Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3530

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің  18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. "Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектілерінің барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2215 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 ақпандағы N 46-НҚ  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі 

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігінің төрағасы    
міндетін атқарушының     
2005 жылғы 19 наурыздағы   
N 91-НҚ бұйрығымен     
бекітілген          

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің
(тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын,
алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті
деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету ережесі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және оның нәтижесінде табиғи монополия субъектісі шығындарының құны өсетін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісті өзгерген жағдайда барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін төмендету тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

2. Барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын
қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін
(бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті
деңгейлерін көтеру немесе төмендету тәртібі

      3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көтерілетін немесе төмендетілетін тарифі (бағасы, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі қызметті ұсыну үшін қажетті шығындар құнынан төмен болуға тиіс емес және табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескеруге тиіс:
      1) барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісті өзгерген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін;
      2) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе шекті деңгейін төмендету мынадай жағдайларда:
      көрсетіліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;
      субъектiнiң нақты шығындары, негiзгi құралдар құнының өсуіне алып келмейтiн ағымдағы және күрделi жөндеуге және басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына жұмсалған шығындарды, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген және келiсiлген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоспағанда, қысқарған;
      табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектiлер жүзеге асыратын қызметтердiң өзге де түрлерiнен едәуiр табыстар алған;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісті өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      4. Ұсынылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету:
      1) инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаны орындамауға негіз болып табылуға;
      2) сапаны төмендетуге, сондай-ақ ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) санын шектеуге;
      3) тұтынушыларды тең емес жағдайларға қоюға немесе олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне өзге де түрде қысым жасауға тиіс емес.

      5. Субъектінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешімі субъектінің бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      6. Субъект ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеруді немесе төмендетудi енгiзгенге дейiн 25 күннен кешіктірмей ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифiн (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру немесе төмендету туралы қабылданған шешiмді, сондай-ақ ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифін (бағасын, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін көтеру немесе төмендету мүмкiндiгiн растайтын есептер мен негiздеушi құжаттарды уәкiлеттi органға жолдайды.

      7. Ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі және уәкілетті орган жалпы тәртіппен бекіткенге дейін белгілі бір мерзімге белгіленеді.

      8. Барлық тұтынушылар үшін ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету келісілген күнінен келесі айдың 1 күнінен бастап жүзеге асырылады.

      9. Ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы уәкілетті органды субъектпен хабардар етпеген немесе уақтылы хабардар етпеген жағдайда ұсынылатын реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету туралы шешім келесі күнтізбелік тоқсанның екінші айының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      10. Субъект тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру не төмендету туралы ақпаратты оларды қолданысқа енгізгенге дейін 10 күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткізеді.