргізуге берілетін құжаттың немесе белгінің атауы)
құптау ісін жүргізу үшін __________________________________________
___________________________________________________________________
(өтінім беруші кәсіпорынның атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны)
____________________________________________________________ арқылы
(өтінім беруші кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның
лауазымы, ФАӘ)
___________________________________________________________________
(құжаттың немесе белгінің атауы, N, берілген күні,
құжатты берген органның атауы)
құптау процедурасын жүргізуді және
___________________________________________________________________
(өнімнің атауы, типі, үлгісі, маркасы, саны, елі, өндіруші
кәсіпорны)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде
қабылданған сәйкестік сертификатын беруді сұрайды.
Қосымша: *)
Өзім өтінім берген құжатты (белгіні) құптау процедурасына
қатысты барлық шығындарға оның нәтижелеріне тәуелсіз ақы төлеуге
міндеттенемін.
Өтінім беруші ____________ ____________________
(қолы) (Аты-жөні)
МО **) "___" _________ 200 __ ж.
Ескерту:
*) өтінімге сол бойынша құптау жүргізілетін құжат немесе оның
белгіленген тәртіппен ресімделген көшірмесі қоса беріледі. Шет
елдік сәйкестік белгісін құптау үшін өтінімге әзірлеуші-кәсіпорынның
белгіленген тәртіппен ресімделген сапа төлқұжатының түпнұсқасы,
сонымен қатар әзірлеуші-кәсіпорынның және сәйкестікті растау
бойынша жұмыстарды жүргізген және шеттен әкелінетін өнімді
сәйкестік белгісімен таңбалауға рұқсат берген шет елдік органның
реквизиттері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электронды
поштасы) қоса беріледі.
**) заңды тұлға үшін