Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) қолданыстағы кезеңде табиғи монополия субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға ұсынылған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) төмендету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 46-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2215. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу  агенттігінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 91-НҚ (V053530) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.06 № 290 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 400-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесінде:
      "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Білім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын және "маусымдағы" деген сөзден кейін "және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібінде:
      1-тармақта:
      "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан" деген сөздің алдынан ", Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "білім берудің" деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", оның ішінде кемтар балаларға арнаулы мектепке дейінгі және жалпы арнаулы білім берудің".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі