Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы N 105-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3538

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 3) тармақшасына және  13-бабы  1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің  18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жария етілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      Келісілген
       Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы

      2005 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 25 наурыздағы   
N 105-НҚ бұйрығымен     
бекітілген          

  Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар
беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және порттар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.

      2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсітілмейтін қол жеткізуін білдіреді.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайына қолданылмайды.

      4. Қазақстан Республикасында теңіз көлігімен қызмет көрсетуді ұйымдастыруды өз құзыретінің шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайды.

      5. Теңіз кемесіне қызмет көрсету "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының  заңына  және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
      2) уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.

  2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      7. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
      2) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

  3. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол
жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      8. Порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен шарттарды "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысымен  бекітілген  Үлгі шартқа  сәйкес жасайды.

      9. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін төлем уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспауға тиіс.

      10. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) оларға Қазақстан Республикасының нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес барлық тұтынушыларға ұсынылады.

      11. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылар мыналарды:
      1) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың белгіленген технологиялық процесін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның ішінде оларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты техникалық талаптарды сақтайды.