Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 10 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Ұсынылып отырған Шет елге біліктілігін арттыру үшін жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (О.С. Минаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
4. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін жолданатын ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 18 мамырдағы N 02-2-4/81 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1564 тіркелген, 2001 жылғы 19 шілдедегі N 169 "Казахстанская правда" және 2001 жылғы 25 шілдедегі N 34 "Заң газеті" газеттерінде жарияланған).
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15
бұйрығымен бекітілген
Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік
қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу
ережесі
Осы Ереже Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізудің талаптары мен тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесі) жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс (бұдан әрі - Конкурс) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқығын республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сметасы (бюджет), сондай-ақ өзге қаражаттар есебінен қамтамасыз етеді.
2. Орталық мемлекеттік органдарға, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне шетелде біліктілігін арттыру туралы ақпараттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
3. Орталық мемлекеттік органдар осы ақпараттарды өздерінің мемлекеттік қызметшілеріне ақпараттық тақталарға хабарландыруды орналастыру, веб-сайт, не электрондық пошта және/немесе қағаз жеткізуші арқылы хабарландыру жіберу жолымен жеткізуді қамтамасыз етеді.
4. Конкурс өткізуге дейін орталық мемлекеттік органдар ашық конкурстық негізде үміткерлерді алғашқы іріктеуін жүзеге асырады. Ол үшін тиісті орталық мемлекеттік органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы оның кадр қызметінің ұсынуы бойынша үміткерлерді алғашқы іріктеу жөнінде комиссия құрады. Аталған комиссияның қанағаттанарлық шешімі уәкілетті органға үміткерді ұсыну үшін негіз болып табылады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
5. Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Конкурс туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
2. Конкурстық комиссияны құру
6. Конкурсты конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
7. Қаражат есебінен Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын Комиссияның персоналдық құрамы:
1) республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің сметасын (бюджетін) уәкілетті орган бекітеді;
2) жергілікті бюджетті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері бекітеді;
3) халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтері гранттар немесе техникалық көмек түрінде бөлетін не қолданыстағы тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асыратын Комиссияның персоналды құрамы тиісті мемлекеттік орган басшысымен, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен бекітіледі.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
8. Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.
9. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
10. Дауыс берудің нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар бірдей болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
3. Құжаттарды қабылдау
11. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші тиісті Комиссияның персоналдық құрамы бекітетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) мемлекеттік органның бірінші басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының ұсынысын (Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесінің 35 тармағында көзделген жағдайдан басқа);
3) атқарған қызмет тізімі;
4) шетелдік серіктестердің талаптары бойынша басқа құжаттар.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
12. Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
13. Комиссияның қарауына үміткерлердің өз қолымен тапсыру тәртібімен немесе құжаттар қабылдау мерзімінде пошта арқылы жеткізілген құжаттарды қабылдайды.
4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
14. Комиссия дайындалған құжаттарды Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесінің 16-тармағындағы қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдайды.
15. Ұсынылған құжаттарды талдау негізінде Комиссия олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі және Конкурсқа қатысушыны төрағаның, комиссия мүшелері мен хатшының қолдары қойылған және хаттама түрінде ресімделетін әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Рұқсаттама алмаған Конкурсқа қатысушылар бұл туралы шешім қабылданғаннан кейін бұл конкурс комиссиясы хабарландырылады.
16. Әңгімелесуге рұқсаттама алған Конкурсқа қатысушылар шет елге біліктілігін арттыруға жолдама алу үшін үміткерлер (бұдан әрі - үміткерлер) болып табылады. Комиссия әңгімелесуді өткізудің кестесін жасайды және әңгімелесуді өткізудің уақыты мен орны туралы үміткерлерге хабарлайды.
5. Комиссияның қорытынды отырысы
17. Қорытынды отырыста Комиссия үміткерлермен әңгімелесу өткізеді және өткізілген әңгімелесуге ұсынылған құжаттардың негізінде олардың ішінен шет елге біліктілігін арттыруға жіберу үшін іріктеуді жүзеге асырады.
18. Үміткерлерді іріктеу кезінде Комиссия біліктілікті арттырудың тиісті бағдарламасының және мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерінің талаптарына сүйенеді.
19. Комиссияның шығарылған қорытындысы төраға мен комиссия мүшелерінің, сондай-ақ хаттаманы іске асыратын хатшының қолдары қойылған хаттама түрінде ресімделеді.
6. Шетелге біліктілігін арттыруға
мемлекеттік қызметшілерді жіберу
20. Конкурстық іріктеуден өткен мемлекеттік қызметшілерді шет елге біліктілігін арттыруға жіберу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) конкурстық комиссия хаттамасынан үзінді;
3) атқарған қызмет тізімі;
4) шетелдік серіктестердің талаптары бойынша басқа құжаттар.
21. Уәкілетті орган Комиссия қорытындысының негізінде мемлекеттік қызметшілерді шетелге біліктілігін арттыруға жіберу туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметшілерді шет елге оқуға жіберу туралы мемлекеттік органға жазбаша түрде хабарлайды.
7. Шағымдану тәртібі
23. Конкурсқа қатысушылар Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Уәкілетті орган осы Ереженің бұзылуы байқалған жағдайда мемлекеттік органға Комиссияның шығарылған қорытындысын өзгертуге ұсыныс жасайды.
25. Уәкілетті органның ұсынысы Комиссияда оның бұрынғы құрамдағы отырысында қаралады.
26. Комиссияның бұдан бұрын шығарған қорытындысының күшін жою және жаңасын қабылдау уәкілетті органның тиісті шешімін өзгерту немесе қабылдау үшін негіз болып саналады.
27. Егер мемлекеттік орган Комиссияның бұрын шығарған қорытындысы өзгертусіз қалдырған жағдайда, уәкілетті орган және конкурсқа қатысушы сот тәртібімен аталған қорытындыға шағымдануға құқығы бар.
28. Конкурсқа қатысушылар өздеріне қатысты бөлігімен, сондай-ақ уәкілетті орган конкурстық құжаттармен танысуға құқығы бар.