Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 372 "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Жарлығының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
2. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 02-01-02/113
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін толықтырулар мен
өзгерістердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрықтарына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1. "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзудiң Қағидасы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 986 болып тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымдағы N 149-150 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 02-1-7/3, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1043 болып тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы N 02-1-7/16, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1066 болып тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы N 02-1-7/60, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1173 болып тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы N 02-1-7/154, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1281 болып тіркелген; 2000 жылғы 18 қарашадағы N 294-295 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, 2001 жылғы 6 маусымдағы N 02-2-4/98, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1544 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 25, 430-құжат; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 02-01-02/44, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2268 болып тіркелген; 2005 жылғы 21 маусымдағы N 02-01-02/80, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3694 болып тіркелген; 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4239 болып тіркелген, 2006 жылғы 3 маусымдағы N 138-139 (25109-25110) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
аталған бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасында:
бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік органның басшысы", "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін тиісінше ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы", ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
"53-1. Жауапты хатшы мемлекеттік орган басшысының келісімімен, орталық атқарушы органының департаменті мен басқарма бастықтарына және аумақтық құрылымдық органдарының басшылары мен орынбасарларына жарияланған лауазымдар бойынша конкурстық комиссияның оң шешімін алған үміткерді қабылдайды.".
2. "Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі N 02-1-7/81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1202 болып тіркелген, 2000 жылғы 6 қыркүйектегі N 39 "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 14 наурыздағы N 02-2-4/31, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1791 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 19, 605-құжат; 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 02-01-02/46, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3625 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымдағы N 123-124 (24082) "Егемен Қазақстан" газетінде, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 15, 116-құжат, бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген):
аталған бұйрықтың атауында "тәртібі туралы ережені" деген сөздер "ережесін" деген сөзбен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі туралы ережеде:
аталған Ереженің атауында "тәртібі туралы ереже" деген сөздер "ережесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
21-тармақта "кадр қызметi басшысы" деген сөздерден кейін "(жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы)" деген сөздермен толықтырылсын;
23-тармақта "тексерiлген мемлекеттiк органның басшысы" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы" деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармақта "басшылары" деген сөзден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшылар" деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақтың 1) тармақшасына "басшысының" деген сөзден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылсын;
28 - тармақта "мемлекеттiк органның басшылығы" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн аттестациялық комиссиялар құру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы N 02-2-4/88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 33, 667-құжат):
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн аттестациялық комиссиялар құру ережелерiнде:
13-тармақтың 1) тармақшасына "орталық мемлекеттiк органның басшысы" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы" деген сөздермен толықтырылсын.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2010.04.30 № 02-01-02/78 Бұйрығымен.
5. "Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3449 болып тіркелген, 2005 жылғы 26 ақпандағы N 45-46 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесінде:
4-тармақтың екінші сөйлеміндегі "мемлекеттік органның басшысы" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік орган басшысымен" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасындағы "мемлекеттік органның бірінші басшысының" деген сөздерден кейін ", ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының" деген сөздермен толықтырылсын.