Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы N 105-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3538

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің   21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жария етілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы

      2005 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының   
2005 жылғы 25 наурыздағы  
N 105-НҚ бұйрығымен    
бекітілген         

Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар
беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және порттар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсітілмейтін қол жеткізуін білдіреді.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайына қолданылмайды.

      4. Қазақстан Республикасында теңіз көлігімен қызмет көрсетуді ұйымдастыруды өз құзыретінің шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайды.

      5. Теңіз кемесіне қызмет көрсету "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Осы ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында айқындалған мәндерде қолданылады.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

2. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      7. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
      2) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

3. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол
жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      8. Порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен шарттарды "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Үлгі шартқа сәйкес жасайды.

      9. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін төлем уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспауға тиіс.
      9-1. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін алу үшін тұтынушылардың өтініштерін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімделген көлемдерге қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
       Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      9-2. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу шарттарын күштеп таңу немесе осы қызметтерді тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
       Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      10. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) оларға Қазақстан Республикасының нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес барлық тұтынушыларға ұсынылады.
      10-1. Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы ақпаратты, порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібімен ұсынады.
       Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      11. Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылар мыналарды:
      1) порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың белгіленген технологиялық процесін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның ішінде оларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты техникалық талаптарды сақтайды.